Акционерлік қоғам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 16:33, реферат

Описание

Қазіргі кезде Республикада бағалы кағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру максатында мемлекет бүрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік органдардың жэне жергілікті әкімшіліктердің бағалы қағаздарын шығаруда. Алайда, бағалы кағаздар нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық және элеуметтік-психологиялык мэселелер баршылық.

Содержание

Кіріспе
Акционерлік қоғам – бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың негізі
Акционерлік қоғамды басқарудың ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Акционерлік қоғам.doc

— 197.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар 

   Кіріспе

  1. Акционерлік қоғам – бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың негізі
  2. Акционерлік қоғамды басқарудың ерекшеліктері

   Қорытынды

   Пайдаланылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

      Қазіргі кезде Республикада бағалы кағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру максатында мемлекет бүрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік органдардың жэне жергілікті әкімшіліктердің бағалы қағаздарын шығаруда. Алайда, бағалы кағаздар нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық және элеуметтік-психологиялык мэселелер баршылық.

      Экономикалық  мәселелерге:

    • нарықты реттейтін механизмнің жоқтығы;
    • нарықты     дамытатын     бірыңғай     көзқарас     жүйесінің жоқтығы;
    • заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;
    • салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;
    • бағалы    қағаздар    нарығының   материалдық-техникалық негізінің  аздығы;
    • нарықтық  инфрақұрылымның  өсу  деңгейінің  төмендігі жатады.

           Ал,  әлеуметтік-психологиялық  мәселелерге бағалы қағаздар нарығында маман кадрлардың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен деңгейлігі жатады. Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы кағаздар нарығының мәнін түсінбеушілігінен және өздерінің уақытша бос ақшаларына бағалы қағаздарды сатып алуға психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Акционерлік қоғам – бағалы қағаздар нарығын  қалыптастырудың  негіздері
 

      Акционерлік қоғам – өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп танылады. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

        Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді. Қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді.

        Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.

        Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан басқасы) облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға құқылы.

         Қазақстан Республикасының заң актілерінде қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны міндетті болып белгіленуі мүмкін.

          Қоғамның фирмалық атауы болады, онда "акционерлік қоғам" ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету және оның атауы қамтылуға тиіс. Қоғамның атынан кейін "АҚ" аббревиатурасын пайдалана отырып, қоғамның атауын қысқартуға жол беріледі. 

         Қоғамның құрылтайшылары  қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып табылады.

        Қазақстан     Республикасының     заң     актілеріне    сәйкес   Қазақстан

      Республикасының Үкіметін, жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды.

        Мемлекеттік кәсіпорын осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатып алуға құқылы.

        Қоғамның құрылтайшысы жалғыз тұлға болуы мүмкін. Қоғамның құрылтайшылары қоғамды құруға байланысты және ол мемлекеттік тіркелгенге дейін туындаған шығыстарды төлеу жөнінде ортақ жауаптылықта болады. Кейіннен мұндай шығыстарды қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мақұлдаған жағдайда ғана аталған шығыстарды қоғам өз құрылтайшыларына өтейді. Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының (құрылтай жиналысының) шешімі бойынша құрылады. Қоғамды бір құрылтайшы құрған жағдайда қоғамды құру туралы шешімді ондай тұлға жеке-дара қабылдайды.

     Бірінші құрылтай жиналысында құрылтайшылар:

    1. қоғамды құру туралы шешім қабылдайды және қоғамды құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін белгілейді;
    2. құрылтай шартын жасайды;
    3. құрылтайшылар төлейтiн акцияның алдын ала төлем мөлшерiн белгiлейдi;
    4. жарияланған акциялардың, соның ішінде құрылтайшылар төлеуге тиісті акциялардың санын белгілейді:
      • қоғамның акцияларына айырбастауға жататын қоғамның бағалы қағаздарын айырбастаудың шарттары мен тәртібін белгілейді;
      • осы Заңға сәйкес қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын белгілеудің әдістемесін бекітеді;
    5. шығарылатын болып жарияланған акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды;
    6. қоғамның тіркеушісін таңдайды;
    7. мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қоғам атынан қол қоюға уә кілетті адамдарды сайлайды;
    8. қоғам құрылтайшыларының жарғылық капиталды төлеуге енгізілетін мүлкін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалайтын адамдарды белгілейді;
    9. қоғамның органдары құрылғанға дейін қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілетті адамдарды сайлайды;
    10. қоғамның жарғысын бекітеді.

       Акциялар орналастырыла бастағанға дейін құрылтайшылардың кейіннен бірнеше жиналысын өткізуге жол беріледі. Бұл орайда құрылтай жиналыстарына құрылтай шартының барлық тараптары қатысқан жағдайда ғана бірінші құрылтай жиналысында қабылданған шешімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.

            Қоғамның бірінші құрылтай жиналысында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады. Егер құрылтай шартында өзгеше белгіленбесе, кейінгі құрылтай жиналыстарында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады.

            Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) шешімдері қоғамның барлық құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) қол қоюға тиісті хаттамамен ресімделеді. Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде):

  1. қоғамның құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) туралы мәліметтер, соның ішінде:
      • жеке тұлғаға қатысты: аты, азаматтығы, тұратын жері және жеке басын куәландыратын құжат деректері;
      • заңды тұлғаға қатысты: оның атауы, орналасқан жері, мемлекеттік тіркеуден өткені туралы деректер;
  1. қоғамның құрылуы туралы жазба, қоғамның толық және қысқартылған
  2. атауы, сондай-ақ оның құрылу тәртібі;
  3. құрылтайшылар төлейтiн акциялардың алдын ала төлем мөлшерi, сондай-ақ оны төлеудiң мерзiмдерi мен тәртiбi;
  4. акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін қоғамның құрылтайшылар арасында орналастырылатын (жалғыз құрылтайшы сатып алатын) жарияланған акцияларының саны, түрлері және нақтылы құны;
  5. оның құрылтайшыларының құқықтары мен міндеттері және қоғамның құрылуына байланысты шығыстарды бөлу, сондай-ақ құрылтайшылардың қоғамды құру жөніндегі қызметін жүзеге асырудың өзге де талаптары;
  6. қоғамды құру және мемлекеттік тіркеу процесінде оның мүдделерін білдіру тапсырылатын адамдардың өкілеттіктерін белгілеу;
  7. қоғам құрылтайшыларының кейінгі жиналыстарын шақыру мен өткізу тәртібі, сондай-ақ әрбір қоғам құрылтайшысының кейінгі құрылтай жиналыстарындағы дауыс саны;
  8. қоғамның жарғысын бекіту туралы жазба;
  9. құрылтай шартына (жалғыз құрылтайшының шешіміне): құрылтайшылардың шешімі бойынша;

      Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес енгізілуге тиісті өзге де талаптар болады.

            Құрылтай шартының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) қолданылу кезеңінде Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген талаптар сақталған жағдайда оның тараптары (жалғыз құрылтайшысы) оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

             Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) жазылған мәліметтер, егер шарттың өзінде (жалғыз құрылтайшының шешімінде) өзгеше көзделмесе, коммерциялық құпия болып табылады.

            Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешімі) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға қоғамның шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларда ғана берілуге тиіс.

              Құрылтай шартының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) қолданылуы жарияланған акциялардың шығарылуы мемлекеттік тіркелген күннен бастап тоқтатылады.

              Құрылтай шартын жасасу (жалғыз құрылтайшының шешімін ресімдеу) тәртібі. Құрылтай шарты әрбір құрылтайшының немесе оның өкілінің шартқа қол қоюы арқылы жазбаша нысанда жасалады.

            Жалғыз құрылтайшының шешімі жазбаша нысанда ресімделіп, оған құрылтайшы немесе оның өкілі қол қояды.

            Құрылтай шартын (жалғыз құрылтайшының шешімін) нотариат куәландыруға тиіс.

           Құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) өкілдерінің Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес ресімделген және құрылтайшылардың жиналысына қатысу мен құрылтай шартына қол қою құқығын қоса алғанда, қоғам құруға құқық беретін тиісті өкілеттіктері болуға тиіс.

            Қоғамның жарғысы. Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін айқындайтын құжат болып табылады. Жұмыс iстеп тұрған акционерлiк қоғамның акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік берген тұлға қол қоятын жарғысының жаңа редакциясын (оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi) қоспағанда, қоғам жарғысына құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не оның өкiлдерi (өкiлi) қол қоюға тиiс. Қоғамның жарғысы, сондай-ақ оған енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтырулар нотариаттық куәландырылуға тиiс.

      Қоғамның жарғысында мыналар:

       1. қоғамның толық және қысқартылған атауы;

       2. қоғамның атқарушы органының орналасқан жері;

       3. қоғамның артықшылықты акцияларымен куәландырылған құқықтар көлемiн қоса алғанда, акционерлердiң құқықтары туралы мәлiметтер;

       4. қоғамның органдарын құру тәртібі және олардың құзыреті;

       5. қоғам органдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі, соның ішінде:

қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын  және алқалы органдарының отырыстарын  шақыру, әзірлеу және өткізу тәртібі;

        6. қоғам органдарының шешімдер қабылдау тәртібі, соның ішінде шешімдері айқын басым көпшілік дауыспен қабылдануға тиісті мәселелердің тізбесі;

        7. қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралын көрсете отырып, қоғамның акционерлеріне оның қызметі туралы ақпарат беру тәртібі;

    • қоғам акционерлерi мен лауазымды тұлғаларының өз аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты беру тәртiбi;

       8. қоғам коммерциялық емес ұйым болған жағдайда: қоғамның коммерциялық емес ұйым екендігін көрсету, дауыс беру рәсімі, дивидендтерді төлемеу туралы ережелер  және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да талаптар;

Информация о работе Акционерлік қоғам