Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 20:49, курсовая работа
Бүгінгі таңда экономикамыздағы орын алған қолайсыз жағдайлар кезінде өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды саясаттарды жүзеге асыруда. Бұл саясаттардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы саясат болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен мемлекетті басқаруда аса маңызды орын алады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
І БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ......................................................................5
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын реттеудің құқықтық негіздері...................................................................................................................5
1.2 Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің қазіргі деңгейі және динамикасы................................................................................................................10
ІІ БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ......................................................................................................................20
2.1 Тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік реттеудің құралдары мен түрлері........................................................................................................................20
2.2 Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік бағдарламалардың орны............................................................................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................31
Тұрғын үй құрылыс cаласында тек 2004 жылдан бастап қана айтарлықтай іс-шаралар жүргізіле бастағанымен, осы жылы қабылданған халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы өте нәтижелі аяқталды. Бағдарламада белгіленген халықты тұрғын үймен қамтамсыз ету деңгейі жоспрланған шамадан 30%-ға артық орындалды. Осы бағдарлама аясындағы жылдар Қазақстан Республикасындағы құрылыс саласының өркендеген кезеңі болып саналады. Құрылыс саласындағы алғашқы мемлекеттік бағдарлама ойдағыдай орындалғандықтан, халықты одан әрі тұрғын үймен қамтамасыз ету мақстында, өткен бағдрламаның кемшіліктері ескеріліп, 2007 жылы келесі кезектегі 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бірақ, қазіргі уақыттағы ел экономикасындағы тұрақсыздыққа байланысты тұрғын үй құрылыс саласының даму қарқыны біраз бәсеңдеді. Мұндай экономикалық жағдай кезінде ең бастысы халықтың әлеуметтік жағдайын кемітпеу жағын ойластыру керек. Қазіргі жағдайда әлемдік нарыққа тікелей қатысты түрлі-түсті металл, кендер, шикізат ресурстары сияқты еліміздің экспортқа шығаратын салалары үлкен зардап шегіп отырған шақта мемлекет барлық күшін халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жұмылдыруы қажет. Мемлекет ең біріншіден өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл салалардың бірі, басымдық тәртібімен айтатын болсақ – тұрғын үй құрылыс саласы болып табылады.
Экономикалық дағдарыс – билікке
сын. Себебі қиын-қыстау кезде оған артылар
жүк ауырлап, жауапкершілік күшейетіні
сөзсіз.
Біздің еліміз қазіргі әлемдік дағдарыс
жағдайында экономиканың әр саласына,
әсіресе құрылыс саласына үлкен қолдау
көрсетуі керек. Әрине, түрлі кемшіліктер
болуы мүмкін. Бірақ ештеңе жасамай, қарап
отырғандар ғана қате жібермейді. Сондықтан
да мемлекетіміз барлық күштерді жағдайды
түзетуге жұмылдыруы қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй нарығы