Қаржыны басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 18:39, курсовая работа

Описание

Баскару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

Работа состоит из  1 файл

қаржы курсовая.docx

— 72.07 Кб (Скачать документ)

        Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде мына департаменттерді бөліп көрсетуге болады: Салық саясаты және болжамдар департаменті; Бюджет процесінің әдіснамасы және функциялық талдау  департаменті; Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті; Мемлекеттік қарыз алуды және кредит беруді жоспарлау департаменті; Аймақтық саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті; Халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары департаменті; Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаменті; Экономикалық саясат және индикативтік жоспарлау департаменті; Мемлекеттік ақпарат, қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қәуіпсіздік шығыстарын жоспарлау департаменті; Әлеуметтік сфера шығыстарьш жоспарлау департаменті және басқалары.

       Елімізде Республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылаумен байланысты мәселелермен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айналысады, ол Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

       Есеп комитетінің құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Коституциясымен, зандарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен, сондай-ақ осы комитет туралы Қағидада айқындалған.

       Қазіргі уақытта қаржыны басқаруды жетілдіру — бұл процесте автоматтандырылған жүйелерді жасап, оларды қаржыны басқаруға ендіру мен үйлестіру негізінде жүргізіліп отыр. Экономикалық-математикалық әдістер мен электронды-есептеу техникасына негізделген басқарудың автоматтандырылған жүйелері (БАЖ) қаржыны жалпы басқарудың бір бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі деп қаржыны, қаржы жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік жасайтын есептеу және ұйымдық техниканың, байланыс құралдарының әкімшілік, экономикалық, математикалық әдістерінің жиынтығын айтады. Ол есепке алу, жоспарлау және ұлттық шаруашылықты басқару үшін ақпаратты жинау мен өндеудің жалпы мемлекеттік автоматтандырылған жүйесінің қосалқы жүйесі ретінде көрінеді.

      Қаржыны басқаруда қаржы есеп-қисаптарының автоматтандырылған жүйесі (ҚЕАЖ) қолданылады. Ол өзара байланысты, бірлесіп іс-әрекет ететін функциялық, қамтамасыз етуші, технологиялық қосалқы жүйелерден тұрады.

Ұйымдық тұрғыдан ҚЕАЖ дегеніміз  бір-бірімен өзара байланысты мына қосалқы жүйелердің жиынтығы:

1) ұйымдық-экономикалық қамтамасыз  ету;

2) ақпараттық қамтамасыз  ету;

3) бағдарламалық қамтамасыз  ету;

4) техникалық қамтамасыз  ету;

5) ұйымдық-құқықтық қамтамасыз  ету;

6) технологиялық қамтамасыз  ету;

7) кадрмен қамтамасыз  ету.

      Ұйымдық-экономикалық қамтамасыз етудің қосалқы жүйесі ҚЕАЖ жүйесінде бастысы болып табылады, бюджеттерді жасау және оның атқарылу процесін автоматтандырудың әдістемелік және ұйымдық алғышарттарды жасайды, басқа қамтамасыз етуші қосалқы жүйені үйлестіреді және өзара байланыстырады, ҚЕАЖ-дің барлық деңгейлеріндегі жұмыстың әдістемелік бірлігін анықтайды.

       ҚЕАЖ-да әр түрлі функциялық қосалқы жүйелер болуы мүмкін: бюджеттің жиынтық есептері, мемлекеттің кірістері, мемлекеттік мекемелердің шығыстары және бюджет есебінен жүргізілетін шаралар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.

       "Бюджеттің жиынтық есептері" қосалқы жүйесінде есептердің кешендері бір текті есеп-қисаптардың топтары бойынша қалыптастырылған. Басқа қосалқы жүйелердің блоктарында есептердің кешендері кірістердің немесе белгілі бір саланы немесе мекемелердің және шаралардың топтарын қаржыландыруға жұмсалатын шығыстардың түрлері бойынша бөліп көрсетілген.

      Автоматтандырылған басқарудың орталықтандырылған жүйелерінен басқа, автоматтандырылған жұмыс орындарын (АЖО) ұйымдастыру жолымен жергілікті нұсқалар пайдаланылады. АЖО – кәсіби-бағдарланған шағын есептеу жүйесі, микро-ЭЕМ немесе СЭЕМ басқаратын және белгілі бір кәсіп мамандарының жұмысын автоматтандыруға арналған немесе сырттағы техникалық құралдардың кешені. АЖО жабдығының үлгілік құрылымы:

1) микро-ЭЕМ базасында  басқарудың құрылғысы;

2) бейнетерминал (дисплей);

3) магнит дискілеріндегі  жинақтаушы;

4) деректер жинақталымының  клавитатурасы;

5) шағынгабаритті басып  шығаратын қондырғы.

      АЖО-ның техникамен жарақтауының мұндай құрамы тиісті бағдарламалық құралдарға сәйкес бірқатар экономикалық есептерді шешумен қатар диалогтік тәртіптемеде графиктік, кестелік, мәтіндік құжаттармен жедел жұмыс істеуге, түрлі картотекаларды жүргізуге мүмкіндік береді. АЖО ақпараттарды түзетіп, редакциялауға, тұжырымдар мен қорытындыларды қалыптастыруға, мәтінді тіркеуге, аралық және ақтық нәтижелерді талдауға, АЖО-сы бар басқа қызметкерлермен ара қашықтық (дистанциялық) түрде қатынасуға мүмкіндік жасайды.

        Кәсіпорындарды басқарудың автоматтандырылган жүйелерінде (КБАЖ) қаржыны басқарудың дербес функциялық қосалқы жүйесі бөлінеді, онда қаржы-кредитті басқарудың есептері шығарылады.

       Ол өнім өндіріп, оны өткізудің белгілі бір жағдайында ең жоғары рентабелділілікке жету үшін пайдаланылатын шаралардың, әдістер мен құралдардың жиынтығы болып табылады. Қосалқы жүйе ресурстардың жай-күйі мен олардың қозғалысының процестерін сипаттайтын басқару блоктарын қамтиды. КБАЖ-дағы қаржы есептері ақпаратгардың (өңдірістің, материалдық ресурстардың, еңбектің және т.б.) аралық массивтерін пайдалану кезінде, яғни басқарудың басқа объектілері бойынша шешілетіндіктен кәсіпорынның әр түрлі құрылымдық бөлімшелерінің АЖО-ны қамтитын және есептеу орталығының ЭЕМ-мен жалғастырылған АЖО-ның желісін құру қажет. Сөйтіп, екі деңгей құрылады: үлкен ЭЕМ-ның ресурстарын қажет ететін есептер шығарылатын жоғарғы деңгей және ДЭЕМ-мен жарақтанған және жергілікті желіге жалғастырылған АЖО болып табылатын төменгі деңгей. Толып жатқан ақпараттық ағымдар қалыптасатын қаржы жүйесінің төменгі деңгейлерінің техникалық құралдарының кешені құжаттарды жасаудың, көбейтудің, көшірудің, өндеудің, тасымалдау мен сақтаудың түрлі құралдарын, басқару байланысының құралдарын, дабылдама, ақпарат құралдарын пайдалануды қарастырады.

        Дербес ЭЕМ-ның, әсіресе кәсіби КДЕЭМ-нің, электронды поштаның, деректер жинақтамасының, мәтін және графиктік ақпаратты өңдеу құралдарының, өзге қазіргі ақпараттық техниканың болуымен байланысты басқару қызметін ұйымдастыруды түбірлі өзгертудің жағдайлары пайда болып отыр. Техникалық құралдар басқару шешімдерінің тікелей процесінде көптен-көп пайдаланылып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау Мемлекеттік  қаржыны басқарудың жетілдіру жолдары

 

 

2.1 ҚР Қаржы министрлігі,  оның мемлекеттік басқару органы 

 

         Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады .

Мемлекет өз алдына дербес мемлекет болып өмір сүру барысындағы  атқарылатын функцияларды арнайы құрған және оған белгілі бір құзырет  беріп сол арқылы белгілі бір  саланы басқарушы, реттеуші әрі қадағалаушы  орган арқылы жүзеге асырады.

         Республикамыздың негізгі, әрі мәнді саласы қаржы саласында қызмет жасаушы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, ҚР Ұлттық банкi тектес атқарушы органдар жүйесіндегі орны Министрліктің атқаратын функциялары мен негізгі міндеттерінен-ақ айқындалады. Оған дәлел Министрліктің мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуын, мұнда тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобаларын әзiрлеуге қатысады. Мемлекеттің өмір сүруінде бюджеттің алатын рөлі ерекше, оған көз жеткізу үшін мына мәліметтерге көңіл аударсақ, Бюджет жобасына сәйкес, республикалық бюджет шығыстарының негізгі бір бөлігі болып саналатын әлеуметтік блокқа - білім, денсаулық, мәдениет және спорт салаларын, әлеуметтік төлемдерді қоса есептегенде 426 миллиард теңге жұмсау көзделген. Ал, мемлекеттік даму институттарының жарғылық капиталдарын ұлғайтуға 4,6 миллиард теңге, Астананы дамытуға 72,6 миллиард теңге, 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына 60,5 миллиард теңге бөлу жоспарлаған, соған сай     «2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы желтоқсанның 1-іне дейін қабылдануы тиіс. 2005 жылы республикалық бюджет қоржынына мемлекеттік займдарды қоспағанда түсетін түсімдердің жалпы көлемі 1 триллион 135,8 миллиард теңге болады. Бұл 2004 жылғы межеден 200,5 миллион теңге артық болса, шығыстар 1 триллион 223,6 миллиард теңгені құрап, ағымдағы жылмен салыстырғанда 196,6 миллион теңгеге өседі. 

           Бюджетті жоспарлау кезінде бастапқы сатыда Қаржы министрлігі және жергілікті қаржы органдары бюджеттік өтінімдердің олардың Президент жолдауына, елдің даму стратегиясына, индикативтік жоспарға және қабылданған даму бағдарламаларына сәйкестігін талдайды. Тиісті бюджеттің құрамына енгізу үшін басымдықтары бойынша оларды реттейді. Атқару сатысында шығыстарды жоспарлау кезінде белгіленген мақсаттарға қол жеткізу тұрғысынан бағдарламалардың іске асырылуын сандық және сапалық бағалау жүргізіледі.

           Мұндағы үнемі болатын алға қойылған маңызды бағдарламаларды жүзеге асыруға, мақсаттарға жетуге қажетті қаржы қаражаттарын тартып, оларды жинақтап, теңестіріп, қайта салаларға тарату және сол қаражаттардың мақсатты әрі дұрыс жұмсалуын қадағалау процестері қарастырылады. 

        Республикамызда кедендiк және өзге де заңнамаларының сақталуын қамтамасыз етеді, кеден iсi саласындағы iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын арнайы құрылған Кедендiк бақылау комитетi арқылы жүзеге асырады.  Мемлекет болудың белгілерінің бірі өзіне тән аумағының болуы, яғни басқа да мемлекеттерден тәуелсіздігін, дербестігін және қол сұғылмаушылығын дәлелдейтін шекарасының болуы. Ал шекарадан халқымыздың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін заттардың өтіп кетпеуін немесе олардың көлемін шектеп, мөлшерлейтін,  елімізде тыныштықты бұзып, алауыздық тудыратын және т.б. келеңсіздіктердің еларасына жіберілмеуін қадағалайтын маңызды да әрі қажетті орган Министрлік болмақ.

        Сондай – ақ Министрлік салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң толық түсуiн, Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында салықтық бақылау қызметін арнайы құрылған мамандандырылған Салық комитеті арқылы салық саясатын жүзеге асырады.

         Салық саясаты дегеніміз – қоғамның нақты даму ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің салық салу саласында жүргізетін іс – шараларының жиынтығы. Салық саясатының субьектісі – мемлекет. Мақсаттары: мемлекетті қаржымен қамтамасыз ету; ел экономикасын реттеуге әсер ету.   Бұл анықтамалар жоғарыда атағанымыздай мемлекет маңызды қызметтерін дәл осы Министрлік арқылы жүргізетінін таңбалай түседі.

         Жалпы мемлекеттің  бірден – бір қалтасы әрі қоймасы болып табылатын бюджет көлемінің  90% - дан асатын бөлігі ҚР – ғы тоғыз салық түрімен қамтамасыз етіледі. Яғни мемлекет өзін толығымен осы салықтар арқылы қаржыландырады десем артық болмас. Сондықтан да салықтардың дер кезінде жинақталып, әрі мөлшерлі түрде бюджетке келіп түсуінің маңыздылығы халқымыздың ұрпақ жалғастырып, дамуында ерекше орын алатыны сөзсіз.

         Ал келесі бір Министрліктің басқа да мемлекеттік атқарушы органдар арасындағы ерекшелігін айқындайтын негізгі міндеттерінің бірі Ішкі қаржылық бақылау болып табылады.

         Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің ажырамас бөлігі, экономиканың және  қаржылық жүйенің толық қанды қызмет етуіне тікелей әсер етуші құрал болып табылады. Экономиканы реттеуші дербес функция ретінде бақылау реттеу циклының маңызды кезеңінде көрініс табады, яғни реттелу объектісіне  әсер етуші нақты нәтижелер нормативтік жарлықтардың және қалбылданған шешімдердің талаптарымен салыстырылады, ал тәртіп бұзушылық анықталған жағдайда оларды жоюға байланысты қажетті шаралар жүргізіледі .

          Ішкі бақылауда  бақылаудың субъектісі және объектісі ұйымдастырушы жүйенің бір буыны болады.  Осыған орай Министрлік өзіне бағынышты кәсіпорынның қаржылық операцияларын тексереді. Маңыздылығы - Республикамыздың қаржы қызметінің толық қанды және оперативті жұмыс жасауына және барынша тиімді болуына себепкер болуында.    

          Министрлiк өз қызметiн ҚР  Конституциясы мен заңдарына, ҚР Президентінің және Yкіметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi туралы ережeге сәйкес жүзеге  асырады.  Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. 

          Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi өзіне жүктелген міндеттерді атқару және ҚР – ғы қаржы саласын ұйымдастырып, реттеп және бақылау қызметтерін, құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыруды неғұрлым тиімдірек, нақтырақ, жедел, жүйелі әрі нәтижелі түрде басқару мақсатында келесідей арнайы мамандандырылған органдар құрған.

         Министрлiктiң  ведомстволары:

    • Қазынашылық комитеті;
    • Кедендiк бақылау комитетi;
    • Салық комитетi;
    • Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетi;
    • Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитеті;
    • Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi.

 

 

2.2 Қазақстан Республикасындағы  қаржыны басқаруды жетілдіру

 

        Фирманың  қаржы саласындағы сәттілігі сыртқы да, ішкі де факторлардың әрекеті есебінен қамтамасыз етіледі, және де кәсіпкер үшін, ол өзгерте алмайтын және соған бейімделуге мәжбүрлі болатын, сыртқы жағдайлар ерекше маңызды болады. Фирманың ішкі мүмкіндіктері, сыртқы факторлады тиімді әрекеттестіру мақсатында пайдаланылады.

Информация о работе Қаржыны басқару