Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:52, курсовая работа
Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Біздің мемлекет Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру үшін көптеген шаралар атқаруда. Соның бірі индустриалды- инновация саласын дамыту, экспорттық сауда айналымын көбейту, шетел нарығына халықаралық стандартқа сай өнім өндіру. Ал шетел нарығына отандық тауарларды ұсыну үшін ол нарықтардың ерекшеліктері мен сипатын анықтайтын халықаралық маркетинг болып табылады. Көптеген компаниялардың болашағы өндірістің ұлғаюы мен олардың сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігіне байланысты. Бүгінгі таңда ішкі нарықтағы бәсекелестік қатаң, ал халықаралық сауда либералды (ырықты) болуда.
Кіріспе......................................................................................................................2
І. Халықаралық маркетингтегі зерттеуді басқарудың мәні, маңызы және теориялық аспектілері
1.1 Халықаралық маркетинг түсінігі.....................................................................3
1.2Халықаралық маркетингтегі зерттеуді басқару және қолдану ерекшеліктері....................................................................................................6
ІІ. Қазіргі кездегі ҚР-ң нарығындағы халықаралық маркетингтің орны және қолданылуын талдау
2.1 ҚР кәсіпорындарының халықаралық маркетингті қолдануын талдау..............................................................................................................12
2.2 АҚ «Рахат» кондитерлік фабрикасының маркетингтік зерттеуді басқарудың қолдану деңгейіне талдау.........................................................17
2.3. Халықаралық маркетингті қолдану мен басқаруды дамыту, жетілдіру жолдары.........................................................................................................24
Қорытынды..........................................................................................................28
Пайдалынған әдебиеттер...................................................................................30
Компанияның, нарықтың қыр – сырын білу және оны табысқа әкелетін маркетологтар болып саналады. Әр компания тұтынушының қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында табысқа ұмтылып, нарықтың лидерлік позициясында ұстануында зерттеулер жүргізіп, ноу-хауды қолдануына тиісті қаражатты бөлсе, едәуір бәсекелестік пайда болады. Біздің нарықта көбінесе монополистер немесе олигополистер арасында бәсекелестік дамыған. Бәсеке нәтижесінде сапалы тауарлар көбейіп, отандық тауарға деген сұраныс біршама артады.
Мысалы, АҚ "Рахат" кондитерлік фабрикасы тиімді маркетингтік стратегияны жүргізуге қаражатты бөлгендіктен Қазақстан нарығында лидерлік позицияны ұстайды. Тіпті "Қарағанды кондитер" фабрикасында маркетингтік бөлім жоқ болғандықтан, басқа нарыққа шығуды да көздемейді, себебі ол әлі отандық нарығында едәуір орынды алады. Біздің мемлекетке халықаралық маркетингті жолға қою үшін алдымен мынадай талаптарды орындау керек:
- отандық өнімдерді өндіру;
- кәсіпорындарда арнайы мамандандырылған маркетинг бөлімдерін құру;
- білікті, білімді маркетологтарды дайындау немесе маркетологтарды шетел нарықтарындағы компанияларда тәжірибе жинақтау;
- бюджетті тиімді тарату;
Отандық нарықта сенімді лидер болған компания енді нарық аясын кеңейтуге, тұтынушылар санын ұлғайтуға, жаңадан бәсекелестердің өнімдерін нарықтағы алдыңғы орындардан ысыруға ұмтылады. Осыдан кейін халықаралық маркетинг қолдану қажеттігі туады.
Қазақстандағы халықаралық маркетингтің дамуына көптеген елдердегі экономикалық және саяси тұрақсыздық, олардың заң жүйелеріндегі өзгерістер, шетелдік бизнеске қатысты қатаң үкіметтік талаптар, тарифтік және тарифтік емес бөгеттер түріндегі әр түрлі саудалық шектеулер, валютаның айырбас бағамының тұрақсыздығы, отандық өнімді шетелдік нарықтарға бейімдеу мәселелері, олардың бәсекеге қабілеттілігі осылардың-жағынан төмен болуы бәрі Қазақстандағы халықаралық маркетингтің дамуына кедергі жасайды. Бірақ отандық кәсіпорын өзінің өнімдерін мақсатты таңдаған, яғни саралау нәтижесінде өнімдері сұранысқа ие болатын нарықта жылжытады. Сондықтан халықаралық маркетинг жүйесінде бірнеше нарықтарды зерттеу нәтижесінде, оларды өзара салыстырып, қайсысы ұтымды табыс әкелетін нарыққа ол кәсіпорын өз қызметін қолданады. Нарықта бәсекеге төтеп беру мақсатында, басыңқы орынды иемдену үшін, нарықтың, бәсекелестердің өнімдеріне маркетингтік зерттеу жүргізу арқылы олардың артықшылықтарын және кемшілік жақтарын айқындап алғаннан кейін кәсіпорын тауарларын жайғастырады. Көп комапниялар бейімделу стратегиясына сүйене нарықта тауарларын позициялайды, себебі сол жердің тұтынушылардың талғамына сәйкес, сол мемлекеттің қоятын талаптарына байланысты іс-әрекеттер жүргізеді. Халықаралық маркетингті дамыту үшін жасалатын іс-шаралар:
- компанияның білікті маркетологтардың болуы, шетелде тәжірибе жинақтаған, оны отандық кәсіпорында қолдану;
- шетел нарығындағы компаниялардың маркетингтік стратегиясын қолдануын зерттеп, оның әлсіз жақтарын анықтағап болған соң, сол кемшіліктерін пайдалана отырып, олардың орнын біртіндеп жаулап алу;
- нарықтағы экономикалық, әлеуметтік өзгерістерге тез бейімделе алатындай, соған байланысты тез шешім қабылдайтындай маркетингтік іс-шаралардың ұйымдастырылуы;
Қорыта айтқанда, шетелдік нарыққа шығудағы басты мәселе халықаралық маркетингті дұрыс нәтижелі ұйымдастыру. Оны кәсіпорындарда қамтамасыз ету үшін қаражаттың бөлінуі мен білікті мамандардың болуы, мақсатты нарықты таңдай білу керек.
Ішкі нарық пен халықаралық нарықты зерттеу екеуі ұқсас болып келеді, тек халықаралық нарықты зерттеуде тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сапасы, сервисі, жарнамасы жағынан аса жоғары талаптар қоятындығымен анықталады.
Менің ойымша, қазір шетел нарығындағы танымал компаниялардың халықаралық нарыққа шығу жолдарын және нарықты басып алуы, олардың қолдаған стратегияларын қарастыру маңызды болады деп ойлаймын. Себебі олардың тәжиребісін қолдану біздің кәсіпорындарға артық болмайды. Олардың жүргізген талдауларындағы кеткен қателіктерін қайталамау, сол компанияның кеткен кемшіліктерінен шығынға ұшырауын анықтап, өз тәжірибесінде болдыртпау. Шетел нарықты зерттеуде таңдаған мақсатты нарығына тауарларын енгізу үшін халықаралық маркетингтік жоспар құру негізгі мақсат болып табылады.
Халықарлық зерттеудің қолдану дәрежесін жетілдіру үшін мына мақсаттарды орындау қажет:
- бюджеттің тиімді пайдалануы;
- халықаралық зерттеуді арнайы маркетингтің бөлімінің жүргізуі;
- жүргізген зерттеу нәтижесінде алынған бастапқы ақпараттарды екінші ретті ақпаратпен салыстыру;
- шетел компаниялардың маркетингтік стратегиялардың кемшіліктерін ескере отырып, өз тәжірибелерінде болдырмау;
- әр нарықтың өз ерекшеліктеріне сай зерттеу нәтижесінде маркетинг стратегиясын қабылдау;
- қабылдаған маркетингтің стратегияны қолдану мақсатында шетел нарығын біртіндеп жаулап алуы;
Әр түрлі елдерде
маркетингтік зерттеу
- өнімдерінің ассортиментін саралау;
- жаңа технологияны қолдана отырып, жоғары сұрыпты өнімдерді шығару;
- кәмпиттің сыртқы орамын және дизайнын өзгерту;
- коммуникация құралдарын жетілдіру.
Енді әрқайсысына тоқталып өтсем, кейбір өнім түрлерінің құрамы бойынша онша айырмашылығы жоқ кәмпиттерді қысқарту керек. Мысалы, «Песни Абая», «Сказки Пушкина» және т.б. сияқты кәмпиттердің дәмінің айырмашылығы аса үлкен емес, солардың санын азайтып, оның орнына кәмпиттің жаңа дәмін ұсыну. Биыл күзде Гана мемелкетінде «Рахат» компаниясы какао-бұршақты өндіретін зауыт салуды жоспарлауда. Оған дейін ұзақ уақыт бойы какаоны шикізат ретінде сатып алып және оны өз елімізде өндіріп, кәмпит жасау үрдісіне катыстырып келді. Жаңа зауыттың салынуы компанияға шығындардың азаюына, Ресей немесе басқа мақсатты нарығындағы бәсекелестерден бағаны сәл төмендетуге мүмкіндік береді. «Рахат» компаниясы барлық техникалық құрал-жабдықтарын заман талабына сай жаңартты. Соған орай, Ресей нарығындағы басты бәсекелестерден дәмі мен шоколадтың құрамымен ерекшеленетін кәмпитті нарыққа ұсыну қажет. Мысалы, шоколад кәмпитін дәмін тартқанда рахатқа бөлінетіндей және дәмі ұзаққа есте сақталатындай, тұтынушының санасында толық орын алатындай ерекше бренд ұсыну.
АҚ «Рахат» компанияның кәмпиттерінің пішіні көбінесе төртбұрышты, сопақ тәріздес төртбұрышты болып келеді. Олардың түрін үшбұрышты немесе конус, жұлдыз түрінде өзгертуге болады. Сонымен қатар сыртқы орамының дизайнын көркемді суреттермен және графикалық жазулармен көркемдеуге болады.
АҚ «Рахат» кондитер фабрикасы маркетинг коммуникация құралдарын жиі қолдану керек деп ойлаймын. Себебі халықтың көбісі қандай жаңа кәмпит түрлері нарыққа ұсынылып жатқанын және компанияның аясында қандай мәселелер, жаңалықтар болып жатқанын туралы бейхабар. Компанияның имиджін күшейту мақсатында пиарды қолдану артық болмайды деп айтуға болады. Әр түрлі жарыс немесе жәрмеңкелерге қатысып, демеушілік рөлін күшейтіп, халыққа танылу керек. Жаңа кәмпиттердің түрлері және қандай жаңалықтар, өзгерістер компания аясында болып жатқаны туралы арнайы каталог немесе журнал шығарып, АҚ «Рахат» дүкендерінде өзінің тұтынушыларына таратуы маңызды орын алады.
Қорытындылай келгенде, халықаралық маркетингтік зерттеудің қолдануын жетілдіру үшін нарықтардағы барлық ерекшеліктер мен артықшылықтарын, сол саладағы бәсекелестердің қызметін, нарықтағы позициясының әлсіз жақтарын зерттеу керек. Кейбір компаниялар сол елдің маркетингтік зерттеу жүргізетін орталықтарына тапсырыс береді, бірақ алынған мәліметтер компанияның өзі жүргізген зерттеулер нәтижесіндей бола бермейді.
АҚ «Рахат» кондитер фабрикасы халықаралық марктетингті дұрыс қолдану нәтжесінде шетел мемлекеттерінің нарығына өз кондитер өнімдерін жайғастырды. Соның ішінде Ресей нарығына АҚ «Рахат» кондитер фабрикасының енуі туралы зерттеу жүргіздім. Ол зерттеу бойынша Ресей нарығы өте кең ауқымды болғанымен, көрші шекаралас мемлекет болғандықтан, транспорттық шығындарды үнемдеуге мен кеден баж салығынан босату жағынан тиімді болып келеді және халқының идеологиялық жағынан біздің халқымыздан айырмашылығы айтарлықтай жоқ. Нарықта көп бәсекелестің болуы АҚ «Рахат» фабрикасын ығыстыру шамасы баршылық бірақ компанияның жүргізіп жатқан маркетинг стратегиясын әрі қарай дамытып және жетілдірсе, тек Ресейді ғана емес, бүкіл дүние жүзін жаулап алу мүмкіндігі бар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сыртқы рынокта қызмет
жасайтын кез келген ұйым
Шетел рыноктарындағы стратегиялық
басқару, басқа елдер рыноктарына
қойылатын талаптардың
Біздің компаниялардың халықаралық маркетингті қолдану деңгейінің төмен болуында бірнеше себептар бар. Біріншіден, отандық тауардың шетел нарығында жаппай сұраныста болмауы. Екіншіден, нарықты жан – жақты зерттеудегі бюджеттің тапшылығы. Сонымен қатар шетел нарығына шығатын мемлекеттің қойылатын қатаң үкіметтік шектеулері.
Кез келген компания шетел нарығына шығу үшін жеті кезеңді қамтитын іс-әрекетті жүзеге асырады. Олар мынадай кезеңдерден тұрады:
Сыртқы нарықты зерттеу ішкі нарықты зерттеудегі басты айырмашылығы тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сапасы, сервисі, жарнамасы жағынан аса жоғары талаптар қоятындығымен анықталады. Қазақстандағы компаниялардың көбісі қаражат жетіспеушілігінен нарықты жан – жақты зерттеумен айналыспайды. Сол себептен халықаралық маркетингті қолданудағы басты мәселе – нарықты зерттеу болып табылады .
Шетелдік нарыққа шығудағы
басты мәселе халықаралық
Халықаралық маркетингтік зерттеудің қолдануын жетілдіру үшін нарықтардағы барлық ерекшеліктер мен артықшылықтарын, сол саладағы бәсекелестердің қызметін, нарықтағы позициясының әлсіз жақтарын зерттеу керек. Кейбір компаниялар сол елдің маркетингтік зерттеу жүргізетін орталықтарына тапсырыс береді, бірақ алынған мәліметтер компанияның өзі жүргізген зерттеулер нәтижесіндей бола бермейді.
АҚ «Рахат» кондитер фабрикасы халықаралық марктетингті дұрыс қолдану нәтжесінде шетел мемлекеттерінің нарығына өз кондитер өнімдерін жайғастырды. Соның ішінде Ресей нарығына АҚ «Рахат» кондитер фабрикасының енуі туралы зерттеу жүргіздім. Ол зерттеу бойынша Ресей нарығы өте кең ауқымды болғанымен, көрші шекаралас мемлекет болғандықтан, транспорттық шығындарды үнемдеуге мен кеден баж салығынан босату жағынан тиімді болып келеді және халқының идеологиялық жағынан біздің халқымыздан айырмашылығы айтарлықтай жоқ. Нарықта көп бәсекелестің болуы АҚ «Рахат» фабрикасын ығыстыру шамасы баршылық бірақ компанияның жүргізіп жатқан маркетинг стратегиясын әрі қарай дамытып және жетілдірсе, тек Ресейді ғана емес, бүкіл дүние жүзін жаулап алу мүмкіндігі бар.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Халықаралық маркетинг негізінде нарықты зерттеу