Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 00:33, лекция
Қиланбек шаруа қожалығы 10 жылдан бері қарай мал өнімдерін өндірумен айналысып келеді. Шаруа қожалығының іс-қызметінің негізгі бағыты – мал шаруашылығы, мал өнімдерін өндіру және сату.
Шаруа қожалығының қазіргі жағдайы қалыпты деуге болады. Өндірістік қызметтің нәтижесінде соңғы 2 жылда жақсы пайда тапқан және мал. басы екі есеге дейін өскен.
1. Жалпы мәліметтер ........................................................................ 6
2. Өндіріс факторлары жөніндегі мәліметтер .............................. 6
3. Инвестициялар ............................................................................... 9
4. Өнім сипаттамасы .......................................................................... 13
5. Маркетингтік жоспар .................................................................... 14
6. Өндірістік жоспар .......................................................................... 16
7. Қаржылық жоспар ........................................................................ 19
8. Несие шарттарын орындау мүмкіндігі жөніндегі мәліметтер .. 20
“ҚИЛАНБЕК”
шаруа қожалығының қызметін дамыту бойынша
БИЗНЕС – ЖОСПАР
ОРАЛ – 2012 ж.
МАЗМҰНЫ
РЕЗЮМЕ
..............................
1. Жалпы мәліметтер ..............................
2. Өндіріс факторлары жөніндегі
мәліметтер ..............................
3. Инвестициялар ..............................
4. Өнім сипаттамасы ..............................
5. Маркетингтік жоспар
..............................
6. Өндірістік
жоспар ..............................
7. Қаржылық
жоспар ..............................
8. Несие шарттарын орындау мүмкіндігі жөніндегі мәліметтер .. 20
РЕЗЮМЕ
Қиланбек шаруа қожалығы 10 жылдан бері қарай мал өнімдерін өндірумен айналысып келеді. Шаруа қожалығының іс-қызметінің негізгі бағыты – мал шаруашылығы, мал өнімдерін өндіру және сату.
Шаруа қожалығының қазіргі жағдайы қалыпты деуге болады. Өндірістік қызметтің нәтижесінде соңғы 2 жылда жақсы пайда тапқан және мал. басы екі есеге дейін өскен.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін алдағы уақытта әлі де кеңейте түсу үшін шаруа қожалығының мүмкіндігі зор және тек қана мал өнімдерін өндіріп қана қоймай, оны өңдеумен айналысу және көкөніс шаруашылығын жолға қою арқылы жоғары пайда алуға болады. Сондықтан да шаруа қожалығын дамыту үшін қажетті жеңілдетілген пайызбен берілетін несиеге қол жеткізуі оның қызметінің одан әрі кеңеюіне жол ашады.
Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімдері нарығы қалыптасу үстінде. «Қиланбек» шаруа қожалығының негізгі қызметін ұйымдастыруға толық жағдай бар және қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Мал жайылымы және қысқы азық дайындау үшін қожалықтың жоғары өнімділік беретін шабындығы бар.
Қазіргі таңда Елбасының тапсырмасына сәйкес еліміздің ет экспорттаушы елге айналуы үшін асыл тұқымды малдарды сатып алуға жеңілдетілген несиелердің қарастырылуы бұл саланың одан әрі дами түсуіне басты себеп болады деп ойлаймыз. «Қиланбек» шаруа қожалығы тек асыл тұқымды мал өсіріп қана қоймай, ет комбинатын салу арқылы ірі қараны союды және осы қызмет түрі бойынша облыс көлеміндегі шаруа қожалықтары мен тұрғындарға қызмет көрсетуді, сондай-ақ облыс нарығын арзан көкөніспен қамтамасыз ету үшін жылыжай салуды жоспарлап отыр.
Жоба бойынша шығарылатын өнім
ассортименттері – мал
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша алынатын несиенің бір бөлігіне асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырларын сатып алып көбейту және ет өңдеу кешенін тұрақты шикізатпен қамтамасыз ету үшін бордақылау алаңын ұйымдастыру, жылыжай бойынша тамшылатып суару әдісі қолданылады, ал ет және ет өнімдерін өңдеу кешені бойынша өнім өндіру технологиясы әлемдік брендпен танымал жоғары сапалы ет өңдеу құрал – жабдықтарын шығаратын австриялық SHALLER фирмасының мамандарымен дайындалған арнайы рецептураны қолдануды қарастырады.
Жоба толығымен жүзеге асқан жағдайда 2014 жылға дейін мүйізді ірі қара мал басын 800 басқа жеткізу, жылына 300 тоннаға дейін шұжық өнімдері мен 100 тоннаға дейін тартылған ет және 12 – 14 тонна жылыжай өнімдерін өндіруге мүмкіндік болады. Мал сою цехы тәулігіне 20 – 22 ірі қараны сою қуаттылығы болады. Ет және ет өнімдерін өңдеу кешенінің жанынан 500 тоннаға дейін ет өнімдерін сақтайтын мұздатқыш қойма жұмыс істейтін болады.
Өндірілген өнімдерді өткізу нарығы
болып негізінен Батыс
Жалпы жобаны іске асыруға қажетті несие көлемі 225 млн теңге. Несиені 10 жылға жылдық 6 %-пен алу көзделген. Жоба толығымен іске қосылған жағдайда 5 – 6 жыл көлемінде өзін - өзі толық ақтап шығады.
Осы алынатын қаражат келесідей мақсаттарға жұмсалады: асыл тұқымды мал басын сатып алып көбейтуге – 110700 мың теңге, жылыжай құрылысын жүргізуге – 10800 мың теңге және ет өңдеу кешенін салуға 103500 мың теңге.
Жобаға сәйкес жұмысшылар мен мамандар жергілікті тұрғындар арасынан тартылады. Мамандарға деген қажеттілікті өтеу үшін жоғары және орта арнаулы білімі бар жастар қайта дайындықтан өткізіліп, тәжірибе алмасу үшін осы саладағы әріптестік байланыс орнатқан кәсіпорындарға оқуға жіберілетін болады.
Жоба толығымен іске асқан жағдайда жаңадан 46 жұмыс орны ашылатын болады.
Кәсіпорынның мал шаруашылығы бойынша бәсекелестері жоқ деп айтуға болады, себебі оның өнімдері ет өңдеу кешеніне жіберіліп отыратындықтан өткізу мәселесі туындамайды. Жылыжай бойынша да бұл аудан аумағында және жақын маңда бұрын – соңды жылыжай болмағандықтан әзірге бәсекелес жоқ. Жылыжай аудан көлеміндегі балабақшаларға, мектептер мен ауруханаларды, сондай – ақ аудан және көршілес жатқан аудан тұрғындарын арзан әрі жаңадан өсіп- жетілген бақша өнімдерімен қамтамасыз етеді. Ал ет өңдеу кешені бойынша облыстағы ірі бәсекелестері болып «Жайық-Ет» ЖШС және «Ибрагим» ет өңдеу комбинаты» ЖШС табылады. Ветеринарлық – санитарлық жаңа талаптарға сәйкес малдарды арнайы белгіленген орындарда сою талап етілетіндіктен аудан көлеміндегі бірден бір мал сою және ет өнімдерін өңдеу цехы бар кешен үшін тұтынушылар аз болмайды. Жоба мақсаты «ЖОҒАРЫ САПА – ТӨМЕН БАҒА».
Осындай жетістіктері арқылы бұл жоба өзін өзі толық ақтайды және халық игілігі үшін қызмет етеді деп үлкен сеніммен айтуға болады.
Негізгі өндірісті ұйымдастыра отырып 2013 жылы 26990 мың теңге, 2014 жылы 67285 мың теңге, 2015 жылы 96567 мың теңге пайда табу көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде несие міндеттемесін уақытында орындауға мүмкіндік береді.
Жасалып отырған жоба бойынша қажетті 225 млн теңге көлеміндегі несие шаруа қожалығының қызметін дамыту үшін асыл тұқымды мал, соның ішінде қазақтың ақбас сиырын сатып алуға, көкөніс өсіру үшін жылыжай салуға және ет комбинатын іске қосуға жұмсалмақ. Себебі мемлекеттің етті ірі қара шаруашылығын дамытуға басты көңіл бөлініп отырғандығы және жыл сайын көкөніс өнімдеріне деген бағаның арта түсуі бұл іс – шараларды іске асырудың маңызды екендігін көрсетеді.
Шаруа қожалығының аты – «Қиланбек»
Шаруа қожалығының құрылған жылы – 2002 ж.
Салық төлеушінің тіркелген номері – 270120027164
Шаруа қожалығының мекен – жайы – Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы, Ұялы ауылдық округі
Шаруа қожалығының құрылтайшылары:
1. Рақымғалиев Қиланбек отбасы. Отағасы Рақымғалиев Қиланбек – мамандығы мал дәрігері, жұмыс өтілі 40 жыл. Үлесі – 100 %.
Шаруа қожалығы қызметінің негізгі бағыты – мал өсіру, мал өнімдерін өндіру және сату.
Шаруа қожалыққа – Рақымғалиев Өтепберген жетекшілік етеді.
Жер ресурстары жөніндегі мәліметтер
Шаруа қожалығының бүгінгі таңда Бөкейорда ауданы Ұялы ауылдық округіне қарасты 600 га жері бар. Жер учаскесінің уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы – 49 жыл мерзімге.
Жоба негізінен Бөкей орда ауданы
аумағында іске асырылу қарастырылып
отырғандықтан, алдағы уақытта сол
аудан аумағынан мал
Шаруа қожалығы пайдалануындағы жер құрылымы
Жер түрлері |
2009 |
2010 |
2011 |
Барлық жер, га Оның ішінде а/ш жері с.і жайылым шабындық |
600 600 600 - |
600 600 600 - |
600 600 600 - |
Өндірістік қуаттар жөніндегі мәліметтер
саны |
Шығарылған жылы | |
Құрылыстар: мал базасы |
1 |
2002 |
Техникалар: МТЗ – 80 тракторы Трактор тіркемесі Шөп шапқыш КДП – 6
|
1 2 1 |
1986 1991 1990 |
Алдағы уақытта мал
Күні бүгінге дейін шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысатындықтан, қазіргі таңда жеке меншігінде 86 бас мүйізді ірі қара, 100 бас қой, 35 жылқы бар.
Мал басы саны жөніндегі мәліметтер
(31 желтоқсандағы мәлімет бойынша)
№ |
Мал топтары және түрлері |
2009 ж |
2010 ж |
2011 ж |
1 |
Ірі қара - барлығы |
61 |
64 |
86 |
2 |
С.і. аталығы |
2 |
3 |
4 |
3 |
сиырлар |
25 |
26 |
36 |
4 |
1 жастан 2 жасқа дейінгі құнажын |
13 |
14 |
16 |
5 |
2 жастан жоғары |
8 |
7 |
10 |
6 |
тайыншалар |
13 |
14 |
20 |
7 |
Қой - барлығы |
80 |
90 |
100 |
8 |
С.і. аналығы - саулықтар |
60 |
65 |
78 |
9 |
Жылқы - барлығы |
26 |
32 |
36 |
Еңбек ресурстары жөніндегі мәлімет
Шаруа қожалығында негізінен отбасы мүшелері жұмыс жасайды. Жазғы маусымдық жұмыстарға жасөспірімдер, яғни 15-18 жас аралығындағы отбасы мүшелері мен тума-туыстар көмекке келеді. Жұмысшылардың орташа еңбек ақысы 27000 – 32000 теңге аралығында.
Еңбек ресурстарының саны
№ |
Жұмысшылар санаттары |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
1 |
Шаруа қожалығында тұрақты жұмыс істейтіндер - барлығы |
3 |
6 |
52 |
56 |
58 |
2 |
Оның ішінде әйелдер |
1 |
2 |
16 |
18 |
18 |
3 |
Уақытша жұмысшылар |
1 |
3 |
7 |
7 |
7 |
4 |
Жалдамалы қызметкерлер |
- |
2 |
8 |
10 |
12 |
Осы кезге дейін шаруа қожалығы тек мал шаруашылығымен ғана айналысып келгендіктен, онда жұмыс істейтін жұмысшылар саны өндіріс көлеміне сәйкес 3 – 4 адамнан аспайды. 2013 жылы бұл жоба толығымен іске асқан жағдайда мал шаруашылығын дамыту бойынша жаңадан 10 жұмыс орны, жылыжай бойынша 6 жұмыс орны, ет және ет өнімдерін өңдеу кешенін іске қосу бойынша 30 жұмыс орны ашылмақ. Ал одан кейінгі жылдары өндірістің көлемінің артуына байланысты қосымша жұмыс орындары ашылады. Жұмысшылардың барлығы дерлік жергілікті тұрғындар болып табылады. Жылыжайды және ет өңдеу комбинатын қажетті мамандармен қамтамасыз ету бағытында шаруа қожалығы жоғары немесе орта арнаулы білімі бар ауыл жастарын қайта дайындықтан өткізіп, жұмысқа қабылдауды көздейді.
Шаруа қожалығы тек мал шаруашылығымен ғана айналысып қоймай, сонымен бірге ет өңдеу комбинаты мен жылыжай жұмысын жолға қоюды көздеп отырғандықтан, өндірістік жоспар негізінен мал өнімдерін,соның ішінде ет өнімдерін, бау – бақша өнімдерін өндіру және сатуға жасалады. Өндірістік жоспарда өнім өндіру мен өнімділікті арттыру, оның сапасын жақсарту және сондай-ақ мал басының өсуі көзделеді.
Қол жеткізілетін несиені жұмсау тәртібі келесі кестеде берілген
№ |
Атауы |
Саны |
Құны, теңге |
Мал шаруашылығы бойынша | |||
1. |
Ет бағытындағы әулиекөл тұқымының 1 - 1,5 жастағы қашарларын сатып алу, бас |
100 |
20000000 |
2 |
Ет бағытындағы әулиекөл тұқымының 1,5 жастағы бұқаларын сатып алу, бас |
20 |
5000000 |
3 |
Ет бағытындағы қазақтың ақбас тұқымының 1 - 1,5 жастағы қашарлар сатып алу, бас |
200 |
26000000 |
4. |
Ет бағытындағы қазақтың ақбас 1 – 1,5 жастағы тай өгіздер сатып алу, бас |
260 |
36400000 |
5 |
Көшім тұқымының байталын сатып алу, бас |
50 |
12500000 |
6 |
Көшім тұқымының айғырын сатып алу, бас |
2 |
600000 |
5. |
700 басқа мал бордақылау кешенін салу |
1 |
6000000 |
6. |
Тұрғын үй және қора – жайлар салу |
2 |
4200000 |
Барлығы |
110700000 | ||
Жылыжай салу бойынша | |||
5. |
Жылыжай кешенін салу |
4 |
8400000 |
6. |
Жылыту қазандығын орнату |
1 |
600000 |
7. |
Су айдау мұнарасын салу |
1 |
500000 |
8. |
Қажетті тұқымдар мен тыңайтқыштар сатып алу |
- |
1300000 |
Барлығы |
10800000 | ||
Ет өңдеу кешені бойынша | |||
9. |
Айналдырғыш |
3200000 | |
10. |
Куттер |
3500000 | |
11. |
Мұздатқыш |
4700000 | |
12. |
Вакуумды шұжық инесі |
4000000 | |
13. |
Клипсатор |
5100000 | |
14. |
Қақтаушы камера |
2 |
6500000 |
15. |
Пісіру қазандығы |
9400000 | |
16. |
Тігу – ұштау машинасы |
1600000 | |
17. |
Компрессор |
2500000 | |
18. |
Мал сою цехын жабдықтау |
6200000 | |
19. |
Сиымдылығы 500 т дейін мұздатқыш қойма салу |
1 |
32000000 |
20. |
Ғимараттар салу |
2 |
17000000 |
21. |
Мал ұстау қораларын салу |
1 |
800000 |
22. |
Ет өңдеу кешенінің құрал – жабдықтарын тасымалдау, монтаждау және іске қосу шығындары |
7000000 | |
Барлығы |
103500000 | ||
ЖИЫНТЫҒЫ |
225000000 |
Информация о работе Шаруа қожалығының қызметін дамыту бойынша