Менеджмент и маркетинг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 05:48, курсовая работа

Описание

1. Нарық - маркетинг әрекеттеріне байланысты мүдделер тоғысатын біртұтас құрамды орта. Ал қажеттеліктің нақты бағытына қарай ондағы болашақ тауарларды топтарға немесе түрлерге бөлу нарықты сегменттеу деп аталады.

Нарықтың жалпы мүмкіндіктерін тұтынушылардың мұқтаждык айырмашылықтарына немесе оларды тауар өткізуге қатысты шаралар қабылдау дәрежесіне байланысты реттеп отыру - нарықты зерттеуге қолайлы жағдай туғызумен бірге, өндіріс-тауар өткізуді соған сәйкес икемді ұымдастыруға жәрдем етеді. Тұтынушылар қабілетін және олардың тауарға деген көзқарасын бейнелейтін тауар топтары нарықтың сегменттік сайымдылығы мен сапалық құрамын көрсетеді және бұл стратегиялық бағдарлама жасауға негіз болады.
Нарықтың құрамы және сегменттік қалыптасуы тұтынушылар ортасын өзіне тән географиялық орналасуына, табиғи жағдайына, олардың ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесіне және тұтынушының сатып алу қабілетіне тікелей байланысты. Сондай-ақ ол нарық түрлерін ажырата алуына септігін тигізеді.
Нарықты сегменттеу өзіндік ерекшелектері бойынша мынадай біренше түрге бөлінеді:
Макросегменттеу - мұнда тұтынушылар жеке мемлекет, ірі аймақтар шеңберінде қарастырылады. Олардың табиғи-географиялық орталары, экономикалық потенциалы, шаруашылық құрамдары, жетекші басты салалары, технолгиялық даму деңгейі есепке алынады.
Микросегменттеу - түрлерін белгілі бір мемлекеттің ішкі ерекшеліктеріне сәйкес бөледі. Онда экономикалық аудандардың кәсіптік бағдарға қарай мамандандырылуы, олардың жергілікті ерекшеліктері, сол жерді мекендейтін халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, салт-дәстүрлері мен өндіріс жаңалықтарына деген өзіндік көзқарастары сегмент құрамына жатуы мүмкін.

Работа состоит из  1 файл

Лекции мен и марк.doc

— 66.00 Кб (Скачать документ)

Маркетингтік  қызметке байланысты тауар классификациясының келесідей түрін ұсынуға болады: 

1. Тауар  сипатына байланысты.

2. Тұтынушы  қатынасына байланысты.

3. Өнеркәсіптік  қажеттілігіне байланысты. 

      Тұтынушы  сипатына байланысты классификациялау негізінде тауарды қолдану мерзімі жатыр. Бұл сипаты бойынша тауарды келесідей топтауға болады: 

А) Ұзақ мерзімді қолданылатын тауар,  яғни соңғы мәрте қолданысқа түсіп, өз қасиетін жоймайтын материялдық  өнімдер. Мыс: киім, тұрмыстық заттар, техника т.б.

В) Қысқа мерзімге қолданылатын тауарлар. Бір немесе бірнеше мәрте қолданғаннан кейін өз қасиетін жоятын материялдық өнімдер. Мыс: тамақ өнімдері, сабын т.б.

С) Қызмет физикалық объектісі жоқ қажеттілікті қамтамассыз ету үшін жасалатын  тиімді әрекет. 

      Тауар ассортиментінің кеңейтілуімен қатар оны толықтыру деген түсінік бар. Яғни, толықтыру келесі себептерге байланысты. 

1. Қосымша  пайда табуға ұмтылу.

2. Қолда  бар ассортиментінің кемшіліктерін  жою.

3. Қолданылмай  жүрген өндіріс қуаттарын іске  қосу.

4. Жеткілікті ассортименті бар фирма атаудан үміттену.

5. Бәсекелестерді  алға жібермеу мақсатымен кемшіліктерді  жоюға тырысу. 

      Ассортиментті қажетті тауардан толықтыру күтілген нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік  береді. Бірақ оны шамадан тыс  арттыру бұған керісінше әсер етеді. Яғни жалпы пайданы төмендетуге әкеліп соқтырады.

      Тауардын  бірнеше ассортименттік топтары  жинақталған тұста тауарлық номенклатуры кұралады. Тауар номенклатурасын  ассортименттік топтар мен тауар  бөліктерінің жиынтығы деп түсіну қажет.

      Тауар номенклатурасы енділік тұтастың және тереңдік тәрізді қасиетімен сипатталады. Енділік фирма өндірілген тауардың ассортименттік топтың жалпы санын көрсетеді. Тұтасты номенклатураны құрайтын жеке тауардың жалпы саны. Тереңдік -ассортимент тобы шеңберіндегі әрбір жеке тауардың ұсынысының түрлері деген түсінік береді. Тауар өндіруші шаруашылық әрекеттерін мынандай 4- әдіспен есептеуге болады.

1. Тауардың  жаңа топтарын қосу есебінен  тауар номенклатурасын кеңейту.

2. Қолда  бар тауар ассортиментін толықтыру  арқылы ассортиментті жеткілікті фирмалар қатарына жақындау.

3. Өзінің  тауар номенклатурасын кеңейту,  яғни қолда бар тауардың әрқайсысына  қатынасты ұсыныс түрін көбейту.

4. Кәсіпорынның  алға қойған мақсытына байланысты  белгілі бір

салада  жақсы атаққа ие болғысы келуі немесе бірнеше салада

әрекет  етеді. 

      Тауар ассортиментіне қатынасты алған  маркетингтің міндеті нарықты тереңдей сегменттеу арқылы тауардың ассортименттік құрамы мен тұтынушының қажеттілігі  арасындағы өзара сәйкестік. Маркетинг  нарыққа бір мезгілде шығару үшін келесідей категориядағы тауар топтарын ұсынады.

1. Бас  кәсіпорынға пайда әкелетін және  жаңадан өсу кезеңіндегі негізгі  тауарлар.

2. Сүйемелдеуші  яғни сауда-саттық көмегіме алынатын  пайданы тұрақтандырушы тауарлар.

3. Стратегиялық  бағыттағы яғни фирмалардың келешек пзйдасын қамтамассыз етуге бағытталған тауар.

4. Ынталандыруға  бейімделген тауар. 

Тауардың  ассортименттік стратегиясын қалыптасу  бағыттарын келесі әрекеттер анықтайды: 

1. Тауар  саралау.

2. Тауар  диверсификациясы.

3. Тауардың  белгілі бір түрін өтдіруге мамандандыру.

4. Тауардың  интеграциясы. 

      Екінші  жолымен қалыптасқан тауар түрін  жасап шығаруды талдайтын болсақ, ол келесі сатылардан өтеді. Жаңа тауар  түрін жасап шығару процесін талдамастан  бұрын жаңа тауар ұғымын анықтап  алу қажет. Жаңа тауар дегеніміз - тұтынушы елеулі деп санайтын қалыптасқан тауар түріне жаңалықтар енгізу немесе алдын өндірісте болмаған жаңа тауар түрін шығару. Бұл жаңа тауар түрін енгізу мекеменің ұзақ мерзімді дамуын және рентабельдігін қамтамассыз етілу қажет. Жаңа тауар түрін енгізу келесі үш факторға байланысты. 

1. Өндірісте  шығарылып жатқан өнімнің ескіруінен  сақтану үшін.

2. Өндірісті  кеңейту үшін.

3. Мекеменің  рентабельділігін көбейту үшін. 

Жаңа  тауар ұғымын анықтағаннан соң жаңа тауарды жасап шығару процесін қарастырамыз. 

1 . Жаңа  ойды қалыптастыру

2. Берілген  жаңа ой ішінен тиімдісін таңдап  алу.

3. Тауар  процестерін тексеру.

4. Маркетинітік  талдау.

5. Тауарды  жасап шығару.

6. Нарық  жағдайында зерттеу және тәжірбиеден  өткізу.

7. Коммерциялық  өндіріспен өткізу. 

      Жаңа  тауар жасап шығару процесін толық  барлық этапын көрсететін болсақ келесідей  сатылардан өтеді: 

1. Жаңа  ойды қалыптастыру дегеніміз  - бұл жаңа тауарды жасап шығару  мүмкіндіктерін жүйелі түрде  үнемі іздестіріп отыру сапалы  жаңа тауарды жасап шығару процесін қамтамассыз ету үшін іздестіру жолдарын үнемі жаңартып отыруы қажет. Бұл фактор маркетингтік ортадағы болып жатқан өзгерістерге байланысты. Осы өзгерістердің ең негізгісі бұл: 

А) Тұтынушылар  оның кажеттілігін қамтамассыз етуге  бағытталған ғылыми ізденістер.

Б) Ғылымдар яғни ғылыми ізденістер негізінде қалыптасқан  жаңа жетістіктер.

В) Бәсекелестердің  жаңа тауарды жасап шығару процесіндегі жетістіктерді ескеру және талдау. 

      Мекеме  басшылығы жаңа тауарды жасап  шығару процесін үнемі бақылап бағыт-бағдар беріп отыру қажет. Сондықтан осы процестің бірінші этапында: қандай тауарға, қандай нарықка көңіл аударуын анықтау қажет, қандай мақсатта жаңа тауарды енгізіп отырғанын анықтау қажет, осы жаңа тауарды өткізу процесін қамтамассыз етуі қажет.

2. Берілген жаңа ой ішінен тиімдісін таңдап алу. Бұл этап келесі берілген   зерттеулерді   жүргізуден   тұрады:   тұтынушы   нарығын, кажеттілігін, зерттеу, жаңа ойларды қалыптастыру, оларды техникалық  экономикалық тәжірбиеден өткізу.

Жаңа  ойларды іздестіру барысында бірнеше бағытта жұмыс істеуге тырысамыз. Мыс: 

А) тұтынушыларды  зерттеу арқылы.

Б) шетел  нарығын бақылау арқылы.

В) Ғылыми техникалық әдебиеттер, жаңалықтардызерттеу  арқылы.

3. Тауар  концепциясын тексеру. Бұл этапта  тұтынушылармен кері байланысты  қамтамассыз ету арқылы іске асырамыз. Концепцияны тексеру тұтынуларға өз тауарын ұсынып, осы тауарын алған әсерін бақылау арқылы жүргіземіз.

4. Маркетингтік  талдау. Алдағы берілген үш этап  негізінде 100% берілген жаңа ойлардың 90% жарамсыз деп табылса, бұл  этаптар қалған 10% өзі жеке бақылаудан, талдаудан өтеді. Яғни таңдап алынған ойлардың өндірісте және өткізуде қандай нәтиже беретінін анықтаймыз.

5. Тауарды  жасап шығару. Бұл этап барысында  тауарды жасап шығару процесі  бірнеше сатыдан өтеді:

А) жаңа тауар проектін бағалау және концепциясын қалыптастыру.

Б) жаңа тауардың тәжірбиелік партиясын  жасап шығару оларды талдау және лаборатотиялық тексеруден өткізу.

В) нарықтық жағдайда тәжірбиеден өткізу.

Г) коммерциялық өндірістен өткізу.

Бұл этап жаңа тауарды жасау процесінде ең маңыздысы болып саналады. Яғни осы этапта тауар өндіріспен өтіп физикалық объектіге ие болды.

Информация о работе Менеджмент и маркетинг