Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 17:17, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты- кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру, және оларды жетілдіру жолдарын анықтау. Себебі бұл қазіргі кездегі ең өзекті мәселе болып табылады.Кәсіпорынның өмірі оның негізгі және айналым капиталдары айналысынан жалғасып отырады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігіне олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Өйткені өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығындармен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым капиталының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады.
Кіріспе…………………………………………………………………………3
1. Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігі...........................................................................5
1.1. Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы..............................................................................5
1.2. Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері……………………..15
2. ААҚ «ТҰК Казхром» экономикалык қызметін талдау……………………………………………………………...21
2.1. ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы және органдары, қызметі, мақсаты……………………………………………………………….21
2.2. Кәсіпорынның капиталын және мүлкін пайдалану тиімділігі, техникалық- экономикалық көрсеткіштерін талдау…………………………………………………………………26
3. Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары…………………………………………………………..35
Қорытынды…………………………………………………………………39
Қолданылған әдебиеттер……………………………………………41
А-ӨЗ...Ө...ДӨ-А*
Ақша құралдарына (А) кәсіпорын өнім өндіру үшін қажетті еңбек құралдарын сатып алады, олар өндірістік запастарға айналады (ӨЗ), содан кейін өндірістік (Ө) процесс басталады, осының нәтижесінде дайын өнім пайда болады (ДӨ), ол өткізіледі де, кәсіпорынға қайтадан ақша қаражаты (А*) келіп түседі. Осылай айналым құралдары бір айналым жасайды және бәрі қайталанып отырады.
Айналым қорларының әр бөлігі әр түрлі мағынаға ие және өндірістік шаруашылық қызметінде әр түрлі қолданысқа ие, сондықтан олар мынадай элементтерге сыныпталады:
Айналым қорлары (п.1+п.2+п.3).
Айналыс қорлары (п.4+п.5+п.6+п.7).
Айналым капиталы (п.1+п.2+п.3+ п.4+п.5+п.6+п.7).
Аяқталмаған өндірістің құны оны өндіруге кететін шикізаттың (негізгі және қосымша материалдардың, отын, энергия, су) құнына, амортизация, жұмысшыларға бқлінген еңбекақы суммасына байланысты анықтайды.
Өнеркәсіп өндірісте сатып алынған жартылайфабрикаттармен қоса өзіндік өндірістегі жартылайфабрикаттардыда қолданады, олар табиғатына қарай аяқталмаған өнімге жақын келеді.
Кәсіпорынның айналым капиталының негізгі бөлігін- тауарлы- материалды қор құрайды:
Тауарлы- материалды қор кәсіпорынның активтерінің негізгі бөлігі болып саналады. Өйткені олар сатудан түскен ақшаның негізгі көзі болып саналады. Оларды бағалау және есептеу кәсіпорынның қаржы- шаруашылық нәтижесіне үлкен әсерін тигізеді. Тауарлы- материалды қорды басқару үшін оларды бағалау жұмысы жүргізіледі. Ал бағалау үшін 4 үдіс пайдаланылады:
1.Тауарлы- материалды қорды өткізудің таза құны бойынша бағалау. Осы әдіс тауарлы- материалды қордың өзіндік құны жоғалған кезде қолданыылады. Себептері:
Бұл әдіс өте аз айдаланылады.
Т.м.қ. өткізу таза құны=болжамды шамамен
құ
2. Орташа өлшемді құнды есептеу әдісі бойынша: тауарлы- материалды құн нақты мерзімде түскен заттардың орташа құнын есептеу бойынша анықталады.
3. ФиФО әдісі. Бірінші сатып алынған бағалары өткізілген тауарлардың өзіндік құнына пайда. Басқаша айтқанда бірінші сатып алынатын бағалары бойынша анықталады.
4. ЛиФО әдісі. Соңғы сатып алынған тауарлар бағалары өткізілген өзіндік құнында пайдаланылады.
Норма ауытқуына байланысты айналым құралдары мөлшерленген айналым капиталы (тауарлы- материалды құндылықтар запасындағы) және мөлшерленбеген айналым капиталы (дебиторлық қарыздар, есептеулердегі құралдар, банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары) болып бөлінеді.
Жоғары тиімділік пен ритмділік көбіне айналым құралдарының (аналым құралдары, айналыс құралдары) оптимальді көлеміне байланысты болады. Сондықтан айналым капиталын мөлшерлеу процесі үлкен маңызға ие.
Айналым капиталының мөлшері, әрқашан кәсіпорынның жұмысына қажетті, олардың минимальді есепті сомасын құрайды. Шикі заттың фактілі запастары, ақша қаражаттары және т.б. мөлшерден жоғары немесе төмен немесе оған сәйкес болуы- бұл ағымдағы қаржылық қызметтің ең өзгергіш көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Айналым капиталының мөлшерінің толмауы өндірістің қысқаруына, өндірістік программанның және өнімді өткізудің орындалмауына әкеп соқтырады.
Мөлшерден көп запастар айналымнан ақша қаражаттарын бөледі, материалды- техникалық жабдықтардың жетіспеушілігін көрсетеді, Өнімді өткізу мен өндіріс процесінің ритмсіздігін көрсетеді. Бұл ресурстарды тиімсіз немесе жеткіліксіз пайдалануға әкеледі.
Қаржыландыру көздеріне байланысты айналым капиталы жеке және заемды айналым капиталы болып бөлінеді.
Кәсіпорын
айналымында жеке және заемды айналым
капиталының болуы ұйымның
Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым капиталының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеп соқтырады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражаттарының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді. Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынның сметасымен үйлестіру қажет.
Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады. Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік қосалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды- орнықты орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер. Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаржыларына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады. Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс- әрекетін қаржыландыру үшін қолданылады.
Орнықты пассивтер:
Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады. Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:
1.2.
Кәсіпорынның айналым
капиталын және қорларын
пайдалану мөлшері және
тиімділігінің көрсеткіштері
Өндірістік
запастардың негізгі
Н= Р*Д
Р- материалдардың ортакүндік шығыны;
Д- айналым құралының берілген элементі үшін орташа запас мөлшері.
Айналым капиталының орташа запас мөлшері (Д) біртекті немесе әр түрлі материалдар үшін ағымдағы уақытты (Т), сақтандыру (С), транспорттық (М), технологиялық (Ф) запастар, және жеткізу, түсіру, қоймаға апару (П):
Д= Т+С+М+Ф+П.
Ағымдағы запас- запастың негізгі түрі. Оның көлеміне келісімдер бойынша жөнелту, өндірісте пайдалану көлемі әсер етеді.
Ағымдағы запастағы айналым құралдар мөлшері жабдықтаудың орташа циклының 50% көлемінде қабылданады.
Аяқталмаған өндірісте айналым капиталы мөлшері (Н) мына формуламен анықталады:
Н= (В/Д)*Т*К,
В - IV кварталдың шығындар сметасы бойынша жалпы өнім көлемі, руб;
Д – кезеңдегі күндер саны (90);
Т - өндірістік циклдың ұзақтығы, күндер;
К - өндірістегі шығындардың өсу коэффициенті;
Шығындардың әркелекі өсуіне байланысты коэффициент мына формуламен есептеледі:
K=C/П
Мұндағы,
С- аяқталмаған өндірістегі
П- бұйымның өндірістік құны.
Болашақ кезең шығындарының айналым құралдары мөлшері (Н) мына формуламен анықталады.
Н=П+Р-С,
П- болжанған кезеңнін басына өтетін болашақ кезең шығынының сомасы;
Р- келесі жылдың болашақ кезең шығыны;
С- келесі жылда өнімнің өзіндік құнын жоюға кететін болашақ кезеңдер шығыны.
Дайын өнімнің қалдықтарына айналым құралдары мөлшері мына формуламен есептеледі:
Н=(B/Д)*Т
В- өндірістік өзіндік құнының келесі жылдың IV кварталына тауарлы өнім өндірісі;
Д- кезеңдегі күн саны (90);
Т- дайын өнімге айналым құралының мөлшері.
Айналым каиталының айналымдылық коэффициенті және бір айналым ұзақтығы- кәсіпорынның айналым капиталдарын қолдануының маңызды көрсеткіштері болып саналады.
Айналым
каиталының айналымдылық
коэффициенті (Кайн) зерттеліп жатқан кезеңде
(квартал, жартыжылдық, жыл) айналым құралдары
қанша рет айналыс жасағанын көрсетеді.
Ол мына формуламен есептеледі
Кайн = Vc/ Qоқ,
Vc- есептеу кезеңіндегі сатылған өнім көлемі;
Qоқ- есептеу кезеңіндегі айналым капиталының орташа құны.
Бір айналымның ұзақтығы (К) кәсіпорынға оның айналым капиталы сатылған өнімнен түскен түсім болып қайтарылу мезгілін көрсетеді. Оның формуласы
К= Т/ Кайн, немесе К= Т*Qоқ/ Vс,
V-
есептеу кезеңіндегі мерзім
Т- мерзім уақыты.
Айналым капиталын тиімді пайдаланудың маңызды көрсеткіші айналымға құралдар енгізу коэффициенті. Ол сатылған өнімнің 1 теңгеге шаққандағы табысын аванстайтын, айналым құралдарының сомасын көрсетеді. Басқаша айтқанда, ол айналымдылық қор сиымдылығын, с.с. айналым капиталының өнімнің 1теңгесіне шаққандағы шығынын көрсетеді. Оны мына формуладан көруге болады
Информация о работе Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары