Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 00:33, лекция
Қиланбек шаруа қожалығы 10 жылдан бері қарай мал өнімдерін өндірумен айналысып келеді. Шаруа қожалығының іс-қызметінің негізгі бағыты – мал шаруашылығы, мал өнімдерін өндіру және сату.
Шаруа қожалығының қазіргі жағдайы қалыпты деуге болады. Өндірістік қызметтің нәтижесінде соңғы 2 жылда жақсы пайда тапқан және мал. басы екі есеге дейін өскен.
1. Жалпы мәліметтер ........................................................................ 6
2. Өндіріс факторлары жөніндегі мәліметтер .............................. 6
3. Инвестициялар ............................................................................... 9
4. Өнім сипаттамасы .......................................................................... 13
5. Маркетингтік жоспар .................................................................... 14
6. Өндірістік жоспар .......................................................................... 16
7. Қаржылық жоспар ........................................................................ 19
8. Несие шарттарын орындау мүмкіндігі жөніндегі мәліметтер .. 20
Мал шаруашылығы бойынша негізінен ірі қара етін, қой етін, жылқы етін өндіру, жылыжай бойынша қызанақ, қияр, бұрыш, басқа да бақша өнімдерін өндіру, ет өнімдерін өңдеу кешені бойынша әр түрлі шұжық өнімдерін және тартылған ет өндіру мақсаты қойылып отыр.
Жоғарыда аталған өнім түрлерін өндіруге шаруашылық алдағы уақытта алатын несие арқылы қол жеткізеді. Атап айтқанда, 110700 мың теңгеге 2 жыл көлемінде асыл тұқымды етті бағыттағы әулиекөл тұқымының 100 бас қашарлары мен 20 бас бұқасын, қазақтың ақбас сиырының 200 бас қашарлары мен бордақылау үшін 260 бас тай өгіздерін, көшім жылқысының 50 басын сатып алып көбейту, 103500 мың теңгеге ет өңдеу кешенін тұрғызу, 10800 мың теңгеге жылыжай салуға жұмсау жоспарланып отыр.
Сатып алынатын асыл тұқымды малдарға сипаттама берсек.
Қазақтың ақбас сиыры ТМД-да алғаш болып шығарылған арнаулы етті бағыттағы ірі қара тұқымы. Жергілікті қазақ және қалмақ сиырын герефорд тұқымымен шағылыстыру жолымен сұраптап алынған. Арнаулы етті бағыттағы ірі қара тұқымы жергілікті жердің табиғи ерекшеліктері мен азыққа әбден бейімделген. Денесі созылыңқы да кең. Терісі қалың, май жинауға бейім. Жазда ыстыққа, қыста аязға өте төзімді. Мүйізсіз мұқыл ақбас сиырлар, бұқалардың тірілей салмағы 1400 кг жетсе, сақа сиырлар 1100 кг, 15 – 18 айлық тана – торпақтар 250 – 300 кг тартады. Жаңа туылған бұзауларының салмағы 27 – 30 кг. 8 ай енесін еміп өскенде 220 – 240 кг жетеді. Күндік салмақ қосуы 1,5 – 1,8 кг. Табиғи жағдайда өте тез жетіліп сүбе талшықтарының арасына май жинайды. Еті өте дәмді, сойыс шығымы 55 – 60 %-ке дейін жетеді.
Әулиекөл сиыры осыдан 20 жылдай уақыт бұрын Қостанай облысының аумағында шароле, абердин – ангус және қазақтың ақбас сиырын будандастыру арқылы алынып, 1992 жылы бекітілді. Бұл нағыз біздің жердің төтенше климаттық жағдайына лайықты мал. Бұл тұқымды шығарудағы мақсат – жоғары халықаралық стандарттарға сай ет алу. Әулиекөл тұқымы май ет талшықтары арасына орналасқан мәрмар ет деп аталатын өте дәмді ет береді.
Бұзаулары тәулігіне 1,5 – 1,7 кг салмақ қосады. Бұл тұқымның ет өнімдері Қазақстан нарығында жоғары сұраныспен пайдаланылады. 8 айлық бұзаулары тірілей салмақта 228 – 236 кг. 15 – 18 айлық бұқашықтары 450 – 540 кг тартады. 18 айлық бұқашықтың сою кезіндегі төшкесінің салмағы – 305 кг. Төшкенің сойыс шығымы – 60 – 63 %-ке дейін жетеді. Бұқалардың тірілей салмағы 950 – 1050 кг, сиырлары – 540 – 560 кг..
Көшім жылқыларын шығару жолындағы барлық жұмыстар оларды жыл бойы бағу жағдайында жүргізілді. Бұл жылқы тұқымы қазақы жылқы сияқты төзімді, қысқы жайылымға қолайлы, әрі денесі ірі және салмақты келеді. Қазіргі кезде орта есеппен айғырлардың тірілей салмағы 540 кг, биелерінікі 490 кг, 2 – 2,5 жасар тайларының салмағы 400 – 420 кг жетеді.
Көшім жылқысы жайылымда жақсы семіреді. Бордақыланған жылқыларды сойса ет пен май 53 – 55 % болады. Ал биелерінің сүттілігі тәулігіне 14 – 22 литрге жетеді.
Ет өңдеу кешені бойынша жұмыстар әлемдік брендпен танымал австриялық SHALLER фирмасының құрал – жабдықтарын сатып алу және оны іске қосу арқылы жүргізіледі. Ет өңдеу кешенінің құрал – жабдықтарын жеткізуші компания оны орнатып беруді және мамандарды оқытып – үйретуді өз мойнына алады.
«Қиланбек» шаруа қожалығының ет өңдеу кешіні 20 атаулы шұжық өнімдерін және 10 атаулы деликатестер кірістіретін кең ассортиментті өнімдер өндірумен айналысатын болады. Олардың кейбіреулеріне тоқталып, дайындалу технологиясын атап көрсетуге болады.
Фирмалық пісірілген – қақталған сервелат таңдап алынған жоғары сортты сиыр етіне және шошқа шпигінен дайындалады.
Московская шұжығы – жоғары сортты пісірілген – қақталған.
Полтавская шұжығы - жоғары сортты пісірілген – қақталған.
Жоғары сортты жартылай қақталған шұжықтар – краковская шұжығы, армавир шұжығы, польская шұжығы. Жоғары сортты жоғары сападағы қайталанбас классикалық дәмді бұл шұжықтар сиыр етінен, шошқа етінен, шпиктен дайындалып, аздаған көлемде толыққұндылықты белок қосылады.
Жоғары сортты пісірілген шұжықтар.
Докторская шұжығы – жоғары сортты таңдап алынған салқындатылған сиыр етінен, майсыз және жартылай майлы шошқа етінен дайындалып, сүт, мускат жаңғағы және дәмдеуіштер қосылады.
Любительская шұжығы – шпик қосылған шұжық эксклюзивті технология бойынша сиыр етінен және шошқа етінен дайындалады, таңдап қосылған дәмдеуіштер бұл шұжықтың шынайылылығын көрсетеді.
Псірілген ветчина – бұл ветчинаны дайындау үшін майсыз шошқа етіннің таңдаулы кесектері пайдаланылады. Дайындаудың арнайы технологиясы өнімнің дәмді, жеңіл, жұмсақ болуына мүмкіндік береді.
Сардельки – жоғары сапалы сиыр еті мен шошқа етіне сүт және жаңа тауық жұмыртқасын қосу арқылы дайындалады.
Шаруашылық жылқы өсірумен айналысатындықтан алдағы уақыттарда ұлттық тағамдар қазы – қарта өндіруменде айналысады.
Жоба толығымен сәтті жүзеге асырылған жағдайда шаруа қожалығының қымыз өндірісін де жолға қою мүмкіндігі бар.
Бәсекелестерге қарағанда
Негізгі шикізат көзі болып табылатын ет өнімдері шаруашылықтың өзінде өсірілетін асыл тұқымды малдардың еттерінен дайындалатындықтан ерекше хош иісті және табиғи дәмді болып келеді.
Дайын өнімді өткізудің негізгі нарығы болып Батыс Қазақстан облысының кәсіпорындары, ұйымдары және тұрғындары, сондай-ақ көршілес Атырау облысы болып табылады. Сату кәсіпорындармен және ұйымдармен тұрақты келісім шарттар негізінде көтерме ретінде жоспарланған.
Өндіріс көлемін арттыру шарасына қарай Орал қаласында және Батыс Қазақстан облысының өзге де тұрғындар пунктінде «Ұялы шұжықтары» сауда маркісімен сауда нүктелері мен дүкендерін жсопарланған.
Жалпы алғанда облыс көлемінде шұжық өнімдеріне сұраныс тұрақты, сондай-ақ халал талаптарына сай өндірілген шұжық өнімдеріне сұраныс артып келеді. Халал талаптарына сай келетін өнім шығару арқылы тұрғындардың бір бөлігінің сұранысын толығымен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар.
«Қиланбек» шаруа қожалығының негізгі бәсекелестеріне тоқталсақ. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында шұжық өнімдерін өндірумен айналысатын 10 аса кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер қызмет істейді. Олардың ішіндегі неғұрлым ірілері болып «Жаик-Ет» ЖШС және «Ибрагим» ет өңдеу комбинаты» ЖШС табылады.
Шұжық өнімдерін өткізу бағасы
Атаулары |
Жоба орындаушы |
«Жаик-Ет» ЖШС |
Өзге өндірушілер |
Пісірілген–қақталған шұжықтар |
490-620 |
500-670 |
510-690 |
Жартылай қақталған шұжықтар |
490 - 570 |
500-575 |
500-590 |
Пісірілген шұжықтар |
390-400 |
380-410 |
380-400 |
Сосиски және сардельки |
360-380 |
360-390 |
360-400 |
Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, Батыс Қазақстан облысындағы шұжық өндірушілердің өнімнің өзіндік құнында айырмашылық шамалы, осыған байланысты өнімнің өзіндік құны шұжық өнімдерінің сортына байланысты болады.
Жобаны табысты жүзеге асыру үшін бәсекелік артықшылыққа өнім сапасын жақсарту есебінен қол жеткізіледі. Себебі жобаны жүзеге асырудағы негізгі мақсат өнім өндірісін арттыру ғана емес, оның шығындарын төмендету және өнім сапасын жақсарту болып табылады.
Жобаны жүзеге асырудағы негізгі
бағыт өндірілетін өнімнің
Өнімді тұтынушылар болып
«Қиланбек» шаруа қожалығының іске асырғалы отырған ет өңдеу кешені бір ауысымда мал сою бойынша өндірістік қуаттылығы келесілерді құрайды:
1. Мүйізді ірі қара – 30 бас;
2. Қой – 70 бас;
3. Жылқы – 10 бас.
Бір ауысымда ет өндіру:
1. Сиыр еті – 3,0 тонна;
2. Қой еті – 2,0 тонна;
3. Жылқы еті – 2,0 тонна.
Дайын ет өнімін сақтау үшін серіктестікте 500 тонналық мұздату қоймасы жұмыс істейтін болады.
Етті сақтау жағдайы және мұздату
камераларының жұмыс істеу
Өндірістік және көмекші орынжайлардың орналасуы және санитарлық жағдайы:
Өндіріске қажетті негізгі шикізат ретінде шаруашылықта өсірілетін мүйізді ірі қараның еті, қой еті және жылқы пайдаланылады. Ол мақсатта шаруа қожалығы алынатын несиенің бір бөлігіне Қостанай облысынан етті бағыттағы әулиекөл тұқымының 1 – 1,5 жастағы 100 бас қашары мен 20 бас бұқасын, облыс аумағындағы шаруашылықтардан 460 бас асыл тұқымды етті бағыттағы қазақтың ақбас сиырларын сатып алып, көбейтіп өсіруді көздеп отыр. Сондай-ақ кәсіпорынның үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін облыстың Казталовка, Жаңақала, Жәнібек, Бөкейорда аудандарында ет сатып алу бойынша дайындау пунктері ашылады. Етті жеткізушілер болып жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және тұрғындар табылады.
Бұл жоба Бөкей орда ауданы аумағында іске асырылатындықтан шикізат мәселесі қиындық тудырмайды деп айтуға болады. Себебі бұл аудан және көршілес жатқан Жаңақала ауданы республика бойынша мал басы жөнінен алдыңғы қатарлы орындағы аудандар қатарына кіретіндіктен, өндіріс орынын шикізатпен қамтамасыз ету үшін толық мүмкіндігі бар.
Шикізат ретінде жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің өнімін пайдалану жергілікті шаруа (фермерлік) қожалықтарына өндірісті одан әрі дамыту үшін өзінің өнімін өткізудің жаңа және тұрақты каналы болып табылады.
Бұл жобаны жүзеге асыру кезінде келесідей шұжық түрлерін өндіру жоспарланған:
Шұжық өндірісін жетілдірумен қатар өзге де ұлттық тағамдар өндірісін жолға қою жоспарлануда.
Өнім өндіру және өткізу жоспары
Көрсеткіштер |
2013 |
2014 |
2015 |
Мал шаруашылығы бойынша Сату (таза салмағы): Ірі қара еті, ц 1 ц бағасы Сатудан түсетін түсім (мың теңге) Қой еті, ц 1 ц бағасы Сатудан түсетін түсім (мың теңге) Жылқы еті, ц 1 ц бағасы Сатудан түсетін түсім (мың теңге) Тері (мың теңге) |
280 73000 20440 80 74000 5920 10 100000 1000 1200 |
575 77000 44275 140 80000 11200 16 110000 1760 2000 |
1200 82000 98400 280 84000 23520 28 120000 3360 2400 |
Жылыжай бойынша Қызынақ, ц 1 ц бағасы Сатудан түсетін түсім, (мың теңге) Қияр, ц 1 ц бағасы Сатудан түсетін түсім, (мың теңге) Бұрыш, ц 1 ц бағасы Сатудан түсетін түсім, (мың теңге) |
100 50000 5000 100 40000 4000 30 30000 900 |
100 55000 5500 100 44000 4400 30 32000 960 |
100 61000 6100 100 50000 5000 30 35000 1050 |
Өңделген өнімдер бойынша Шұжық, ц 1 ц бағасы Сатудан түсетін түсім (мың теңге) Тартылған (фарш) ет, ц 1 ц бағасы Сатудан түсетін түсім (мың теңге) |
2200 54000 118800 800 100000 80000 |
2400 58000 139200 900 110000 99000 |
2500 59000 147500 1000 110000 110000 |
Мал сою қызметін көрсету |
2200 |
2800 |
3000 |
Жалпы түсім (мың теңге) |
238060 |
322695 |
400330 |
Информация о работе Шаруа қожалығының қызметін дамыту бойынша