Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 20:49, курсовая работа
Бүгінгі таңда экономикамыздағы орын алған қолайсыз жағдайлар кезінде өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды саясаттарды жүзеге асыруда. Бұл саясаттардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы саясат болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен мемлекетті басқаруда аса маңызды орын алады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
І БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ......................................................................5
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын реттеудің құқықтық негіздері...................................................................................................................5
1.2 Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің қазіргі деңгейі және динамикасы................................................................................................................10
ІІ БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ......................................................................................................................20
2.1 Тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік реттеудің құралдары мен түрлері........................................................................................................................20
2.2 Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік бағдарламалардың орны............................................................................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................31
*дерек көзі: ҚР Статистика Агенттігінің мәліметтері негізінде құрастырылған
Қаржылық дағдарыстың кесірінен құрылыс саласындағы туындаған қолайсыз жағдайларға байланысты Қазақстан Республикасының он өңірінде 2009 жылы қаңтар-сәуірде қаржыландырудың барлық көздері бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 2008 жылғы қаңтар-сәуірдегі деңгейіне жете алмады. Бірақ бірқатар облыстарда осы салада азда болсын өсу байқалды. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің көрсеткіштері Қызылорда (1,2 есе), Солтүстік Қазақстан (1,3 есе) облыстарында және Астана қаласында (1,3 есе) өсті. Тұрғын үйлердің республикада іске қосылған көлемінің ең үлкен үлес салмағы Астана (35,7 %) және Алматы (16,0%) қалалары мен Алматы облысына (10,8%) тиесілі.
3 сурет. Қазақстан Республикасындағы 2007-2009 жылдардағы тұрғын үйлерді пайдалануға берудің динамикасы[16]
Қазақстан Республикасындағы үш жыл ішіндегі тұрғын үйлердің пайдалануға берілген көлемін салыстыратын болсақ, үлкен айрмашылық байқалмайды. Соңғы уақыттағы құрылыстағы орын алған ахуал тұрғын үйді пайдалнуға беру көлеміне қатты әсер етпгенін байқауға болады. Себебі құрылыстағы негізгі қаражат құрылыс материалдарына жұмсалғандықтан, алғашқы халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған тұрғын үйлер пайдалануға тек 2007 жылдан бастап қазірігі уақытқа дейін беріліп жатқан есебінен, бұл салада аса тоқырау байқалмайды. Бірақ, халық баспанасыз жүрген аралықта бос тұрғын үйлердің қаңырап тұруы дұрыс емес.
Керісінше, нарықта
қазіргі уақытта сатылатын
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуде тұрғын үй құрылысына инвестиция тарту қажет. Мемлекеттік бюджеттен, жеке кәсіпорындардан немесе шетел инвесторларнан жеткілікті мөлшерде және уақытылы келген қаражат – құрылыс саласындағы қолайсыз жағдайларды реттеудің бірден-бір құралы болып табылады. Төмендегі кестеден Қазақстан Республикасының облыстары бойынша 2003 жылдан бастап 2008 жылды қоса алғандағы тұрғын үйге жұмсалған инвестиция көлемін көре аламыз[16].
3 кесте
Тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялар* | ||||||
млн.теңге | ||||||
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
қаңтар-желтоқсан 2008 | |
Қазақстан Республикасы |
59524 |
130495 |
254287 |
368354 |
490375 |
442335 |
Ақмола |
298 |
875 |
3007 |
3845 |
6520 |
7660 |
Ақтөбе |
1922 |
4352 |
13331 |
17165 |
22311 |
15878 |
Алматы |
3368 |
5768 |
13077 |
18923 |
34820 |
41345 |
Атырау |
5927 |
18737 |
20940 |
23670 |
23865 |
21949 |
Шығыс Қазақстан |
985 |
2331 |
6898 |
7293 |
9317 |
7678 |
Жамбыл |
7969 |
1293 |
3048 |
4529 |
5556 |
6256 |
Батыс Қазақстан |
1516 |
2876 |
6854 |
4816 |
6741 |
8694 |
Қарағанды |
288 |
3625 |
7931 |
8892 |
10595 |
15533 |
Қостанай |
228 |
1551 |
3151 |
5086 |
9151 |
11511 |
Қызылорда |
420 |
893 |
2606 |
2641 |
3616 |
5565 |
Маңғыстау |
2457 |
5312 |
7500 |
10770 |
16340 |
24467 |
Павлодар |
302 |
1524 |
3770 |
6670 |
9169 |
9096 |
Солтүстік Қазақстан |
333 |
1487 |
2759 |
2575 |
3273 |
4949 |
Оңтүстік Қазақстан |
1880 |
5300 |
15481 |
17799 |
18824 |
19354 |
Астана қаласы |
19027 |
54289 |
95617 |
129898 |
162275 |
127526 |
Алматы қаласы |
12604 |
20282 |
48317 |
103782 |
148002 |
114874 |
*дерек көзі: ҚР Статистика Агенттігінің мәліметтері негізінде құрастырылған.
Кестеден көріп отырғанымыздай негізгі инвестиция тартылған бұл Атырау, Маңғыстау, Астана және Алматы қалалары болып табылады. Сонымен қатар құрылыс саласына салынған инвестиция көлеміне қарап еліміздегі халықты баспанамен қамтамасыз етудің ең жоғарғы шегі 2007 жылы болғандығын байқауға болады. Бұл 2005-2007 жылдарға арналған халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасының соңғы жылы болып табылады. Бағдарламада жоспарланған 12 млн. шаршы метр тұрғын үйдің орнына 18 млн. шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді, яғни жоспарланған нәтиже 30%-ға артығымен орындалды. Осы кез Қазақстандағы құрылыстың шарықтау шегі олып табылады. 2005-2007 жылдарды қамтыған мемлекеттік бағдарламадан кейін халықты одан әрі баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған 2008-2010 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды. Алдыңғы кезеңдегі бағдарлама артығымен орындалып, және осы бағдарламаның барлық кемшіліктері ескеріліп жаңа бағдарлама қабылданғаннан кейін тұрғын үй құрылыс саласының одан әрі гүлденуі күтіліп еді. Бірақ бүкіләлемді шарпыған қаржылық дағдарыс біздің елімізге де кесірін тигізді. 2008 жылғы тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 2007 жылмен салыстырғанда өсуі күтілген болатын, бірақ керісінше инвестиция көлемі жаңа кезеңдегі бағдарламаның алғашқы жылы төмендеді. Ал осы ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемін төмендегі кестеден көре аламыз[22]:
4 кесте
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар | ||
(қаңтар-наурыз 2009) | ||
млн. теңге |
өткен
жылғы тиісті | |
Қазақстан Республикасы |
54 108 |
40,3 |
Ақмола |
973 |
52,3 |
Ақтөбе |
2 706 |
118,9 |
Алматы |
10 682 |
96,2 |
Атырау |
1 418 |
46,8 |
Шығыс Қазақстан |
1 198 |
78,0 |
Жамбыл |
653 |
78,7 |
Батыс Қазақстан |
1 011 |
81,3 |
Қарағанды |
3 197 |
116,9 |
Қостанай |
1 855 |
89,0 |
Қызылорда |
1 098 |
166,7 |
Маңғыстау |
4 045 |
63,9 |
Павлодар |
662 |
51,1 |
Солтүстік Қазақстан |
369 |
58,2 |
Оңтүстік Қазақстан |
1 004 |
26,5 |
Астана қаласы |
8 469 |
13,8 |
Алматы қаласы |
14 768 |
44,4 |
*дерек көзі:
ҚР Статистика Агенттгінің
2007 жылдың соңында
басталған әлемдік дағдарыс
3 сурет. 2008 жылы және 2009 жылы тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемінің салыс тырмалы графигі[16]
Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдар тұрғын үй салу үшін 2009 жылғы қаңтар-сәуірде 4429,2 млн. теңге инвестицияны игерді және 95,9 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Республикадағы тұрғын үйдің іске қосудың жалпы көлемінің 5,2 % мемлекеттік сектор құрайды.
Меншіктің жеке нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар және тұрғындар есепті кезең ішінде жалпы ауданы 1706,1 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосты. Оның ішінде тұрғындардың қаражаты есебінен 850 мың шаршы метр жеке тұрғын үй салынды немесе республикадағы тұрғын үйді іске қосудың жалпы көлемінің 64 % -ы. Республика бойынша 14810 пәтер, оның ішінде – 6008 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді[22].
Жалға берілетін тұрғын үй салуға Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2009 жылы республикалық бюджеттен облыстық бюджеттер мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 21,6 млрд. теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлу көзделіп отыр. 2009 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдарға 3318,292 млн. теңге аударылды, оның ішінде 1677,2 млн. теңге (51 %) игерілді[24].
2009 жылғы қаңтар-сәуірде жалпы алаңы 14,7 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй, 11,9 мың шаршы метр пәтер, 220 пәтер пайдалануға берілді.
Республикалық бюджеттің кредиттік қаражаты есебінен тұрғын үй салу үшін 2009 жылы жергілікті атқарушы органдарға 16,1 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр, оның ішінде:
Астана қаласында бюджеттік саланың қызметкерлері үшін – 7,8 млрд. теңге, оның ішінде 2009 жылғы 1 мамырда 1955,9 млн. теңге аударылды, 1641,7 млн. теңге игерілді (84 %)[24];
Астана қаласын қоспағанда, барлық өңірлерге салынатын 100 мектеп пен 100 аурухана қызметкерлері үшін – 8,3 млрд. теңге, оның ішінде 2009 жылғы 1 мамырда 2189,907 млн. теңге аударылды, 734,8 млн. теңге игерілді (34 %); 2009 жылғы қаңтар-сәуірде кредиттік қаражат есебінен салынып жатқан 100 мектеп пен 100 аурухана қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама шеңберінде жалпы алаңы 12,8 мың шаршы метр тұрғын үй, 9,5 мың шаршы метр пәтер пайдалануға берілді.
Астана қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен бюджеттік саланың қызметкерлері үшін Сарыбұлақ бұлағының бойындағы Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай орналасқан тұрғын үйдің бірінші кезегі салынып жатыр. Тұрғын үйді іске қосу 2009 жылдың 2-ші тоқсанына жоспарланып отыр[8].
2009 жылғы қаңтарда Астана
қаласында 2005-2007 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарлама
2005-2007 жылдарға
арналған Мемлекеттік
Қайта пайдалану үшін 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламада көзделген 45,8 млрд. теңгенің ішінен 16,3 млрд. теңге игерілді (36%)[29].
2009 жылғы қаңтар-сәуірде қаражатты қайта пайдалану есебінен жалпы алаңы 45,7 мың шаршы метр тұрғын үй, 35,1 мың шаршы пәтер, 561 пәтер пайдалануға берілді. Бұл орайда, Астана қаласында 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде іске қосылу көзделген тұрғын үй (120 пәтер) 2009 жылы қаңтарда іске қосылды.
2009 жылғы 1 мамырдағы жағдай
бойынша облыстардың, Астана
Қайталама қаражат есебінен және 100 мектеп пен 100 аурухана қызметкерлері үшін 2008 жылы және 2009 жылдың 4 айының ішінде салынған 5437 пәтердің ішінен (Астана қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысын қоспағанда) халыққа 3092 пәтер сатылды (57 %). Халықтан жергілікті атқарушы органның шотына 15,2 млрд. теңге түсті[21].
2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған кредиттік тұрғын үйлердегі пәтерлерді сату жалғасып жатыр.
2005-2007 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламаны іске
асыру басталғанан бері
Республикада ипотекалық кредит беру және тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйелерін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-ның 2008 жылғы 1 сәуірдегі ақпараты бойынша қайталама рыноктан және республикалық бюджеттің қаражаты есебінен салынған тұрғын үйлерді сатып алуға 45 мыңнан астам азаматқа 131 млрд. теңге сомасында ипотекалық кредит берілді. Оның ішінде Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Компанияның бағдарламасы бойынша банктер-серіктестер қайта табыстаған, жалпы сомасы 45 млрд. теңгеге жуық ипотекалық кредиттерді 18487 азамат алды. Жасалған шарттардың ең көп үлесі Алматы қаласына (жасалған шарттардың 29,4 %) және Астана қаласына (13 %) тиесілі. Осындай кредитті Шығыс Қазақстан (8,8 %), Ақтөбе (8,5 %), Батыс Қазақстан (6,1 %), Павлодар (6,0 %) және Оңтүстік Қазақстан (5,8 %) облыстары белсенді пайдаланып отыр[22].
«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның 2008 жылғы 1 сәуірдегі ақпараты бойынша 174 млрд. теңге сомасында 103 мыңнан астам тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы шарттар жасалды. Жасалған тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы шарттардың ең көп үлесі Алматы қаласына (13,1 %), Астана қаласына (8,5 %) тиесілі. Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің қызметтерін Ақтөбе (8,4 %) және Шығыс Қазақстан (8,1 %) облыстары белсенді пайдаланып отыр.
Жалпы сомасы 23 млрд. теңгеге жуық аралық және алдын ала тұрғын үй заемдары 7315 заемшыға берілді, оның ішінде 2005-2007 және 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 1482 заемшыға жалпы сомасы 4716,2 млн. теңге берілді. Бұл ретте Маңғыстау облысы Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған кредиттік тұрғын үй сатып алу үшін тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесін пайдаланбайды[22].
2009 жылғы қаңтар-сәуірде
жалпы сомасы 2542,9 млн. теңге тұрғын
үй, аралық және алдын ала тұрғын
үй заемдары 886 заемшыға берілді,
оның ішінде 2008-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарлама
Жылжымайтын мүлік рыногын дамыту саласында жүйелі саясат жүргізудің негізгі бағыттарының бірі жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру болып табылады. Тұрғын үй құрылысын дамыту проблемасын кешенді шешу мақсатында республикада жер учаскелерін беру рәсімдерін жетілдіруге және тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдармен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр[23].
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй нарығы