Акционерлік қоғам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 16:33, реферат

Описание

Қазіргі кезде Республикада бағалы кағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру максатында мемлекет бүрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік органдардың жэне жергілікті әкімшіліктердің бағалы қағаздарын шығаруда. Алайда, бағалы кағаздар нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық және элеуметтік-психологиялык мэселелер баршылық.

Содержание

Кіріспе
Акционерлік қоғам – бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың негізі
Акционерлік қоғамды басқарудың ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Акционерлік қоғам.doc

— 197.00 Кб (Скачать документ)

      Орналастырылатын акция толық төленгенге дейін қоғамның осы акцияны қоғам акцияларын ұстаушылардың  тiзiлiмдер жүйесiндегi (нақтылы ұстаушыны есепке алу жүйесiндегi)  оны сатып алушының жеке шотына есептеу туралы бұйрық беруге құқығы жоқ. 

       Қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп беру. Қоғам уәкілетті органға қоғамның жарияланған акцияларын толық орналастырғанға дейін не оларды толық орналастырғаннан кейін әрбір алты айдың (есепті жарты жылдық аяқталғаннан кейін бір ай ішінде) қорытындылары бойынша өз акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп беруге міндетті.

        Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің мазмұнын және оны табыс ету тәртібін, сондай-ақ осы есепті қарау және бекіту тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

       Қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеу. Ақшадан басқа, өзге де мүлікпен төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген лицензия негізінде әрекет ететін бағалаушы белгілейтін баға бойынша жүзеге асырылады.

      Егер қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеуге мүлікті пайдалану құқығы енгізілсе, мұндай құқықты бағалау осы мүлікті пайдалануға төленетін ақының мөлшері негізге алына отырып, қоғамның оны пайдаланған бүкіл мерзіміне жүргізіледі. Аталған мерзім біткенге дейін қоғам акционерлері жалпы жиналысының келісімінсіз мұндай мүлікті алып қоюға тыйым салынады.

      Қоғамға өзінің жарияланған акцияларын бағалы қағаздардың бастапқы рыногында орналастырған кезде оларды өзі сатып алуына жол берілмейді. 

     Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді қоспағанда, қоғамның акциялары бойынша дивидендтер акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның дауыс беретін акцияларының жай көпшілігімен дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған жағдайда ақшалай немесе қоғамның бағалы қағаздарымен төленеді.

       Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша бағалы қағаздармен дивидендтер төлеуге жол берілмейді.

       Қоғамның акциялары бойынша оның бағалы қағаздарымен дивидендтер төлеуге акционердің жазбаша келісімі болған кезде осындай төлем қоғамның жарияланған акцияларымен және ол шығарған облигациялармен жүзеге асырылатын жағдайда ғана жол беріледі.

       Дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлердің тізімі дивидендтер төлеу басталатын күннің алдындағы күні жасалуға тиіс.

       Төленбеген дивидендтері бар акцияларды иеліктен алу, егер акцияларды

иеліктен  алу туралы шартта өзгеше көзделмесе, акцияның жаңа иесінің оларды алу құқығымен жүзеге асырылады.

       Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер төлеудің кезеңділігі қоғамның жарғысымен және (немесе) акцияларды шығару проспектісімен белгіленеді.

      Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер төлеу төлем агенті арқылы жүргізілуі мүмкін. Төлем агентінің қызметіне ақы қоғам есебінен төленеді.

     Орналастырылмаған немесе қоғамның өзi сатып алған акциялар бойынша, сондай-ақ егер сот немесе қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы қоғамды тарату туралы шешiм қабылдаса, дивидендтер есептелмейдi және төленбейдi.

      Қоғамның жай және артықшылықты акциялары бойынша:

       1) өз капиталының теріс мөлшері болған жағдайда немесе егер қоғамның өз капиталының мөлшері оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде теріс болса;

       2) егер қоғам Қазақстан Республикасының  банкроттық туралы заңдарына  сәйкес төлем қабілетсіздігі  немесе дәрменсіздік белгілеріне  сәйкес келсе не аталған белгілер қоғамда оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу  нәтижесінде пайда болса.

      Акционер қоғам берешегінің жиналып  қалу мерзіміне қарамастан, алынбаған  дивидендтерді төлеуді талап етуге құқылы. Дивидендтер оларды төлеу үшін белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда акционерге дивидендтердің негізгі сомасы және ақша міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негізге ала отырып есептелетін өсімпұл төленеді.

      Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық  нысанында құрылған коммерциялық  емес ұйымдар өз акциялары  бойынша дивидендтерді есептемейді  және төлемейді.

       Жай акциялар бойынша дивидендтер. Егер қоғамның жарғысында осындай төлем көзделген болса, қоғамның жай акциялары бойынша тоқсан немесе жарты жылдық қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу тек қана акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен ғана жүзеге асырылады.

       Қоғамның жай акциялары бойынша жыл қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қабылдайды.

       Қоғамның акционерлерінің жалпы  жиналысы қоғамның жай акциялары  бойынша дивидендтер төлемеу  туралы шешім қабылдап, оны қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күнi ішінде  бұқаралық ақпарат құралдарында  міндетті түрде жариялауға құқылы.  

    Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл шешім  бұқаралық ақпарат құралдарында  жариялануға тиіс. Бұл ретте жария компаниялар осы шешімді өздерінің корпоративтік веб-сайтында да жариялауға тиіс.

       Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімде мынадай мәліметтер:

      1) қоғамның атауы, орналасқан жері, банк және өзге де реквизиттері;

      2) дивидендтер төленетін кезең;

      3) бір жай акцияға шаққандағы дивидендтің мөлшері;

      4) дивидендтер төлеудің басталатын датасы;

      5) дивидендтер төлеудің тәртібі мен нысаны болуға тиіс.

      Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер. Оларды төлеу қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу қоғам органының шешімін талап етпейді.

      Артықшылықты бір акцияға дивидендтер төлеу кезеңділігі және дивидендтің мөлшері қоғамның жарғысымен белгіленеді. Артықшылықты акциялар бойынша есептелетін дивидендтердің мөлшері жай акциялар бойынша осы кезең үшін есептелетін дивидендтердің мөлшерінен аз болмауы керек.

       Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер толық төленгенге дейін оның жай акциялары бойынша дивидендтер төленбейді.

      Артықшылықты акция бойынша дивидендтің кепілдікті мөлшері оның мәні тұрақты және жалпы қолжетімді болған жағдайда қайсыбір көрсеткішке қатысты белгіленген түрінде де, индекстеу арқылы да белгіленуі мүмкін.

     Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу мерзімінің басталуы алдындағы бес жұмыс күні ішінде қоғам бұқаралық ақпарат құралдарында тармақшаларында тізіп келтірілген мәліметтерді көрсете отырып, дивидендтер төлеу, сондай-ақ қоғамның бір артықшылықты акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері туралы ақпарат жариялауға міндетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Акционерлік қоғамды басқарудың ерекшеліктері
 

   Қоғам органдары келесілер жатқызылады:

   1) жоғары орган - акционерлердің  жалпы жиналысы (барлық дауыс  беретін акциялары бір акционерге  тиесілі қоғамда - сол акционер);

   2) басқару органы - директорлар кеңесі;

   3) атқарушы орган  - алқалы орган немесе атауы  қоғамның жарғысында белгіленетін  атқарушы орган қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға.

    Бұрын мемлекеттiк  қызметшi болған және өзінің  қызметтік функциялары бойынша  қоғам қызметіне мемлекет тарапынан  бақылау мен қадағалау жөнінде  өкілеттігі болған жеке адам  осындай өкілеттік тоқтатылған  күннен бастап бір жыл ішінде, барлық дауыс беретін акциялары мемлекетке тиесілі қоғамның органдарын қоспағанда, осы қоғамның органына сайлана алмайды.

    Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды басқару ерекшеліктері

     Республикалық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Ұлттық Банкінің шешімі бойынша өзге мемлекеттік органға беруі мүмкін.

     Коммуналдық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы жергілікті атқарушы органның шешімімен өзге мемлекеттік органға берілуі мүмкін.

     Мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша акционер ретінде мемлекеттің мүдделерін білдіреді.

     Мемлекеттік акциялар пакеттерін иелену мен пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар акционерлердің жалпы жиналыстарында қабылдауға ұсынылатын шешімдердің жобаларын мемлекеттің қатысуымен Қазақстан Республикасының Үкіметімен және (немесе) мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілетті мемлекеттік органмен алдын ала жазбаша түрде келісуді қамтамасыз етуге міндетті мәселелер тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

        Ұлттық компанияларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық басқарушы компанияға тиесілі қоғамның директорлар кеңесі атқарушы органның ұсынуымен қоғамның қаржы-шаруашылық қызметінің орташа мерзімді жоспарларын бекітеді.

     Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлары мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін тәртіппен және мерзімдерде табыс етіледі. Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

   Ұлттық  холдинг акционері болып табылатын  ұлттық компаниялардың даму жоспарларын  осы ұлттық компаниялардың директорлар  кеңесі бекітеді.

     Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы және жалғыз акционері болып табылатын, қызметінің негізгі мақсаты ұлттық даму институттары мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығымен тиесілі акциялар пакетін (қатысу үлестерін) басқару болып табылатын акционерлік қоғам ұлттық басқарушы компания болып табылады.

      Ұлттық даму институттары - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен акционерлік қоғамдар ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған, қызметінің басты мақсаты индустриялық-инновациялық даму және кәсіпкерлікті қолдау саласындағы жобаларды іске асыру болып табылатын қаржылық, консалтингтік, инновациялық, сервистік ұйымдар.

      Қазақстан Республикасының Yкіметі құрылтайшысы және жалғыз акционері болып табылатын, ұлттық компаниялардың және өзге де акционерлік қоғамдардың өзіне меншік құқығымен тиесілі акциялар пакеттерін тиімді басқару үшін құрылған акционерлік қоғам ұлттық холдинг болып табылады.

    Қазақстан Республикасының өзге заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке тиесілі және ұлттық экономиканың негізін құрайтын стратегиялық жағынан маңызды салаларда қызметін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған акционерлік қоғам ұлттық компания болып табылады. Жекешелендіруге жатпайтын мүлікті ұлттық компанияларға берудің талаптары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

   Ұлттық  компаниялардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

     Жарғылық капиталына мемлекет  қатысатын қоғамның атқарушы  органы аталған акцияларды иелену  және пайдалану құқығын жүзеге  асыратын мемлекеттік органға  мемлекеттік акциялар пакетіне  дивидендтер мөлшерінің болжамды  көрсеткіштерін жоспарланып отырған жылдан алдыңғы жылдың бірінші сәуіріне дейін табыс етуге міндетті.

Информация о работе Акционерлік қоғам