Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:52, курсовая работа
Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Біздің мемлекет Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру үшін көптеген шаралар атқаруда. Соның бірі индустриалды- инновация саласын дамыту, экспорттық сауда айналымын көбейту, шетел нарығына халықаралық стандартқа сай өнім өндіру. Ал шетел нарығына отандық тауарларды ұсыну үшін ол нарықтардың ерекшеліктері мен сипатын анықтайтын халықаралық маркетинг болып табылады. Көптеген компаниялардың болашағы өндірістің ұлғаюы мен олардың сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігіне байланысты. Бүгінгі таңда ішкі нарықтағы бәсекелестік қатаң, ал халықаралық сауда либералды (ырықты) болуда.
Кіріспе......................................................................................................................2
І. Халықаралық маркетингтегі зерттеуді басқарудың мәні, маңызы және теориялық аспектілері
1.1 Халықаралық маркетинг түсінігі.....................................................................3
1.2Халықаралық маркетингтегі зерттеуді басқару және қолдану ерекшеліктері....................................................................................................6
ІІ. Қазіргі кездегі ҚР-ң нарығындағы халықаралық маркетингтің орны және қолданылуын талдау
2.1 ҚР кәсіпорындарының халықаралық маркетингті қолдануын талдау..............................................................................................................12
2.2 АҚ «Рахат» кондитерлік фабрикасының маркетингтік зерттеуді басқарудың қолдану деңгейіне талдау.........................................................17
2.3. Халықаралық маркетингті қолдану мен басқаруды дамыту, жетілдіру жолдары.........................................................................................................24
Қорытынды..........................................................................................................28
Пайдалынған әдебиеттер...................................................................................30
Қазақстандық
компанияларындағы маркетинг
Маркетинг сипаттамасы |
Компаниялар |
Маркетинг бөлімдері жоқ компаниялар |
"Бахус", "Қарағанды конфеты", Алматы маргарин зауыты |
Маркетинг қызметкерлер саны: - 5 адамға дейін
- 5-10 адамға дейін - 11-20 адамға дейін - 20 адамнан көп |
"ФудМастер", "Асем-ай", "Беккер и К", "Баян-Сулу", "Сахарный центр" PRG Bottlers — "Рахат", "Филип Моррис" |
Маркетинг рөлі:
-Негізгі
-Қосымша |
PRG Bottlers, "Филип Моррис", "Асем- Ай", "Сахарный центр", "Рахат" Қалғандары талдаушы кәсіпорындар |
Маркетингтік зерттеу жүргізгендер:
- компаниялар өздері
- өздері және маманданған ұйымдар көмегімен |
"ФудМастер", "Асем-Ай", "Филип Моррис", PRG Bottlers, "Сахарный центр" |
Ұзақ мерзімді және жедел
маркетинг жоспарлауды |
PRG Bottlers, "Филип Моррис", "Рахат", "ФудМастер", "Сахарный центр" |
Тек қысқа мерзімді |
Қалған компаниялар |
Кесте [3] әдебиет көзінен алынған |
Бұл кестеден көріп
отырғандай ұзақ немесе қысқа
мерзімді маркетингтік
Қазіргі кезде ҚР кәсіпорындары мен компаниялары ішкі нарыққа қарай бейімделіп қызмет артқарғанмен және жақын арада сыртқы нарыққа шығуды көздемесе де, біздің нарыққа кіруді көздеген шетел компаниялардың халықаралық деңгейде бәсеке тудыратындығына көңіл бөлген дұрыс. Сонымен қатар халықаралық маркетинг отандық өнімдерінің бәсеке деңгейін қамтамасыз ететін маңызды рөл атқарады. Біздің ұлттық экономикамыздың дамуының негізгі көрсеткішін сипаттайтын экспорт көлем мәселесі. Ал халықарлық маркетинг тауарларды экспорттаудан басталады. Бүгінгі күні экспорт Қазақстанның бүкіләлемдік шаруашылыққа кірудегі тиімді құрал ретінде танылады. Ол әлемдегі сұранысқа сай экспорттық саясатын жүзеге асыру нәтижесінде мемлекеттің тауарлық нарық аясын кеңейтуді қамтамасыз етеді.
Бәрімізге мәлім Қазақстанның
экспортының үштен екі бөлігі
шикізат материалдарына
Төртінші кестедегі мәліметтерге қарасақ, ең жетік және жан-жақты зерттеу жүргізген және халықаралық маркетингті қолданған компания "Рахат" компаниясы болып табылады. Оның маркетинг бөлімінде 20 астам адам жұмыс істейді. Оның ұйымдық құрылымы үш бөлімнен тұрады. Олар маркетингті басқару ( 5 адам), маркетингті зерттеу және жарнама ( 8 адам), өткізу (7 адам) адам бөлімдері. Бұл кәсіпорынның біріктірілген өндірістік-өткізу және маркетинг қызметінің нәтижелері оны Қазақстандағы кондитерлік саланың лидеріне айналдырды [14, 59-60б.].
Қазіргі кезде «Рахат» АҚ өнімі қазақстан нарығында ғана емес, республикадан шеткері аймақтарда – Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Германия, Қытай, Ауғанстан аумағына да тараған. ТМД-ның басқа республикалары мен алыс шет елдер тарапынан «Рахат» АҚ өнімдеріне деген қызығушылықтың болуына орай, компания келешекте өндіріс көлемін ұлғайтуды және экспорт көлемін арттыру жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлауда. Қазіргі уақытта «Рахат» АҚ-ның позициясы мықты, ол бәсекелестерінің алдында бірқатар бәсекелік артықшылықтарға ие. Отандық кәсіпорындардың ішінде онымен иық теңестіре алатындай кәсіпорын жоқ десе де болады, өйткені өзінің бұрыннан қалыптасқан өткізу нарығы бар. Басқаларынан айрықша жері – «Рахат» АҚ импорттық тауарлардың тек жақсы жақтарын ғана алады және жергілікті шикізат пен материалдарды пайдаланады. Бұл оның кондитерлік өнімдерінің сапасын жақсартып отыр. Оның сауда маркалары тұтынушыларға кеңінен танымал, кәсіпорынның іскерлік беделі тұрақты және дестрибьютерлік желісі кең.
Жуырда Мәскеуде өткен VIII халықаралық кондитерлік өнімдердің сапасы атты «Инновация және Дәстүр» байқауда «Рахат» кондитерлік фабрикасы өнім сапасының жоғарылығы үшін бас жүлде мен тоғыз алтын медальді жеңіп алды. Қазақстандықтарға кеңінен танымал шоколадтар мен кәмпиттерді беделді сарапшылар ғана емес, ресейлік қарапайым тұтынушылар да жоғары бағалады. Қазірдің өзінде шығарылатын өнімнің 5 пайыздан астамын акционерлік қоғам көрші Ресейге жібереді. «Рахат» компаниясының осындай жетістіктерге жетудің негізгі көзі ол маркетинг стратегиясының дұрыс ұйымдастырылуы мен қолдануы. Сыртқы рынокқа шығудың негізінен үш классикалық тәсілі бар: экспорт, бірлескен кәсіпкерлік, тікелей иемдену. «Рахат» компаниясының экспорттық және бірлескен стратегиясы шетел нырогында ұтымды пайдаланылады. Экспорттық стратегия халықаралық рынокта басқа стратегияларға қарағанда аз шығынды стратегия болып табылады. Экспорттық стратегияның өзі екіге бөлінеді: тікелей және жанама. «Рахат» кондитерлік фабрикасы шетел нарығында өз өнімдерін жылжытуда жанама экспорттық стратегияны қолданады. Көбінесе ол стратегия сыртқы рынок туралы сенімді мәліметтер болмаған жағдайларда немесе осы рынокта жұмыс істеу тәжірибесінің жоқтығында қажетті болады. Осы кезде шетелдік серіктестерді пайдалану тұтынушыларды іздестірумен және оларды фирманың тауарларын сатып алуға тартумен байланысты болады. Сонымен, халықаралыққа рынокқа енгізудің экспорттық стратегия басқа стратегиялармен салыстырғанда инвестицияны аз талап етеді.
АҚ «Рахат» компаниясы Германиядағы «Ремшайд» кондитерлік фабрикасымен бірігіп қант диабетасымен ауратын адамдарға және жалпы нарыққа арнайы өз өнімдерін шығарады. Бірлескен кәсіпорын өзіндік құнды төмендетуге және ең жақсы сауда жағдайларына, шетел үкіметі жағынан көрініс табатын бизнес жасауға көмектеседі. Өйткені өнім шетел мемлекетінің аумағында өндіріледі және шетелік меншік кәсіпорынның бір бөлігінде орнатылған.
Компания құрал-жабдықтардың және жаңа машина түрлерін , сонымен қазіргі заманғы озық технологияның түрлерін шетелдік елдерде даму 4 сипатын ескере отырып, бірнеше дамыған мемлекеттермен экономикалық байланыстары бар:
- «Кондинаф» , Голландия (какао бұршақтары);
- “Драгоко” , Австрия (жемс иістендіргіштер);
- “Кроклан” , Нидерланды ( кондитерлік майлар);
- “Нагема” , Германия (құрал-жабдықтар мен саймандары);
- “Сакада” , Франция (мұздатқыш құралдары);
- “Шнейдерэлектрик” , Франция (электр құралдары);
Сонымен қатар, бұл ұйым үшін шетелдік байланыстарды нығайтуда интернет дүниежүзілік байланыстарын пайдалануды да ұсынуға болады. Себебі, ол бірқатар экономикалық шығындардың төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан кондитерлік өнімдерді сату-сатып алу несие олардың шикізаттарымен материалдарын жабдықтауда интернеттің қосар үлесі де аз емес. [4, 63-66б.].
АҚ «Рахат» кондитерлік компаниясының ерекшелігі кесте-4 мәліметтеріне сүйенсек, сыртқы нарықты зерттеу және оны саралау шараларын өз маркетологтары арқылы жүзеге асырады. Негізінен рынокты жеті қадам арқылы саралайды.
Рынокты жеті қадам әдісімен саралау тәртібі
1.Тауардың аймақтық рыногын анықтау
2.Әлуетті сатып алушылардың қажеттіліктерін бағалау және атап көрсету
3.Біркелкі субрыноктарды құру
4.Субрыноктардың негізгі параметрлерін анықтау
5."Рынок торын" анықтау
6. Тұтынушылардың мүмкін бөлінген саралымдарға түзету енгізу
7. Әр саралымның мөлшерін анықтау |
|
Кесте [1] әдебиет көзінен алынған |
\
Рынокты саралауды стратегия ретінде
қарастыруға болады, оның көмегімен
фирма рынокты маркетинг
Қазақстандағы халықаралық маркетингтің дамуына көптеген елдердегі экономикалық және саяси тұрақсыздық, олардың заң жүйелеріндегі өзгерістер, шетелдік бизнеске қатысты қатаң үкіметтік талаптар, тарифтік және тарифтік емес бөгеттер түріндегі әр түрлі саудалық шектеулер, валютаның айырбас бағамының тұрақсыздығы, отандық өнімді шетелдік нарықтарға бейімдеу мәселелері, олардың бәсекеге қабілеттілігі осылардың-жағынан төмен болуы бәрі Қазақстандағы халықаралық маркетингтің дамуына кедергі жасайды. Жалпы кез келген компания тауарын сыртқы нарыққа ұсынбастан бұрын, өзінің іщкі нарығында сенімді жайғастырады, тұтынушылар арасында танымал және сұранысы жоғары өнімдер болуына шаралар жүргізеді. Біздің көп компаниялардың кемшілігі нарықты жан-жақты маркетингтік зерттеуіне көп көңіл бөлмеуі. Бюджеттің тапшылығы нәтижесінде отандық кәсіпорындарға толық маркетингтің зерттеу жүргізуіне мүмкіндік бермейді. Ал шетел нарығына шығудағы басты рөлді маркетингтік зерттеу атқарады.
Қорындылай келе, біздің компаниялардың халықаралық маркетингті қолдану деңгейінің төмен болуында бірнеше себептар бар. Біріншіден, отандық тауардың шетел нарығында жаппай сұраныста болмауы. Екіншіден, нарықты жан – жақты зерттеудегі бюджеттің тапшылығы. Сонымен қатар шетел нарығына шығатын мемлекеттің қойылатын қатаң үкіметтік шектеулері.
2.2 «Рахат» кондитерлік фабрикасының маркетингтік зерттеуді басқарудың қолдану деңгейіне талдау
ҚР маркетингтік қызметті көрсететін компаниялар әлеуметтік және маркетингтік зерттеулерді ұсынатын агенство БРИФ, «Amer-Nielsen» ( киприот-американдық), «BISAM» (бұрынғы «БИЛЕШИМ»), қоғам пікірін зерттейтін Республикалық орталық, Сиар, Cessi Kazakhstan, Sange Research, АСиП ( әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар ассоциясы). « Гэллап Медиа Азия» жарнама нарығын зерттеу жүргізетін агенство. Қаржылық мүмкіндіктері бар компаниялар жоғарыда аталған ұйымдардың қызметіне жүгінеді.
Көп отандық кәсіпорындар маркетингтік зерттеуге мән бермейді, оның маңыздылығын ескермейді. Сондықтан Қазақстан нарығында зерттеу жүргізуге тапсырыс беретін компаниялардың 80% шетел, ал 20% отандық кәсіпорындарға тиесілі болып отыр.
Айта кететін жайт, біздің
елімізде маркетинг зерттеуді
АҚ «Рахат» компаниясы еліміздегі лидерлік орын алатын кондитер фабрикасы болып танылады және жеті мемлекетке өз өнімдерін экспорттайды.
Бұл суреттен көріп отырғандай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Монғолия, Тәжікстан және Германия мемлекеттеріне «Рахат» кондитер өнімдерін экспорттайды, яғни халықаралық маркетингті дұрыс қолдана білу нәтижесінде олардың тауарлары халықаралық нарықта маңызды орын алады.
Ал енді АҚ «Рахат» компаниясының шетел нарығына, соның ішінде Ресей нарығына шығу кезіндегі жүргізген маркетингтік зерттеуіне тоқталып кетейік.
Информация о работе Халықаралық маркетинг негізінде нарықты зерттеу