Қазақстан Республикасының несие жүйесінің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 13:57, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туын тіккеннен бергі уақытта өткен күрделі әлеуметтік – экономикалық реформалар елдің экономикалық дамуына өзіндік ықпалын тигізді. Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие -ақша және қаржы шаруашылығы; ақша-несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-сонды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түйінді түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополиаланған мемлекет тік банктердің құрылым дардың әкімшілік-әміршілік басқа ру жүйесінен пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негіз делген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.

Содержание

Кіріспе.
1.Қазақстан Республикасындағы несиенің ...........................
экономиканы дамытудағы ролі және несие жүйесі ...........
Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы. ...............
Қазақстан Республикасындағы банктік емес қаржы
институттары. .......................................................................
Несиелік жүйені құру принциптері. ..................................
Несие жүйесінің даму тенденциясы..................................

2.Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының
Орталық банкі және коммерциялық банктер
2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
міндеттері, қызметтері және операциялары, ұлттық банктің эмиссиялық қызметі
2.2 Коммерциялық банктер қызметінің мәні, құрылуы
мен ұйымдастырылуы. ............
2.3 Коммерциялық банктердің ресурстарын қалыптастыру
операциялары. ...................................................................

3.Қазақстан Республикасының несие жүйесін жетілдіру жолдары

Работа состоит из  1 файл

Курс_Қазақстан Республикасының несие жүйесі, және оның қалыптасуы мен дамуы (2).doc

— 296.50 Кб (Скачать документ)

       

    Несие жүйесінің елдегі ақша айналымын  реттеудегі, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету  барысындағы  қалыптасатын экономикалық қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға  болады. Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субъектілері үшін де, сондай-ақ несие жүйесінің мекемелері үшін де бірдей қажет. Ақшаны несиелік мекемелерде сақтау – несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру – несие беруді білдіреді.

    Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие  жүйесі, несиелік мекемелер, әр түрлі  елдердің несиелік мекемелеріарасында болуы мүмкін.

    Жоғарыда  түсіндіргеніміздей, несиелік қатынас негізінен ақшалай формада несие экономикалық категориясының қызмет етуі барысында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісі несие формасын сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні және ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастар формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік қатынастар формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және оның дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұны мен несие формасының өзгеруіне әкеледі.

    Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-біріне қарыз беруі барысында, аталған несие формасында ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субъект несие беруші тауар несиесін алғанын куәландыратын вексельді, сондай-ақ салынған мүлік туралы парақты немесе құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар субъектілеріне – шаруашылық жүргізуші субъектісі және банк жатады. Несиелік қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формсындағы несие ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.

    Неиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды.

    Ал  несие жүйесі тар мағынасында  – бұл несиелік есеп айрысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын  реттейтін және басқа да қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер  торабы болып табылады.

    Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік емес мамандандырылған несие-қаржы мекемелері. 

    Жалпы несие жүйесінің  құрылымын келесі кестеде көрсетуге  болады (сурет 1):

    

      
 

      

      

      
 

    

    

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1-сурет.

      Басқаша айтқанда, несие жүйесі  банктік және басқа да мекемелердің  жиынтығын – несиелік операцияларды  жүзеге асыру және олардың  құқықтық формаларын ұйымдастыруы  арқылы сипатталады. Несиелік  қатынастарды ұйымдастыруда: банктік  және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік емес мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.

    Экономиканың  әрбір экономикалық-тарихи даму кезеңіне несие-ақшалай қызмет көрсетудегі  қажеттіліктерге толық жауап беретін несиелік істі ұйымдастыру типі, өзіндік несие жүйесінің құрылымы сәйкес келеді. Мысалы, жоспарлы-орталықтандырылған КСРО экономикасында Мембанктің жетекшілігімен ұйымдастырылған несие жүйесінің құрылымы қызмет етсе, нарық экономикасы үшін монополиясыздандырған банктік және банктік емес мекемелерден құралатын несие жүйесі қажет.

    Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп  буынды құрылымы болады. Егер де несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады:

    • Орталық (эмиссиялық) банк;
    • Коммерциялық банктер;
    • Мамандандырылған несиелік мекемелер: (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік (трастовый) және т.б.).

    Функционалдық мамандануына, шаруашылық буындарға несие-қаржылық қызмет көрсету көлемі мен санына сәйкес банктік жүйе несие жүйесінің ядросы, ал несиелік институттардың қызметін реттеуші бірегей орган – Орталық банк болып табылады.

    Орталық банк -  бірінші деңгейлі мемлекеттік банк, сондай-ақ кез келген елдің ол мемлкеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз эмиссиялық, ақша-несие институты болып табылады. Орталық банк – бұл “банктердің банкі”. Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргізбейді, оның клиенттеріне – коммерциялық банктер және басқадай мекемелер, сондай-ақ үкімет ұйымдары жатады.

    Банктік мекемелерге қатысты Орталық  банк тікелей әрекет ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін  атқарады. Несиелік жүйенің қалған буынына Орталық банк несиелік және ақшалай операциялар, рыноктың әр түрлі секторлары, несие-қаржы қызметтерінің өзара байланыстарында байқалатын жанама әрекет етеді.

    Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әр түрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын ролін атқарады.

    Олар  үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әр түрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.

    Мамандандырылған  несие мекемелері (оларды парабанктік деп атайды) нарық экономикасындағы несие жүйесіне қажетті маңызды буын болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әр түрлі салаларында және тұрғындарға көрсетілетін несие жүйесінің қызметтері толық болмас еді.

    Парабанктік мекемелер көбінесе белгілі бір клиенттер типіне немесе бірер негізгі қызмет түрлерін көрсетуге бағытталады. Олардың қызметтері нарықтың кішігірім сегменттеріне ғана қызмет көрсетуге жұмылдырады.

    Мұндай  мекемелер екі жақты бағыныштылықта болады: бір жағынан, олар несиелік және есеп айыру қызметтерін жүзеге асырумен байланысты болатындықтан да Орталық банктің соған сәйкес талаптарын басшылыққа алады. Екінші жағынан олар, қандай да бір қаржы, сақтандыру, инвестициялық немесе басқа да операцияларға мамандана отырып, тиісті ведомстволардың реттеу әрекеттеріне ұшырайды.

    Несие ісі -  ақшамен сауда саттық негізінде несиелік операцияларды орындауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы дегенді білдіреді. Оларды әр алуан несиелік институттар жүзеге асырады. Шаруашылық айналымға қызмет көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша негізгісі банктер болып табылады.

    Несиелік  мекемелер түрлерін, оның ішіндегі банктік мекемелерді қарастырудан бұрын бізге “банк” және “банктік қызмет” ұғымын білу қажет. әлемдік тәжірибеде банктік қызмет деп банктің басты кәсіби қызметтерін, депозиттер қабылдау және қарыз беруді түсінеді. Міне, осындай түсінік Италияда, Испанияда, Бельгияда, Грецияда және басқа елдердің банктер туралы заңдарында бекітілген. Ал, Германия мен Францияда банк немесе несиелік мекеме деп, өз клиенттеріне есеп айырысу, бағалы қағаздармен сауда-саттық, лизингтік және басқа да операцияларды көрсетумен айналысатын кез келген мекемені айтады. Сондай-ақ, оларда банктік емес мекемелерге депозиттер қабылдау, есеп айырысуды жүргізу, сақтандыру кепілдемелерін беру және т.б. заңмен тыйым салынады.

    Англия, Дания, Швеция және басқа елдерде  несиелік жүйеге мекемелерді жатқызуда  либералдық тәсіл қолданылады. Ол үшін кейбір мамандандырылған қаржы мекемелерінің  депозит қабылдауға лицензиясы болса, оларды банктер қатарына жатқызады.

    Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” заң күші бар Жарлығының 1-бабында, банктің  ресми мәртебесі Ұлттық банктің  оны ашуға берген рұқсатымен, Әділет министрлігінің банк ретінде заңды тұлғаны мемлекеттің тіркеуден өткізумен және банктік операцияларды жүзеге асыруға берілген ҚР Ұлттық банкі лицензиясының болуымен анықталады.

    Кез келген заңды тұлға, егер де оның банктік  ресми мәртебесі болмаса “банк” деп атауға тиіс емес.

    Банк  арнайы өндіріс ретінде өнім өндіреді, бірақ оның өнімі материялдық  өндірісте өндірілетін өнімнен  мүлде өзгеше. Ол тек тауар ғана өндірмейді, яғни тауардың ерекше ақша түріндей, төлем құралдарын өндіреді.

    Банктер немесе сондай институттар өте ертеректе пайда болған. Египетте банктік операциялар біздің эрамыздан бұрын 2700 жылы жүзеге асырылған.

    Банктердің  бастапқы қызметі төлемдегі делдалдық  болған. Осындай делдалдың нәтижесінде  банктер бос ақша капиталын пайыз әкелетін қызмет етуші капиталдарға айналдырады.

    Қазіргі банк ісінің қайнар көзін ең алдымен  Италиядағы орта ғасырлық айырбаспен айналысушылар қызметінен іздестірген  жөн.

    “Банк”  ұғымы Италияның “banco” (“айырбас орын”, “ақша үстелі”) дегенді сөзінен  шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407ж. Генуеде пайда болған. XII ғ. Италияда алғашқы вексель пайда болды.

    XV ғ. Ең ірі танымал болған  банк Флоренциядағы Медичи банкі  болды. Флоренцияда орналасқан  бас банк мекемесінің Еуропада 116 филиалы бар. Кейбір елдерде банктің біраз қызметтері заңмен шектеледі. Банк қызметінің қаншалықты қатаң регменттелуіне және лицензиялануына байланысты несие ісін ұйымдастырудың екі типін бөліп құрастырады.  Нәтижесінде тарихта сегменттелген және әмбебап банктік құрылымдар пайда болады.

    Сегменттелген құрылым кейбір несиелік мекемелер  түрлерінің операциялық қызмет сферасы  мен қызметтерін қатаң заңды  түрде бөлуді дұрыс санайды. Мұндай құрылымдар АҚШ-та, Жапаонияда қалыптасты. Онда депозиттерді қабылдауға және қысқа  мерзімді несиелер беруге байланысты банктік операциялар, заңды түрде компаниялардың бағалы қағаздарды шығару және оларды орналастыруға байланысты операцияларынан басқа да арнайы қызмет түрлері (сақтандыру, жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер және т.б.) ажыратылған.

    Әмбебаптық  құрылымда жекелеген операциялар  түрлері мен қаржылық қызмет көрсету  сферасына қатысты заңмен шектеулер  болмайды. Барлық несиелік мекемелер  барлық операциялар мен қызмет түрлерін орындай алады. Мұндай әмбебап “қаржылық  универмагтар”, супермаркеттер типтері Францияда, Швецарияда, Ұлыбританияда және т.б. қалыптасты. Бұл елдерде несие жүйесінің кейбір буындарының операциялары және мамандануы арасында шекара болмайды. Біздің елімізде коммерциялық банктер әмбебап бола отырып, көптеген банктік операциялармен айналысады.

    АҚШ-та барлық несие-қаржы мекемелерін  депозиттік, яғни ақшалай қаражаттар қабылдап, депозиттік шот ашуға рұқсат етілген және депозиттік емес, яғни ақшалай қаражаттар тартудың басқадай формалары (зейнет ақы-жарналары, бағалы қағаздар және сақтандыру полюстерін сату және т.б.) рұқсат етілген деп бөледі.

    Депозиттік  мекемелерге коммерциялық банктер, өзара жинақ банктері, қарыз-жинақ  бірлестіктері, несиелік одақтар; депозиттік еместерге – сақтандыру компаниялары, жеке зейнетақы қорлары, қаржы инвестициялық компаниялары, ақша қорларының басқа да қорлары жатады.

    Банктер –атқаратын қызметтерінің ерекшеліктеріне  байланыстыекі негізгі типке  бөлінеді: эмиссиялық және эмиссиялық емес.

    Эмиссиялық  дегеніміз – айналысқа ақша белгілерін эмиссиялай (шығару) құқығы берілген оратлық банктер. Кейбір елдерде оларды ұлттық, халықтық, резервтік деп атайды. КСРО-да ондай банк Мемлекеттік деп, Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Орталық банктің басты міндеті – айналысқа ақша шығару, банктер арасында ақша тауарларын сату, банк жүйесінің эмиссиялық несиелік және есеп айырысу қызметтерін басқару болып келеді. Ол екі деңгейлі банк жүйесінің ең жоғарғы буыны болып табылады. Мемлекет эмиссиялау құқығын тек бір ғана банкке (Орталық) береді, себебі ақшаны эмиссиялау құқығын  бірнеше банкке беруден елдегі ақша айналымын реттеу мүмкін емес. Эмиссиялық банк басқа банктер иелене алмайтын, ірі қаражатты иеленеді. Оның пассиві айналыстағы нақты ақшадан, бюджеттік қаражаттардан тұрады. Бұл жағдайда оған барлық банктерге көмек көрсетуге және олардың қызметтеріне жетекшілік етуге мүмкіндік береді. Қазақстанда эмиссиялық банк Ұлтық банк болып табылады, ал қалған банктер, оның ішіндегі коммерциялық банктер – эмиссиялық еместерге жатады. Олардың айналысқа ақша шығаруға құқығы жоқ, бірақ өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетуге байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады. Олардың ішінде ең маңыздысы: уақытша бос қаражаттар, халық жинақтары мен қорларын тарту; несиелеу; қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар; бағалы қағаздармен жасалатын операциялар және т.б.

Информация о работе Қазақстан Республикасының несие жүйесінің дамуы