Қазақстан Республикасының несие жүйесінің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 13:57, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туын тіккеннен бергі уақытта өткен күрделі әлеуметтік – экономикалық реформалар елдің экономикалық дамуына өзіндік ықпалын тигізді. Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие -ақша және қаржы шаруашылығы; ақша-несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-сонды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түйінді түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополиаланған мемлекет тік банктердің құрылым дардың әкімшілік-әміршілік басқа ру жүйесінен пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негіз делген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.

Содержание

Кіріспе.
1.Қазақстан Республикасындағы несиенің ...........................
экономиканы дамытудағы ролі және несие жүйесі ...........
Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы. ...............
Қазақстан Республикасындағы банктік емес қаржы
институттары. .......................................................................
Несиелік жүйені құру принциптері. ..................................
Несие жүйесінің даму тенденциясы..................................

2.Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының
Орталық банкі және коммерциялық банктер
2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
міндеттері, қызметтері және операциялары, ұлттық банктің эмиссиялық қызметі
2.2 Коммерциялық банктер қызметінің мәні, құрылуы
мен ұйымдастырылуы. ............
2.3 Коммерциялық банктердің ресурстарын қалыптастыру
операциялары. ...................................................................

3.Қазақстан Республикасының несие жүйесін жетілдіру жолдары

Работа состоит из  1 файл

Курс_Қазақстан Республикасының несие жүйесі, және оның қалыптасуы мен дамуы (2).doc

— 296.50 Кб (Скачать документ)

    Сондай-ақ, несиелік қатынастар құрылымының элементі, яғни кредитордан қарыз алушыға  берілетін және қарыз алушыдан кредитрға  қарай кері қозғалатын обьекті болып  табылады. Беру обьектісіне қарыздық құн жатады. Ол құнның ерекше бөлігі ретінде болады. 

    Экономикалық әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т.б. жатқызады.

    Коммерциялық  несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының обьектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты-тауарларды өткізуді жылдамдату.

    Коммерциялық  несие – бұл фексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатанастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты - тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.

    Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер  ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен  айналысатындар бола алады. Комерциялық  несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.

    Коммерциялық  несинің банктік несиеден айырмашы лығы  мынадай:

  • қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез-келген заңды тұлға бола алады;
  • коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
  • қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
  • коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
  • қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құрамына қосылады.

    Банктік несие-бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде  берілетін несиені білдіреді.

    Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құрамына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез-келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу.

    Несиенің  түрлері коммерциялық және банктік  несиеден туындайды.

    Комерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай  белгілеріне байланысты жіктеледі:

  1. Қарыз алушылар категорияларына қарай:    
  1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
  • мақсатты қорларға;
  • банктерге;
  • қаржы-несиелік мекемелеріне.

     2.Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:

  • өнеркәсіп салаларына;
  • саудаға;
  • дайындау ұйымдарына;
  • жабдықтау-сату ұйымдарына;
  • коператифтерге;
  • жеке кәсіпкерлерге.

     3. Тұтыну мақсатына  берілетін несиелер.

  1. Мерзіміне қарай:
  • қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
  • орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
  • ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
  1. Тағайымдалу және пайдалану сипатына қарай:
  • негізгі нормаларға жұмсалатын;
  • айналым қаражатына жұмсалатын.
  1. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
  • кепілхатпен;
  • кепілдемемен;
  • кепілдікпен.
  • Қамтамасыз етілмеген:
  • сенім (бланктік) несиесі.
 
 
  1. Қайтарылу дәрежесіне қарай:         
  • Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
  • Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Сонғы қабылданған актифтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.
  • Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
  1. Фалютамен берілуіне қарай:
  •    ұлттық валютамен;
  • шетел валютасымен.
  1. Берілу шартына қарай:
  • Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін жеке жұмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.Тұтыну несиесінің негізгі міндеті - тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау және көмек көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан - тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені таурларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан-тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілетіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсіресе қазіргі уақытта нарықтық тауарлармен жалығу жағдайында көрінеді.
  • Ипотекалық несие - жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.
  • Мемлекеттік несие - азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемлекет және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы. Мемлекеттік несиенің негізгі формасы - мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндетемелер, тұрғындардың жинақ кассасының салымдары болып табылады.
  • Халықаралық несие - валюталық және пайда төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы.
  • Офердрафт несиесі - клиенттік шартынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
  • Офернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.
  • Банкаралық несие - банктердің бір-біріне беретін несиесі.
  • Ломбардтық несие - тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, беретін несие.
  • Лизингтік несие - құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.
  • Рамбурстық несие - шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикатпен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пай даланатын несие.
  • Сенім несиесі (траст) – банктің сеніміне кірген қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.
  • Маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
  1. Несиелеу обьектісіне қарай:
  • Меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
  • Материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
  • Сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;
  • Азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материадар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;
  • Ломбарттық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
  • Театрлар және демалыс орындарының кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдық үзілістерге;
  • Күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
  • Тез өтелетін тиімділігі жоғары шараларға.

    Қазақстан Республикасының жетекші халықаралық  ұйымдарға мүше болуы, экономикалық реформалар жүргізу үшін қосымша  қаржылық көздерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Халықаралық займдарды пайдалануды екінші деңгейдегі банктер де белсенді қолдануда.

    Қазақстанда несиелердің келесі түрлері дамыған:

  1. Ұлттық банктің несиелері:
  • аукциондық - Ұлттық банктің ақша несие саясатының уақытша құралы болып табылатын және екінші деңгейдегі банктерге аукциондық негізде, республика банктерінің 1 айдан - 3 айға берілетін қысқа мерзімді несиелерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы берілетін несие.
  • ломбардтық - Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, жоғары пайызбен берілетін қысқа мерзімді несиенің түрі.
  • бюджеттік - Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қайтарымдылық шартымен беретін несиесі.
  1. Екінші деңгейдегі банктердің несиелері:
  • өз айналым қаражаттарының жеткіліксіздігін уақытша толықтыру.
  • күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға.
  • импорттық бойынша контрактілерді төлеу үшін берілетін импорт.
  • ипотекалық.
  • несиелік желі негізінде-қарыз алушының бірінші талап етуі бойынша және белгілі бір кезең бойында келісілген лимит шегінде оған несие беру туралы банктің заңдық рәсімделген міндеттемесі.
  • концорциялық - несиелік, кепілдік немесе басқа да банктік операцияларды бірігіп жүзеге асыру үшін қандай да бір ірі банктің қамқорлығы мен бірлескен екі немесе одан да көп банктер беретін несие.
  • тұтыну мақсаттарына.
  • банкаралық.
  1. Қарыз портфелін жіктеу және екінші деңгейдегі банктердің несиелік қызметінен келетін шығындарды жабу үшін резерфтер құру тәртібі туралы ережеге сәйкес Ұлттық банк қарыздардың сапалары бойынша олардан келесі бөлінулерін белгіледі:
  • стандартты-қайтарылу мерзімі әлі жетпеген және сапасы күмән туғызбайтын несие;
  • стандартты емес - несиенің қайтарылуы 30 күнге кешіктірілуімен байланысты тәуекелі аз және бір реттен артық емес ұзартылған несие;
  • қанағаттанарлықсыз - ұзартылу мерзімі ұзартылған қарыз шотына жатқызылған күннен бастап 30 бен 60 күн аралығында және бір реттен артық емес ұзартылған несие.
  • күдікті - қарыздың ұзартылған қарыздар шотына жатқызылған күннен бастап ұзартылу мерзімі 60 күннен 90 күнге дейінгі несие;
  • шағынды - ұзарттыру мерзімі 90 күннен артық несие.

    Банктердің  қарыз портфелінің жіктеуі, оның сапасының жоғарлауы және несиелік қызметтің болуы мүмкін шығындарды жабу үшін резерфтер құру мақсатын көздейді және банктік жүйенің тұрақты даму мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

    Нарықтық  экономикада несие-банк жүйесі маңызды  рөл атқарады. Өнадіріске қатысты  алғанда, екінші кезекте саналатын  несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше ақшалай  қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.

    Несие жүйесінің рөлі мен маңызы келесідей  бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және тағы да басқалары. Несие жүйесі туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі - несие-есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі-несие-қаржы институттарының (мекемелерінің) жиынтығы. Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субьектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлемақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды.

    Несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық  формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандырылған несие-қаржы мекемелері. Мемлекеттік банктің жетекшілігімен ұйымдастырылған несие жүйесінің құрылымы қызмет етсе, нарық экономикасы үшін монополия сыздандырылған банктік және банктік емес мекемелерден құралатын несие жүйесі қажет.

Информация о работе Қазақстан Республикасының несие жүйесінің дамуы