Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:38, курсовая работа
Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде “жалпы капиталдық салымдар” деген түсінік қолданылатын,осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына(өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық – мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалған барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Кіріспе.....................................................................................................
1. Қазақстан Республикасындағы инвестицияның экономикалық ролі..............................................................................4
1.1 Инвестицияларды орналастыру процессі мен оның мәні………4
1.2 Қазақстан Республикасының инвестициялық климатының жалпы жағдайы………………………………………………………...9
2. Қазақстан Республикасындағы тікелей инвестициялар ағымы....................................................................................................13
2.1 Шетелдік тікелей инвестицияларының Қазақстанда әрекет етуі..........................................................................................................13
2.2 Нақты мысал ретінде Батыс Қазақстан облысының инвестициялық потенциалы…………………………………………23
3. Қазақстандағы инвестициялық климаттың даму ерекшеліктері және мәселелері........................................................27
Қорытынды.........................................................................................31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............
Жоспар
Кіріспе.......................
1. Қазақстан Республикасындағы инвестицияның экономикалық ролі..........................
1.1 Инвестицияларды орналастыру процессі мен оның мәні………4
1.2 Қазақстан Республикасының инвестициялық климатының жалпы жағдайы………………………………………………………..
2. Қазақстан Республикасындағы тікелей инвестициялар ағымы.........................
2.1 Шетелдік тікелей инвестицияларының Қазақстанда әрекет етуі..........................
2.2 Нақты мысал ретінде Батыс Қазақстан облысының инвестициялық потенциалы…………………………………………23
3. Қазақстандағы инвестициялық климаттың даму ерекшеліктері және мәселелері....................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................
Қосымша.......................
Кіріспе
Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде “жалпы капиталдық салымдар” деген түсінік қолданылатын,осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына(
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар,технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәір жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырылады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айыршаланатын залал түрінде көрінеді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып табылады, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салымдарға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде ( АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.
Әлемнің басқа елдерінің тәжірибесі көрсеткендей,шетел капиталы оң нәтижеге, сондай-ақ елдің экономикасын терең қарыздық кризиске ұшырауына әкелетін теріс нәтижеге де ұшырату мүмкін.Инвестицияны максималды көлемде тарту негізгі мақсат емес.
Елдегі жинақтардың көлемі елдегі инвестициялар көлеміне әсер етеді. Инвестициялар болашақта бүкіл экономикалық өндірістік қуатын арттыратын негізгі қорлардың сатып алу шығыстарын көрсетеді. Қоғам өзінің ағымдағы табыстарының бір бөлігін жинақтаса, бұл өндірістің бір бөлігі тұтынуға емес,инвестицияға бағытталғандығын көрсетеді.
1.Қазақстан Республикасындағы инвестицияның экономикалық ролі.
1.1.Инвестицияларды орналастыру процессі мен оның мәні.
“Инвестиция" терминінің бірнеше мағынасы бар. Ол біршама қаржылық нәтижелерді ескеріп акция немесе облигациялар сатып алуды білдіреді; белгілі бір тауарды өндіру мен сатуға талап етілетін нақты активтерді, мысалы машиналарды білдіреді.
Инвестиция-бұл капиталдың сақталуын немесе құнының өсуін және ол бойынша оң табыс алуды қамтамасыз ететін капиталды орналастыру әдісі. Бос ақша қаражаттары- инвестиция емес, себебі қолма-қол ақшаның құндылығы инфляциямен “жеп” қойылуы мүмкін және олар табысты алуды қамтамасыз ете алмайды. Егер,сол ақша қаражаттарының сомасын банктін жинақтаушы шотына орналастырсақ, онда оларды инвестиция деп атауға болады, себебі шот белгілі бір табысқа кепіл береді.
Инвестициялық процесті талдаулар таза инвестициялардың артқы Ж.Ұ.Ө-ң мультипликативті өсуін басқаратынын көрсетеді. Басқаша айтқанда,инвестициялық ақшалар – бұл “қуаттылығы жоғарылатылған “ ақшалар.Мұның баламалы әсеріне мемлекеттік шығындардың өсуі де әкеледі.
Кез келген экономикалық инвестициялық ортасы негізгі болып табылады және елдің экономикалық өсуін анықтайды, ал инвестициялық саясат экономикалық саясаттың приоритетті сферасы болып табылады.
Капиталды орналастырудың түрлі нысандары бар.Олар бірқатар факторлармен айқындалады: бағалы қағаздарға және жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; акция және опциондарға;аз немесе көп тәуекелмен;қысқа немесе ұзақ мерзімге;тікелей және жанама.
Бағалы қағаздар және мүліктік салымдар.
Бағалы қағаздар немесе қор құндылықтары-бұл кез келген біреудің қарыз міндеттемелерін көрсететін немесе меншік иесі ретінде компаниядағы үлесін сату немесе сатып алу құқығын қамтамасыз ететін ақша салымдарының құралы.
Мүліктік салымдар-бұл компанияның нақты активтеріне немесе жеке нақты мүлікке салымдар.
Нақты активтер-бұл жер,құрылыстар және жермен тұрақты ‘’байланыстырылғандардың’’
Нақты жеке мүлік-бұл алтын, антиквариат,өнер өндірісі және басқа да коллекциялық заттар.
Тікелей инвестиция – бұл қор немесе мүліктік құндылықтар түріндегі активтерге талаптартарды инвестор тікелей иеленетін капитал салымы.
Инвестициялық белсенділік экономиканың дамуының маңызды жағдайы, құрылымдық қайта құруларды жүзеге асырулардың, бәсекелестіктің нығайуының маңызды жағдайы болып табылады.
Жанама инвестиция – бұл портфельге қаражат салу,басқаша айтқанда
Ережеге сәйкес, инвестициялар не кредиторлардың мүддесімен,не капиталға меншік иесі ретінде қатысуымен байланысты. Қарыздық бағалы қағаздар мүліктік емес активтерге салымдар ретінде пайыз (%) түрінде табыс алу құқығына айырбасқа берілген қаражаттарды және белгіленген уақытта қарыз сомасын қайтаруға қарыз алушының міндеттемесін білдіріді. Инвестор қарыздық қаржы инструменттерін сатып алған кезде, мысалы облигацияны айналысқа шығарғанды несиелейді және келісім шарттың аяқталуында қарыздың бастапқы сомсын қайтаруға міндетті болатын келісілген уақыт ішінде бекітілген пайыздарды төлеу міндеттемесін алады.
Капиталға қатысу немесе үлестік салымдар - бұл уақыт шектеулерімен байланысты емес белгілі бір компанияның немесе мүлкінің иесінің үлесі. Негізінде инвестор акция деп аталатын бағалы қағаздарды сатып ала отырып компания каиталына қатысу құқығын иеленеді.Опциондар қарыздық инструменттерге де,үлестікке де жатпайды; бұл инвесторларға басқа бағалы қағаздарды немесе келісілген мерзім аяқталғанша алдын – ала белгіленген баға бойынша активті ссатып алуға құқық беретін бағалы қағаз.
Кейде инвестицияларды тәуекел деңгейі бойынша бөледі. ’’Тәуекел’’ термині жағымсыз нәтиже алу мүмкіндігін білдіреді.
Тәуекелі төмен инвестицилар- бұл белгілі бір табыс алу тұрғысынан қауіпсіз деп есептелетін салымдар.
Тәуекелі жоғары инвестициялар- бұл белгілі бір табыс алу кепілі тұрғысынан спекулятивті болып есептелетін салымдар.
Спекуляция- бұл қаржы инструменттерінің құнымен табыстылығы болашақта анықталған болатын қаржы инструменттерін сату және сатып алу операциясы.
Жалпы, инвестициялық процесс- бұл ақша ұсынушылар мен сұранушылар арасындағы механизм.Екі жақ әдетте,қаржы институттарында немесе қаржы нарығында кездеседі.Қаржы институттарын – банк және қарыз жинақтаушы ассоциациялар сияқты ұйымдар,әдетте, алдымен салымдар алады,содан соң ақшаларды кредитке береді,басқаша айтқанда инвестициялайды.Қаржы нарықтары – бұл қор биржасы сияқты делдалдар көмегімен келісімдер жасау үшін қаржы ресурстарын ұсынушылар мен іздеушілерді мемлекеттің ағымдағы қажеттіліктері табылады.
Жалпы,мемлекет – бұл ақша қаражаттарын таза тұтынушы,яғни ол ақша қаражаттарын бергенге қарағанда көп пайдаланады.
Көптеген компаниялар (типіне тәуелсіз) өз қызметін қолдау үшін күрделі қаражаттарды қажет етеді.Мемлекетке ұқсас компаниялар,жалпы таза ақша қаражаттарын сатып алушылар болып табылады.
Жеке тұлғалар инвестициялық процеске әр түрлі әдістермен ақшаларды жеткізе алады,мысалы,ақшаларды жинақтаушы шоттарға орналастыру,акция және облигациялар сатып алу,сақтандыру полистерін сатып алу,әр түрлі мүліктерді сатып алу.
Жеке тұлғалар – ақшаларды таза жабдықтаушылар;басқаша айтқанда,олар инвестициялық процеске ақшаны алғанға қарағанда көп береді.
Инвестициялау деп – ақшаларды олрдың құндылығын арттыру немесе оң табыс алу мақсатында арнайы таңдалған қаржы инструменттері арқылы орналастыру процесін айтамыз. Бұл қызмет үлкен экономикалық маңызға ие, ол логикалық кезекті әректтерді орындай алады, ал оның нәтижесі табыс алу болып табылады.
Инвестициялардан табыс немесе пайда 2 негізгі нысанның біреуінен алынуы мүмкін: ағымдағы табыс немесе салынған қаражаттардың құнының өсімі ретінде.Мысалы,банктің жинақтаушы шотына орналастырылған ақшалар немесе бос жер учаскесін сатып алуға салынған ақшалар.(оның табысы жерді сатып алу мен сату уақыты арасында учаске құнының өсімі түрінде болады).
Инвестициялық белсенділік экономиканың дамуының маңызды жағдайы, құрылымдық қайта құруларды жүзеге асырулардың, бәсекелестіктің нығайуының маңызды жағдайы болып табылады.
Әлемнің әрбір елі инвестициялық кризистен өз жолдарымен шығады.Қалыптасқан инвестициялық саясат сол елдің не басқа елдің нақты қаржылық - өндірістік мүмкіндіктерін есепке алуы тиіс.
Толық және дамыған инвестициялық бағдарлама инвестициялау көздерінің барлық жиынының ‘’жұмысын’’ кіріктіруі қажет.Инвестициялық көздер мен экономикалық даму арасындағы өзара байланыс жүйелі түрде келесідей көрсетілуі мүмкін.
Инвестициялау көздерінің жалпы құрылымын қарастырайық.
Экономикалық теорияда инвестиция көздерінің сыныптамасы оның негізіндегі белгілермен ерекшеленеді.Егер,көздердің негізгі арналымынан қарастырсақ,ұлғайтылған инвестициялық шығыстарды ескірген құрал – жабдықтарды алмастыруға бағытталған амортизациялар және физикалық капиталды кеңейтетін, яғни экономикалық өсімге әсер ететін таза инвестицияларға бөлуге болады.
Инвестицияны қаржыландырудың ішкі көздері.
Жоғарыда айтқандай,ішкі көздердің бірі болып жинақтар табылады. Ел масштабында,жинақтардың жалпы деңгейі тұрғындардың, ұйымдардың және үкіметтің жинақ деңгейіне тәуелді.
Елдегі жинақтардың көлемі елдегі инвестициялар көлеміне әсер етеді. Инвестициялар болашақта бүкіл экономикалық өндірістік қуатын арттыратын негізгі қорлардың сатып алу шығыстарын көрсетеді. Қоғам өзінің ағымдағы табыстарының бір бөлігін жинақтаса, бұл өндірістің бір бөлігі тұтынуға емес,инвестицияға бағытталғандығын көрсетеді.
Қазіргі уақытта,сыртқы көздерден қаржыландырылатын шетел инвестицияларына көп көңіл бөлінеді.Оларға жеке тікелей және портфельді инвестициялар,сондай – ақ шетел несиелері мен қарыздары жатады.
Информация о работе Қазақстандағы инвестициялық климаттың даму ерекшеліктері және мәселелері