Қазақстан Республикасы банк жуйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 06:52, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар, шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды. Ондай тұлғалар – халықтың өзі, одан кейінгісі: мемлекет және банк, басқа қаржылық делдалдар.

Работа состоит из  1 файл

Kursovaya_BANK.doc

— 271.00 Кб (Скачать документ)

Басқарма (банк кеңесі) – банк иелерінің, оның акционерлерінің  өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды. Басқарманың ең басты міндеті  жұмсалған капиталға қажетті  пайда деңгейімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, кеңес клиеттерінің мүддесін қорғау туралы да жұмыс жасауға тиіс.

Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы банк –  күрделі және біршама тәуекел  кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті мамандар мен жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс.

Комитет құру. Ірі  банктерде шешім қабылдау үшін мынадай комитет құрылады: әкімшілігі, есеп-қарыздық, ревизиялық.    

Қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау  жасау. Басқарма заңды түрде несие  мен бағалы қағаздар портфелінің  құрылымына банк саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды.

Банк қызметінің мерзімді тексеру. Басқарма мүшелері банктің  операцияларына жалпы бақылауды  жүзеге асырады. Өз мәжілістерінде басқарма,    бөлім   жетекшілерінің    есептерін    тыңдайды   және   банк   ісін талқылайды. Басқарма мүшелері өздерінің шешімдері, зияндары, қателіктері, банктер туралы заңда бағынбағандары үшін жауапты.

Кеңес коммерциялық банктегі акционерлер жиналысының  нұсқауына сәйкес тәжірибелік қызметті жүргізетін ең жоғары басқару органы болып табылады. Кеңес (басқарма) тәжірибелік операцияларға жетекшілік жасау және жүзеге асыру үшін банкті басқаратын құрылым құрады. Операцияларды басқару ресурстарды жинақтау қызметтеріне және оларды пайдалану тәсілдеріне бөлінуге негізделген.

Директорлар кеңесі іс - тәжірибелік операцияларды жүзеге асыру және басшылық ету үшін банкінің басқару құрылымын құрады. Өкілеттік көлемі мен өз бетіндік дәрежесі бойынша басқару құрылымы 3 деңгейден тұрады.

  1. жоғарғы менеджерлер;
  2. администраторлар;
  3. қадағалау және ревизиялық функциялар берілген тұлғалар.

Жоғарғы менеджерлер - бөлімдер мен службалардың қызметтерін     шоғырландырады, олардың бағдарламаларымен  нақты мақсатын айқындайды, кеңес  және олардың жұмыстарына бағасын  береді. Олар өздерінің басты назарын  банк жұмысының нәтижесіне аударды.

Администраторлар - бөлімше жетекшілері. Олардың басты  мақсаты - өздерінің  бөлімшелерінің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету.

Үшінші деңгейдегі қызметкерлерге – қадағалаушылар жатады. Бұл қатардағы жұмысшыларға көмек  көрсететін, күрделі және даулы сұрақтарды шешетін, нақты жағдайлар бойынша кеңес беретін, персоналды оқытумен айналысатын шағын маманданған топтар немесе бөлімшелерге басшылық ету тапсырылған неғұрлым мамандандырылған кәсіпқой мамандар.

Бақылаушы –  бухгалтерлік және статистикалық бөлімінің жұмысын басқарады, жұмыстың жаңа тәсілдерін және есептің автоматтандырылуымен айналысады.   

Банктің құрылымы, бөлімдерінің саны, қызметтердің мамандануы, жетекшілердің құрамы, өкілеттіліктердің  бөлінуі тағы сол сияқты факторларға байланысты және экономикалық біртұтастығымен анықталады. Банк құрылымын ұйымдастырудың ұтымдылығын талдау – жалпы банктегі еңбекті тиімді ұйымдастырудың, оның коммерциялық қызметінің маңызды шарты. Банктің ұйымдастырушылық құрылымының негізгі белгілері – банктің орындайтын операциясының көлемі мен экономикалық мазмұны болып табылады. Банктік іс тәжірибеде банктік ұйымдастырушылық құрылымының 2 түрі бар: функционалдық және дивизионалдық.

Функционалдық ұйымдастырушылық құрылымы банк қызметінің жекелей бөліктерге бөлінуі, іс-әрекеттің немесе қызметінің оқшауланған саласының белгілі бір дәрежеде көрсетілуі, олардың жүзеге асырылуы банктердің алдына қойған мақсатына жетуге септігін тигізеді.

 

 

 

3 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі

   мәселелер және жетілдіру жолдары

 

3.1 Банк жүйесінің жетілдіру жолдары

Әлемдік экономикаға неғұрлым тығыз кірігу жолында отандық банк жүйесін одан əрі жетілдіру түйіндірөл атқарады. Банк секторын ырықтандыру капиталды басқаруда озық шетелдік тəжірибені енгізуге,менеджмент сапасын жəне тиісінше, банк жүйесін дамыту деңгейін арттыруға ықпал етеді.Банк секторын ырықтандыру мəселесі Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөз процесішеңберінде қаралады. Осыған байланысты одан əрі ырықтандыру, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметіне тең жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместерінің қазақстандық банк нарығына кіруі жөніндегі бірқатар шектеулер жойылды.

Банк жүйесі қызметінің ашықтығын арттыру мақсатында Банк қызметінің ашықтығын арттыру  мəселелері бойынша ынтымақтастық жəне өзара іс-қимыл жасау туралы меморандум əзірленіп, банктерге қол қоюға ұсынылды, онда банктің шынайы меншік иелері туралы, банк бақылайтын ұйымдардың тізбесі туралы, банктің аффилиирленген тұлғалары жəне олармен жасалатын мəмілелер туралы, банк бизнесін дамытудың жақын арадағы бес жылға арналған стратегиясы туралы ақпаратты банктердің ашуы көзделеді.

Экономиканың  үздіксіз өрлеуі, елдегі қолайлы инвестициялық  ахуал, соңғы жылдары банк секторының орнықты дамуы халықаралық кредиторлар тарапынан сенімнің нығаюына жəне соның нəтижесінде сыртқы қарыздардың ағылуына ықпал етті, бұл өз кезегінде банк секторының шетелден алынатын қарыздарға тəуелділігін күшейтуі мүмкін. Сырттан қарыз алудың өсуі банк секторының айтарлықтай валюталық тəуекелге бейімділік дəрежесін арттыруға алып келуі мүмкін екенін атап өткен жөн, оның келеңсіз əсері банктердің валюталық міндеттемелерін қайта бағалауға, сондай-ақ қайта қаржыландыру тəуекелдеріне, пайыздық тəуекелге жəне өтімділік тəуекеліне əкеп соғуы мүмкін. Қазақстандық банктер сыртқы қарыздарды негізінен құбылмалы пайыздық ставка бойынша тартатынын айрықша атап өту қажет. Өз кезегінде, əлемдік нарықтағы ахуал мен кредиттік келісімдердің шарттары күрт өзгерген жағдайда банктер өз міндеттемелері бойынша жауап беруге қабілетсіз болуы мүмкін, бұл жекелеген банктің де, республиканың бүкіл банк жүйесінің де рейтингіне келеңсіз ықпал етуі мүмкін. Ағымдағы жылы банктердің сырттан қарыз алуын шектеу мақсатында пруденциалық сипаттағы тиісті жанама шаралар қабылданды. Отандық банк жүйесін жетілдіру жөніндегі қабылданып жатқан шараларға қарамастан, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру қажет. Банк секторын одан əрі дамыту мақсатында, сондай-ақ алдағы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін ескере отырып, халықаралық стандарттарды ескере отырып банк заңнамасын жетілдіру, бəсекелестікті дамытуды жəне шетелдік банктердің отандық қаржы нарығына кіруін ырықтандыруды дамыту тəуекелдерді бағалау негізінде шоғырландырылған қадағалауды жетілдіру бойынша шараларды қабылдау (ҚР-дағы қолданыстағы кангломераторларды жəне осыған байланысты тəуекелдердің туындауын ескере отырып), банктердіңсыртқы нарықтарға экспансиясына, тұтынушылық кредит берумен жəне шағын бизнеске кредит берумен байланысты банк тəуекелдерін төмендету, қаржы статистикасын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу ұйғарылады.

Негізгі шаралар:

1. Шетелдік банктердің  отандық қаржы нарығына кіруін  ырықтандыру

Жаһандандыру  процесін, Қазақстан Республикасының  ДСҰ-ға кіру перспективасын ескере отырып, банк жүйесінде ырықтандыру жəне бəсекелестікті арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру орынды болып табылады. Шетелдің қатысуы бар, банктердің қызметі үшін алынған шектеулерден өзге (шетелдің қатысуы бар банктердің жиынтық жарғылық капиталына, Басқарма құрамына, қаражатты ішкі активтерге орналастыру жөніндегі талаптарға, сондай-ақ персоналға қатысты) өтпелі кезеңді жəне елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге танылған шарттарды сақтаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында олардың филиалдарының қызметіне рұқсат беру мүмкіндігін ұйғарылады.

2. Шоғырландырылған  қадағалауды жетілдіру жəне оның əлемдік нарықтарға кіруін жеделдету мен белсенді халықаралық ынтымақтастық үшін ұлттық банк секторының айқындылығын қамтамасыз ету Шоғырландырылған қадағалауды жетілдіру жəне банк секторында айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында шоғырландырылған қадағалау, меншік иелері құрылымы, аффилиирлендірілген тұлғаларменқарым-қатынас жасасу бөлігінде банктердің заңнама талаптарын орындауын қамтамасыз етуге бағытталған банктік қадағалау рəсімдері жетілдірілетін болады.

3. Жылжымайтын  мүлікке кредит беру көлемінің  өсуіне, банктердің сыртқы нарықтарға  экспансиесіне, тұтыну кредитін  беруге жəне шағын бизнеске кредит беруге, сондай-ақ банк қызметтерінің тізбесін дамыту мен кеңейтуге байланысты банк тəуекелдерін азайту үшін шаралар қабылдау Екінші деңгейдегі банктердің кредит тəуекелдерін, сондай-ақ жоғарыда санамаланған тəуекелдерді қажеттілігіне қарай бағалау мақсатында жəне экономикалық орындылықты ескере отырып қолданыстағы банк заңнамасы, əсіресе пруденциалдық реттеу жəне екінші деңгейдегі банктердің активтерін сыныптауəдістемесі бөлігінде жетілдірілетін болады.

4. Халықаралық  стандарттарды ескере отырып  банк заңнамасын жетілдіру Қазақстанның банк секторын реттеуді халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында Қазақстанның банк жүйесінің Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің "Капитал есебінің жəнекапитал стандарттарының халықаралық конвергенциясы" (International Convergence of Capital Measurmentand Capital Standars) (Базель II) капитал барабарлығының жаңа келісіміне көшуін жүзеге асыру жөніндегіжұмыс жалғастырылатынболады. Орта мерзімді перспективада Базель II көшуді аяқтау жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады, ол бірқатар шараларды жүзеге асыруды ұйғарады, атап айтқанда:

1) Агенттіктің  Базель II көшу кестесін Базель II енгізу жөніндегі Топтың (Accord Implementation Group) өкілдерімен келісу;

2) Базель II қағидаттарымен  кеңінен танысу жəне оларды көбінен түсіну мақсатында Агенттіктің ресми сайтында оның мəтінінің орыс тіліндегі нұсқасын орналастыру;

3) елдердің қадағалау органдарына олардың Базель II көшу ойлары мен шарттары туралы тиісті сұрау салулар жіберу;

4) отандық банктердің  орталықтандырылған рейтингтер əдісін пайдалану орындылығын қарастыру; Бұдан басқа, банктердің қызметіне қойылатын талаптарды арттыру, халықаралық практиканы ескере отырып екінші деңгейдегі банктерде тəуекелдерді басқару жүйесін одан əрі жетілдіру жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады.

5. Қадағалау  ақпаратымен алмасу үшін шетелдік  мемлекеттердің қадағалау органдарымен  өзара іс-əрекет жасасу Халықаралық стандарттарды ескере отырып, банк заңнамасын əсіресе Қазақстанның банк жүйесінің Базель II көшуін жүзеге асыру бөлігінде жетілдіру жөніндегі шаралар шеңберінде елдердің Қазақстанда қаржы ұйымдарының еншілес қаржы ұйымдары бар барлық реттеу органдарымен (АҚШ, Нидерланды) жəне тиісінше Қазақстанның қаржы ұйымдарының еншілес ұйымдары мен филиалдары бар елдермен ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы меморандумдарды жасасу жөніндегі жұмыстарды жеделдету,сондай-ақ Қазақстанда еншілес банктері бар бас банктердің (атап айтқанда, АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания) қадағалау органдарымен бас банктердің Базель II ережелерін қолдануда өзара іс-əрекет стратегиясын əзірлеу, оның ішінде техникалық ынтымақтастық саласында шет елдердің қадағалау органдарымен қарым-қатынастарды орнату ұйғарылады.

6. Депозиттерді  міндетті кепілдендіру жүйесін  дамытуды жетілдіру. Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру жүйесінің (бұдан əрі - Жүйе) үздік халықаралық практикаға сəйкес келуі мақсатында мынадай негізгі шараларды жүзеге асыру қажет: үздік əлемдік тəжірибені жəне Халықаралық депозиттерді сақтандыру жүйелері қауымдастығының (ІАВІ) ұсынымдарын ескере отырып, Жүйені одан əрі жетілдіру;

2007 жылдан бастап  Жүйеге қатысушы банктер үшін  міндетті күнтізбелік жарналардыңəртараптандырылған ставкаларын енгізу;

мəжбүрлеп таратылған банктің міндеттемелері мен мүлкінің бір бөлігінің екінші банкке (банктерге) бір уақытта берілуі жөніндегі операцияларды жүргізу мəселелері бойынша нормативтік құқықтық базаныəзірлеуге қатысу.

7. Елдің банк секторының сыртқы қарыз алуын басқару тиімділігін арттыру.

Ағымдағы жылы қабылданған халықаралық қаржы  ұйымдарының ұсынымдарын ескере отырып,халықаралық практиканы зерделеуге негізделген банктердің сыртқы қарыз  алуын шектеу жөніндегішараларды, перспективада, қалыптасқан жағдай шеңберінде жəне көрсетілген шаралардың банксекторының сыртқы қарыз алу көлеміне əсер етуін назарға ала отырып, қажет болған кезде банктердіңқызметін пруденциялық реттеуді жетілдіру шеңберінде осы бағыттағы жекелеген нормативтер менлимиттерді қайта қарау мүмкін.

8. Қаржы статистикасын  жетілдіру

Экономиканың  қаржы секторының ұзақ мерзімді кредит беру статистикасының жоқтығы банкжүйесінің  өнеркəсіптің негізгі құралдарын құру жəне жаңғыртуға инвестициялық кредит беруін тиісіншебағалауды жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Банктік емес ұйымдардың секторы.

Мақсаты мен  міндетi:Қазақстан Республикасында да, шет елдерде де банктік емес ұйымдарды дамыту мен олардыңқызметінің негізгі мақсаты халықты, шағын жəне орта кəсіпкерлерді кредиттік ресурстармен қамтамасыз ету осы ұйымдардың бəсекеге қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығының деңгейін арттыру болып табылады.Банктік емес ұйымдар қаржылық қызметтер нарығындағы екінші деңгейдегі банктер жасауы мүмкінақауларды толтыруға ықпал етуге тиіс.Ағымдағы жағдайБанктік емес ұйымдардың секторын одан əрі жетілдіруді қамтамасыз етуде қаржы жүйесін елеулітəуекелдерден, ал халықты - бір жағынан қағидатсыз іс-əрекеттерден қорғау, екінші жағынан – инновацияны дамыту жəне кəсіпкерлікті дамыту үшін кедергілерді жеңу арасында балансқа қол жеткізу қажеттілігімаңызды рөл ойнайды.

Негізгі шаралар:

1. Ипотекалық  ұйымдар қызметін реттеудің заңнамалық  және нормативтік базасын одан әрі жетілдіру;

Ипотекалық  ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жəне тəуекелдерін ырықтандыру мақсатында оларды Базель комитетінің банктік қадағалау жөніндегі ұсынымдары мен Еуродирективаларға сəйкес пруденциалдық реттеу көзделген. 3 жылға есептелген олардың мөлшерін кредит ұйымдары үшін 2000 жылғы 20 наурыздағы 2000/12/ директивасымен көзделген 2009 жылдың 1 қаңтарына 800 млн. теңгеге дейін жеткізе отырып, ипотекалық ұйымдардың жарғылық жəне жеке меншік капиталын арттыруды жүзеге асыру ұйғарылады. Бұл түпкіліктісатыда ипотекалық нарықта төмен капиталдандырылған ипотекалық ұйымдардың қатысу болжамын жоюға мүмкіндік береді. Перспективада ипотекалық ұйымдар қызметінің нəтижелерін талдау негізінде, оларды тиімдіқалыптасуы мен жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау мақсатында реттеуші төрелік пен бəсекелестіктегі кедергілерді болдырмауға негізделген ипотекалық ұйымдардың қызметін реттеудің заңнамалық жəне нормативтік базасын жетілдіру ұйғарылады. Бұдан басқа, ипотекалық компаниялардың тəуекел-менеджменті жүйесін жетілдіру мəселелеріне көңіл бөлінетін болады.

2. Ипотекалық  тұрғын үй қарыздарын беруге құқықты ұйымдардың тізбесі бойынша шектеулерді енгізу.

«Қазақстан  Республикасында банктер мен  банк қызметі туралы» Қазақстан  Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы  Заңында банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға, оның ішінде ипотекалық қарыздар беруге құқықты ұйымдардың (банктер, ипотекалық ұйымдар, брокерлер жəне (немесе) жалғыз акционері (қатысушысы) мемлекет болып табылатын атаулы ұстаушы жəне заңды тұлға ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар дилерлер).Бұл ретте мемлекеттік даму институттарын қоспағанда, барлық көрсетілген ұйымдар үшін олардың қызмет ерекшелігін ескере отырып пруденциалдық реттеу көзделді.

Информация о работе Қазақстан Республикасы банк жуйесі