Қаржыны басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 18:39, курсовая работа

Описание

Баскару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

Работа состоит из  1 файл

қаржы курсовая.docx

— 72.07 Кб (Скачать документ)

        Сыртқы ортаның талдауы, соның көмегі арқылы менеджерлер әлуетті қатерлерді алдын-ала көре алатын және дер кезінде жаңадан ашылатын мүмкіндіктерді әрекетке енгізе алу мақсатында факторларды ұйымдастыруға қатынасы бойынша сыртқы факторларды бақылайтын құрал қызметін атқарады. Сыртқы ортаны зерттеу фирмаға өз уақытында нарықтық қатерлердің пайда болуын болжауға, ойда болмаған жағдайлардың пайда болуы кезінде соған дайын болуға, компанияларға алдына қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін және әлуетті қатерлерді тиімді мүмкіндіктерге айналдыруға болатындай стратегияны әзірлеуге мүмкіндік береді. 

         Сыртқы орта – бұлда сол сыртқы факторлар, олар фирманың қызметіне ықпал етеді және, өз кезегінде, өзіне оның әсерін сезінеді. Оған жататындар:  географиялық, халықаралық, ұлттық, саясаттық, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және басқада  факторлар.

         Қазақстанда қалыптасып келе жатқан нарықты экономикаға, ондағы жұмыс істеуші кәсіпкерлік құрылымдарға анықталатын ықпал көрсететін, негізгі факторларды санап шығайық:  Қазақстанның табиғи ресурстары, Қазақстанның еңбек ресурстары (саны, демографиялық жағдайлар, білім деңгейі, біліктілік, мәдениет), елдің территориясы (мөлшері, регионалдық және ұлттық ерекшеліктер), ұлттық  менталитет (тіршілік түрі, қызмет, психология, дәстүрлер, елдің дағдалануы), халықаралық қатынастар (елдің халықаралық жағдайлары, дүниежүзінің әртүрлі елдерінің Қазақстан экономикасына және ресурстарына мүддесі), Қазақстанның мемлекеттік – саясаттық құрылымы (мемлекеттік билік органдары мен басшылықтарының кәсіпкерлікке қатынасы), елдегі құқықтық тәртіп күйі, меншіктікке қатынастар (қорғалушылық, кепілдік), экономиканың монополизациялану дәрежесі, бәсекелестіктің даму күйі (ішкі және сыртқы), инфрақұрылымның дамуы (ақпараттың, көліктің, байланыстың, банк жүйесінің, тауармен қамтамасыздандырудың, маркетингтің, жарнаманың, сақтандыру ісінің, аудиттің), елдің экономикалық дамуының деңгейі (өндірістің көлемі мен  дина¬микасы, еңбек өнімділігі), инфляция (деңгей және динамика), салық салу (деңгей және динамика), деңгей, халықтың әлеуметтік қорғалу күйі (жұмысқа тұру жүйесі, кадрларды дайындау және қайта дайындау, мини¬мал жалақы деңгейі, зейнетақы, жәрдемақы, стипендиялар), теңгенің айырбасталымдығы (ұлттық валютаның параллель айналымда болуы), техникалық және  технологиялық факторлар.

         Әртүрлі қауіптер сыртқы қоршаған ортаның әртүрлі саласында пайда болуы мүмкін. Бұл салаларды зерттеу ұйымның сыртқы ортасының дамуының құралған беталыстары туралы толық көріністі алуға мүмкіндік береді. Қазақстан үшін сипатты, экономикалық факторларды талдау кезінде әншейінде инфляцияның, салықтың қарқындарын, елдің жұмыс істеу сипаты мен деңгейін, кәсіпорын – серіктестердің төлеу қабілеттіктерін, ақшалай есептесу күйлерін және тағы басқаларды қарастырады.

         Саяси факторларды қарастыру кезінде заңның өзгеру күйі мен динамикасын, биліктің жергілікті органдары мен орталықтанған үкіметтің нормативтік актілерін, экономиканың құқықтық реттеудің даму деңгейін, атап айтқанда, монополияға қарсы заңдарды, несиелік саясатты, несиені алуға қойылатын шектеулерді және жұмыс күшін жалдауды және басқ. қарастырады.

          Нарықтық факторлар компанияның тиімді жұмысына тікелей ықпал етеді. Оларды зерттеу, фирманың басшыларына стратегияны нақтылауға және оның нарықтағы жайғасымын бекітуге мүмкіндік береді. Бұл жерде демографиялық жағдайлардың өзгерісін, саладағы бәсекелік деңгейін, нарықтың үлесін, оның үкіметпен қорғалу жағдайларын және т. б. зерттейді.

          Фирма басшылары, ұйымның түршілік-тынысына күрделілік тудыратын, оларда өтетін өзгерістердің пайда болу кезеңін жіберіп алмау мақсатында, технологиялық сыртқы ортаны тұрақты түрде бақылауға тиісті.

        Бәсекелестік факторларын талдау фирманың басшылары жағынан бәсекелестерінің әрекетін тұрақты бақылауы қажеттігін бағдарлайды. Осы салада төрт диагностикалық аймақты бөліп көрсетуге болады: бәсекелестердің келешек мақсаттарын талдау, олардың ағымдағы стратегиясын бағалау, бәсекелестердің нақты мүмкіндіктерін бағалау, бәсекелестердің күшті және әлсіз жақтарын зерттеу.

       Сыртқы ортаның әлеуметтік факторларын есептеу өзгеріп отыратын қоғамдық құндылықтармен, қатынастармен, күтулермен және мінездермен байланысты. Экологиялық тұрақтылық болмаған жағдайларда, тура осы әлеуметтік ортада көптеген проблемалар туындайды, олар фирма үшін үлкен қатерлер туғызады. Осы проблемаларды табысты жеңіп шығу үшін, ол өзіде әлеуметтік жүйе сияқты, сыртқы ортаға бейімделе отырып,  өзгеруі қажет.

       Ақырында, халықаралық факторларды қарастыру, сыртқы саудаға мемлекеттік монополияны алып тастағаннан соң, отандық ұйымдар үшін бұл ерекше маңызды орынға ие болды. Көптеген ірі және орташа компаниялар халықаралық нарықта белсенді әреке етуде. Фирмалардың басшылары осы сегменте болатын жағдайларды бақылауға шақырылады.

        Сыртқы ортаны талдау, жоғарыда қарастырылған оның аяларын зерттеу, фирманың басшыларының келесі сұрақтарға жауап беруін жеңілдетеді: Фирманың стратегиясына сыртқы қоршаған ортадағы қандай өзгерістер ықпал етеді? Қандай факторлар ұйымның ағымды стратегиясына ерекше қатер төндіреді? Жалпы фирмалық мақсаттарға жету үшін қандай мүмкіндіктер мүдделі болады?

        Фирманың сыртқы жағдайларының маңызды аспектілерінің динамикасын жүйелі қарастыруында, оның меншікті әлуеттерін, күшті және әлсіз жақтарын талдау қажет. Бұл жерде бағалануы маңызды: пайда болатын мүмкіндіктерді тиімді пайдалана алатындай фирманың ішкі күштерінің бар екендігі, оның әлсіз жақтары қандай, қиындау сыртқы қатерлермен байланысты проблемаларды шешуді күрделендіреді. Ішкі проблемалардың диагностикасы үшін қолданылатын әдіс басқарушылық зерттеу деп аталады. Ол ұйымның әртүрлі функционалдық аймақтарын кешенді зерттеуге негізделген және қойылған міндеттерге байланысты қарапайымда, күрделіде бола алады. Зерттеуге бес функционалдық аймақтың қаралуы кіреді: маркетинг, қаржы мен есеп, өндіріс, қызметкерлер, және де ұйымдастыру мәдениеті және ұйымның имиджі.

         Фирманың маркетингілік жүйесін талдау кезінде, ережеге сай, зерттеудің жеті маңызды сегментін бөледі. Бірінші – нарық үлесі және бәсекеге жарамдылық. Нарық үлесі пайызбен оның жалпы сыйымдылығына қатынасы, ұйымның жұмыс істеу деңгейін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналады, өйткені фирманың нарықтық үлесі мен оның жұмысының тиімділігі (пайдасы) арасында белгілі бір тәуелділік болады.

          Ұйымның орнықтылығын көп жағдаймен анықтайтын, ассортименттің әртүрлілігі мен сапасы ерекше маңызға ие болады. Бұл жерде әртүрлі тәсілдемелер мүмкіндікті. Бір фирма шектелген ассортиментке бағдарланады, өйткені өзінің басты табысын өнімнің сапасын қамтамасыздандырумен бағалайды.  Екінші фирма жыл сайын ондаған және жүздеген жаңа бұйымдарды игереді.

         Нарықтық демографияның маңызын асқын бағалау қиын. Мұндай текті өзгерістерді нарықта және клиенттер құрылымында зерттеу – фирма үшін өте қиын міндет. Қоғамның әлеуметтік бөлінуі, халықтың негізгі массасының табыс деңгейінің өзгерісі, қоғамдық құндылыұтың түрленуі оны күрделендіреді.

         Нарықтық зерттеулер мен әзірлеулер өте маңызды. Тұрақты бәсекеге жарамдылықты ұстап тұру үшін, фирмаға кең конъюнктуралық зерттеулер жүргізу, жаңа тауарлар мен қызмет көрсетулерді әзірлеу, жаңа нарықтарды іздеуді жүзеге асыруы қажет.

         Клиенттерге сатуға дейінгі және кейінгі қызмет көрсету бірте-бірте маңызды роль атқаруда. Сатудан кейінгі тиімді және дұрыс қызмет көрсету сату көлемін арттыруға, оны қалыптастыруға және сатып алушылардың фирмаға деген көзқарасын жақсартуға ықпал етеді, сату бағасын жоғарылатуға мүмкіндік береді.

        Соңғы уақыттарда өткізу, жарнама, тауарды жылжыту өте үлкен маңызды орынға шығуда. Бұл көрсеткіштер талдаудың орталық орынын алады. Фирма нарықтағы табысқа қол жеткізе алады, егер ол өзінің тауарлары мен көрсететін қызметін өткізу үшін құзыретті және белсенді өткізушілерді тартса, шығармашылықты жарнамалар әзірлесе, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сатып алушыға жылжуының тұтас жүйесін әзірлесе.

         Дегенмен, әрине, ең бастысы – бұл пайдалылықты талдау. Пайда – кез – келген коммерциялық ұйымның қызметінің тиімділігінің қорытындыланған көрсеткіші. Сондықтан қызметтің барлық бағытынан, әртүрлі тауарлар мен көрсетілетін қызметтен түсетін пайданы тұрақты бақылау, басқарудың маңызды функциясы болып табылады.

        Ұйымның қаржылық күйі, нарықта басшылардың қандай тактика мен стратегия таңдауын анықтайды. Қаржылық күйді жан-жақты талдау, осы салада ұйымның әлуметтік резервтерін айқындауға көмектеседі. Қаржылық күйді талдау қаржылық тексеру әдістерімен жүргізіледі.

        Фирманың өндірістік әлуетін талдау әдістемесі, өндірістің ұйымдастыру-техникалық деңгейін бағалаудың кәдімгі әдістемесінен көп айырмашылықты болады. Бұл, бірінші кезекте, стратегиялық басқаруға, дамып келе жатқан нарықтық қатынасқа бағытталумен түсіндіріледі. Өндірісті тұрақты түрде зерттеу фирманың ішкі құрылымының сыртқы қоршаған ортадағы өзгерістерге дер кезінде бейімделуіне және оның нақты ортадағы өміршілдігіне өте үлкен маңызы болады.

         Егер менеджмент бағыныштыларының көмегімен үлкен ақша көлемін қалай жасауға болатынын түсіндіретінін ескеретін болсақ, онда қазіргі компаниялардың көптеген проблемаларының шешімі кәсіптік білікті мамандармен қамтамасыздандыруға, және олардың басқаруына тәуелді болады. Теңестірілген команда нарықтық жағдайда, жақсы басшылық жасалған кезде, көп нәрсеге қабілетті.

        Фирманың ұйымдастыру мәдениеті мен имиджіне ерекше тоқталып өту қажет. Әлеуметтік орта келесі кісілерден тұрады: басшылар, бағыныштылар. Ұйымдастыру мәдениеті ұйымдастыру аясындағы адамдардың мінез-құлқынан тұрады. Жалпы, мәдениет алдын-ала берілген, бұрын анықталған бола алмайды. Ол – қоғамдағы өзара әрекеттің нәтижесі, ең бастысы қатынастар мен оқу арқылы беріледі және ұсталады. Фирма шеңберіндегі мәдениет оның ұжымының мүшелерінің тәртібі, мінез-құлқы арқылы айқындалады.

        Ұйымның сыртқыда, ішкіде имиджі қызметкерлерінің, клиенттерінің көмегімен және тұтас қоғамдық пікірден алынатын әсермен анықталады. Қоғам алдындағы жақсы ат пен атақ, фирмаға ұзақ уақыт өзінің серіктестерін сақтауға, тапсырыскерлер санын арттыруға көмектеседі. Фирманың қаржылық нәтижелері көбінесе оның ортасының жалпы мәдениетіне тәуелді болады.

         Қазақстандағы бүгінгі жағдайларда, кәсіпорындарға өзінің өміршеңдігін сақтау үшін нарықтағы әрбір қадамын есептеп отыруы керек, кадрлар мен кәсіпорынды басқаруда тұрақты түрде инновация енгізу қажетті. Ең күрделі жағдайлардан оңтайлы шығудың амалын табуы және тәуекелдікке ойлы баруы қажет. Сондықтанда фирманың білікті менеджерінің және бүкіл командасының білікті, кәсіптік жұмысы өте маңызды.

        Тиімді басқару мен команданың жоғары сапалылығы кәсіпорынды кез-келген дағдарыстан алып шыға алады. Фирманы басқарудың бүкіл механизмі қысқа, сонымен қатар барлығын қамтыған болуы қажет; оған кіруге міндетті: өнімнің ассортиментін басқару жүйесіде, кәсіпорын қарыздарын басқару жүйесіде, қаржылық және салықтық жоспарлау жүйесіде, маркетингілік жүйеде және көптеген басқалары. Басқарудың осындай тиімді рычагтарын кәсіпорын қаншалықты жақсы игеріп, қолданса, соншалықты оның өміршеңдігі артады, және қазіргі ауыр өтпелі кезеңде табысқа жету сенімі жоғарылайды. 

         Бірінші кезекте фирманың қаржылық табысының технологиясына тоқталу қажет. Оның әрбір жұмыскерінің әлеуметтік және материалдық қорғалынуы, ол жұмыс істейтін компанияның қардыжық орнықтылығына тәуелді болады. Сондықтанда, фирманың қаржылық-экономикалық жағдайларын жақсартуды менің есебінен жүргізуге болатыны туралы мәселелер тек қана жетекшіні, басқарушыларды, акционерлі ғана толқытып қоймайды, бұл мәселе үшін оның түгелдец ұжымының, барлық жұмыскерлерінің басы ауырады. Қазақстандық кәсіпорындардың басым көпшілігі бүгінгі таңда инвестициялық  – тартымды болып табыламайды (олардың  40 %  жуығы – залалды,  және жуық шамамен соншасы орнықпаған қаржылық жағдайда болып тұр).

         Инвесторлардың ұсынатын шарттары, көп жағдайда кәсіпорын үшін өте тиімсіз болуыда. Осыған байланысты күйі нашар кәсіпорындар, тәжірибелік түрде, қаржылық қолдау көре алмай келеді. Мүмкін, жақын уақыттарда күйсіздік қарызгер-кәсіпорындардың сатылуының басты себебі болатын шығар. Сондықтанда кәсіпорынның қызметінде ішкі реформалау мен түрлендіру мүмкіндіктерін ұжым болып іздеу қажетті мәселе болып тұр.  Бұл меншікті әлуетті белсенді қолдану және оны барынша дамытуды көрсетеді, және бірінші кезекте – басқару жүйесін жетілдіру арқылы.

        Кәсіпорынның қаржылық тиімділігін жоғарылатудың келесі бағыттарын бөліп көрсетуге болады:

         Жылдам өткізілетін резервтерді тиімді басқару шешімдері есебінен пайдалану (ең алдымен - "тәртіпке келтіру" және нәтижелер бойынша басқару  технологиясына өту). Мұндай өзгерістер бары-жоғы 2-4 ай ішінде өткізіледі және тиімділіктің 20 % дейін артуына ықпал етеді.

         Ассортименттік саясаттың түпкілікті жетілдірілуі (пайдалылығы төмен өнімнің үлесін төмендету) және техникалық саясат (тиімсіз техника мен технологияның қолданылуының меншікті салмағын төмендету) есебінен жүргізілетін құрылымдық өзгерістер. Бұл шаралар 5-8 айдың ішінде жүзеге асырылады ,  40 % дейін тиімділікті жоғарылатуға мүмкіндік береді.

         Инновациялық процестерді қалыптастыру, оған енетіндер: жаңа тиімді қызметтерді, өнімдерді, технологияларды жасау мен енгізу (оның ішінде  өзгерістерді стратегиялық басқарудың технологиялары мен жүйелері), экономикалық механизмдер және тағы басқалары. Бұл өзгерістердің жүзеге асырылуы бір-біржарым жылды қажет етеді. Бір жылдан соң олар тиімділіктің 10-20 % артуын, екі жылдан соң – 60-70 % дейін ұлғаюын бере алады. Ал ары қарай жыл сайын 30 % дейін және 2-3 жыл ішінде.

         Бір реттік шара болып табылмайтын және тұрақты түрде қадағалауды қажет ететін, фирманың дамуының инновациялық жолының ақырғысы – бұл фирманың бәсекеге жарамдылығы.

Информация о работе Қаржыны басқару