Қазақстан Республикасы банк жуйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 06:52, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар, шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды. Ондай тұлғалар – халықтың өзі, одан кейінгісі: мемлекет және банк, басқа қаржылық делдалдар.

Работа состоит из  1 файл

Kursovaya_BANK.doc

— 271.00 Кб (Скачать документ)

Нарықтық экономикада  арнайы банктік емес институттар  құрылмаған жағдайда кез келген елдің  несие жүйесі аяқталмай қалады. Халық  салымдарын толығымен тарту мүддесі мен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толық қанағаттандыру бұл институттардың құрылуын талап етеді, ал олар несие жүйесін толықтырып, байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және сезімтал ете түседі.

Мемлекет, экономикаға  жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы бірегей ақша – несие саясатын жүргізеді. Бұл принцип айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен ұлттық валютаның ішкі және сырқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ақша-несие саясатын жалпы экономикалық саясатты жүзеге асыру және оны әлемдік экономикаға интеграциялау саласында республика мүдделерін қорғау үшін қажет.

Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық  банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:  

    • оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;
    • акцияларының бөлігі   мемлекетке тиесілі  (немесе  мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
    • бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
    • Орталық банкінің  қызметін  бірігіп  атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі

Қазақстан Республикасының  қоғамының қазіргі таңдағы дамуы  өтпелі кезең ерекшеліктерімен сипатталады. Ең алдымен бұл әлеуметтік-экономикалық жүйедегі түбегейлі, әрі сапалы өзгерістерге байланысты. Әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер нарық принциптері негізінде құрылған жаңа экономикалық қатынастарды дамытуға арналған.  

Сондықтан, банктардың жаңа жүйесінің қалыптасуы мәселесінің  өзектілігі мынада болады: жаңа механизм құра отырып, адамзатпен жинақталған  оңды дәстүрлерді, яғни әлемдік тәжірибенің элементтерін жоғалтып алмаған дұрыс. Олар біздің жас мемлекетімізге нарықтық экономика жолында қателерден белгілі бір қорғаныс қызметін атқарады.

Өтпелі экономика шарттары бойынша банк секторы нарықтық экономиканың негіздерін құрастыру міндетін максимальді түрде орындау қажет.Басқаша айтқанда, банк мүдделері жалпы ұлттық нарыққа ұмтылу және экономиканы қайтадан құру мақсаттарына кедергі келтірмей, сол мақсатқа өз үлесін де қосып отыру керек.    

 

Қолданылған әдебеттер тізімі

 

  1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы
  2. Кушербаев Б.П. «Банктер және несие алушылар қарым – қатынастарын реттеу», Қарағанды – 2002
  3. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары» / Алматы «Экономика»-2000ж.     
  4. Мәдешев Б.   «Нарықтық экономика теориясына кіріспе» / Алматы «Экономика»-2000 ж.
  5. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы – 2000 ж.
  6. Сейітқасымов Ғ. С. «Ақша, Несие, Банк» /Алматы «Экономика» -2001/
  7. Сейткасымов и др. « Ценные бумаги и фондовый рынок» /Алматы «Экономика» -1998 /
  8. Ақша. Несиелер. Банктер. Г.С. Сейткасимов редакциясымен жасалған.    Алматы 1999 ж.
  9. Алёхин Б.И. «Бағалы қағаздар нарығы» Мәскеу,  2000ж.
  10. ҚР Статисткалық Мекемесінің мәліметтері 
  11. Қазақстан Республикасы банктер жүйесі. Ақпараттық журнал 3, 2004ж.  
  12. Литвиненко Л.Т. «Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы» 1998ж.

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасы банк жуйесі