Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 18:39, курсовая работа
Баскару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
- республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шығыстар сметасының дұрыс жасалуын және бекітілуін, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатының, үкіметтік қарыздар, мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес қарыздар қаражатының және кейіннен үкіметтік қарыз алуға байланысты гранттардың және мемлекеттік меншіктегі өзге де мүліктердің мақсатты пайдалануын бақылау;
- республикалық бюджеттің атқарылуын, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау және талдау;
- бухгалтерлік есеп пен аудит саласында, оның ішінде өз құзыры шегінде аудиторлық қызметті лицензиялау саласында уәкілетті органның функцияларын анықтау;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі қазынашылық комитетінің тиісті шоттары арқылы мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияларын жүргізу және есепке алу, заңнаманы сақтау жөніндегі тексерістерді ұйымдастыру;
- мемлекет кепілдігімен тартылған мемлекеттік емес қарыздардың және жергілікті атқарушы органдар қарыздарының шарттарына қаржылық сараптама жүргізу;
- үкіметтік қарыздардың қаржылық шарттарын анықтау, жергілікті атқарушы органдардың қарыздарды тартуын келісу;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін өкілеттіктерге сәйкес келіссөздер жүргізу, үкіметтік қарыздардың шарттарына қол қою, Үкіметтің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару, Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік емес қарыздары бойынша үкіметтік кепілдіктер беру;
- үкіметтік қарыздарды алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік емес қарыздарының мемлекеттік кепілдері бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
- республикалық бюджетте көзделген және Үкімет шешімдеріне сәйкес инвестициялық жобаларға, мемлекеттік бағдарламаларға және өзге де іс-шараларға кредит беру;
- үкіметтік сыртқы қарыздар туралы келісімдерді бекітуге қажетті құжаттарды дайындауға қатысу;
- түпкілікті қарыз алушылар мен екінші деңгей банктерінің үкіметтік қарыздардың қаражатын және Үкіметтің бірлесіп қаржыландыру үлесін республикалық бюджетке қайтару туралы ішкі кредиттік келісімдердің жобаларын дайындау;
- уәкілетті банк-агенттермен бірлесіп республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты өндіріп алу жөнінде түпкілікті қарыз алушылармен жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
- төлемдердің бюджетке түсуін көздейтін заңнаманың сақталуын, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылау;
- мемлекеттің кірістері бойынша мемлекеттік есептемені жинаудың нысандары мен тәсілдерін жетілдіру;
- Ұлттық банкпен келісім бойынша конкурстық негізде үкіметгік қарыздарға, мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес қарыздарға және кейіннен үкіметтік қарыз алуға байланысты гранттарға қызмет көрсету үшін екінші деңгей банктерін, бастапқы дилерлерді, лид-менеджерлерді және мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жөніндегі басқа да әріптестерді іріктеу;
- заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында лотерея ұйымдастыруға және өткізуге байланысты қызметті және өзінің құзырына жатқызылған өзге де қызмет түрлерін лицензиялау;
- салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу жөнінде жұмысты ұйымдастыру;
- өз құзыры шегінде салықтық құқық бұзушылыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;
- банкроттық рәсімдердің жүргізілуін (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттік бақылау, сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз борышкерді тарату және оған заңнамамен жүктелген өзге де функциялар.
Қаржыны басқару жөніндегі сан алуан функцияларға байланысты Қаржы министрлігіне үлкен құқықтар берілген.
Министрліктің негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
- мемлекетгік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;
- өз құзырының шегінде барлық мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік - құқықтық актілерді шығаруға;
- Министрліктің қарауындағы комитеттер мен мемлекеттік ұйымдардың бұйрықтарын, өзге де кесімдерін тоқтатуға немесе тоқтата тұруға;
- акционерлік қоғамдардағы мемлекеттік үлеске және республикалық басқа да мүлікке иелік етуге, пайдалануға, соңдай-ақ заңнамалық актілермен және Үкімет белгілеген жағдайларда билік етуге;
- өз құзырындағы мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
- бірыңғай қазынашылық шоттағы және Қазынашылық комитетінің корреспонденттік шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды Үкімет белгілеген тәртіппен тиімді орналастыру жолымен басқаруды жүзеге асыруға;
- бюджеттік заңнамада кезделген жағдайларда бюджет қаражаттарын қайтарып алуға, қаржыландыруды тоқтата тұруға;
- қымбат бағалы металдар мен асыл тастарды басқаруды, есебін және сақтауды ұйымдастыруды жүргізуге;
- ұлттық және шетелдік валютада банктік операциялардың жекелеген түрлерін және өзіне зандармен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқықтары бар.
Қаржы министрлігінің орталық аппараттарында белгілі міндеттер мен функцияларды атқаратын бірқатар арнаулы бөлімшелер бар, басқарудың мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруі, аппараттар функцияларының дамуы, жұмысты жетілдірудің қажеттілігі ескеріле отырып бұл бөлімшелердің құрамы мен құрылымы үнемі өзгеріп отырады.
Қазіргі кезде Қаржы министрлігінің орталық аппараттарында бірқатар департаменттер мен басқармалар маңызды орын алады:
Мемлекеттік бюджетті атқару департаменті;
Фискалдық саясат пен болжам департаменті;
Макроэкономика және қаржы статистикасы департаменті;
Мемлекетгік органдарды қаржыландыру департаменті;
Кірістерді талдау департаменті;
Кірістер мен келісімшарттар департаменті;
Электронды мониторинг департаменті;
Жұмыстарды ұйымдастыру және қаржылық қамтамасыз ету
департаменті;
Құжат айналымы және кадр жұмыстары департаменті;
Акциздерді ретгеу департаменті;
Заң қызметі департаменті;
Ақпараттық технологиялар департаменті;
Мониторинг және трансферттік баға белгілеу департаменті;
Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті;
Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті;
Мемлекеттік қарыз алу департаменті;
Қазыналық саясат және жобалар департаменті;
Мемлекеттік борыш және кредит беру департаменті;
Халықаралық қаржы қатынастары департаменті;
Халықаралық салық салу департаменті және т.б.
Департаменттер өз кезегінде нақтылы функциялық міндеттерді орындайтын басқармалардан, ал олар бөлімдерден тұрады.
Министрліктің мынадай ведомствалары бар: Қазынашылық комитеті, Кедендік бақылау комитеті, Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті, Салық комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет.
Қазынашылық комитетінің ұйымдық құрылымы Қаржы министрлігі құрамындағы Қазынашылықтың орталық аппаратынан және оған бағыныштағы аймақтық бөлімшелерден тұрады.
Қазынашылык, органдары мынадай міндеттер мен функцияларды орындайды:
- республикалық бюджетті ұйымдастыру, оның кассалық атқарылуын жүзеге асыру, жергілікті бюджеттерге есеп-қисаптық-кассалық қызмет көрсету және мемлекеттік бюджеттің орындалуын бақылау;
- касса бірлігі қағидатын негіздей отырып, қазынашылықтың шоттарындағы ақша қаражаттарын басқару;
- республикалық және жергілікті бюджеттер арасында өзара есеп айырысуды енгізу;
- республикалық және жергілікті бюджеттер арасында салықтарды және басқа міндетті төлемдерді бөлуді қамтамасыз ету және оларды түрлі деңгейлердің бюджеттеріне есептеу;
- мемлекетгік мекемелердің валюталық операцияларын басқару және есепке алу, оларды жүргізген кезде заңнамалықтың сақталуы жөнінде тексерулер ұйымдастыру;
- мемлекет қаржысының мән-жайы туралы ақпаратты жинау, өндеу және талдау;
- республикалық бюджеттің қолма-қол ақшасының ағынын болжау;
- мемлекеттік сыртқы қарыздарды және мемлекеттің кепілдігі бар мемлекеттік емес ішкі қарыздарды өтеу және қызмет көрсету кезінде ақша аударуды жүзеге асыру;
- бухгалтерлік есеп пен бюджет жүйесіндегі есептемені және қазынашылық органдары жүйесіндегі ішкі аудитті дамыту және жетілдіру;
- қазынашылықтың құзырына жататын мөселелер бойынша есептік операцияларды жүргізудің тәртібі туралы әдістемелік және нұсқаулық құжаттарды өзірлеу.
Қазынашылық қызметкерлерінің мемлекеттің қаражаттарын пайдаланатын мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік билік пен басқару органдарының, мемлекеттік банктердің қаржы бухгалтерлік службаларын тексеруге құқы бар. Олардың лауазымды адамдардан қаржы заңнамасын бұзуды жоюды талап етуге құқы бар. Қазынашылық службаларына қазынашылық төлем операцияларының орындалуын тоқтата тұруға, бюджет ақшасын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған жағдайда оны қайтарып алуға және жұмсауға тиым салуға, ақшаны бюджетке өндіріп алуға (қайтарып алуға) құқық берілген, сонымен бірге қазынашылық бюджет қаражаттарын үнемді жұмсауға мүмкіндік туғызуы тиіс.
Қаржылық бақылау комитеті бақылау саласындағы ұйымдық-әдіснамалық және талдамалық жұмыстарды жүзеге асырады. Оның органдары мемлекеттік кәсіпорындарға ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының және көрсетілетін қызметтер сферасының ұйымдарына, әлеуметтік сфера мен халықты қорғаудың мемлекеттік ұйымдары мен мекемелеріне, басқару органдарына, қорғаныс кәрсіпорындары мен ұйымдарына және құқық тәртібін қорғауға тексеріс жүргізеді. Олар сонымен қатар кредит және валюта ресурстарын пайдалануды, бағалы қағаздар бойынша заңнамалардың орындалуын бақылайды.
Мемлекеттің кірістерін жұмылдыру жөніндегі аса маңызды функцияларды Салық комитеті орындайды.
Салық комитеті органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі негізгі міндеттер жүктеледі.
Қаржы министрлігі жүйесінде ең көбі жергілікті қаржы органдарының аппараты, ол облыстық, қалалық, аудандык, қаржы басқармалары мен бөлімдерін, салық комитеттерін қамтиды. Олар басқару жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, яғни жергілікті бюджеттердің атқарылуымен, ішкішаруашьшық резервтерді анықтаумен және шаруашылық кешенінің және әлеуметтік-мәдени сфераның барлық буындарында ресурстарды үнемдеуді іздестірумен айналысады, шаруашылық органдарды қаржыландыруды жүзеге асырады және олардың қаржы қызметін бақылап отырады. Қаржы және салық органдары жергілікті әкімшіліктің бағынышында болады.
Жергілікті қаржы органдарының міндеттеріне мемлекеттік қаржы тәртібін сақтауды бақылау кіреді. Осы мақсатпен олар шаруашылық органдары мен мекемелері жасаған жоспарлар мен сметалардың дұрыстығы мен объективтігін тексереді, жергілікті әкімшіліктер бөлімшелерінің бухгалтерлік есептері мен баланстарын қарайды.
Салық заңнамасына сәйкес салық органдарына облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері жатады.
Салық органдары тиісті жоғарғы салық службасы органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.
Мемлекеттің қаржысын басқаруға өзінің функцияларының өзгешілігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілі бір түрде қатысады. Ұлттық банк ақша-кредит саясатын жүргізгенде, ақша айналысын реттегенде, қаржы ресурстарын басқарғанда қаржы қатынастарына тікелей де, сонымен бірге жанама түрде де ықпал жасайды; ол Қаржы министрлігімен бірлесіп мемлекеттік валюта-қаржы қатынастарына, экономиканың қажеттіліктерін қаржыландыруға арналған сырттан қарыз алуға қатысады. Сондықтан Ұлттық банктің басқарушылық ықпалының тиімділігі мемлекеттің бірыңғай қаржы-кредит саясатын жүргізген субъектілер қаржысының жай-күйінде көрініп, білінеді.
Қаржыны басқаруға Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Стратегиялык, жоспарлау жөніндегі агенттігі де қатысады. Олар стратегиялық жоспарлау, бюджеттік жоспарлау, мемлекеттің кірістерін жоспарлау мен бақылау, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен және ұйлестірумен бірге бұл органдар республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдайды; Қаржы министрлігімен, Ұлттық банкпен бірлесіп, мемлекеттік бюджет жобасының негізгі көрсеткіштерін белгілейді; Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара іс-әрекеттерінің механизмдерін әзірлейді және реттеуге қатысады; Қаржы министрлігімен және Ұлттық банкпен бірлесе отырып мемлекеттің сыртқы берешегін талдап, оның лимитін белгілейді және т.б.