Акционерлік қоғам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 16:33, реферат

Описание

Қазіргі кезде Республикада бағалы кағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру максатында мемлекет бүрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік органдардың жэне жергілікті әкімшіліктердің бағалы қағаздарын шығаруда. Алайда, бағалы кағаздар нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық және элеуметтік-психологиялык мэселелер баршылық.

Содержание

Кіріспе
Акционерлік қоғам – бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың негізі
Акционерлік қоғамды басқарудың ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Акционерлік қоғам.doc

— 197.00 Кб (Скачать документ)

       9. қоғам қызметінің тоқтатылу талаптары.

       Барлық мүдделі тұлғалар қоғамның жарғысымен танысуға құқылы.

        Қоғам мүдделi тұлғаның талап етуі бойынша оған қоғамның жарғысымен, сонымен бірге оған кейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен танысуға мүмкіндік беруге міндетті.

        Қоғам акционердің өзіне қоғам жарғысының көшірмесін беру туралы талабын үш жұмыс күні ішінде орындауға міндетті. Қоғам акционерге жарғының көшірмесін бергені үшін ақы алуға құқылы, ол көшірме дайындауға, сондай-ақ жеткізіп беру қажет болған жағдайда оны жеткізуге жұмсалған шығындардан аспауға тиіс.

       Қоғам өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қоғамның үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыруға құқылы.

       Қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн қолданылуы мүмкiн бұқаралық ақпарат құралдары және оларға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленеді.

         Қоғамның жарғылық капиталы. Қоғамның  жарғылық   капиталының  ең   төменгі   мөлшері Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінде болады. Осы баптың бірінші бөлігінде қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері бойынша белгіленген талаптар өз қызметін инвестициялық жекешелендіру қоры ретінде жүзеге асыратын қоғамға қолданылмайды.

         Қоғамның жарғылық капиталы.Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) акцияларды олардың нақтылы құны бойынша және инвесторлардың белгiленген талаптарға сәйкес айқындалатын орналастыру бағалары бойынша төлеуi арқылы қалыптастырылады және ол Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледі.

        Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылған қоғамның жарғылық капиталы осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес қалыптастырылады.

 2. Акцияның құрылтайшылар алдын ала енгiзетiн төлем мөлшерi қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға және оны құрылтайшылар қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап отыз күн iшiнде толық төлеуге тиiс.

 3. Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту қоғамның жарияланған акцияларын орналастыру арқылы жүзеге асырылады. 

      Қоғамның акциялары және басқа да  бағалы қағаздары. Қоғам жай акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.

        Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың артықшылықты акциялар шығаруға құқығы жоқ.

       Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы

 өкілі арқылы акциямен куәландырылған құқықтарды пайдаланады.

        Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, акцияның бір түрі оны иеленетін әрбір акционерге осындай акциялар түрінің басқа иелерімен бірдей көлемде құқықтар береді.

       Қазақстан Республикасының заң актілерінде:

       1) қоғамның акцияларымен мәмілелер жасасуға;

       2) қоғамның бір акционерге тиесілі акцияларының ең көп мөлшеріне;

       3) қоғамның акциялары бойынша бір акционерге берілетін ең көп дауыс санына шектеулер белгіленуі мүмкін.

        Қоғам басқа да бағалы қағаздар шығаруға құқылы, оларды шығару, орналастыру, айналысқа салу және өтеу талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгіленеді.

       Акциялардың түрлері. Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.

        Артықшылықты акциялардың меншік иелері - акционерлердің жай акциялардың меншік иелері - акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.

         Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс. Егер

  қоғам акционерлерінің  жалпы жиналысы шешімі бойынша  артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселені қараса.

        Шектеу қою үшін орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі жақтап дауыс берген жағдайда ғана мұндай мәселе бойынша шешім қабылданды деп есептеледі;

        1) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы мәселені қараса;

        2) артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде толық мөлшерінде төленбесе, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді.

       3) Құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе акционерлердің жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивидендтер алуға қатыспайтын бiр "алтын акцияны" енгізуі мүмкін. "Алтын акция" иесінің акционерлердің жалпы жиналысының, директорлар кеңесі мен атқарушы органның шешімдеріне қоғам жарғысында белгіленген мәселелер бойынша вето қою құқығы болады. "Алтын акция" куәландырған вето қою құқығы басқаға берілмеуге тиіс. 

      Қоғам акционерлерінің құқықтары. Қоғам акционерінің:

  • қоғамның жарғысында көзделген тәртіппен қоғамды басқаруға қатысуға;
  • дивидендтер алуға;
  • қоғамның қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысында немесе қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен қоғамның қаржы есептілігімен танысуға;
  • қоғамның тіркеушісінен немесе нақтылы ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын үзінді көшірмелер алуға;
  • қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қоғамның директорлар кеңесіне сайлау үшін кандидатура ұсынуға;
  • қоғамның органдары қабылдаған шешімге сот тәртібімен дауласуға;
  • қоғамға оның қызметі туралы жазбаша сауал салуға және қоғамға сауал келіп түскен күннен бастап отыз күн ішінде дәлелді жауаптар алуға;
  • қоғам таратылған кезде мүліктің бір бөлігіне;
  • заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңда белгіленген тәртіппен өз акцияларына айырбасталатын қоғамның акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын артықшылықпен сатып алуға құқығы бар.

      Ірі акционердің, сондай-ақ:

      1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуге немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге;

       2) директорлар кеңесіне осы Заңға сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізуді ұсынуға;

       3) директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;

       4) өз есебінен аудиторлық ұйымның қоғам аудитін жүргізуін талап етуге құқығы бар.

Қоғамның  жарғысында акционерлердің өзге де құқықтары  көзделуі мүмкін. 

    Қоғам акционерлерінің міндеттері. Қоғамның акционері:

       1) акцияларды төлеуге;

       2) осы акционерге тиесілі акцияларды қоғамның тіркеушісіне және нақтылы ұстаушыға қоғамның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгерісі туралы он күн ішінде хабарлауға;

       3) қоғам немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария етпеуге;

       Жарияланған акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды орналастыру, сондай-ақ бұрын сатып алынған осы бағалы қағаздарды сату ниетi бар қоғам осы туралы шешiм қабылдаған күннен бастап он күн iшiнде өз акционерлерiне жазбаша хабарлама жiберу немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы өздерiнде бар акциялар санына барабар бағалы қағаздарды тең жағдайларда орналастыру (өткiзу) туралы шешiм қабылдаған қоғамның органы белгiлеген орналастыру (өткiзу) бағасы бойынша оларды сатып алуды ұсынуға мiндеттi.

       Акционер қоғам акцияларын орналастыру (өткiзу) туралы хабарланған

күннен  бастап отыз күн iшiнде акцияларды не қоғамның акцияларына айырбасталатын өзге де бағалы қағаздарды басымдықпен  сатып алу құқығына сәйкес сатып  алуға өтiнiм беруге құқылы.

        Бұл орайда қоғамның жай акцияларын иеленетiн акционердiң жай акцияларды немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығы бар, ал қоғамның артықшылықты акцияларын иеленушi акционердiң қоғамның артықшылықты акцияларын басымдықпен сатып алу құқығы бар.

      Қоғамның акцияларын орналастыру. Қоғам өз акцияларының шығарылымы мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн акциялардың жарияланған мөлшерi шегiнде оларды бiр немесе бiрнеше орналастыру арқылы орналастыруға құқылы.

       Қоғамның жарияланған акцияларының саны шегiнде акцияларын орналастыру туралы шешiмдi, қоғамның жарғысында осы мәселе акционерлердiң жалпы жиналысының құзыретiне жатқызылған жағдайды қоспағанда, қоғамның директорлар кеңесi қабылдайды.

        Акцияларды орналастыру ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында өткiзiлетiн жазылу немесе аукцион не бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өткізілетін жазылу немесе аукционда сату арқылы жүзеге асырылады.

        Акционер артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес оған акцияны немесе қоғамның жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы қағазды сатып алуға өтініш беру үшін берілген отыз күннің ішінде акцияны немесе қоғамның жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы қағазды иеліктен айырған кезде, егер акцияның бұрынғы иесі мұндай өтініш бермеген жағдайда осы құқық акцияның немесе қоғамның жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы қағазды жаңа иесіне ауысады.

       Жазылу арқылы қоғам орналастыратын акциялар, акцияларды артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес сатып алатын акционерлерді қоспағанда, осы орналастыру шегінде акцияларды сатып   алатын   барлық

тұлғалар  үшін бірдей сату бағасы бойынша сатылуға тиіс.

Акционерлер акцияларды артықшылықты сатып алу  құқығына сәйкес орналастыру туралы шешім қабылдаған қоғамның органы белгілеген бірыңғай орналастыру бағасы бойынша  сатып алады.

      Акцияларды орналастыру туралы шешім қабылдаған қоғамның органы осы орналастыру үшін белгілеген акцияларды орналастыру бағасы осы акциялардың сатылуы мүмкін неғұрлым төменгі бағасы болып табылады.

      Қоғам акцияларын ұстаушылардың  тізілімдер жүйесі. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзудi  қоғамның тіркеушісі ғана жүзеге асыра алады, ол қоғамның және оның аффилиирленген тұлғаларының аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс.

       Қоғам акцияларын ұстаушылардың  тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзу  сондай-ақ ол бойынша уәкілетті органға ақпарат беру тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгіленеді.

       Қоғам өз акциялары шығарылымын мемлекеттік тіркеу мақсатында уәкілетті органға құжаттар табыс етілгенге дейін қоғамның акцияларын ұстаушылардың  тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзу  жөніндегі қызмет көрсету туралы қоғамның тіркеушісімен шарт жасасуға міндетті.

Информация о работе Акционерлік қоғам