Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 17:17, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты- кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру, және оларды жетілдіру жолдарын анықтау. Себебі бұл қазіргі кездегі ең өзекті мәселе болып табылады.Кәсіпорынның өмірі оның негізгі және айналым капиталдары айналысынан жалғасып отырады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігіне олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Өйткені өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығындармен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым капиталының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………3
1. Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігі...........................................................................5
1.1. Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы..............................................................................5
1.2. Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері……………………..15
2. ААҚ «ТҰК Казхром» экономикалык қызметін талдау……………………………………………………………...21
2.1. ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы және органдары, қызметі, мақсаты……………………………………………………………….21
2.2. Кәсіпорынның капиталын және мүлкін пайдалану тиімділігі, техникалық- экономикалық көрсеткіштерін талдау…………………………………………………………………26
3. Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары…………………………………………………………..35

Қорытынды…………………………………………………………………39
Қолданылған әдебиеттер……………………………………………41

Работа состоит из  1 файл

Айналым капиталы курстық жұмыс.doc

— 232.50 Кб (Скачать документ)

    2000 жылы, әлемдік нарығының коньюктурасына  байланысты, балқытылатын балқымаларының  структурасын өзгертулері, ары  қарай жалғастырыла берді. Сонымен  әрі қарай дамытуды 2000 жылғы орта  және төмен көміртекті феррохром өндірісі 74% ті құраған , 1999 жылмен салыстырғанда 20% ке жоғары, АҚ «Феррохром» қабылдады. Бұдан басқа, АҚ «Феррохром» завод және компания үшін жаңа, гранулданған ФС 15Г-реогентті ферросилиции маркасы (ауыр суспензияларды байыту үшін қолданылады) өндіріле бастады. 1999 жылдан басталған металлды хром өндірісі, 2000 жылы 120 тонна/айына дейін өсті.

    2000 жылы  АҚ «Донской ГОК» 2,6 млн.  тонна тауарлы хромды рудасы  өндірілді.  «Донской ГОКтың»  таурлы хромды рудасын өндіруге  қажетті тұрақтандыру және қалпына келтіру шаралары 2000 жылы енгізілген, «Поисковой», «Центральная», «Молодежная» шахталарынан енгізілген жаңа өндіру қуаттылықтары үлкен әсер етті.

    Ақшалай көрсеткенде 2000 жылы толығымен компания бойынша 56090,7 млн. теңгеге тауарлы өнім өндірілді,соның ішінде тауарлы өнім көлемін құрады: Ферробалқыту Ақсу зауытында– 31886,5 млн. тг, ААҚ «Феррохром»- 13735,8 млн.тг, ААҚ «Донской ГОК»- 10468,4 млн.тг. Есепті жылдағы тауарлы өнім рентабельділігі: Ферробалқыту Ақсу зауытында 15,3%, ААҚ «Феррохром» 7,6%, ААҚ «Донской ГОК» 41,3% ті құрады.

    2001 жылдың басында  Ферробалқыту  Ақсу зауытында, өнімнің өзіндік  құнынын төмендететін, қуаттылығы 220 киловольтті құрайтын электротасымалдау  желісінің құрылысы аяқталды. Бұл  желінің ұзындығы 9,4 км.  
 

2.2. Кәсіпорынның капиталын  және мүлкін пайдалану  тиімділігі, техникалық- экономикалық көрсеткіштерін  талдау. 

    Қоғамның  мүлкі және капиталы

    Қоғамның  мүлкін негізгі және айналым қорлары, және құны өзіндік баланста көрсетілетін басқада мүліктер құрайды. Мүлік Қоғамның жеке құқығында болады.

    Қоғам мүлкінің құрылу көздері:

      • Акционерлердің жарғылық капиталға салымдары;
      • Қоғам қызметінен түскен түсім,
      • Қоғамның шаруашылық қызметі нәтижесінде өндірілген өнім;
      • Қазақстан Республикасының заңымен тиым салынбаған басқада көздер.

    Қоғамның  жарғылық капиталы 7.903.485.000 теңге, 7.147.485 жай акцияларға бөлінген, бір акцияның құны 1000 тенге; және 756.000 арнайы акциялардан  тұрады, бір акция құны 1000 тенге.

    Жай акция акционерге сұрақтар шешіміне дауыс бере отырып,  Толық акционерлер жиналысына қатысуына құқық береді. Қоғамның таза табыс көлеміне байланысты дивиденд алу, Қоғам жұмысы тоқтатылған жағдайда қоғам мүлігінің бөлігін алуға құқы береді.

    Арнайы  акция номиналды құннан 10 % ті дивиденд алуға құқық береді. Арнайы акция иелері жай акция иелеріне қарағанда, жұмыс тоқтаған жағдайда Қоғам мүлігінің көп бөлігін ала алады.

    Қоғам акцияларының құнын, санын Қоғамның Директорлар Советі, Қазақстан Республикасының  «Аталған акциялар мөлшерін ұлғайту  тәртібі» заңнамасына сәйкес белгілейді.

    Салық және бюджетке міндетті төлемдерді төлегеннен кейін Қоғамның таза табысын үйлестіру  жөнінде шешімді Қоғамның Толық  акционерлер жиналысы қабылдайды.

    Жиналыстың  шешімі бойынша, таза табыс, Қоғам қажеттіліктері өтелгеннен кейін, акционерлер арасында дивиденд түрінде бөлінеді.

    Қоғамның  акциялар бойынша дивидендтері ақшалай  немесе құнды қағаздар түрінде беріледі.

    ААҚ «ТҰК Казхромның» айналым капиталдарының қаншалықты тиімді екендігін анықтап  білу керек. Ол үшін баланстық көрсеткіштерді талдайық:

    • Жеке капитал= жарғылық капитал- төленбеген капитал- алынған капитал+ қосымша төленген капитал+ қосымша төленбеген капитал+ резервті капитал+ өткен жылдардың үйлестірілмеген табысы+ есепті жылдағы үйлестірілмеген табыс= активтердің баланстық құны- барлық міндеттемелер;
    • Активтердің баланстық құны= баланста көрсетілген, барлық активтер құны;
    • Таза айналым капиталы= ағымдағы активтер- ағымдағы міндеттемелер;
    • Таза табыс= салық салғанға дейінгі жиынтық табыс- корпоративті табыс салығы;
    • Сатудан түскен табыс= өнімді өткізуден түскен табыс/ жалпы табыс;
    • Капитал табыстылығы= таза табыс/ жеке капитал;
    • Активтер табыстылығы= таза табыс/ активтердің баланстық ұны;
    • 1 жәй акцияға таза табыс= (таза табыс- арнайы акциялар бойынша төленген дивиденд)/ айналымдағы жәй акциялар көлемі;
    • 1 акцияның баланстық құны= жеке капитал/ айналымдағы жәй акциялар көлемі. 

    Кәсіпорынның  айналым капиталының екі жылдық айналысын (2004- 2005жж) келесі кестеден көруге болады: 

3- кесте.  ААҚ «ТҰК Казхром» қаржылық  көрсеткіштері

Жыл қорытындысы бойынша көрсеткіш 2004 2005 Өзгеру  қарқыны
+, - %
Активтердің баланстық құны 39951858 47245775 7293917 120
Жеке  капиал 32175435 36763040 4587605 110
Таза  айналым капиталы 6430557 5155757 -1274800 80
Таза  табыс 14807274 4284490 -11187198 20
Сатудан түскен табыс, % 28,02 36,39 8,37 -
Капитал табыстылығы, % 45,73 9,59 -36,14 -
Активтер  табыстылығы, % 36,83 7,46 -29,37 -
1 жәй акцияға таза табыс 2058,45 493,26 -1565,19 20
1 акцияның баланстық құны 4071,04 4651,50 580,46 110

     

    3- кестені талдайтын болсақ, бірінші кәсіпорынның таза табысына назар аударайық. 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы таза табыс көлемі 11187198 млн.теңгеге кеміді, бұдан біз кәсіпорын пайдасының, өткен жылмен салыстырғанда, едәуір төмендегенін байқаймыз.

    Таза  табыс төмендегендіктен акциялардан түсетін табыстың, капитал табыстылығының, активтер табыстылығының да көлемінің төмендегенін көруге болады.

    Енді, осы екі жыл бойынша, активтердің  табыстылығының ауытқуларын бухгалтерлік баланс бойынша талдайық.

4- кесте. Бухгалтерлік баланс

Статья 2004 2005 Ауытқу

+, -

Активтер
I. Ұзақ мерзімді  активтер
Аяқталмаған өндіріс 6185394 5617917 -567477
Болашақ кезеңдер шығындары 1429218 31553 -1397665
Ұзақ  мерзімді дебиторлық қарыздар 373915 1412441 1038526
I- бөлім бойынша қорытынды 7988527 7061911 -926616
II. Ағымдағы активтер
Тауарлы- материалды запастар 5109204 7408100 2298896
Дебиторлық  қарыз 5271909 3057265 -2214644
Болашақ кезеңдер шығындары 421611 - -
Ақша  қаражаттары 1600938 366476 -1234462
II- бөлім бойынша қорытынды 12403662 10831841 -1571821
 

    Жоғарыдағы  кестені талдасақ, бірінші бөлімдегі яқталмаған өндіріске көңіл бөлейік. 2004 жылы аяқталмаған өндіріс 6185394 млн.тг құраса, ол 2005 жылы 5617917 млн.теңгені құрады, сонда 567477млн.теңгеге кемігенін көреміз.

    Болашақ кезеңдер шығындары 2004 жылы 1429218 млн.тг. болса, 2005 жылы 31553 млн.тг. болды, сонда өткен жылмен салыстырғанда болашақ кезеңдер шығыны 1397665 млн.теңгеге кеміді. Ал ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар, керісінше, өткен жылмен салыстырғанда 1038526 млн.теңгеге артты.

    Екінші  бөлім бойынша, тауарлы- материалды запастар 2004 жылы 5109204 млн.тг. болды, ал 2005 жылы 7408100 млн.тг. құрады, 2298896 млн.теңгеге көбейді.

    Дебиторлық  қарыздар көлемі өткен жылға қарағанда 2214644 млн.теңгеге төмендеген.

Ақша  қаражаттары 2004 жылы 1600938 млн.тг. болса, 2005 жылы 366476 млн.теңгені құрады, яғни үлкен ауытқуға ұшырады

(-1234462 млн.тг.).

    Компания  көрсеткіштерінің есептеулерін KASE мамандары  жүргізді.

    Кәсіпорынның  пайдасы мен шығынын, өндірілген тауар, өткізілген тауар көлемін, жұмыс персоналын, еңбек өнімділігін, таза табысты, жалпы табысын және т.б. жағдайларын анығырақ көрсету үшін кәсіпорынның техникалық- экономикалық көрсеткіштерін талдаған жөн.  

       

    5-кесте. Кәсіпорынның техникалық- экономикалық

                   көрсеткіштері       

Көрсеткіштер өлшем бірлігі 2004ж 2005ж Ауытқу, өзгеру қарқыны
+; - %
1 Өткізілген  өнімнен түскен түсім Млн.тг 34112605 47929954 13817349 140
2 Өткізілген  өнімнің өзіндік құны Млн.тг 24554972 30487588 5932616 120
3 Жалпы табыс Млн.тг 9557633 17447366 7889733 180
4 Кезең шығындары Млн.тг 3449815 11604472 8154657 340
5 Негізгі қызметтен  түскен табыс Млн.тг 6107818 5837894 -269924 90
6 Негізгі емес қызметтен  түскен табыс Млн.тг 15045430 281520 -14763910 2
7 Салық салғанға дейінгі жиынтық табыс Млн.тг 21153248 6119414 -15033834 30
8 Корпоративтік табыс салығы % 6345974,4 1834924,2 -4511050,2 -
9 Салық салғаннан  кейінгі жиынтық табыс Млн.тг 14807274 4284490 -10522784 30
10 Таза табыс Млн.тг 14807274 4284490 -10522784 30
11 Өнім рентабельдігі % 52,9 10,2 -42,7 -
12 Сату ренабельдігі % 43,4 8,9 -34,5 -
13 Өндіріс рентабельдігі % 66,5 13,7 -52,8 -
14 Жұмыскерлер саны Адам 14238 15127 889 110
15 1 жұмыскердің еңбек өнімділігі Млн.тг 2395,8 3168,5 772,7 130
16 Негізгі капиталдың орт.ж. құны Млн.тг 16057612 23470238 7412626 150
17 Айналым капиталының  орт.ж. құны Млн.тг 6201831 7770147,5 1568316.5 120
18 Қор қайтарымдығы Теңге 2,1 2,0 -0.1 90
19 Қор сиымдылығы Теңге 0,5 0,5 0 100
20 Қормен қарулану Млн.тг 1127,8 1551,5 423.7 140

Информация о работе Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары