Қазақстан Республикасы банк жуйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 06:52, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар, шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды. Ондай тұлғалар – халықтың өзі, одан кейінгісі: мемлекет және банк, басқа қаржылық делдалдар.

Работа состоит из  1 файл

Kursovaya_BANK.doc

— 271.00 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік бағдарламаларды  іске асыру шеңберінде құрылған мемлекеттік даму институттары үшін пруденциялық реттеу көзделмеген, өйткені нормативтік реттеуді енгізу осы бағдарламаларды іске асыруға кедергі келтіруі мүмкін.Пруденциялық реттеу көзделген жəне осы реттеу көзделмеген ұйымдардың қаржы қызметтерінің бір нарығында қызметі біріншісін теңсіздік жағдайына қояды. Бұдан басқа, ипотекалық кредит беру нарығының, атап айтқанда қарыз алушының төлем қабілетсіздігіне жəне жылжымайтын мүлік нарығында, атап айтқанда тұрғын үй нарығында бағаның мүмкін күрт ауытқуларына байланысты жоғары тəуекелдер тəн ерекшелігін ескеру қажет.Осыған байланысты, заңнамалық деңгейде екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық ұйымдарды енгізе отырып, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге құқықты ұйымдардың тізбесін шектеген жөн.

3. Жылжымайтын  мүлікпен жасалатын алыпсатарлық  мəмілелердің көлемін тежеу жүйесін енгізуЖылжымайтын мүлік нарығының дамуын талдау Қазақстанда коммерциялық (офистер, қоймалар) жəне тұрғын үй жылжымайтын мүліктің түрлі секторларына салымдар бойынша кірістілік орташа есеппен алғанда жылдық 12-16%-ды құрайтындығын куəландырып отыр, ол банк салымдары бойынша кірістіліктен асып түседі. 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда жеке тұлғалардың мерзімді салымдары бойынша орташа өлшемді пайыздық ставка соңғы 2 жылда тұрғын үйге бағаның өсуі жылына 48%-ды құрағандығына қарамастан, теңгемен жылдық 9,4%-ды шетел валютасымен 5,9%-ды құрайды.

Бұдан басқа, жылжымайтын мүлікті жалға беру кірістілігін талдауды жүргізу кезінде республикада алыпсатарлықтың негізгі объектісі құны 50 мың АҚШ долларынан асатын жылжымайтын мүлік болып табылатындығы анықталды, ол жалға берушіге орташа алғанда жылдық 17,2% кірісті қамтамасыз етеді. Мұндай ахуал тұрғын үй нарығында сақталып отырған бағаның өсу үрдісімен қатар кейіннен сату жəне құнының өсуінен кіріс алу мақсатында тұрғын үйді сатып алуға мүдделікті ынталандырады. Тұрғын үйге сұраныс пен ұсыныс арасында тепе-теңдіктің болмауы, тұрғын үйді сатып алу-сатумен айналысатын делдал ұйымдардың көптігі, делдал жəне құрылыс компанияларының қызметіне қатаң мемлекеттік бақылаудың болмауы жəне т.б. сияқты факторлармен қатар тұрғын үй алыпсатарлығы «сабынды көпіршік» қаупін жəне тұрғын үйге бағаның «құлау» қауіптілігін тудырады, ол ипотекалық кредиттер бойынша кепіл құнын төмендету мағынасында қаржы ұйымдары үшін шынайы қауіптілікті білдіреді.

Тұрғын үймен  алыпсатарлық мəмілелерді жасауды азайту мақсатында мынадай шараларды енгізу орындылығы қарастырылатын болады:

1) қосымша тұрғын  үй сатып алушылар үшін қосымша  біржолғы салық жəне/немесе мұндай салыққа жоғары салық салу;

2) сатып алғаннан  кейін екі-үш жылдың ішінде  тұрғын үй сатушылар үшін салық  салуды (оның ішінде капиталдың  өсімінен) қатаңдандыру.

 

3.2.Банктік кызметтердің  даму перспективалары 

 

Экономикалық  механизімінің дамуы нарыққа  өту жағдайында, ақшалай айналым  жүйесін құруда, клиенттерге кассалық есеп айырысулық қызметте ұйымдастыруда  өте жоғары талаптарды көрсетеді. Төлемдік айналымның өсуі немесе айналым шығынның өсуі, төлем түріндегі тез өсетін қажеттілікті қанағаттандыратын және айналым шығындарын бір уақытта төмендетуде ақша құралдарының айналымын тездететін және еңбек шығындарының қысқаруын қамтамасыз ететін ақшалай айналымның жаңа механизмін құрудың қажет екендігін білдіреді. Осыған байланысты банктік қызмет нарығында жаңа банктік өнімдер және қызметтер түрлері пайда болуда. Сонымен қатар, бұрын ұмытылып кеткен ескі аккредитив, банктік кепілдемелер және инкассо сияқты өнімдерді активтендіру жағдайларын да айтуға болады. Мынандай жаңа банктік қызметтерді атап өтуге болады: төлемдік карточкалар, форфейтинг, банк-клиент жүйесі, резервтік аккредитивтер, факторинг, траст операциялары, банк-клиент, НОМЕ-Банкинг және т.б.

Бұл банктік қызмет түрлері өздерінің қолдауларын тапты және ҚР-да соңғы төрт жылда ксң тарады. Жаңа банктік өнімдерді жеке-жеке қысқаша қарастырайық (тәуекелдер, артықшылықтары, кемшіліктері).

Төлемдік карточка - бұл карточканы қолданатын тұлғаға  товар және қызметке нақтысыз төлем жасауға, сонымен қатар банк бөлімшелерінен және банктік автоматтардан (банкоматтан) нақты ақшаны алуға мүмкіндік беретін, жекешелендірілген төлем құралы. Карточканы қабылдайтын сауда кәсіпорындары, сервис кәсіпорындары және банк бөлімшелері карточканың қызмет көрсету орнының желісін қүрады (немесе қабылдау желісін).  
Төлем карточка механикалық және сыртқы жерлерге шыдайтын, арнайы пластмассадан жасалғанын білдіреді (85,6 мм, 53,9 мм, 0,76 мм). Алдыңғы бөлімдерде келтірілген қарастырулардан мынаны көруге болады, төлем  
карточкасының негізгі қызметінің бірі-төлем жуйесінің субъекті ретінде,  
оны қолданушы түлғаның жекелігін қамтамасыз ету. Ол үшін төлем карточкасына эмитент-банктің және карточкаға қызмет көрсететін төлемдік жүйенің логотиптері карточканы ұстаушының аты, оның шотының номері, карточканың кызмет көрсету мерзімі және т.б. түсіріледі. Сонымен қатар, карточкада ұстаушының фотосүреті және оның қолы болуы мүмкін. Алфавиттік- сандық берілгендері- аты, шот номері және т.б. эмбоссирленуі мүмкін, яғни рельефті шрифтпен жазылуы мүмкін.

Штрих - коды бар карточкада жекешелендірілген код ретінде тауарларды маркалау үшін қолданылатын кодқа ұқсайтын штрихтік код қолданылады. Негізінен кодтық сызықша көрінбейтін құраммен жабылған және кодты санау инфрақызыл сәулелерде жүргізіледі. Штрих- коды бар карточкалар өте арзан және басқа карта түрлерімен салыстырғанда, оны жасап шығару да қарапайым. Соңғы ерекшелігі олардың жалғандықтан аз корғалғандығын білдіреді және сондықтан төлем жүйелерде қолдану үшін жарамдылығының аз екендігін байқатады.

Магниттік сызығы бар карточкалар бүгінгі күнде  кең таралған болып табылады - осындай карточкалардың түрлерінің екі миллиардтаы астамы айпалымда жүріп жатыр. Магниттік сызық картаньщ теріс жағында орналасқан және 180 7811 стандарттарға сәйкес, үш жолдан тұрады. Олардың алғащқы екеуі идентификациондық белгілдерді сақтау үшін арналған, ол үшіншісіне ақпаратты жазып қоюға болады (мысалы, дебеттік карточка лимитінің ағымдағы мағынасы). Бірақ санау (жазу процессінің көп рет қайталануының сенімділігі жоғары болғандықтан, ережеге сәйкес магнитік сызыққа жазылу практикаланбайды және мұндай карточкалар тек ақпаратты санау режимінде қолданылады. Штрих- коды бар қарталарға қарағанда, магниттік сызығы бар карталардың қорғалымы әлдеқайда жоғары. Бірақ қарталардың мұндай түрлері де адамдарға қолайлы. Соған қарамастан, бүгінде жүзеге асырылып жатқан төлем жүйелерінің дамыған инфрақұрылымы, және бірінші кезекте «карточкалық бизнестің әлемдік  
Лидерлері - Маster Сагсі / Еигорау компаниялары магниттік сызығы бар  
карточкаларды интенсивті қолданудың себебі болып табылады. Айта кететін бір жайт, Visa және Маstег Сагd/ Еигорау жүйесінің карточкаларының қауіпсіздігін жоғарылату үшін корғаудың қосымша графикалық құралдары қолданылады: галлограммалар және эмбоссирлеу үшін стандарттық емес шрифттер.

Несиелік және дебеттік карточкалар корпоративті де болуы мүмкін. Корпоративті карточкалар  жол сапарлық және басқа да қызметтік  шығындарды төлеу үшін өзінің жұмыскерлеріне компаниямен беріледі.  
Компанияның корпоративті карточкалары оның қандай да бір шотымен байланысты. Карточкаларда бөлінген және бөлінбеген шектері болуы мүмкін. Бірінші жағдайда корпоративті карточка ұстаушылардың әрқайсысына жеке шегі белгіленеді. Екінші вариант кішігірім компанияларға тура келеді және лимиттің шектелуін қажет етпейді. Корпоративті карточкалар кызметтердің қызметтік шығындарын қадалауға жақсы мүмкіндіктер береді.

Форфейтинг- бұл  айналым құжатында, кредиторда айналымсыз негізде көрсетілген қарызды  сатып алу. Форфейтинг механизмі екі түрлі келісім түрінде қолданылады: ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді тез орындау мақсатында-қаржылық келісімдерде; шетел сатыға алушысына несие берген экспорттерге нақты ақшаның түсуіне қатысу үшін -экспорттық келісімдерде. Форфейтингтік құрал ретінде қолданылатын негізгі айналым құжаттары вексельдер болып табылады. Бірақ форфейтинг объектісі болып басқа да қағаздар болуы мүмкін. Бұл бағалы бағаздар таза болуы маңызды (тек абстрактылы міндеттемесі бар). Экспортты мемлекеттік несиелендіру әлсіз дамыған елдерде, форфейтинг көп даму алды. Алғашқыда форфейтирование коммерциялық банктермен жүзеге асырылған, бірақ "а-форфе" операцияларыньщ көлемінің көбеюіне байланысты мамандандырылған институттар құрыла бастады.

Қазіргі уақытта  форфейтингтін негізгі орталығы Лондон болып  
табылады, жаңа банктік технологияларды меңгеруде ешқашан әлсіз болмаған, көптеген европалық елдердің экспорты бұрыннан Ситиден қаржыландырудан. Форфейтингтік бизнестің маңызды бөлігі Германияда шоғырланған. Вексельден басқа форфейтинг аккредитив түріндегі міндеттемелер баса алады. Аккредитив- бұл бір банктің (несиелік мекеме) екінші банкке арнайы брондалған құралдары есебінен жөнелтілген тауар үшін тауарлы-транспорттық құжаттарға төлем жүргізу немесе акредитивті көрсетушіге белгілі бір соманы төлеуді білдіретін, есеп айырысулық немесе ақшалай құжат. Құжатты аккредитив қайталанатын және қайталанбайтын болуы мүмкін. Қайталанбайтын аккредитив эмитент-банктің аккредитивте қарастырылған коммерциялық құжаттарды оған ұсыну бойынша төлемдерді жүргізуінің және оның барлық шарттарын сақтаудың қатал міндеттемесі болып табылады. Ресейде аккредитивтер басқа қалалардағы жеткізіп берушулер мен және сатып алушылар арасында есеп айырысуда колданылады, сонымен қатар халықаралық есеп айырысуда қолданлады. Халықаралық саудада құжатты аккредитивтер ең алдымен сыртқа сайда операцияларында қолданылады. Келісімдерді кұрылымдау банктік кызметтің жаңа түрі, ол бұрын еш жерде қолданылмаған. Келісімдерді құрылымдау сипаты бойынша кеңестік операцияларға көп рұқсас. Бір сол уақытта мұнда белгілі бір нақты кызметтер болады.

Банктік қызмет нарығының әрі қарай дамуы  қор нарығының дамуымен тығыз  байланысты болады. ҚР-н бағалы қағаздар бойынша ұлттық комиссиясы және ұлттық банкпен біріге отырып, акциялардың және басқа да бағалы қағаздардың ұйымдастырылған қор нарығында айналымды белсендіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Банктік қызметтердің одан әрі дамуының перспективті бағыты жаңа технологияларды және банктік кызмет көрсету түрлерін енгізу болып табылады. Қазақстанда банктік қызметтер нарығының маңызды перспективті бағыттарының бірі интернет әлемдік ақпарат жүйесін қолдану болып табылады. Бұл сырттай қызмет көрсету деп аталуы мүмкін.

Қазақстанда банктік  қызметтердің даму перспективасы, келе жатқан банктік жұмыстың автоматизациясы. Айтпақшы Американ Экспрессте бұл даму типі келген және бір жылдан астам әрекет етеді.

Ұсынылып отырған  қызмет саны аз, ал персонал көп екендігін  айта кету керек, осылайша банктер осындай  түрде жаңа қызметтерді енгізуде табыстылықты жоғарылату және сәйкесінше өзінің бәсекелестік позициясын алу мүмкіндігінен айырады.

Қазіргі күні Қазақстандық банктік қызмет нарығы үлкен өзгерістерді басынан өткізуді және соңғы жылдары  динамикалық дамушы банктік қызмет нарығына сипатты болды. Бір жағынан жүргізуші Қазақстандық банктер халықаралык төлем жүйелерімен белсенді жүмыс істейді, басқаша жақынан олар өздерінің электрондық жүйелерін құрай отырып, бәсекелестік күреске өздері қосылды. Қазіргі кезде біздің Қазакстандық банктерге қойылған тәуекел пайызы өткен жылға 12% қарсы 4% құрады. Бұл Қазақстанның банк сферасында үлкен талпыныс.

Қазақстандағы экономикалық жағдайлардың ерекшеліктеріне  байланысты банктер көп жағдайларда  дебеттік карточкаларды қолданады. Сондықтан дамудың перспективасы  несиелік төлем карталарды қолдану болу керек. Мұндай қызметті соңғы уақытта Казкоммерцбанк және барлық дамыған елдерде несиелік төлем карталарын қолданылуы болуы керек.  
Қазақстанның төлем карточкалар нарығының басқа ерекшелігі бұл біздің елімізде эмиссияланатын карточкалар, оларды өңдірудің төмен өзіндік құнына қатысты магнитті болып табылады. Электронды карталарға ауысу жақынарада болмайтын болып шығады. Карталардың қызмет көрсету инфрақұрылымы толығымен қайта жабдықталуы қажет болады. Бұл процедура өте қымбат тұрады, әсіресе біздің мемлекетіміз үшін. Басқа жағынан Қазақстан Республикасы біреудің қателіктерінен үйрену арқылы дәстүрлі төлем жүйесінен, "секіріп өту мүмкіндігі бар. Электрондық карталар процессті бұзақылықтан қорғап қана қоймай, сонымен қатар, жалпы экономикалық тұрақсыздықта туындайтын нақтылы-ақшалай айналым мәселелерін шеше алар еді.

Банктік қызметтердің дамуының басқа маңызды бағыты болып  инвестициаларды тарту үшін үлкен  жаңа қаржы құралдарын кең колдана  отырып, бағалы қағаздарымен операциалар  табылады.

Банктік маркетинг  бойынша банктік кызметтердің келесі ерекшеліктері байқалады: абстрактілігі, уақыт бойынша созылмалылығы, ақшамен  келісімдердің келісім-шарттық сипаты

 

 

Қорытынды

 

Нарықтық экономика  ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың ақша-несие және делдалдық қызметінің формалары мен түрлері бойынша көп түрлілігінің, Орталық (бірінші деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) арасындағы функцияларды заң жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.

Банк ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болды.Ал олардың басшылық ролі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің банк  функцияларын, ақша – несие эмиссиясын жүзеге асыруына байланысты орталық банктер коммерциялық банктердің, яғни екінші деңгейлі банктердің қызметіне әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы несиелік мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы бар. Коммерциялық банктер несиелік саясат жүргізуде және өз клиенттеріне толығымен дербес әртүрлі қызметтер көрсетуде.

Информация о работе Қазақстан Республикасы банк жуйесі