Қаржыны басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 18:39, курсовая работа

Описание

Баскару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

Работа состоит из  1 файл

қаржы курсовая.docx

— 72.07 Кб (Скачать документ)

         Қаржы менеджменті уәждемелерге — адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен с апасын ынталандыру процесінде көрінеді.

         Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері (службалары) кредит және есеп айырысу операцияларының (акциялардың, вексельдердің, факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстарымен оңтайландыруды жүзеге асырады.

        Шаруашылық серіктестіктерінде қаржыны басқаруда басқа функциялармен қатар, жоғарғы органдар — олардың қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдіктердің жалпы жиналысы), акционерлік қоғамдарда — акционерлердің жалпы жиналысы үйлестіріп отырады. Атқарушы орган — басқарма өзінің лауазымды адамдарының, соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі лауазымды адамдардың құрамына мыналарды қосады: қаржы жөніндегі вице-президентті (басқарушының орынбасарын); ол серіктестіктің (қоғамның) тиісті бөлімшесіне — қаржы бөліміне, топқа, секторға жетекшілік етеді немесе оның бағынышындағы жеке қызметкерлер — шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржылық қызметінің бағыттары жөніндегі қаржы менеджерлері жұмыс істейді.

      Қаржы бөлімінің құрылымы (1 сызба) әдетте болжамды-талдамалық, есеп-қисап, шағым, оперативтік-қаржылық жұмыстың бағыттарына негізделеді.

      Қаржы-өтім бөлімдері бюджетпен, банктермен, жоғарғы ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі, кассалық сияқты топтарға бөлінеді.

       Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы службаларының маңызды міндеттері мыналар болып табылады:

- табысты немесе пайданы  өсірудің жолдарын іздестіру  және рентабелділікті арттыру;

- өндіріс, күрделі қаржылар, жаңа техниканы ендіру және  басқа жоспарлы шығындар жөніндегі  тапсырмаларды қаржы ресурстарымен  қамтамасыз ету;

- мемлекеттік бюджет, банктер,  жеткізушілер, жоғарғы ұйымдар алдындағы  қаржылық міндеттемелерді орындау;

1 сызба. Шаруашылық жүргізуші  субъектісінің қаржысын басқару

Шаруашылык   жүргізуші   субъектінің   қаржы   болімі

Жоспарлау-экономикалық бюросы

Банк және кассалық

операциялар бюросы

Есеп айырысу бюросы

TOПТАР

Қаржылық-кредиттік жоспарлау

Оперативтік-

жоспарлау және бақылау

Экономикалық

талдау

Сатып

алушылармен есеп

айырысу

бюросы

Жеткізу-шілермен есеп

айырысу

Кінәрат-талап тобы


         - есеп айырысуларды ұйымдастыру;

- өндірістік капитал мен күрделі жұмсалымды тиімді пайдалануға жәрдемдесу;

- қаржы ресурстарын дұрыс пайдалануды бақылау, айналым қаражаттарының сақталымдылығы мен тездетілген айналымдылығын қамтамасыз ету және басқалары.

       Қаржыны оперативті басқаруға банк мекемелері қатысады. Екінші деңгей банктері кәсіпорындар мен ұйымдарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ақшаға деген уақытша қажеттіліктерді несиелендіреді.

      Шаруашылықты жүргізудің нарықтық негізіне көшкеннен кейін кәсіпорын басшыларының, акционерлік компаниялар мүшелерінің ғана емес, сондай-ақ басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістері жағдайында болмашы рөл атқарған қаржы службаларының да рөлі ерекше арта түсті. Кәсіпорындарды дамытудың қаржы көздерін, қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді инвестициялаудың бағыттарын іздестіру, бағалы қағаздармен операциялар жасау және қаржы менеджментінің басқа мәселелері нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындардың қаржы службаларының негізгі мәселелері болып отыр.

 

 

1.3 Мемлекеттің қаржысын басқару және қаржыны басқарудың автоматтандырылған  жүйесі

 

        Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялык, басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдары – Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.

        Қазақстан Республикасы Президентіне көп жағдайда Президент аппараты арқылы қаржыны басқаруға үлкен өкілеттік берілген:

1) республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды;

2) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның құрамын айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттік бюджет енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды;

4) мемлекеттегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағытгары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының қаржы-кредит және бюджет саясатының негізгі фбағыттарын айқындайды;

5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрады және ол туралы қағиданы бекітеді; Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөніңде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды. Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді бекітеді;

6) Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекітеді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

       Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы – Парламентке жүктелген. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, республикалық бюджетті, сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, бекітеді, салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды, мемлекеттік қарыздар мен республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мөселелерді шешеді.

       Парламенттің құзырында қаржы проблемаларын шешу заңнамалық актілерді — Қазақстан Республикасының заңдары мен Парламент қаулыларын талқылауға және кейін дауыс беруге енгізу жөніндегі заңнамалық бастама құқында жүзеге асырылады. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін зандар шығарады, негізгі қағидаттар мен нормаларды белгілейді, олар: салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге, республикалық бюджетке, білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға, елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару оргаңдарын  ұйымдастыру мен олардың қызметіне, айналадағы ортаны қорғауға, меншік режіміне және өзге де мүліктік құқықтарға қатысты.         Парламенттің жұмыс органдары тұрақты негізде жұмыс істейтін сенат пен мәжілістің тұрақты комитеттері – Экономика, қаржы, бюджет комитеттері болып табылады. Комитеттерде заңнамалық актілер оларды Парламенттің палаталарында дауысқа салуға енгізгенге дейін анықталады.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі — Министрлер Кабинеті Республика Презңденті белгілейтін тәртіппен Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді. Мұндай есепті Үкімет Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне де табыс етеді, қарыз алуды жүзеге асырады, Ұлттық қорға активтерді есептеу, Ұлттық қорды пайдалану тәртібін айқындайды, төменгі бюджеттерден жоғарғы бюджетке бюджеттік алынымның және жоғарғы бюджеттен төменгі бюджеттерге бюджеттік субвенциялар аудару тәртібі мен кезеңділігін айқындайды, Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенттің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

         Экономика мен әлеуметтік саланы басқару жүйесін түбірлі қайта құрудан туындап отырған жаңа мәселелерді шешуге байланысты және Қазақстан экономикасының дамудың нарықтық жолына өтуіне орай қаржыны басқару саласында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қайта құрылған Қаржы министрлігі және оның жер-жерлердегі органдарының рөлі шұғыл артып отыр. Қаржы министрлігімен оған қосылған Мемлекеттік кіріс министрлігінің бюджетті жоспарлау және мемлекеттің кірісін жоспарлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне берілді.

          Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі №962 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі туралы қағидаға сәйкес Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мемлекеттік бюджеттің атқарылуы және атқарылуын бақылау, мемлекеттік меншікті басқару, есепке алу және пайдалануын бақылау, банкроттық рәсімдерінің және дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп жүйесін және қаржылық есептеме аудитін реттеу саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

      Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

- республикалық бюджеттің атқарылуын және жергілікті бюджеттердің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

- салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін және бюджетке түсетін өзге де түсімдерді, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын, шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдер бөлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылуын қамтамасыз ету;

- республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік есеп, есептеме және аудит жөнінде әдіснамалық басшылық жасау;

- өз құзыры шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау;

- мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру;

- мемлекеттік салық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

- банкроттық рәсімін жүргізуге (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз борышкерді таратуға мемлекеттік бақылау және оған заңнамамен жүктелген  өзге де міндеттер.

       Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:

- тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді әзірлеуге қатысу;

- бюджетке түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік бюджетке кірістердің түсуі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын нақтылауға қатысу;

- өз құзыры шегінде мемлекеттің қаржысын және мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысу;

- мемлекет қаржысы, фискалдық саясат және мемлекеттік меншік саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау және қорытындылау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

- ұтымды үкіметтік және мемлекет кепілдігімен қарыз алуды, сондай-ақ мемлекеттік борышты басқаруды қамтамасыз ету;

- мемлекеттік меншікті пайдалану мониторингі жүйесін жетілдіру;

- заңнамада белгіленген тәртіппен шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдердің бөлігін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына аудару;

- өз құзыры шегінде бюджетгің атқарылуы жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің, бухгалтерлік есеп пен аудиттің, қаржылық бақылаудың және мемлекеттік меншікті басқарудың жобаларын әзірлеу және дайындау (немесе қабылдау);

- өз құзыры шегінде қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық салық келісімдері мәселелерінде уәкілетті органның функциялары;

- жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың салық сараптамасы, сондай-ақ келісімшарттық талаптардың орындалу барысына тексеру жүргізу;

- мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебін, сондай-ақ өз құзыры шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептемені жүргізу және іске асыру тәртібін әзірлеу;

- жергілікті бюджеттердің шоттарын, мемлекеттік мекемелердің шоттарын жүргізу және шоттар бойынша аударымдық операцияларды жүзеге асыру;

- республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекіту және оларға өзгерістер енгізу;

- республикалық бюджеттен шығыстарды қаржыландыру және республикалық бюджетте көзделген соманың шегінде кредит беру;

- Ұлттық қордың қалыптасуы және атқарылуы жөніндегі қызмет туралы ақпаратты қамти отырып, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептерді, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы барысы туралы айлық, тоқсандық және жылдық ақпаратты жасау, сондай-ақ мемлекет қаржысы бойынша статистикалық есептерді жасау;

Информация о работе Қаржыны басқару