Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 17:17, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты- кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру, және оларды жетілдіру жолдарын анықтау. Себебі бұл қазіргі кездегі ең өзекті мәселе болып табылады.Кәсіпорынның өмірі оның негізгі және айналым капиталдары айналысынан жалғасып отырады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігіне олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Өйткені өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығындармен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым капиталының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………3
1. Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігі...........................................................................5
1.1. Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы..............................................................................5
1.2. Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері……………………..15
2. ААҚ «ТҰК Казхром» экономикалык қызметін талдау……………………………………………………………...21
2.1. ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы және органдары, қызметі, мақсаты……………………………………………………………….21
2.2. Кәсіпорынның капиталын және мүлкін пайдалану тиімділігі, техникалық- экономикалық көрсеткіштерін талдау…………………………………………………………………26
3. Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары…………………………………………………………..35

Қорытынды…………………………………………………………………39
Қолданылған әдебиеттер……………………………………………41

Работа состоит из  1 файл

Айналым капиталы курстық жұмыс.doc

— 232.50 Кб (Скачать документ)
 

      Жоғарыда, кестеде ААҚ «Казхром» техникалық- экономикалық көрсеткіштері көрсетілген. Онда кәсіпорынның шығыны мен пайдасы, түрлі тиімділікті өрнектейтін  көрсеткіштері екі жылға (2004- 2005ж) есептелінген. Әр көрсеткіштің мәнін, тиімділігін, жылдардағы ауытқуларын олардың әрқайсысына тоқталып, талдау жасау арқылы көрсетуге болады.

      Төменде көрсетілген 1- суретке  назар аударсақ, өткізілген өнімнен  түскен түсім 2004 жылы  34112605 млн.  теңге болса, 2005 жылы ол 47929954 млн.  теңгені құрады. Сонда, 13817349 млн. теңгеге артты (140%).

      

    1- сурет. Өткізілген өнімнен түскен  түсім 

    Өткізілген  өнімнің өзіндік құны кәсіпорында  өндірістік ресурстардың пайдаланылуын  және нәтижелерін көрсетеді. Өзіндік  құн 2004 жылы 24554972 млн. теңгені құраса, 2005 жылы 30487588 млн. теңгеге жеткенін көреміз. Яғни, өткен жылға қарағанда 5932616 млн. теңгеге немесе 120% ке өскен.

    Жалпы табысқа келсек, ол өнімнің өзіндік  құны мен өткізілген өнім табысына тәуелді. Мысалы, 2004 жылы жалпы табыс  көлемі 9557633 млн. тг болса, 2005 жылы 17447366 млн. тг өсті. Сонда ауытқуы өткен жылмен салыстырғанда 7889733 млн. тг, 180% ке артты.

    Кезең шығындарын қарастырсақ, шығынның жоғарылап  кеткенін көреміз. 2004 жылы ол 3449815 млн.тг болса, 2005 жылы  11604472 млн. тг жетті, яғни,  8154657 млн. теңгеге, 340% ке өскен.

Негізгі және негізгі емес қызметтерден түскен табыстар 2004 жылы 6107818 және 15045430 млн. теңге, ал 2005 жылы 5837894 және 281520 млн. теңгені  құрады, яғни біріншісі -269924 млн. теңгеге, екіншісі -14763910 млн. теңгеге артқанын байқаймыз.

      Кәсіпорынның таза табысының  өзгерісін төменде келтірілген  2- суреттен көреміз. Яғни, 2004 жылы  таза табыс 14807274  млн. тг  құраса, 2005 жылы 4284490  млн. тг құраған.  Сонда өткен жылға қарағанда  -10522784 млн. теңгеге кеміген (30%).

    

    2- сурет. Таза табыс өзгерісі

    Өнім  рентабельділігі 52,9% дан 10,2% ке кеміді, ол таза табыстың кеміп,  шығындардың  артуына байланысты кеміді.

    Сату  рентабельділігі 34,5% ке кеміді, бұдан  біз кәсіпорын өткен жылға  қарағанда едәуір шығынға ие екендігін  көре аламыз.

    Негізгі құралдардың тиімділігін анықтайтын қор қайтарылымдығы 2004 жылы 2,1 теңге  құраса, 2005 жылы 2 теңгені құрады.

Қормен  қарулану 2004 жылы 1127,8 млн. тг, ал 2005 жылы 1551,5 млн. тг құрады.

    Негізгі және айналым капиталдарының екі  жылдағы ауытқуларын 3- суреттен анық көруге болады:

      

      3-сурет.  Кәсіпорынның негізгі және айналым  капиталының жылдық ауытқулары 

4- сурет. Жұмыскерлер  саны өзгерісі 

    Негізгі капиталдың орташа жылдық құны екі  жылға шаққандағы ауытқуы 7412626 млн. теңгеге өсті.

Айналым капиталының орташа жылдық құны 2004 жылы 6201831 млн. теңге, ал  2005 жылы 7770147,5 млн. теңгені құрады. Яғни, 1568316.5 млн. теңгеге, 120 % ке өсті.

    Кәсіпорынның  қызметінің қаншалықты тиімді атқарылуы  оның есепті көрсеткіштеріне ғана емес, басқа да, мысалы жұмысшылар санына тәуелді болады. Төмендегі 4- суреттен ААҚ «Казхром» жұмысшылар миграциясын көруге болады. 2004 жылы жұмыскерлер саны 14238 адамды құраса, 2005 жылы олар  15127 адамға жетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3. Кәсіпорынның айналым  капиталын пайдалану  тиімділігін жетілдіру жолдары 

      Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеттілігі  өндіріске салынған активтердің  айналымдылық деңгейінен тәуелді болады. Айналымдылық көрсеткіштері қаншалықты жоғары болса, соншалықты өндіріске  салынған активтер нақты ақша қаражаттарына жылдам айналады, яғни кәсіпорын өзінің қарыздық міндеттемелерін уақытылы орындай алады.

      Кәсіпорынның  айналым капиталының айналымдылық деңгейі әр түрлі болады. Активтердің  айналымдылық көрсеткіштері кәсіпорын  мүлкінің құрылымын анықтайды және кәсіпорын активтерінің жекелеген түрлерінің (негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздың) айналым жылдамдығынан тікелей тәуелді болады.

      Айналым капиталының айналым ұзақтығы көптеген сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады. Сыртқы факторларға келесілерді жатқызуға болады:

  • Кәсіпорынның салалық ерекшеліктері (мысалы, өнеркәсіп саласының кәсіпорындарындағы ағымды активтердің айналым жылдамдығы қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарындағы активтердің айналым жылдамдығынан төмен болады);
  • Кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (өндірістік, жабдықтаушы, білім саласындағы кәсіпорындар);
  • Кәсіпорынның өндірістік қабілеті;
  • тұтынушылар арасындағы қарым- қатынастар, кәсіпорынның өніміне деген сұраныстың болуы).

    Айналым капиталын қолданудың тиімділігіне әсер ететін ішкі факторларға келесілер жатады:

    • Шығындарды басқару жүйесі (өндіріске қажетті материалдардың тиімді мөлшерін анықтау);
    • Кәсіпорынның баға саясаты;
    • Тауарлық- материалдық құндылықтарды бағалаудың тиімді әдістерді (өндірістік, орташа салмақталған құн, ФиФО, ЛиФО) қолдануды қажет ететін есеп саясаты.

      Капиталдың  айналымдылығының артуы материалдық  құндылықтарды басқару жүйесінің  тиімділігінің артқанын және кәсіпорынның өндірістік белсенділігінің өскенін  сипаттайды. Активтердің айналымдылығының төмендеуі кәсіпорынның қолында шектен тыс материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздың, ақша қаражаттарының шоғырланғанын білдіреді.

      Айналым капиталдарын қолданудың тиімділігін  арттырудың жолдары жоғарыда Қазхром  АҚ мәліметтерінің негізіне сүйене отырып қарастырған болатынбыз. Ағымды активтердің оңтайлы көлемін қалыптастыру негізінен алғанда активтердің кәсіпорынға қажетті мөлшерін анықтаумен байланысты болғандықтан, материалдарды оларды әдістемесімен де таныс болдық.

      Алайда, аталған кәсіпорынның қызмет ерекшеліктеріне байланысты оның ағымды активтердің құрамында материалдық құндылықтар мен дебиторлық қарыз және ақша қаражаттарынан тұрады. Өздерінің ерекшеліктеріне, айналу жылдамдығына, пайда болу заңдылықтарына, пайда болу заңдылықтарына байланысты ағымды активтердің бұл элементтерн жоспарлау, болжамдау және алдын-ала есептеп анықтау өте қиын. Бұл активтерді басқару барысында өзге де әдістерді қолданады. Кәсіпорындар бұл тектес активтердің тиімділігін қолданыстағы қаржыландыру және есеп айырысу әдістерінің көмегімен арттыра алады.

      Дебиторлық  қарыз шоттарындағы қаражаттар ағымды активтердің айналымнан шығып қалған бөлігін көрсетеді. Бұл өз кезегінде  кәсіпорынды қосымша қаражаттарға мұқтаж етеді және оның қаржылық жағдайының қиындауына алып келеді.

      Коммерциялық  есеп айырысу принципі бойынша жұмыс  істейтін кәсіпорындар дебиторлық қарыздың көлемінің барынша аз болғанын қалайды. Себебі бұл олардың жалпы айналым  жылдамдығын арттырады, нәтижесінде  жалпы ағымды активтердің тиімділігінің  өсуіне алып келеді. Мәселен, сатылған тауарлар (көрсетілген қызметтер, атқарылған жұмыстар) бойынша дебиторлық қарыздардың төмендеуі келісім-шарттар бойынша міндеттемелердің, табыстар мен рентабельділік жоспарларының орындалу көрсеткішіне оң әсерін тигізеді. Басқа да шоттардағы айналым қаражаттарының азаюы олардың тиімді қолданылып жатқандығын білдіреді, өйткені олар өндірістік процестен шығып қалмай, тауарлық нысаннан ақшалық нысанға ауысады.

      Аталған ағымды активтердің құрамдас бөліктердің  қолдану тиімділігін арттыру жолдарына келесілерді жатқызуға болады:

    • Есеп айырысу және төлем дисциплинасын нығайту;
    • өзге кәсіпорындармен, қаржы мекемелерімен, салық мекемелерімен тікелей шаруашылық және қаржылық қатынастарды дамыту;
    • келісім шарттар дисциплинасын нығайту және сәйкесінше келісім шарттағы міндеттемелердің мезгілінде және толық орындалуын бақылау;
    • есеп айырысудың прогрессивті нысандарын қолдану тәжірибесін кеңейту;

      Дебиторлық  қарыздардар шоғырланып, тұралап  қалған қаражаттарды қысқартудың маңызды  факторы – бұл ағымды активтерді толықтыруға бағытталған қаржы ресурстарын тарту болып табылады. Кәсіпорындар өздерінің ағымды активтерін тиімді қолдануға септігін тигізетін қысқа мерзімді несиелерді қажет кезінде және қажет көлемде тарта білулері керек. Қазіргі таңда Қазақстанда ағымдағы активтерді қысқа мерзімді қаржыландырудың алуан түрлі нысандары қалыптасып отыр. 

      Қазақстанда шағын несиелер беретін кәсіпорындар дамуы мемлекет тарапынан қажетті  шараларды талап етеді. Бүкіләлемдік банктің мәліметтері бойынша, кәсіпорындарға шағын несиелер берумен айналысатын ұйымдар екі   миллионнан астам кәсіпорындарға қызмет көрсетеді, ал олардың несиелерінің жалпы сомасы екі млрд. АҚШ долларын құрайды. Ал шағын несиелерінің жалпы экономикадағы несиелердегі үлесі дамыған елдерде 20% құрайды. Біздің елімізде банктік не бюджеттік несиелерді есептемегендегі қаражат көздерінің құрылымында шағын несиелердің үлесі небәрі 8% ғана құрап отыр. Осы орайда Қазақстан Республикасының 2003 жылдың ақпан- наурыз айларында қабылданған «Несиелік серіктестіктер туралы» және «Шағын несие ұйымдары туралы» Заңдарына шағын несиелеуді жетілдіруге бағытталған бірқатар өзгерістер енгізу қажет.

      Нарықтық  экономика жағдайларындағы кәсіпорындардың  ағымды активтерін қысқа мерзімді қаржыландырудың  негізгі мәселелерін зерттеу нәтижесінде шаруашылық субъектілері үшін қаржы ресурстарын қалыптастырудың алуан түрлеріне көңіл бөлдік. Алайда, осылардың ішіндегі ағымды активтердің қаржыландыру тұрғысынан қарастырғанда Қазақстан жағдайларында кәсіпорындар үшін ең қолайлысы шағын несиелер, вексельдік және факторингтік операциялар болып отыр.

      Жұмыста қарастырылған өзекті мәселе, кәсіпорындардың  қысқа мерзімді өндірістік мұқтаждықтар үшін қаржы ресурстарын қалыптастыру- қаржыландыру көздерінің оңтайлы құрылымын  қалыптастыру бойынша тиімді шешімдер қабылдауға және оларды жүзеге асыруға тікелей байланысты болып табылады.

         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

      Қорытындылай келсек, айналым капиталы – бұл кәсіпорынның өндірістік циклының әрбір кезеңіндегі ағымды операцияларына салынған қаражаттарының жиынтығы. Олар өздерінің жоғары өтімділіктерімен сипатталады. Айналым капиталының өтімділік деңгейі олардың өндірістік айналым барысында ақша қаражаттарына айналу қабілетімен анықталады.

      Өндірістік  немесе басқа коммерциялық қызметті жүзеге асырушы кәсіпорын нақты қаражаттармен, өндірістік негізгі және айналым капиталдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Айналым капиталы кәсіпорынның қызмет етуіне қажетті мүліктің негізгі құрамдас бөлігі болып саналады.

      Айналым капиталы тек өзінің өтімділігімен  сипатталып қоймай, құрамы мен құрылымы тұрғысынан да сипатталады. Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның  айналым капиталын басқарумен тығыз байланысты болып келеді. Әр түрлі шаруашылықта айналым капиталының құрамы мен құрылымы  алуан түрлі. Ол кәсіпорынның меншіктік, өндірістік, сатушылар мен сатып алушылардың өзара қатынасы ерекшеліктеріне, өндірістік шығындар құрылымына, қаржылық жағдайына байланысты.

      Айналым капиталдары меншікті, қарыз және қосымша тартылған қаражаттар арқылы қалыптасады. Активтердің қалыптасуы туралы мәліметті меншікті капитал немесе міндеттемелер бөлігінен көруге болады.

      Қарыз қаражаттар негізінен алғанда банктік  қысқа мерзімді несиелермен өрнектеледі. Банктердің қысқа мерзімді несиелері  арқылы кәсіпорынның уақытша ағымды активтерге мұқтаждығы жабылады. Айналым капиталын қалыптастыру үшін несиелер тартудың негізгі бағыттары: шикізат, материалдарды және өндірістік кезеңдік процесімен байланысты шығындарды несиелеу; меншікті ағымды қаражаттардың уақытша жетіспеушілігін толықтыру; есеп айырысу және төлем айналымын ұйымдастыру.

      Айналым капиталының тиімділігін анықтайтын бірнеше көрсеткіштерді ескерген артық  болмайды: айналым капиталының айналымдылық коэффициенті; өндірістік материалдар  айналымдылығы; дебиторлық қарыз айналымдылығы; ақша қаражаттары айналымдылығы; айналым капиталын жүктеу коэффициенті; айналым капиталының айналыс ұзақтығы.  

      Айналым капиталының айналым ұзақтығы сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады. Сыртқы факторларға: кәсіпорынның салалық  ерекшеліктері, қызметінің ерекшелігі, өндірістік қабілеті, шаруашылық ету шарттары.

Информация о работе Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары