Қазақстан Республикасының несие жүйесінің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 13:57, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туын тіккеннен бергі уақытта өткен күрделі әлеуметтік – экономикалық реформалар елдің экономикалық дамуына өзіндік ықпалын тигізді. Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие -ақша және қаржы шаруашылығы; ақша-несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-сонды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түйінді түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополиаланған мемлекет тік банктердің құрылым дардың әкімшілік-әміршілік басқа ру жүйесінен пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негіз делген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.

Содержание

Кіріспе.
1.Қазақстан Республикасындағы несиенің ...........................
экономиканы дамытудағы ролі және несие жүйесі ...........
Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы. ...............
Қазақстан Республикасындағы банктік емес қаржы
институттары. .......................................................................
Несиелік жүйені құру принциптері. ..................................
Несие жүйесінің даму тенденциясы..................................

2.Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының
Орталық банкі және коммерциялық банктер
2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
міндеттері, қызметтері және операциялары, ұлттық банктің эмиссиялық қызметі
2.2 Коммерциялық банктер қызметінің мәні, құрылуы
мен ұйымдастырылуы. ............
2.3 Коммерциялық банктердің ресурстарын қалыптастыру
операциялары. ...................................................................

3.Қазақстан Республикасының несие жүйесін жетілдіру жолдары

Работа состоит из  1 файл

Курс_Қазақстан Республикасының несие жүйесі, және оның қалыптасуы мен дамуы (2).doc

— 296.50 Кб (Скачать документ)

    Оның  қаражат көздеріне:

    • меншік және шаруашылық жүргізу түріне байланыссыз кәсіпорындардың, ұйымдардыңғ, мекемелердің және де басқа да жұмыс берулердің еңбек ақы төлеу қорынан белгілі мөлшерде міндетті аударымдар жасау (2%);
    • мемлекеттік бюджеттен бөлінетін дотация;
    • отандық және шетелдік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың және азаматтардың ерікті жарналарынан коммерциялық қызметтен түсетін табыстардан жіне басқа да түсімдерден.

    Міндетті  медициналық сақтандыру қоры. 1995 жылы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы үкемітінің №1295 қаулысымен Қазақстан Республикасы үкіметі қарамағында міндетті медициналық сақтандыру қоры құрылды. Бұл қор Қазақстан Республикасы заңдарында көзделгендей міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандырылған азаматтардың сол облыстағы мемлекеттік қаржы саясатын қарастырып, сондай-ақ ол жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланыста шараларды дайындап жүзеге асыруға, Қазақстанның барлық аумағында сақтандырылған азаматтарға медициналық көмек ретінде жағдай жасауға бағытталады. 

    Қазақстан Республикасында  бюджеттен тыс  қорға аударымдар пайызы

     Еңбекақы төлеу  қоры 
 
 
 
 

                             30%                                                         Мемлекеттік                                                  

                                                                                                 жұмыспен

                         85%  15%                                                  қамту қоры (2%)

              

     Зейнетақы  қоры                                     Әлеуметтік сақтандыру қоры (5%)

                                                                  Мінд. мед. Сақтандыру қоры (10%) 

    ҚР  үкіметі қарамағындағы Міндетті медициналық сақтандыру қорының  қаржылай қаражаттары мемлекеттік медициналық сақтандыру меншігінде бола отырып, бюджеттік құрамына және басқа да қорларға кірмейді.

    Олар  келесі көздердің есебінен құралады:

    • ҚР үкіметінің белгіленген мөлшерде жұмыс берушілерді міндетті медициналық сақтандыруға төленген сақтандыру төлемдерінің бір бөлігінен;
    • Қордың қаржылай қаражаттарының нормаланған сақтандыру запасынан;
    • Қордың уақытша бос қаржылай қаражаттарын пайдаланудан түскен табыстардан;
    • Заңды және жеке тұлғалардың өз еркімен жарна қосуы және сый тартуынан;
    • ҚР заңдарымен тыйым салынбаған басқа да түсімдерден.
 

    Мемлекеттік емес зейнетақы қоры (МЕЗҚ) – бұл қоғамдағы әлеуметтік ауыртпалықты азайтуға, мемлекеттің өз міндеттерін орындаудағы шығындарын қысқартуға, қаржы нарығының тұрақтылығын артыруға ұзақ мерзімді инвестициялауға арналған “арзан ақшаларды” тартуға мүмкіндік беретін әлеуметтік экономикалық институт болып табылады. МЕЗҚ  - келісім шартқа сәйкес жарнамаларды жинақтап, зейнетақы төлейтін коммерциялық ұйымдар ретінде құрылды. Қор жинақталған қаражаттарды көбейту мақсатында оларды зейнетақы қорынан активтерін басқаруға арнайы компанияға (ЗАБК) береді. Бұл қор банктік шотын кастодиандық қызметпен айналысуға лицензия алған кастодиан банкте ғана ашады.

                 Кастодиан – бұл бағалы қағаздар мен ақшалай қаражаттар мәмілесін жүргізетін және өзіне сенім тапсырған бағалы қағаздарды сақтандыру және есепке алуға байланысты кәсіби қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғ

      Қор қызмет ететін кастодиан  банкпен зейнетақы активтерін  басқаратын компаниямен бірге  ақпараттарды үнемі салыстырып отыру тиіс. Кастодиан – банк: зейнетақы және корпоративтік активтердің жалпы сомасын, инвестицияланған қаражаттар сомасын, қаржы инвестициясы құнының өзгеруін, бағалы қағаздарды сатудан түскен сомасын коммиссиондық сыйақы сомасын тексереді.

    Зейнетақы активтерін басқару компаниясымен: зейнетақы жарналарының түскен сомасы, зейнетақылық жиналымдарға төленген төлемдер сома, инвестиция түрлері бойынша  инвестицияланған қаражаттар сомасы, алынған инвестициялық табыс  сомасы, басқа қорларға ауысқан салым иелерінің саны және олардың сомалары салыстырылады.                                                      

    Инвестициялық қор (инвестициялық компания) – тарытлған қаражаттарды бағалы қағаздарға инвестициялау мақсатында, өзінің акцияларын шығару және ашық түрде орналастыру арқылы ақшалай қаражаттарды тартуға байланысты қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғам формасында құрылатын заңды тлға. Акционерлермен өзара қатынасына байланысты инвестициялық қорлар келесідей түрге бөлінеді: өзара біріккен қорлар – ашық инвестициялық қор және инвестициялық компания – жабық инвестициялық қор. 

    Инвестициялық қордың келесідей  құқықтары болады:

    • сол инвестиция қордың бағалы қағаздар портфеліне тиісті акциялары бойынша акционерлік  қоғамның басқаруына қатысуға;
    • басқарушылар  мен бағалы қағаздар портфелін басқару  туралы келісім шарт жасауға;
    • басқа тұлғалардың  барлығымен, соныңішінде тіркеуші кастодиандық келісім шарт жасауға, өзгертуге  және қарым қатынасты тоқтатуға;
    • инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелін басқаруға байланысты қызметті жүзеге асыруға кез келген сұрақтарды инвесторлық басшысынан талап етуге және алуға;
      • Инвестициялық қордың мына салаларына тыйым салынады:
        • акциядан  басқа бағалы қағаз түрлерін шығаруға;
        • банктерден  инвестициялық қордың таза активтерінің құнының 10%-дан астам мөлшерде, 6 айдан асатын уақытқа заемдық қаражаттар алуға;
        • акцияның  бақылау пакетін салып алуға  күшті шектеу қоюға;
        • кез келген тәсілде заемдар беруге;
        • қайта сатып  алу шартымен өзіне тиісті бағалы қағаздарды салуға (РЕПО операциясы).
       

          Инвестициялық қорға қойылатын ең маңызды шектеу –бұл оны өзінің бағалы қағаздар портфелінен  басқарудағы қызметін тәжірибе жүзінде  айыруды сипаттайды. Бағалы қағаздар портфелін басқаруға қатысты  барлық қызмет инвестициялық қорды  басқарушыға жүктеледі.

          Инвестициялық қорды басқарушы – инвестциялық қор мен оны басқару туралы келісім шарт негізінде әрекет етуші  және бағалы қағаздар портфелін басқаруға  байланысты кәсіби қызметті жүзеге асырушы  заңды тұлға.

          Инвестициялық банктерден басқаларының басқарушы қызметін атқаруға құқығы жоқ.

          Несиелік  серіктестік  дегеніміз – банк болып табылмайтын, өзінің қатысушыларына  несие беру және қызмет көрсету мақсатында құрылған, өз қызметін Ұлттық банктен қарыздық және басқа да банк операцияларын жүргізуге берген лицензиясы негізінде жүзеге асырушы заңды тұлға. Несиелік серіктестік жабық акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде құрылатын және өз қызметін жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады. Несиелік серіктестіктің қатысушылары жарғылық қорының 50%-дан астамы мемлекетке жататын өкілетті атқарушы және сот билігінен, қаржылық капиталы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ, оны тіркеген мемлекеттің заңымен сәйкес келетін оффшорлық аймақтағы компания статусы бар заңды тұлғалардан басқа жеке және заңды тұлғалар (резиденттер және резидент еместер) болуы мүмкін.

          Несиелік  серіктестіктердің Қазақстан Республикасының  аумағында сондай-ақ одан тысқары  жерлерде филиалдарын, өкілеттіліктерін және еншілес серіктестіктері ашуға  құқығы болмайды. 

            Несиелік  серіктестік келесі операцияларды жүзеге асырады: 

        • кассалық  операциялар-банкноттар мен монеталарды  қабылдау-санау, ұсақтау, айырбастау, сорттау, қаптау және сақтау;
        • қарыздық операциялар-несиелік серіктестік қатысушыларына ақшалай формада несиелер беру;
        • аударымдық операциялар-ақша аудару бойынша несиелік серіктестік қатысушыларының тапсырмаларын орындау;
        • сенім (трасттылық) операциялар – сенім білдірушінің (несиелік серіктестік қатысушыларының) мүддесіне сай және тапсырмасы бойынша ақшаны басқару;
        • несиелік қатысушылар үшін клирингтік операциялар, сонымен бірге олардың өзара есепке алу мен клирингке (несиелік серіктестік) қатысушылардың таза позицияларын анықтау;
        • сейфтік операциялар – сейфтік жәшіктерді, шкафтар мен үй жайларды жалға беруді қоса есептегендегі клиентердің бағалы қағаздары, құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер;
        • несиелік серіктестікке қатысушы заңды және жеке тұлғалардың депозиттерінің қабылдау;
        • несиелік серіктестікке қатысушыларының шоттары олардың тапсырмасы бойынша есеп айырысу.
       

          Аталған операциялардан басқа, несиелік серіктестіктер Ұлттық банк лицензиясы болған жағдайда төменде көрсетілген операцияларды  жүзеге асыруға құқылы:

        • факторингтік операциялар – төлемін төлемеу тәуекелі қабылдаумен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыларды төлемді талап ету құқығына ие болуы;
        • форфейтингтік оперциялар (форфейтирлеу) – сатушыға айналымсыз вексельді сатып лау арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыздық міндеттемесін төлеу;
        • келісім шарттың бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде жалға беретін мүлікке жалға берушінің меншік құқығының сақталуымен мүлікті жалға беру (лизинг).      

          Сақтандыру  компаниялары. Сақтандыру дегеніміз – белгілі бір сақтандыру жағдайлары кезінде сақтандырушылардың сақтандыру төлемдерін сондай-ақ заңмен тиым салынбаған басқа да көздерден құралатын сақтандыру өтемдері ақшалай қорлардың есебінен төленетін жеке және заңды тұлғалардың (сақтандырылғандардың) мүдделерін мүліктік қорғау жөнінде қарым-қатынас болып табылады.

          Сақтандыру түрлері. Сақтандыру төменде берілгендей бөлінеді:

      • Сақтандыру объектісі бойынша: а) жеке; ә) мүліктік.
      • Міндетті сақтандыру – заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру. (Өз денсаулығын сақтандыру міндетті азаматқа жүктелуі мүмкін емес).
      • Ерікті сақтандыру – тараптардың ерік білдіруіне сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру.
       
      • Жеке сақтандыруға: өмірді, денсаулықты, еңбек қабілеттілігін және азаматтық жеке басына байланысты өзге де мүдделерді сақтандыру жатады.
      • Мүліктік сақтандыруға: кәсіпкерлік тәуекелдер мен азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақандыруды қоса алғанда мүлік пен онымен байланысты мүдделерді сақтандыру жатады.
       

          Өз  қызметін Қазақстан Республикасы аймағында  жүзеге асыратын шетел азаматтары, азаматығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңды тұлғалар сақтандырушылық қорғау құқығын Қазақстан республикасы азаматтарымен және заңды тұлғалармен бірдей пайдаланады.

          Шетелдік  инвесторлардың қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымының жарғылық қорындағы  қатысу үлесі 50%-дан аспауы тиіс.

          Сақтандырушы  – сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін құрылған, сақтандырудың тиісті түрін жүргізу құнына лицензия алған коммерциялық ұғым.

          Мемлекеттік емес сақтандыру ұйымдары олардың құрылтайшыларының  таңдауы бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе акционерлік  қоғам формсында құрылады.

          Мемлекетік  сақтандыру ұйымы шаруашылық жүргізу  құқына негізделген кәсіпорын формасында құрылды.

          Сақтандыру  ұйымының жарғылық қоры меншік түріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына  байланысты 40 иың минималды айлық  жалақыдан кем болмауы керек. Сақтандыру ұйымының жарғылық қорындағы ақша қаражатының үлесі 75%-дан кем болуы мүмкін емес. Сақтандыру ұйымын мемлекеттік тіркеу мезетіне жарғылық қор минималды мөлшердің 50%-дан кем емес сомада қалыптастыруы керек, бұл тиісті банк берген құжаттармен расталуы қажет. Қордың қалған бөлігі құрылтайшылық құжаттармен қарастырылған мөлшерге дейінгі, яғни сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу мезетінде қалыптастырылуы тиіс. 

          1.3 Несиелік жүйені  құру принциптері.

          Несиелік  жүйенің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу негізінде белгілі бірпринцмптар жатыр. Экономиканың жаңа жағдайында, оның нарықтық қатынастарға өту кезеңінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, басқа банктік емес институттармен үйлестіре отыра екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша-несие саясатының бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия, Орталық банктің автономиясы.

          Банк  ісіне мемлекеттік монополия ұғымы мемлекеттік банктердің құрылуы мен жойылуын бақылауға, банктік операцияларды жүргізу тәртібі мен ережелерін заң жүзінде бекітуге ерекше құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық банк жүргізілетін банктік операциялар шеңберін белгілейді.

          Нарықтық  экономика ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардыңақша-несие және деодалдық қызметінің формалары мен түрлері бойынша көр түрлілігінің, Орталық (бірінші деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) арасындағы функцияларды заң жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.

          Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан  әрі ұлттық банк) Қазақстанк Республикасының  Орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің  жоғары деңгейін құрайды.

          Банк  ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болады. Ал олардың басшылық ролі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің банк функцияларын, ақша-несие эмиссиясын жүзеге асыруына байланысты орталық банктер коммерциялық банктердіңқызметіне әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы несиелік мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы бар. Коммерциялық банктер несиелік саясат жүргізуде және өз клиенттеріне толығымен дербес әр түрлі қызметтер көрсетуде.

          Нарықтық  экономикада арнайы банктік емес институттар құрылмаған жағдайда кез  келген елдің несие жүйесі аяқталмай  қалады. Халық салымдарын толығымен тарту мүддесімен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толық қанағаттындыру бұл институттардың құрылуын талап етеді, ал олар несие жүйесін толықтырып, байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және сезімтал ете түседі.

          Мемлекет, экономикаға жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы бірегей ақша-несие саясатын жүргізеді. Бұл принцип айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ақша-несие саясатын жалпы экономикалық саясатты жүзеге асыру және оны әлемдік экономикаға интеграциялау саласында республика мүдделерін қорғау үшін қажет.

          Несие жүйесін құрудың маңызды принципі – несиелік мекемелер торабының  барынша дамуы мен оларда барлық ақша операцияларының шоғырлануы. Соңғысын шаруашылық буындарының бос ақша қаражаттарының банктерде сақталуы есеп айырысудың қолма-қолсыз жолмен жүргізілуі деп түсінуге болады.

          Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында шамамен 77 банк және олардың 783 бөлімшелері  мен филиалдары орналасқан.

          Бүкіл ақша айналымының несие жүйесінде  жинақталуы –несиелік ресурстарды  шоғырландыруға және оларды елдің халық  шаруашылығына ұтымды бағыттауға мүмкіндік  береді.

          Мемлекеттік валюталар монополия принципіне ерекше маңыз береді. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңында былай делінген: «Қазақстан Республикасының Президенті мне Министрлер кабиенті өз құзіреті шегінде валюталық реттеу саласында осы заң жағдайларына қайшы келмейтін нормативті актілерді қабылдайды.

          Қазақстан Республикасының Ұлттық – Қазақстан Республикасынң валютасын реттеудің негізгі органы болып табылады»,

          «Валюталық  реттеу» түсінігіне нормативті актілердің жасап шығару, ақпарат жинау, валюталық  заңдардың сақталуын бақылау  және оны бұзған тұлғаларға санкциялар қолдану керек. Ұлттық банк валюталық реттеу функцияларын жүзеге асырады.

          Бұл принцип – ел тәуелсіздігін сақтау шарттарының бірі, валюталы резервтерді  жинақтау құралы және ақша айналысын  басқа валюталарының ықпалынан  сенімді қорғау жолы.

          Орталық банктің автономиясы егемен елдер заңдарымен бекітілген. Банктер жедел банктік қызметпен байланысты шешімдерді қабылдау кезінде үкімет пен атқарушы билік органдарынан тәуелсіз.

          Ұлттық  банк тек Қазақстан Республикасы Президентіне ғана есеп бере алады.

          Кей жағдайда бұл Республиканың ұзақ мерзімді міндеттерінің қорғаушысы ретінде Ұлттық банк мүдделері үкіметінің қысқа мерзімді мүдделеріне сәйкес келмеуі мүкін; үкімет болсамемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында Ұлттық банктің несиелік ресурстарын осы тапшылықты жабуға тырысады (бұл кеңес үкіметі кезінде жүйелі түрде жүргізілетін), ал бұл ақша айналымының тұрақтылығын бұзады, инфляцияның өршуіне себепкер болады.

          Орталық банк елдегі ақша-несие саясатының жүргізілуіне толық жауап береді. өз кезегінде ақша-несие саясаты  экономиканы мемлекеттік реттеудің негізін құрайды. Сондықтан ақшанесие саясатын автономды түрде жүргізбейінше, республикадағы нарықтық экономиканың тиімділігі туралы сөз қозғауға да болмайды.

          Ұлыбритания мен Францияда орталық банктердік капиталы мемлекет иелігінде, алайда акционерлер ретінде коммерциялық банктер бола алады. Оларда да орталық банктер атқарушы органдардан тәуелсіз, тек парламентке ғана есеп береді.

          Орталық банктің автономиясы батыс Германияда, АҚШ-та заң жүзінде бекітілген. Батыс  Германияның банк жүйесі туралы заңында, Орталық банк өз саясатын үкіметпен үйлестіріп отыруы тиіс, алайда оның тұрақты ақша айналысын сақтау мақсаттарына қайша келетін талаптарын орындауға міндетті емес деп жазылған. Ол канцлерег де, федерация министрінеде бағынбайды, тек Бундесбанк туралы Заңға ғана бағынады. 

          АҚШ-тың  несие жүйесінің жоғарғы органы болып табылатын – Федералды  резерв жүйесінің (ФРЖ) мүшелерін –  сенаттың мақұлдауымен президент тағайындайды және олардың қызметі жөніндегі  келіспеушілік бойынша қызметінен босатылуы мүмкін емес. Басқарушылар кеңесі кнрессо алдында есеп беріп отырады.

          Біздің  еліміз бен шет елдердегі несие  жүйесінің автономдылығының елеулі дәрежесі – экономиканың қалыпты  дамуын қамтамасыз ету мақсатында ақша-несие  және валюталық тұрақтылықты сақтау міндеттеріне қатысты болып келеді.

          Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің біршама  тәуелсіздігінің негізгі жағдайы  бюджетке қатысты мәселенің шешімі болып табылады. Мемлекеттік қаржылар және банктік жүйелерді заңмен шектеу, яғни үкіметтің Ұлттық банк қаражаттарын пайдалануына шек қоюдың принципалдық мәні бар.

          Президенттің  «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі  туралы» заң күші бар жарлығында былай деп жазылған: «Жүргізіліп  отырған мемлекеттік ақша-несие  саясатының және оны заңға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк: 

          а) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне  заем алушының кепілдендірілген міндеттемесіне келісімді шарттармен қысқа мерзімді несиелер береді;

          ә) осы шоттар бойынша үкімет жәрдемімен ашылған Қазақстанның халықаралық ұйымдарды мүшелігімен байланысты жазылымдар мен басқа да төлемдерге қатысты өзара келісілген шарттармен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қосымша несиелер береді».

          Осылайша  Үкімет, Ұлтық банктің басқа да клиенттері тәрізді әрбір несие бойынша қайтарымдылық, мақсатты-сипатының мерзімділігі және төлемділік шарттарына сәйкес келетін келісім негізінде қарыз алады.

          Үкімет  әрбір несие бойынша нарықтық пайыздық мөлшерлемелері бар тапсырылатын бағалы қағаздар шығарады. Оларды Ұлттық банктен өтеп алу мерзімі алты айдан аспауы тиіс, бірақ бұл мерзімді Қазақстан Республикасы Парламенті жыл аяғына дейін ұзартыуы мүмкін.

          АҚШ, Жапония, Англия; Канада және де басқа  елдерде іс жүзінде үкіметті тікелей  несиелендіру жоқ; Германия, Голландия, Францияда заңмен шектелген, Австрияда үкіметтік несиеден заң алтын және конвертациялатын валютамен 100% қамтамасыз етілуі талап етіледі. 

          1.5 Несие жүйесінің  даму тенденциясы.

          Бүгінгі таңдағы несие жүйесі соңғы жылдары  біршама өзгерісек ұшырады. Банк жүйесінің барлық компоненттері жалпы әлемдік экономикадағы құрылымдық қайда құруда жүріп жатқан өзгерістерге байланысты жаңғыртылуда. Ғылыми-техникалық ревалюцияның дамуы себепші болған өндірістің шоғырлануы капиталдың шоғырлануымен орталықтандыруын талап етті, соған сәйкес банктер өз операцияларын несилік ресурстарды ірілендіру жағына қарай түрлендіре бастады, яғни қазіргі банк жүйесінің экономика дамуының өзгермелі жағдайларына бейімделу қатар жүреді; банк жүйесінің құрылымдылық қайта құрылуы көз алдымызда; белгілі бір мамандандырудың сақталуымен қатар, банк қызметінің шоғырлануы мен әмбебаптануы орын алады; банктік емес несиелік мекемелердің динамизмі байқалады. Банктердің жеке типтерінің арасында банктер мен банктік емесмекемелер арасындағы өзгешеліктердің  немесе бөгеулердің жедел жойылуы – соңғы жылдары несие жүйесінің құрылымдық қайта құрылу тенденциясының бірі.

          Ірі әмбебап банк өз клиенттері үшін депозитттік  шоттарды жүргізу, қолма-қолсыз есеп айырысу, жинақтарды қабылдау, әр түрлі несиелер беру, бағалы қғаздарды сатып алу, мүлікті сенімхат бойынша басқару және басқа да көптеген банктік және «банк төңірегінде» қызметтер көрсету бойынша операциялардың көптеген түрлерін (кейбір бағалаулар бойынша 200 шамасында)жүзеге асырады. Несиелік мекемелер қызметінің осындай көп мақсатты сипаты қазіргі қаржылық капитал талаптарында мейлінше толық сай келеді.

          Несиеліе  мекемелердің әмбебаптануы екі бағыт  бойынша көрінеді. Біріншісі –  дәстүрлі емес банктік операциялардың кеңеюі арқылы. Коммерциялық банктер  сақтандыру бизнесіне, факторингке, ақпараттық кеңес беру бизнеске және т.б. кіруге тырысады. Олар қаржылық қызмет көрсетудің бұрын тіпті қатыспаған немесе өте сирек қатысқан сферасында – қозғалмайтын мүліктік мәмілелерге, бухгалтерлік және компьютерлік қызмет көрсетуге, лизингтік істерге қатыса отырып несиелік мекемелердің басқа да топтарымен тікелей конфронтацияға баруда.

          Екіншісі  – банктік нарықтарда банттік  емес мекемелердің (сақтандыру, брокерлік, жинақ, сенімгерлік компаниялар, зейнетақы  қорлары және т.б.) енуі арқылы. Соңғылары бүгінгі таңда банктермен инвестициялық қызметте, таза банктік сфера – депозиттік қарыз операцияларымен барынша бәсекеге түсуде.

          Соңғы жылдары банктер мен басқа  арнайы қаржы-несие мекемелері арасындағы халықтық және фирмалар мен компаниялардың жинақтары үшін күрес ерекше шиеленіскен сипатлқа ие болды.

          Бұрын коммерциялық банктер халық жинақтарын тартудағы депозиттер бойынша мөлшерлемелерді  өсіру сияқты тиімді қаруды еркін  қолдана алмады. Оларға мерзімді және жинақ салымдары иелері не төлеуге рұқсат етілген пайыздық мөлшерлемелердің максималдық шегі белгіленген еді, ал басқа арнайы несиелік мекемелерде мұндай шектеулер болмады. әрине, соңғылары бәсекелестік күресте артықшылыққа ие болды. Қазір жағдай өзгерді. Банктер пайызды конюктура жағдайына байланысты белгіленетін ақша нарығының сертификаттарын шығару рұқсатына қол жеткізді. Сонымен қатар 1980 жылы АҚШ-та қабылданған депозиттік мекемелердібейреттеу мен ақша айналымын бақылау туралы заң салымдар бойынша пайыздарды төлеуге қандай да болмасын шектеулердің күшін жойды.

          Ірі банктік мекемелерге ортақ әмбептану  тенденциясы олардың мамандануын  сақтап қалуымен үйлесім табады. Әмбебаптанудың өзі мекемелердің жеке түрлеріне  қатысты алғанда өзіндік ерекшеліктерімен біркелкі емес дамуда. Мұнда әмбебап типті мекемелердің мамандануының жойылуы туралы сөз қозғалып отыр. Сонымен бірге бұл тенденция қызмет көрсету сапасының ықпал жасап, бірінші кезекте нарықтық аялардың, яғни әмбебап немесе ірі банктер назарын аудармаған қызмет түрлерін табуға ұстылған шағын және орта банктерге әсер етеді. Маманданудың жайылу тенденциясын банктік бизнестетгі бәсекелестіктің күшеюі қолдап отыр.

          Өзгерген  экономика жағдайларына сәйкес банктік  қызметтің өзінің, дәстүрлі банктік  операциялардың қайта құрылуы жүзеге асқанын айта кету қажет. Бұған банктік қызметті реттейтін әкімшілікке ережелер күшінің жойылуы, яғни бейреттеу ықпал жасады. Банктердің мақсаты – банктерді бәсекелестік құралдарының кең ауқымын пайдалануға, банктік қызметтер нарығын белсендірек әрекет етуге итермелеу болып табылды.

          Банктік қызметті бейреттеу активтік де, пассивтік  те операцияларға ықпалын тигізеді. Коммерциялық банктердің активтік операциялары біршама өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі  таңда олар жанама несиелеуден (кепілге  беру және вексельдерді еепке алу) фирамалар мен кәсіпорындарды тікелей несиелеуге толығымен көшті. Мұнда бағалы қағаздарды пайдалану арқылы рәсімделетін несиелік мекемелер тәуекелдерді белсендірек бөлшектеу мүкіндігіне ие болды. Бұл тенденция банктердің өз несиелерін нарықтық бағалы қағаздарға конвертациялау талпынысында нақтылай көрініс табуда.

          Несиелеу  объектілерін ірілендіру жүзеге асады. Коммерциялық банктер өз активтерінің сапасына мұқият қарай бастады, өйткені  активтер сапасын дәл және уақтылы  бағалау – банктер сенімділігінің кепілі.

          Банктер басшылығы өз активтерінің сапасына, жаңа несиелерді беруге, несиелеу техналогиясына (құжаттар, контрактілер, қамтамасыз ету), заем алушының несие шарттарын сақтауына және т.б. бақылау жасап отырады.

          Ұзақ  мерзімді несиелеу де даму үстінде. Коммерциялық банктердің қаражаттарды тарту бойынша пассивтік операциялары да өзгеріске ұшырайды. Оларды үкімет белсенді қолдауда. Мұны 1933 жылы енгізілген салымдардың әр түрлері бойынша банктік пайыз үшін максималды шектерді алып тастау бойынша 80-жылдары АҚШ-тағы бейреттеу процесінен көруге болады. Бұл банктердің депозитттік базасының нығайылуына мүмкіндік берді, себебі олар талап етуге дейінгі салымдар бойынша да пайыздарды белгілей алынатын болды, ал бұл жаңа клиенттерді тартуға жағдай жасады.

          Нәтижесінде тартылған қаражаттар құрылымы күрт өзгерді: егер 1950 жылы АҚШ коммерциялық банктері балансының пассивтік құрылымында банктік шоттардағы қалдықтар 70%-дан артық болып, мерзімді және жинақ салымдары тек 24-26%-ын құраса, 80 жылдары соңғылары 60%-дан артық үлесін құрады.

          Банктердің  пассивтік операцияларының инновациясы  сонымен бірге қосымша ақша қаражаттарын тартудың жаңа құрылымдарын жасауда  көрініс тапты. Пайызы бойынша, нарық  пайызына жуықтайтын салымдардың жаңа типтері ашылды.мұндай шоттарға ақша нарығының депозиттік шарттары жатады. Көптеген коммерциялық банктер ақаша нарығында еркін айналыста болатын депозитттік сертификаттар (өзінше бір бағалы қағаз) шығара бастады.

          Банктік операциялардың дамуында ерекше рольді ақпарат пен коммуникацияның  қазіргі техникалық құралдары атқарады. Банк ісі бұрын-соңды болмаған ақпаратты дер кезінде беру, оның тез өңделуі  мен мәліметтердің растылығына экономикалық жағдайды талдау мен ақша дамуының нарығының даму перспективаларын дұрыс бағалауға байланысты болып отыр. Қаржылық нарықтық қатысушылары өз істерін жүргізу үшін барынша көп ақпарат қажет етуде. Сондықтан банк ісіне ғылыми-техникалық революциясының   соңғы жетістіктерін енгізусіз, компьютерлік техниканы игерусіз банктік қызметі тисінше модернизациялау мүмкін емес.

          Банк  жүиесі дамуындағы маңызды құрбылыс ретіндегі несиелік мекемелердің «көтерме»  операциялардан  бөлшек    операцияларға өтуін атап көрсетуге болады  бұл олардың клиенттері шеңберінің кеңеюіне әкеледі. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін банктер сақтық танытып, тек таңдалуы, ерекше сенімді клиенттерге ғана қызмет көрсететін, ал қазір ірі банктер өз стратегиясының өзгертті. Олар кәсіпкерлердің  барлық сферасына белсенді түрде араласумен  қатар, шағын бизнесті де қамти отырып, жаппай  клиентураға соның ішінде тұрғындардың тұрмысы төмен топттарында  да бағдарлануда.  Бұл қазіргі ірі банктің келбетін, оның саясатын өзгертеді.

          Сондықтан кеиінгі кезең нарықтық қатынастары  дамыған елдер экономикасындағы өндірістің щоғырлануының жоғары деңнейімен сипатталады., бұл, өз кезегіне банктік капиталдың шоғырлануы мен орталықтауына, аталған процестің жаңа формаларының пайда болуына, ел шішіндегі және әлемдік қаржы нарықтарында да күшті позицияларға ие – банк-алпауыттар тобының жедел өсуіне әкеліп соқтырады. Мұндай банк-алпауыттар тобының жедел өсуіне әкеліп соқтырады. Мұндай банк-алпауыттар ең алдымен Жапония, Германия, Канада, АҚШ пен араб әлемінде пайда болды, мұнда олардың активтері 100 млрд АҚШ долларынан көп соманы құрайды.

          Біз тек дамыған нарықты экономикалы  елдердегі қазіргі несие жүйесін сипаттайтын кейбір маңызды жағдайларға ғана тоқталып өттік. өз экономикасын нарықтық жолға қайта құрушы Қазақстан үшін әлемдік банк жүйесі дамуының мұндай тенденциялары ерекше қызуғышылық тудырады, себебі нарықтық экономикаға өту өзіндік нарықтық несие жүйесін құруды талап етеді. Республика үшін шетелдік тәжірибені толығымен көшіру орынды емес, өйткені оның экономикасы нарыққа өтудің ең бастауында тұр., ал Батыс болса, мұнда бұрыннан қызмет етуде, алайда бұл тәжірибеден өтпелі кезең жағдайында қолданыс табуы мүмкін барлық позитивті жайларды қабылдауы қажет.   
       
       
       
       
       
       
       
       
       

          II. тарау.      Ұлттық Банк - Қазақстан  Республикасының

          Орталық банкі.

          2.1 Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі:

          міндеттері, қызметтері және операциялары.

             Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан соң КСРО Мембанкінің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылды, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталды. Ол республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейдегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заң күші бар жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алды.

             Ұлттық  банк – заңды тұлға, дербес балансы  бар, өзіне тікелей бағынатын  төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол Республиканың кез-келген жерінеде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.

             Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол нормативтік актілер “Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы”, “Вестник Национального Банка Казахстана” атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.

             Ұлттық  банктің негізгі міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрлаулығын  қамтамасыз ету. Сондықтан ол:

        • ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
        • ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
        • несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу-сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және басқа ұйымдардың мұддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді. 

             Ұлттық  банктің міндеті оның атқаратын  қызметтері арқылы орындалады:

             Біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекеттік  ақша-несие саясатын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымындағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай-ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.

             Ұлттық  банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және өтеу мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.

             Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және монетаны (теңге мен  тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың құрылымын, теңге  мен тиындардың пішінін (дизайн) олардың қажет мөлшерін анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді.

             Ұлттық  банктің қолма-қол ақша қаражатын  шығаратын, теңге мен тиынның  қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді ұйымдастыратын айрықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.

             Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты (жоғары өтімді, қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк – екінші деңгейлі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, ия болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгілеген тәртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу формалары мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен жүргізілетін банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.

             Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың  банкі және агенті қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың  ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып, олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.

             Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау  қызметі. Ол үшін Қазақстан территориясында, сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге  лицензия береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып, олардың орындалуын қадағалайды.

             Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік және басқа есептік мерзімін, формасын, тізімін, тәртібін және әдісін бекітіп, сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды.Банктер мен олардың филиалдарының қызметін жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шақырып бақылайды. Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін және басқа құжаттарын тексереді.

             Алтыншыдан, валюталық реттеу және валюталық  бақылау қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы қағаздардың  айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер деңгейіне шектеу қояды.

             Резиденттер үшін шетел валютасын және шетел  валютасындағы бағалы қағаздарды Қазақстанға  аудару, әкелу, әкету және салып жіберу тәртібін белгілеп. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің республикадан тыс шетел валютасында шот ашуының мақсатын, тәртібін және жағдайын анықтап, шот ашуға рұқсат береді.

             Ұлттық  валютаның шетел валютасыменен  салыстырып, курсын реттейді. Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта-қаржылық және несие-есеп қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік несиенің есебін жүргізеді.

             Жетіншіден, елдің алтын валюта қорларын басқару  қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен операция жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің “Бағалы металдарға және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы” Заң күші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден (сатып алушылардын) Ұлттық банктің алтын валюта қорын толдыру үшін бағалы металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан әрі сақталуын қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.

             Президенттің  немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша  Ұлттық банктің қоймасында сақтау үшін үкіметтік резервке алынған құндылықтарды  қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын,монеталарды, өңдеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы нарықта сатып алу және сату операцияларын жүргізеді.

             Ұлттық  банк өз шығындарын өз қаражатымен  өтейді. Оның өз қаражаты: жарғылық, резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары  және арнайы резервтерінен құралады.

             Ұлттық  банктің жарғылық капиталы 20 млрд. теңгеден қалыптасады және оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыдан, мемлекет берген қордың құнынан және Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.

             Резерв  капиталы – жарғылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады.

             Алтын валюта активтерін қайта бағалау  шоты оларды қайта бағалаудан түскен іскеасырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бұл шоттың Ережесін Ұлттық банктің Басқармасы бекітеді. Алтын валюталық резерф теңгенің ішкі және сыртқы тұрлаулығын қаммамасыз ету үшін құрылып және сол мақсаттарға жұмсалады. Алтын валюталық резерв төмендегі элементтерден құрылады:

      • алтыннан;
      • банкнота, монета түріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі және республикадағы Ұлттық банктің шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынын;
      • Ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан;
      • шетел үкіметтері немесе халықаралық қаржы мекемелері шығарып, кепілдік берген бағалы қағаздардан;
      • шетел валютасындағы жай және аударым вексельден;
      • өтімділігі және қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайдағы шетел валютасындағы басқа сыртқы активтерден құрылады.

             Арнайы  провизиялар (резервтер) Ұлттық банктің  шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптарынан, оған қоса несиелерден, депозиттерден, бағалы қағаздардан, есеп айырысу кезіндегі шығындардан, шоттардағы қалдықтардан және басқа активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан құрылып, оған аяқталмаған құрылыс көлемі және Ұлттық банктің монетарлық емес талаптары және әлеуметтік сипаттағы төлемдер кіреді.

             Ұлттық  банктің қаржылық жылдағы таза табысы оның іс жүзінде алған кірістері  мен осы жылға шығын арасындағы айырмаға тең. Шығынға шығарылып  тасталған күмәнді борыштар, активтердің, оның ішінде айналымға шығарылған банкноталар мен монеталардың амортизациясы (тозуы) қосылады. Табыс жоғарыда айтқанымыздай, жарғылық, резерв капиталын қалыптастыруға жұмсалып, қалған бөлігі келесі қаржы жылының республикалық бюджетіне түседі.

             Ұлттық  банктің несиелік ресурстары төмендегідей көздерден құралады:    

      • меншікті қаражат есебінен;
      • басқадай банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
      • Қазақстан Республикасы төнірегінде тартылған қаражаттардан;
      • арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.

             Қазақстанның  Ұлттық банкі – тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің  басқару органына: Басқарма және директорлар  Кеңесі (Директорат) жатады.

             Ұлттық банктің құрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілеттіліктері мен ұйымдары кіреді.

             Ұлттық  банктің орталық аппаратында  мынадай департаменттер мен дербес басқармалары бар:

        • зерттеу және статистика департаменті;
        • шетел операциялары департаменті;
        • ішкі операторлар басқармасы;
        • сыртқы байланыстар бөлімі;
        • заң қызметі департаменті;
        • әкімшілік департаменті;
        • нақты ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма;
        • инжинерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі;
        • бухгалтерлік есеп департаменті;
        • есептеу жұмыс орталықтарының департаменті;
        • операциондық басқарма;
        • төлем жүйесі басқармасы;
        • банктік қадағалау департаменті;
        • бақылау және аудит департаменті;
        • персоналдармен жұмыс жасау басқармасы;
        • халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;
        • мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі.

          Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық банк құрылымына келесідей дербес бөлімшелер де кіреді:

        • мемлекеттік сақтау қоймасы;
        • Ресей Федерациясындағы Ұлттық банк өкілеттігі;
        • Банкноттық фабрика;
        • Автобаза;
        • Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы;
        • Банктік сервистік бюро;
        • Мемлекеттің қадағалау инспекциясы.    

            Қазақстан Ұлттық банкінің жоғары  басқару органы Басқарма болып  табылады және басқармаға келесідей  негізгі қызметтер жүктеледі:

      • мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;
      • банк қызметіне қатысы бар Қазақстан Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерін бекіту;
      • Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;
      • банктердің ашылуына рұқсат беру және оларды қайтарып алу туралы шешім қабылдау;
      • жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру туралы шешім қабылдау;
      • банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;
      • алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;
      • Қазақстан Республикасы валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
      • Қазақстан Ұлттық банк жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Президенттің бекітуіне беру;
      • Қазақстан Ұлттық банкінің жылдық балансын және табыс пен зияны туралы есебін қарау және бекіту;
      • Қазақстан Ұлттық банкі туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді пайдалану, ақылы қызмет көрсету, Қазақстан Ұлттық банкінің құрылымы және бюджеті, департамент директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
      • банктер үшін пруденциальдық нормативтер мен басқа да міндетті нормаларды және шектерді бекіту;
      • еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және бекіту;
      • Қазақстан Ұлттық банкінің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы туралы шешім қабылдау;
      • Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту; 
      • Бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық банкіне арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау;

             Ұлттық  банк мынадай операциялар жүргізеді:

      • бірінші кластық элементтермен шығарылатын алты айлық қайтару мерзімдегі міндеттемелерді қайта есепке алады;
      • мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
      • депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жылға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатады және сатып алады;
      • депозиттік және есеп-айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы қағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
      • қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
      • қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
      • чектерді жазып вексельдерді береді;
      • жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады. 
       

             2.2.  Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі.

             Қазақстан теңгелік банкнотын шығару құқығы Ұлттық банкке ғана берілген. Бұл банкноталар  заңды төлем құралы болып табылады. Әр ақшалай соманың кредиторы, оларды өзінің талаптарын орындауда шексіз көлемде қабылдауға тиіс. Сондықтан да Ұлттық банктің банкноталары біздің ақша жүйеміздің кіндігін құрайды.

             Олар  барлық экономикалық процеске қатынасушылардың төлем операциялары үздіксіз де, тиімді орындау үшін қолында жүреді.

             Сол сиақты банктерде өз клиенттеріне нақты ақшаны ауыстырушы шоттағы салым формасын ұсынатындығы, соңғы кезекте эмиссиялық банктің ақшасына байланысты, өйткені банк клиенттері кез келген уақытта нақты ақшаны өз шотына алуы мүмкін.

             Ұлттық  банктің бұл монополиялық жағдайы  жалпы шаруашылықтың ақша айналыс шеңберінде шаруашылықтағы ақша айналысын жанама бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

             Ұлттық  банк бүгінгі таңда әр түрлі құндық белгілері бар он үш банкноттарды шығарады: 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік. Банкноттардың қолдан жасаудан қорғауы үшін әр түрлі құнды банкноттардың мөлшері және жазылуы жағынан әр түрлі болып келеді. Ең жиі кездесетін банкноттар: 5, 10, 20, 50, 100, теңгеліктер болып табылады, олар айналымдағы банкноттардың шамамен 2/5 құрайды. 1000 және 2000, 5000 теңгелік құны бар банкноттарға банкноттар айналысының саны жағынан біршама бөлігі тиеді. Ұлттық банктің шығарған банкноттары өзіне жылына орташа есеппен үш рет қайта келеді екен. Бұл жағдайларда банкноттардың барлығы толық тексерілуден өтеді.

             Немістің  федералдық банкі біздің Ұлттық банкке қарағанда 8 түрлі құндық белгілері  бар банкноттарды шығарады: 5, 10, 20, 100, 200, 500 және 1000 неміс маркалары және осылардың ішінде жиі кездесетін банкноты, бұл 100 маркалық ақша белгісі, яғни оның үлесіне айналыстағы банкноттардың үштен бір бөлігі тиеді. Ал 200, 500 және 1000 неміс маркасындағы банкноттарға жалпы банкноттар айналысының кішкене бөлігі келеді.

             Банкноттан  басқа Ұлттық банк айналысқа монеталар  да шығарылды. Алғашқыда айналымға  тиындық монеталар шығарылғанмен, бүгінгі күні олардың ең төменгі номиналдық белгілері мен төменгі айналысы үшін айналымнан алынып тасталынды.

             Немістің  федералдық банкінің Қазақстан Ұлттық банкінен айырмашылығы; неміс банкі  айналысқа неміс маркасын немесе фенниктердегі монеталарды шығарады. Мұнда монеталар біртұтастығы нақты ақшалар айналысын құрайды. 

             2.3.  Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары.

             Ұлттық банктің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңы және “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Ережесі негізінде анықталады.

             Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы 2-кестеде көрсетілген.

             Ұлттық банктің басқарушы органы болып Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) саналады. Оның жоғары органы – Басқарма, ол 9 адамнан тұрады. Оған Ұлттық банктің төрағасы, бес лауазым адамы және Президенттен бір, Республика үкіметінен екі өкіл кіреді. Президент, Республика үкіметінен және Ұлттық банктен кірген басқарма мүшелерін тиісінше Президент, үкімет және Ұлттық банктің төрағасы бекітеді және қызметтен босатады. Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:

      • мемлекеттік ақша-несие саясатын жасайды;
      • Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді;
      • Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
      • Ұлттық банктің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;
      • Қазақстан республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін белгілейді;
       

             2-кесте.  Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкінің

                                   басқару құрылымы.

               
       

             

             

               

             

               
       

             

               
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

      • сыртқы  резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;
      • Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты қарастырады;
      • Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және Ұлттық банк департаменттерінің директорларын тағайындайды;
      • банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін бекітеді.

             Кезектен  тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының  немесе басқарманың үш мүшесінің  талабымен өткізіледі.

             Ұлттық  банктің төрағасын республика Президенті Парламетпен келісіп отырып 6 жыл  мерзімге тағайындайды. Егер төраға қызметтен  кеткісі келсе 2 ай бұрын алдын  ала Президентке арыз жазуға құқылы. Оны қызметтен Президент босатады. Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты. Оның орынбасарларын төрағаның ұсынысымен Республика Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне тәуелсіз 6 жыл мерзімге бекітеді. Төрағаның орынбасарларын қызметінен төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады. Сондай-ақ төрағаның орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе, онда 2 ай бұрын төраға арқылы Президентке арыз береді.

             Ұлттық  банктің Басқармасының мәжілістері  қажетті кезде, бірақ айына кемінде 1 рет өткізіліп, онда Ұлттық банктің, жоғарыда айтылған қызметтерін орындайды, ал Ұлттық банктің күнбе-күнгі қызметін басқаратын орган – Директорлар Кеңесі. Директорлар Кеңесі Президенттің “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заң күші бар жарлығына сай Ұлттық банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк белгілеген уәкілдік шегінде атқарып, оған есеп беруге міндетті. 
       
       

    Информация о работе Қазақстан Республикасының несие жүйесінің дамуы