Қазақстан Республикасының несие жүйесінің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 13:57, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туын тіккеннен бергі уақытта өткен күрделі әлеуметтік – экономикалық реформалар елдің экономикалық дамуына өзіндік ықпалын тигізді. Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие -ақша және қаржы шаруашылығы; ақша-несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-сонды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түйінді түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополиаланған мемлекет тік банктердің құрылым дардың әкімшілік-әміршілік басқа ру жүйесінен пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негіз делген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.

Содержание

Кіріспе.
1.Қазақстан Республикасындағы несиенің ...........................
экономиканы дамытудағы ролі және несие жүйесі ...........
Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы. ...............
Қазақстан Республикасындағы банктік емес қаржы
институттары. .......................................................................
Несиелік жүйені құру принциптері. ..................................
Несие жүйесінің даму тенденциясы..................................

2.Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының
Орталық банкі және коммерциялық банктер
2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
міндеттері, қызметтері және операциялары, ұлттық банктің эмиссиялық қызметі
2.2 Коммерциялық банктер қызметінің мәні, құрылуы
мен ұйымдастырылуы. ............
2.3 Коммерциялық банктердің ресурстарын қалыптастыру
операциялары. ...................................................................

3.Қазақстан Республикасының несие жүйесін жетілдіру жолдары

Работа состоит из  1 файл

Курс_Қазақстан Республикасының несие жүйесі, және оның қалыптасуы мен дамуы (2).doc

— 296.50 Кб (Скачать документ)

    Соңғы уақыттарда коммерциялық банктер белсенді түрде өздеріне дәстүрлі емес операцияларды  жүзеге асыра отырып, үнемі қызмет аумағын кеңейтуді және клиенттерге көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын арттырады. Бұл, әмбебап несиелік мекемелер. Сондай-ақ, жоғарыда айтып өткендей өз клиенттеріне бір екі қызмет түрін көрсетуге бағытталған маманданған банктер бар. Банктердің мамандануының типі белгілі бір клиенттер категорияларына ғана (мысалы, биржалық, коммуналдық банктер) қызмет етуге, яғни салалық тұрғыдан мамандануы тиіс. Банктердің функционалдық мамандануы біршама анық бейнеленеді, себебі міндетті түрде банк қызметінің сипатына ықпал ете отырып, активтер мен пассивтерінің қалыптасу ерекшеліктерін, клиенттермен жұмыс жасауды ұйымдастыру ерешеліктерін анықтайды. Ондай типтерге инвестициялық және инновациялық, ипотекалық жинақ банктері және т.б. жатады.

    Инвестициялық және инновациялық банктер ұзақ мерзімге ақшалай қаражаттар тартуға, соның ішінде облигациялық займдар, акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығару арқылы ұзақ мерзімді қарыздар беруге маманданады. Инвестициялық банктер ұзақ мерзімді қаражаттарға деген мұқтаждықты басынан кешкен кәсіпкерлер мен ұзақ мерзімге қаражат салушылар арасындағы делдал болып келеді. Инновациялық банктер де инвестициялық болып табылады. Бірақ, олар техналогиялық жаңалықтарды жасау және игеру үшін ғана несие береді.

    Ипотекалық  банктер жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге несиелік операцияларды жүзеге асырады. Бұл банктер пассивтерінің басым бөлігі ипотекалық облигациялар, акциялар және басқа да бағалы қағаздарды құрайды.

    Салалық және аумақтық банктердің мамандану  дәрежесі олардың активтері мен пассивтерін құрау ерекшеліктері белгілі бір мөлшерде олардың қызмет аумағына, сондай-ақ клиенттерінің шаруашылық қызметтерінің ұйымдастыру ерекшеліктері мен байланысты болып келеді.

    “Банктік  қызмет сұрақтары бойынша ҚР-ның  кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”  1997 ж. 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы банктерді: депозиттік және инвестициялық деп бөлуді алып тастады.

    Мамандандырылған  несие қаржы мекемелері кез келген елдік несие жүйесінің маңызды буыны. Оларқарыздық капиталдар нарығының кішкене аясында ғана қызмет етеді. Бұл әр түрлі маманданған қаржы институттарының жиынтығы: сауда ждинақ мекемелері инвестициялық қорлар және компаниялар өзара көмек беру кассалары ломбардтар және т.б. Бұл мекемелер бастапқыдағы дамуында коммерциялық банктер орындамайтын операцияларды орындаған. Ал, қазіргі кезде дамыған елдерде бұл мекемелер халыққа, фирмаларға және компанияларға қызмет көрсетуге байланысты коммерциялық банктермен өзара бәсекеге түседі, яғни коммерциялық банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы айырмашылық жоғалады. Дәстүрлі емес операцияларды кеңейту арқылы бұл мекемелер банктік нарыққа еніп келеді.

    Мамандандырылған  несие қаржы мекемелері ипотекалық және тұтыну сияқты ауылшаруашылық несиелері  саласында кең ауқымда тарауда. Олар халықтың ұсақ жинақтарын тарту, капиталды инвестициялау, бағалы қағаздарды орналастыру және т.б. айналысады.

    Кейбір  арнайы несие институттары Қазақстан  аумағында революцияға дейін  Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС - НЭП) жылдарында және ауылшаруашылығын ұйымдастыру тұсында несиелік серіктестіктер өзара несие беру қоғамы несиелік одақтар және т.б. түріндк болған. Қазір банктік емес мекемелерге өзара көмек беру кассаларын, ломбарттарды, сондай-ақ шаруа қожалығы бірлестіктерін ірі агро өнеркәсіп бірлестіктерін қаржы есеп айырысу орталықтарын жатқызуға болады.

    Жинақ кассалары туралы да ерекше айтып  кету орынды. Бұрынғы КСРО несие  жүйесінің құрамына мемлекеттік  еңбек жинақ кассалары (КСРО Мемжинкасс) кірген. Олар халық қаражаттарын салымдарға, еркін айналатын мемлекеттік займдарға және ақшалай-заттай лотерейлерге тарта отырып, халыққа бюджеттік қоғамдық ұйымдарға есеп айырысу кассалық қызмет көрсетумен айналысты, сондай-ақ тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің (ТХК) пайлық жарнамаларын қабылдады. Жинақ кассалары барлық әкімшілік аудандарда, ұжымдар мен кең шарларда жұмыс істеді. Қазақстан аумағында олардың саны 4,8 мыңға жуық болды.

    1988 ж. Несиелік реформадан кейін  жинақ кассаларына құрылымдық  қайта құру жүргізілді. Сөйтіп, олардың  негізінде акционерлік-коммерциялық банк – Жинақ банкі құрылды. Нәтижесінде жинақ кассалары коммерциялық банктерден аса ажыратылмайтын банктік мекемеге айналды.

    Банктер арасындағы бәсекенің дами түсуә  халық қаражатын тартудағы жинақ  банк ролін бірден қысқартып жіберді. 1993 жылдың басында жинақ банкке халық салымдарының 40% -ға жуығы (бұрын 100%) және жалпы салым көлемінің 10%-ға жуығы жинақталды. КСРО тарағаннан соң жинақ бантерін ірілендіру жүрді. Жеке коммерциялық банктермен банктік емес мекемелер жоғары қарқында көбеюіне байланысты банк қызметінің ауқымды қысқара бастады. Осыған байланысты кей жерлерде жинақ банкінен кейбір өнімдерін несиелік кооперативтерге қайта түрлендіру орын алды.

    Экономиканың  нарыққа өтуі несиелік жүйеде маңызды  рол атқару мүмкін банктік емес институттардың дамуын талап етеді. Осыған байланысты шеттегі, соның ішінде АҚШ та және Ұлыбританиядағы арнайы несие институттарының қызмет ету мүдделеріне түседі.

    АҚШ та банктік емес несие-қаржы институттарға: өзара жинақ банктері, қарыз жинақ  бірлестіктері, сақтандыру қорлары, несиелік одақтар, зейнетақы қорлары, ақшалай нарықтық өзара қорлары жатады. Бұл институттардың барлығы негізінен халықтан қаражат жұмылдыра отырып, оларды ипотекалық және тұтыну несиелеріне пайдалануға маманданған.

    Өзара жинақ банктері “өзара біріккен” кәсіпорындар түрінде құрылады. Олар халық салымдарын жұмылдыра отырып, оларды жылжымайтын мүлік туралы актілер мен бағалы қағаздарды кепілге ала отырып инвестициялайды. Сондай-ақ, коммерциялық және тұтыну қарыздарын береді.

    Қарыз-жинақ  бірлестіктері – халықтың қаражаттарына қатысты салымдық операцияларды жүргізуімен айналысып, оларды жылжымайтын мүлік сатып алуға (активтің 2/3-ін тұрғын үй сатып алуға) пайдаланады.

    Несиелік  одақтар -  кәсіподақтардың, ірі кәсіпорындардың, шіркеулердің ұйымдастыруымен құрылатын кооператив типтес жинақ мекемелері. Ресурстары акцияларды сату есебімен құралды. Олар көбінесе өз мүшелеріне ұсақ қарыздар беруге пайдаланылады.       

    Сақтандыру  компаниялары біздің сақтандыру ұйымдары айналысып жүргендей операциялармен шұғылданады. Олардың пассивтері сақтандыру жарнамаларынан және активтік операциялардан түскен табыстардан құралып, оларды сақтандыру пассивтеріне төлем төлеуден басқа ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға және тұрғын үй құрылысын кепілдікке салынған мүлік туралы актілерге пайдаланады.

    Жеке  және мемлкеттік зейнетақы  қорлары – халық салымдарын жұмылдыра отырып, ірі капиталды иеленеді және оларды корпорациялардың ақшалары мен облигацияларын сатып алуға жұмсайды, ұсақ қарыздар береді.

    Ақша  нарығының өзара  біріккен қорлары байлық депозиттік сертификаттарды, қазыналық вексельдерді сату жлымен инвестициялық капитал жинақтап, оны нарықта айналысқа түсетін қысқа мерзімді бағалы қағаздардан тұратын активтер портфелін құруға бағыттайды. Бағалы қағаздардан түсетін табыстарды акционерлерге төлеп отырады.

    Ұлыбританияның  несие жүйесінде банктік емес институттарға: құрылыс қоғамдарын, есеп үйлерін, Ұлттық жинақ банк жүйесін, сақтандыру компанияларын, зейнетақы  қорларын, инвестициялық сенім –  қорларын жатқызады. Сонымен қатар, олар халықтан депозиттерді қабылдап, оны тұтыну және коммерциялық несиелерді жеткізіп берумен шұғылданады. Сонымен қатар, олар әр түрлі қаржылық қызметтерін көрсетуге байланысты операциялар ауқымын кеңейтеді. Ондай қаржы қызметтерге: бағалы қағаздармен жасалатын делдалдық операцияларды, лизинг, факторинг және т.б. жатады.

    Ұлыбританияда арнайы қаржы-несие институттарының  американдықтарға қарағанда айырмашылығы – олар депозит қабылдап несие  бергенімен олардың қызметі белгілі  бір сферада шектеледі (мысалы, құрылыс, тұтыну несиесі). Басқаша айтқанда, олардың шағын маманданған сапалық бағаты болады.

    Германияда  мамандандырылған банктік мекемелерге  ипотекалық мекемелер, тұрған үй бірлестіктері, несиелік серктестіктер, инвестициялық  компаниялар жатады.

    Демек, банктік емес мекемелер кез келген мемлекеттік несие жүйесінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Олар коммерциялық банктер орындамайтын қызмет түрлерін өздеріне алу мақсатында пайда болған. Банктік емес мекемелерге тән сипат олар ресурстарды көбінесе халықтың қаражатын тарту жолымен жинақтайды. Олар осындай белгілері арқылы пассивтері негізінен заңды тұлғалардың уақытша бос қаражаттарынан құралатын коммерциялық банктерден ажыраылады. Қазақстан Республикасындағы қызмет ететін банктік заңдар банктерден басқа мекемелердің депозиттер қабылдауына үзілді-кесілді тиім салады.  Бұл дегеніміз біздің республикамыздағы халық салымдарын тарту негізінде қызмет ететін банктік емес институттардың дамуын тежеуі сөзсіз.

         

    1.2 Қазақстан Республикасындағы  банктік емес қаржы институттары.

    Нарықтар  ресурстардың сұраныс пен ұсынысқа сәйкес оңтайлы түрде пайдалануы үшін оларды бөлу арқылы экономикалық тиімділікке қол жеткізді. Қаржы  нарықтары мен жақсы жоға қойылған мекемелер жүйесі қаражаттарды бұл  процестің бір бөлігі ретінде табыстылығы жоғары инвестицияларға аударады. Қаржы жүйесі бұл жүйенің әлсіз дамыған елдермен салыстырғанда, жоғары дәрежеде дамыған елдерде тезірек өсетін және экономикалық жағдайлардың аяқ асты өзгерісіне де тез үйренетін әлемдік тәжірибе көрсетеді, сондықтанда экономикасы дамушы барлық елдер үшін қаржы жүйесінің ажырамас бөлігі – банктік емес қаржы институттарын жедел түрде дамыту маңызды.

    Бюджеттен тыс қорлар – мемлекет оларды белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тарта отырып оперативтік дербес негізінде жұмсайтын қаржылай қаражаттарды қайта бөлу және пайдалану нысандардың бірін білдіреді. Бұл қорлар қаржы нарығының инвесторлары және қатысушылары ретінде бола алады, себебі, ақшалай қаражаттарды пайдалану, оларды жинақтау уақытымен дәл келмейді, ал екіншіден инвестициядан түсетін табыстар сол немесе басқа қордың шығынын қаржыландыратын қосымша табыс болып табылады.

    Қазақстандағы мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға жататындар:

    • Зейнетақы қоры;
    • Халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қоры;
    • Әлеуметтік сақтандыру қоры;
    • Міндетті медециналық сақтандыру қоры (ММСҚ).
 

    Зейнетақы қоры. Оның басты міндеттері:

      1. зейнетақы мен балаларға жәрдемақы төлеу үшін мақсатты алым және қаражат жинақтау, оларды қаржыландыруды ұйымдастыру;
      2. халықты әлеуметтік қолдауға байланысты республикалық және аймақтық бағдарламарды қаржыландыруға келісім шарт негізінде қатысуы;
      3. өзін-өзі қаржыландыру қағидаларының негізінде қор қаражаттарының ұдайы өндірісін ұлғайту.

    Бұл қор 1993 жылдан бастап Әлеуметтік қорғау министрлігіне бағынады. 1994 жылы Зейнетақы қоры бюджеттен тыс болып саналады.

    Зейнетақы қорының қаражаттары меншік формаларына  және қызметіне байланыссыз жұмыс  беретін кәсіпорндардың, мекемелердің ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік  қызметпен айналысатын адамдардың сақтандыру жарналарының аударымдары есебінен құралады. Зейнетақы қорлары мен Әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын жарналар еңбекақы төлеу қорының 30%-ын құрайды. Жинақталатын жарналардың 85% қаражаты – Зейнетақы қорына, ал 15% - Әлеуметтік сақатндыру қоры мен міндеті медициналық сақтандыру қорына тиеслі.

    Қор бюджетінің жобасын Әлеуметтік қорғау министрі жасайды және оны қордың басшыларына береді, оның  құрамына: Қаржы министрлігінен Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкінен, Үкімет және президент әкімшілігінен өкілдері кіреді.

    Әлеуметтік  сақтандыру қоры -  аумақтық және салалық деңгейде бөлінетін, мемлекеттік маңыздылығы бар ресурстардың орталық қоры болып табылады. Әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың ұйымдардың және кәсіпкерлік қызмет пен айналысатын тұлғалардың қаражаттарының міндетті түрде қатысуымен сақтандыру әдісі арқылы құрыдады. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты еңбек ақы төлеу қорынан – мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға аударымдар жасау есебімен қалыптасады. 1993-1195ж.ж. бұл қорға барлық аударымдардың 15%-зы түскен 1996 ж 1-ші қаңтарынан бастап бұл көрсеткіш 5 %-ға азайған. әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаттары әртүрлі жәрдемақылар төлеуге (уақытша жұмысқа жарамсыздарға, бала туына және бала туған кезде бір мезеттік жәрдем ақы түрінде және т.б.), емдеу-демалыс орындарын қаржылынадыруға жұмсалынады. Бұл қордың шығындарының басым бөлігін жәрдем ақы төлеуге жұмсалатын қаражаттар алады.

    Еңбекпен  қамту мемлекеттік  қоры 1991жылы мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің төңірегінде дербес жүйе ретінде құрылған және мемлекеттің жұмыспен қамтуға байланысты саясатын іске асыру бойынша шараларды қаржыландыруға бағытталады. Қаулымен анықтағандай оның қаражаты мемлекеттік бюджетке жатпайды, ендеше ол да бюджеттен тыс қор болып табылады. Соған қарамастан 1993 жылы оның қаржылық жағдайының жақсаруы және артық қаражаттарын бюджеттің қажетіне жұмсау мүмкіндігіне байланысты ол бюджетке біріктіріледі. 1995 жылы мамыр айынан бастап Еңбекпен қамту мемлекеттік қоры қайтадан бюджеттен тыс қор болып шығады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының несие жүйесінің дамуы