Қазақстан Республикасы банк жуйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 06:52, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар, шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды. Ондай тұлғалар – халықтың өзі, одан кейінгісі: мемлекет және банк, басқа қаржылық делдалдар.

Работа состоит из  1 файл

Kursovaya_BANK.doc

— 271.00 Кб (Скачать документ)

Орталық банктiң мiндетi - ол Ұлттық ақша өлшемiнiң төлем қабiлеттiлiгiмен валюталық курсын банк жүйесiнiң тиiмдiлiгiмен сенiмдiлiгiмен қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметi туралы Республика Президентiнiң 1995 жылғы 31-шi тамыздағы заң  кәшi бар жарлығында Қазақстандағы 2-шi деңгейлi банк жүйесi бар дедi. Олар:

Ұлттық  банк- мемлекеттiк  орталық банк.

Басқа барлық банктердi заңда  төменгi деңгейлi банк деп жазылған.

Ұлттық  статистика көрсеткiшi бойынша 2000 жылдың  басында 55 екiншi деңгейлi банк анықталған. Оның  iшiнде  бiреуi мемлекеттiк, бiреуi мемлекет аралық 22 шетелдiк  қатысуымен, 17 шетел өкiлдiгi ашылған.  республикада тiркеуден өткен 44 ломбард, 7 несиелiк серiптестiгi және кейбiр банктiк операция жәргiзетiн 46 басқа мекеме бар.

Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, бактік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады.Ол нормативтік актілер «Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысың, «Вестник Национального Банка Казахстанаң атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.

Ұлттық банктің  негізгі міндеті  - ұлттық валютаның  ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:

  • ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
  • ақша,несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
  • несие берушілер мен салымшалардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу-сату  және басқа ұйымдардың  мүддесін қорғау және олардың  жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің  экономикалық саясатын жүргізеді.

Ұлттық банктің  міндеті оның  атқаратын  қызметтері арқылы орындалады:

Біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша - несие саясатын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай –ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.

Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және өтер мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.

Екіншіден, Қазақстан  Республикасында қолданылатын банкнота және монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың құрылымын,теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажетмөлшерін анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді.

Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты (жоғары өтімді, қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк - екінші деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, ия болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгіленген тәртіппен және мерзімге береді.Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу формалары мен тұртібін анықтап,қазақстандық теңгемен жүргізілетін банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.

Төртіншіден,үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік  бағалы қағаздарды  орналастырып,олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.

Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін Қазақстан территориясында, сондай - ақ одан шет жерлерде банктермен олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері  және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып, олардың орындалуын қадағалайды.

Алтыншыдан, ваюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк шетел  валютасының және шетел валютасындағы  бағалы қағаздардың айналым аясын және тұртібін белгілеп, шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер деңгейіне шектеу қояды.

Резиденттер үшін шетел валютасын және шетел  валютасындағы  бағалы қағаздарды Қазақстанға аудару, әкелу,әкету және салып жіберу тұртібін белгілеп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің республикадан тыс шетел валютасында шот ашуының мақсатын тұртібін және жағдайын анықтап, шот ашуға рұқсат береді.

Жетіншіден, елдің  алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен операция жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бағалы металдарға және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралың  Заңкуші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден /сатып алушылардан/ Ұлттық банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан  әрі сақталуын қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.

Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты: жарғылық, резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және арнайы  провизияларынан /резервтерінен/ құрылады.

Ұлттық банктің  жарғылық капиталы 20 млрд теңгеден қалыптасады және оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыдан, мемлекет берген негізгі қордың құнынан және Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.

Резерв капиталы жаргылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен толтырылып, жүргізілген  операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады.

Алтын валюта активтерін қайта бағалау шоты оларды қайта  бағалау шоты оларды қайта бағалаудан тускен іске асырылмаған табысты  есепке алуға арналады. Бұл шоттың Ережесін Ұлттық банктің Басқармасы бекітеді. Алтын валюталық резерв теңгенің ішкі және сыртқы  тұрлаулылығын  қамтамасыз ету үшін құрылып және мақсаттарға жұмсалады. Алтын валюталық резерв  төмендегі элементтерден құрылады:

  • алтыннан;
  • банкнота, монета түріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі және республикадағы Ұлттық банктің шоттарындағы  қаржылардың қалдықтарынан;
  • Ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан;
  • шетел үкіметтері немесе халықаралық қаржы  мекемелері шығарып,кепілдік берген  бағалы қағаздардан;
  • шетел валютасындағы жай және аударым вексельден;
  • өтімділігі және қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайдағы шетел валютасындағы басқа сыртқы  активтерден құрылады.

Ұлттық банктің  басқарушы органы болып Басқарма  және директорлар Кеңесі /Директорат/ саналады. Оның жоғарғы органы - Басқарма, ол 9 адамнан тұрады. Оған  Ұлттық банктің төрағасы, бес лауазымды адамы және  Президенттен бір, Республика Үкіметінен екі өкіл кіреді. Президенттен,  Республика Үкіметінен  және Ұлттық  банктен кірген  басқарма мушелерінен тиісінше Президент, Үкімет және  Ұлттық  банктің  төрағасы бекітеді және  қызметтен босатады.     

Ұлттық банктің  төрағасын республика Президенті  Парламентпен келісе отырып 6 жыл мерзімге тағайындайды.Егер төраға қызметтен  кеткісі келсе 2 ай бұрын алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы. Оны қызметтен Президент босатады. Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты.Оның орынбасарларын төрағаның ұсынысымен Республика Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне тәуелсіз 6 жылмерзімге бекітеді. Төрағаның орынбасарларын қызметінен төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады. Сондай-ақ төрағаның орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе, онда 2 ай бұрын төраға арқылы Президентке арыз береді.

Ұлттық банктің  Басқармасының мәжілістері қажетті  кезде, бірақ айында кемінде 1 рет өткізіп, онда Ұлттық банктің, жоғарыда айтылған қызметтерін орындайды, ал Ұлттық банктің күнбе-күнгі қызметін басқаратын орган – Директорлар Кеңесі. Директорлар Кеңесі Президенттің «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралың Заң күші бар Жарлығына сай Ұлттық банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк белгілеген уәкілдік шегінде атқарып,оған есеп беруге міндетті.     

ҚР  Орталық  банк функциялары:

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің негізгі функциясы – Қазақстан  Республикасының ұлттық валютасының тұрақтылығын қамтамасыз ету. 

Сонымен қатар, Ұлттық банктің қызметіне мыналар жүктелген:

  • Қазақстанның экономикалық дамуы мақсаттарына жету және оның әлемдік экономикаға интеграциялануы үшін ақшаға, несиеге жүгіну, банктік  есеп айырылысу және валюталық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты жүргізу және өңдеу. 
  • Ақша, несие және банктік жүйені тұрақты түрде қамтамасыщ ету.
  • Несие берушілердің және банк салымшыларының мүдделерін қорғау. Сонымен қатар, банктік және басқа да ұйымдардың реттеуші іс-әректеті және олардың орындалуын қадағалайтын алып сату және шетелдік валютаның акцияларын қабыладу операцияларын жүзеге асыратындарға да қолдау көрсетлуі тиіс. 
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасында ақша несиелік саясатты қайтадан қаржыландыру жолы арқылы жүргізеді;
  • Банктердің, сонымен қатар алып-сатумен, айырбас ісімен айналысатын ұйымдардың  іс-әрекетін бақылауға алады;
  • Қазақстан Республикасындағы банктік пайыздық жарналарын  ресми жарналарды өзгерте отырып реттейді;

Қазақстан Республикасындағы  ақшалық  реттеу арқылы инфляция процесін тоқтату мүмкін емес жағдайда, Қазақстанның  Ұлттық банкіне несиелік салымдарды шектеуге және банктер операцияларының пайыздық жарналарын өзгертуге толық құқық алады. Қазақстан Республикасы банкі: 

  • Қазақстан Республикасында есеп айырысудың жүйесін, формасын және ретін анықтайды, өз уақытында банкаралық есептерді қазақстандық теңге арқылы тұрақты түрде жүргізу;
  • Қазақстан Республикасында валюталық реттеуді және валюталық бақылауды басқарады және қандай да болсын валюталық операцияны жүргізуге толық құқылы болады;
  • Барлық банктерге, сонымен қатар алып сатумен, шетел валютасын сату және айырбас іс-әрекетімен айналысатын ұйымдарға және клиенттерге арналып құрылған, міндетті түрде орындалуға тиіс банктік іс-әрекетке және есепке байланысты нормативтік акітілерді құрастырады;
  • Заңнамамен анықталған шектер шеңберінде валюталық операцияларды орындау, сонымен қатао лсы заңды орындауылын қадағалау; 
  • Бақылау және реттеу функцияларын атқару үшін банктер және мемекелердің сатып алу, шетел валютасын айырбастау және сату туралы есепті берудің тізімін, формасын, мерзімін бекіту;
  • Ұлттық банк белгілі бір кәсіпорынға арнайы мақсаттар жүктесе, онда осы кәсіпорынды құруға және іс-әрекетіне араласуға құқығы бар; 
  • Өзінің және Қазақстан Республикасының басқа да банкілерінің балансін құрастыру және жариялау;
  • Сыртқы және ішкі активтер бойынша болжамдар құрастыру;
  • Егер, олардың салымдарының салынуының қате факті екенін дәлелдейтін құжаттар болса, клиенттер мен банктердің ақшасын, олардың келісімінсіз, олардың есепшотынан жойып тастау мүмкіндігіне ие;
  • Қазақстан Республикасының банк жүйесі үшін мамандар әзірлеуге қолдау көрсету.

 

2.2 Коммерциялық  банк және оның  қызметтерін  талдау.

 

Елдің несие  жүйесіндегі коммерциялық банктердің рөлі мен орнын бөліп көрсету, олардың қоғам ішінде, жалпы мемлекет экономикасында маңыздылығын ашу – бұл бөлімнің басты мақсаты.  

Қазақстан Республикасының  коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызында «Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі» және 1995 жылы 31 тамыз  айында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы  банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады. Бұл заңдарда Қазақстан Республикасының банктерді құрудың, қайта ұйымдастырудың және таратудың барлық ерекшеліктері көрініс тапқан.Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін коммерциялық банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.

Қазіргі тұрақтандырылған экономиканың жетілдіруі үшін коммерциялық банктер халыққа көптеген операцияларды жүзеге асырады. Еліміздің екінші деңгейлі банктері ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастыруымен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, қаржылық операциялардың барлық түрлері, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операцияларын жүргізеді.

Коммерциялық  банктер қарыз  капиталы  нарығының  әртүрлі  секторларында  қызмет  ететін  көп  қызметті  мекемелер  болып  табылады. Олар  кәсіпкерлік  тәжірибесінде  белгілі  бір  көптеген  қаржылық  операцияларды  орындайды. Коммерциялық  банктер  кез  келген  елдің  несие  жүйесінде  әдеттегідей  негізгі,  базалық  буын  рөлін  атқарады. 

Коммерциялық  банктер  қаржы нарығында  ең маңызды делдалдық қызметті атқарады.  Несиелік жүйенің төменгі буыны  халық шаруашылығына тікелей қызмет  көрсететін және  коммерциялық негізінде  кең көлемді қаржылық  қызмет  жасайтын  дербес  банктік  мекемелер  торабынан  тұрады.  Бұлар  коммерциялық,  кооперативтік  және  жеке  банктер,  банктік  заңдылықтарда  коммерциялық  банктер  деген  жалпы  атпен  біріктіріледі.

«Коммерциялық  банк»  термині  банк  ісінің  ертеретегі  даму  кезеңінде,  банктердің  сауда,  тауар  айырбасы  операциялары   мен  төлемдеріне  қызмет  көрсетуі  барысында  пайда  болды.  Негізгі  клиенттері  саудагерлер  болған (міне  осында «коммерциялық  банк» деген  атауға  ие  болды ). Бірақ өнеркәсіптің  және  басқа  салалардың  дамуымен банктер  экономиканың  өзге  де  сфераларында  қызмет  көрсете  бастағандықтан  да  банктің  «коммерциялық» деген  атауы  бастапқы  мағынасын  біртіндеп  жоғалтты.  Ол  банктің  «іскер» деген  сипатын  білдіреді,  оның  шаруашылық  агенттердің  барлық  жұмыс  түрлеріне  қызмет  көрсетуі олардың  қызметтерінің  саласына  байланыссыз  болады.  Коммерциялық  банктер – нарық  экономикасында  қаржылық  операциялар  мен  қызмет  көрсететін  несиелік  мекемелердің  тобын білдіреді.Коммерциялық банктер - банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің негізгі қызметі - кәсіпкерлерге, халыққа жан-жақты несие-қаржылық қызмет көрсету.

Информация о работе Қазақстан Республикасы банк жуйесі