Акционерлік қоғам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 16:33, реферат

Описание

Қазіргі кезде Республикада бағалы кағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру максатында мемлекет бүрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік органдардың жэне жергілікті әкімшіліктердің бағалы қағаздарын шығаруда. Алайда, бағалы кағаздар нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық және элеуметтік-психологиялык мэселелер баршылық.

Содержание

Кіріспе
Акционерлік қоғам – бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың негізі
Акционерлік қоғамды басқарудың ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Акционерлік қоғам.doc

— 197.00 Кб (Скачать документ)

     Акционерлердің жалпы жиналысы. Акционерлердің жалпы жиналыстары жылдық және кезектен тыс болып бөлінеді.

   Қоғам акционерлердің жылдық жалпы жиналысын  жыл сайын өткізіп отыруға  міндетті. Акционерлердің өзге жалпы  жиналыстары кезектен тыс болып  табылады.

   Акционерлердің  бірінші жалпы жиналысы жарияланған акциялардың шығарылуы мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен және акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесi жасалғаннан кейін шақырылуы және өткізілуі мүмкін.

   Акционерлердің жыл  сайынғы жалпы жиналысында:

   1) қоғамның жылдық қаржылық есептілігі  бекітіледі;

   2) қоғамның аяқталған қаржы жылы  үшін таза кірісін бөлу тәртібі  және қоғамның бір жай акциясына есептелген дивиденд мөлшері айқындалады;

   3) акционерлердің қоғамның және  оның лауазымды тұлғаларының  іс-әрекетіне өтініштері және  оларды қарау қорытындылары туралы  мәселе қаралады.

   Директорлар кеңесінің төрағасы директорлар  кеңесінің және қоғамның атқарушы органының мүшелеріне сыйақы беру мөлшері және олардың құрамы туралы қоғамның акционерлеріне хабарлайды.

   Акционерлердің  жылдық жалпы жиналысы олар бойынша  шешімдер қабылдау акционерлердің жалпы  жиналысының құзыретіне жатқызылған  басқа мәселелерді де қарауға құқылы.

     Акционерлердің жылдық жалпы  жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан  кейін бес ай ішінде өткізілуге  тиіс.

   Есепті  кезең ішінде қоғамның аудитін аяқтау мүмкін болмаған жағдайда аталған мерзім үш айға дейін ұзартылған болып саналады.

      Барлық дауыс беретін акциялары жалғыз акционерге тиесілі қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізілмейді. Осы Заңда және қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді мұндай акционер жеке-дара қабылдайды және бұл шешімдер артықшылықты акциялармен куәландырылған құқыққа нұқсан келтірмейтін және оны шектемейтін жағдайда жазбаша түрде ресімделуге тиіс.

       Қоғамның жалғыз акционері немесе қоғамның барлық дауыс беретін акцияларын иеленуші тұлға заңды тұлға болып табылса, қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді Қазақстан Республикасының заңдарына және заңды тұлғаның жарғысына сәйкес заңды тұлғаның осындай шешімдерді қабылдауға құқығы бар органы, лауазымды адамдары немесе қызметкерлері қабылдайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

      Қорыта  айтқанда, Қазақстан Республикасында  калыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлгісіне нақты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай элі  де біраз өзгерістер енгізілуі қажет.

        Қазақстан өз қаржы жүйесін  дамытпай, экономиканың нақты секторында  табыска жетуі мүмкін емес. Бұл  ретте 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы  нарыгы мен қаржылық ұйымдарды  мемлекеттік реттеу жэне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасынның Заңына   сәйкес   кұрылған   Қаржы   нарығын   және   қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау Агенттігі қаржы жүйесін жетілдіру жөнінде бірсыпыра жұмыстар атқарғанын айтқан жөн. Солардың кейбіріне тоқталар болсақ, банк секторында банк топтарын кадағалауды және реттеуді одан әрі дамыту мақсатында Агенттіктің Шоғырландырылған қадағалау тұжырымдамасы бекітілді.

     Операциялық және несиелік тәуекелдерді ескере отырып, төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары капиталының жеткілікті нормативі қайта қаралды.

     Қазақстанда ұжымдық инвестициялау нышандарының дамуын жетілдіру және ынталандыру, жеке инвесторлардың қаражатын жұмылдыратын инвестициялық қорлардың пайда болуы үшін «Инвестициялық қорлар туралы» заң қабылданды. Сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы қызметінің стандарттарын белгілеу, корпоративтік басқаруды жақсартуға арналған ынталандыру шараларын пайдалану және тәуекелге барынша бейім қаржы нарығының сегменттерінде қадағалау ресурстарын шоғырландыру үшін өзгертілген және толықтырылған «Бағалы кағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданып, оның негізінде Агенттік Бағалы қағаздар нарығын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер 

  1. Көшенова  Б. А. Бағалы қағаздар нарығы, «Экономика»  баспасы, Алматы-2009
  2. Миркин Я.М. Ценные бумаги и фондовый рынок - М.: Перспектива, 1997.
  3. Мусатов В.Т. Фондовый рынок: Инструменты и механизмы - Москва: Международные отношения, 1991. - 192 с.
  4. Поляков В.П., Москвина Л.А. Денежное обращение и кредитная система. Москва. 1997.
  5. Пятов   М.Л.   Вексель:   вопросы   учета,   анализа  и   налогооблажения. - Москва: Финансы и статитика, 1997. - 208с.
  6. Рынок ценных бумаг и его  финансовые инструменты: Учебное пособие / Под. Ред. В.С. Торкановского/ - СПб "АО Комплект", 1994. - 421 с.
  7. Рынок ценных бумаг: Учебник. / Под ред. В.А. Галанова, А.И. Басова. 2-е изд., перераб. и доп. - М: Финансы и статистика, 2002. - 448с.
  8. Рынок ценных бумаг: Учебник. / Под ред. Е.Ф.Жукова - М: ЮНИТИ -ДАНА, 2005. - 339с.
  9. Рынок ценных бумаг. Круглый стол в сенате парламента РК./ Аргументы и факты Казахстан. № 6 (713) от 7 февраля 2007г.

Информация о работе Акционерлік қоғам