Қазақстандағы инвестициялық климаттың даму ерекшеліктері және мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:38, курсовая работа

Описание

Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде “жалпы капиталдық салымдар” деген түсінік қолданылатын,осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына(өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық – мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалған барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................

1. Қазақстан Республикасындағы инвестицияның экономикалық ролі..............................................................................4
1.1 Инвестицияларды орналастыру процессі мен оның мәні………4
1.2 Қазақстан Республикасының инвестициялық климатының жалпы жағдайы………………………………………………………...9

2. Қазақстан Республикасындағы тікелей инвестициялар ағымы....................................................................................................13
2.1 Шетелдік тікелей инвестицияларының Қазақстанда әрекет етуі..........................................................................................................13
2.2 Нақты мысал ретінде Батыс Қазақстан облысының инвестициялық потенциалы…………………………………………23

3. Қазақстандағы инвестициялық климаттың даму ерекшеліктері және мәселелері........................................................27

Қорытынды.........................................................................................31

Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............

Работа состоит из  1 файл

Инвестициялық климаты.doc

— 276.50 Кб (Скачать документ)

Канаданың Орталық Азиядағы және, атап айтқанда, Қазақстандағы мүдделері, біздің тауарларымыз, көрсететін қызметтеріміз бен адамдарымыз үшін ашық өңірдің өсіп-өркендеуі мен тұрақтылығына қолдау көрсету саласына шоғырланған, мұнда тұрлаусыздық пен аймақтық шиеленістер азайып келеді. Осы елге терең қызығушылықты сезінген мен Қазақстанға осыдан екі жыл бұрын Канаданың Төтенше және Өкілетті Елшісі болып келдім. Мен үшін екі жақты қатынастарды тиімді кеңейту және өңірдегі канадалық мүдделер мен құндылықтарды нығайтатын стратегиялық жоспарлар жасау басты мәселе болып табылады.

Біздің екі еліміз географиялық жағынан алшақ болса да, бірақ біздің ортақ нәрселеріміз көп. Әр ел үшін ең елеулі ұқсастықтар – ұқсас климаттық жағдайлар, халқының саны аз кең байтақ аумақ, табиғи ресурстардың байлығы, мәдени және этностық саналуандық, үлкен және қуатты көрші ел.

Біздің екі еліміздің берік екі жақты қатынастары бар. Осының ең елеулі көрінісі біздің экономикалық байланыстарымыз болып табылады. Мәселен, 1991 жылдан бері канадалық инвесторлар Қазақстан экономикасына қомақты үлес қосты. Барша канадалықтар Қазақстан рыногына ең басынан канадалық компаниялардың ойдағыдай және нық сеніммен кіргенін мақтан тұтады. Қазіргі міндет былай, қос елдің экспортшылары мен инвесторлары барынша мол бірлескен пайда табулары керек. Нақ осы тұрғыда мен мынаған үміт артамын, 2003 жылы қол қойылған “Екі жақты экономикалық серіктестікті нығайту жөніндегі канадалық-қазақстандық іс-әрекеттердің бірлескен жоспары” сауда саласында канадалық-қазақстандық анағұрлым күшті және өзара тиімді серіктестікті дамыту үшін бізге ортақ платформа береді.

Сонымен қатар, Канаданың G8 Global Partnership алдындағы міндеттемелерінің аясында және ЕҚЫҰ мен НАТО-ға біздің қатысуымыздың шеңберінде, біздің өңірдегі саяси тұрақтылық пен демократияландыруды қамтамасыз ету бойынша Қазақстанмен тығыз ынтымақтастық жасағымыз келеді.

Канадалықтар Қазақстан туралы ойлаған кезде, олар шөл сахаралы, далалы, таулы және өзенді елді елестетеді. Қазақстанда теңіз жағалауы мен зерттелмеген үлкен әлеует бар екені көбіне көлеңкеде қалып қояды. Каспий теңізінің қазақстандық секторынан жуырда табылған офшорлық мұнай ресурстары осы елді негізгі мұнай өндірушілер мәртебесіне көтерді. Минералды ресурстардың орасан үлкен кендері, ауыл шаруашылығының өсе түскен секторы мен дамыған мұнай-газ саласы Қазақстанға Орталық Азиядағы басқа елдердің үстінен басымдық берді. Таяу болашақта Қазақстан ОПЕК-ке кірмейтін елдерде мұнай-газ ресурстарына өңдеу жүргізуге ұмтылатын халықаралық энергетикалық компаниялар үшін ең озық әлемдік перспективаларды ұсынатын болады. Өтпелі кезеңге сөзсіз ілесетін үлкен қиындықтарға елдің әлі де кездесіп жатқан фактісіне қарамастан, Қазақстан осы кезеңнің ішінде саяси және экономикалық реформалар жолында айтарлықтай ілгері жылжыды және “жол салатын” нағыз ел ретінде, дамудың өршіл бағдарламаларын енгізу тұрғысында жігерлене жұмыс жасап жатыр, олар негізінен индустриялық және ииновациялық мақсаттарға бағытталған.

Канада мен Қазақстанның дипломатиялық қатынастарды 1992 жылдан бері орнатқаны белгілі. Бүгінде олар “көпаспекті” ынтымақтастық жүргізуде. Канаданың Қазақстанмен қатынастары тығыз ынтымақтастық, тұрақты консультациялар мен ұлғайған инвестициялар тұсында айтарлықтай дамыды. Қазіргі кезде, Канаданың халықаралық саясат мәселелері жөніндегі басымдықтарына сәйкес, Канада үкіметі Қазақстанмен ынтымақтастық стратегиясын жасады, ол қауіпсіздік, экономикалық даму, демократиялық құндылықтар мен заңды құрметтеу қағидаттарына негізделген.

Бұл екі жақты ынтымақтастық үшін берік іргетас қалады. Соңғы бес жылда біздің саяси байланыстарымыз анағұрлым жандана түсті. Канада мен Қазақстан “Парламенттік дипломатиялық бағдарлама” аясында парламенттік делегациялармен алмасу жүргізді: Канада парламентінің Хатшысы, Құрметті Гар Кнутсон, Қазақстанға 2001 жылы ресми сапармен келді. Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2002 жылы қарашада Канаданың Премьер-Министрі Кретьенмен кездесті. Осы кездесулердің барлығы біздің екі жақты байланыстарымыздың серпінді кеңеюіне белсенді ықпал жасады. Президент Назарбаевтың 2003 жылы Канадаға жасаған сапары канадалық-қазақстандық ынтымақтастыққа жаңа күштер қосты. Сапар кезінде Президент Назарбаев әлемдік қоғамдастық үшін орасан қызығушылық танытатын Ауғанстан мен Таяу Шығыстағы және жоғары дәрежелі шиеленістегі өзге де өңірлердегі жағдай сияқты кейбір мәселелерді талқылады. Осы сапар Канада мен Қазақстан көшбасшыларының шешуші мәселелер бойынша ортақ саяси көзқарастарды ұстанатынын растады.

Бүгінде, Канаданың Премьер-Министрі Стивен Харпердің басшылығымен, біздің екі жақты саяси диалогымызға қосымша, Канада мен Қазақстан біздің екі еліміздің арасындағы БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығын дамыту жөніндегі бірлескен жұмысты жандандырды. Мәселен, Канаданың Ұлттық қорғаныс Департаменті Қазақстанмен бірге әскери тренингтер бойынша көмек көрсету Бағдарламасын әзірледі, ол Қазақстанның Бейбітшілік жолындағы серіктестік НАТО Бағдарламасына кіруіне жәрдемдесуге бағытталған. ЕҚЫҰ контрибьюторының алтыншы ірі қатысушысы ретінде Канада осы ұйыммен тұрақтылықты нығайту, тиімді басқару және Қазақстанның халықаралық қатынастар мен міндеттемелер құрылымына толық интеграциялану мәселелері бойынша белсенді жұмыс істейді.

Канадалық-қазақстандық қатынастар оқу-білім, мәдениет және ғылым саласында күн санап нығайып келеді. Оған мысал – Жаһандық Серіктестік Бағдарламалары мен Халықаралық Ғылым және Технологиялар Орталығы бағдарламаларының аясындағы көптеген бірлескен бастамалар, Қазақстанда канадалық фильмдер фестивалін өткізу, Қазақстандық менеджмент, экономика және стратегиялық жоспарлау институтында (КІМЕР) жуырда Тұрлаулы Қалалық Даму Орталығын ашу.

Мұнымен қатар, 1992 жылдан бері, Канаданың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (CIDA) Қазақстанға грант түрінде көрсетілетін көмекті дамыту үшін 30 млн-нан астам канада долларын берді. Канадалық Даму Бағдарламасының негізгі міндеті елдің нарықтық экономикаға өтуіне қолдау жасау болып табылады. Елдің 2003 жылы қол жеткізген жақсы экономикалық нәтижелерін ескере отырып, біздің даму жөніндегі бағдарламамыз Қазақстанда өз бағыттылығын өзгертті. Жуырда бөлінген екі жақты гранттар бірінші кезекте техникалық және кәсіптік білім беруді нығайтуға бағытталды, сондай-ақ олар жеке бастамаға негізделетін, негізінен ауылдық жерлердегі шағын жобаларды жүзеге асыруға қабілетті жергілікті ұйымдарға да берілді. Олар, мәселен, шағын несиелеу, ауыл әйелдері арасында бизнес-бастамаларды дамыту, немесе жастардың бастамаларына қолдау жасау жөніндегі жобалар.

Қазақстанмен техникалық ынтымақтастық мәселелеріндегі Канаданың күш-жігерлері де сондай-ақ адал басқару мен нормативтік және құқықтық ортаның мөлдірлігі бағдарламаларын дамытуға жұмсалады. Біз тұрақты негізде көмек көрсетеміз және біздің қазақстандық серіктестерімізге мынадай салалардағы әлеуетін нығайтуға жәрдемдесуі мүмкін бастамаларды қолдаймыз, олар: аймақтық дамуды жоспарлау мүмкіндіктері, әлеуметтік қауіпсіздік саясаты мен бағдарламалары, қоғамдық және жеке сектордағы серіктестік, қалалық менеджмент, аймақтық және облыстық тиімді ынтымақтастық, экономикалық әртараптандыру.

Канада мен Қазақстан арасындағы екі жақты сауда айналымы 2009 жылы 700 млн. долларды құрады, бұл көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда 64 %-ға және 2005 жылдағыдан 18 есе көп. Канаданың Қазақстан экономикасына инвестициялары 2,2 миллард доллардан асты және инвесторлардың инвестициялық және күрделі қаржы жұмсалымдары бойынша ағымдағы міндеттемелерді есепке алғанда оның 3,0 миллиард долларға дейін өсетіні ұйғарылып отыр.

Канаданың Экспорттық Дамуы жөніндегі Канада Агенттігі Қазақстанға канадалық экспортшылар үшін ең елеулі әлеуеті бар секторлар ретінде энергетикалық секторды және ауылшаруашылық техникасы секторын белгіледі де, “ТұранАлем” банкі арқылы арнаулы тікелей қаржыландыру жасады.

Канада мен Қазақстан сондай-ақ Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі қолдау көрсететін, әсіресе Қазақстандағы мемлекеттік зейнетақы реформасы саласындағы, және Астана қоғамдық көлік жүйесіндегі инвестициялық және заңнамалық қолдау жобаларының аясында да тығыз ынтымақтастық жүргізеді.

Қазір Канада Қазақстанның БСҰ-ға кіруін белсенді түрде қолдап отыр және осы үдерісті жылдамдатуға өз көмегін ұсынады.

Қазіргі кезде Қазақстанда 130-дан аса канадалық компаниялар жұмыс істейді, әрі солардың 35-і елде ұдайы болады. Канада Қазақстандағы мұнай-газ секторының, сондай-ақ ауыл шаруашылығы/ауылшаруашылық техникасы, кен өндіру өнеркәсібі, құрылыс, жаңа технологиялар сияқты секторлардың мүмкіндіктері туралы канадалық экспортшылар мен импортшыларға ақпарат беруді одан әрі жалғастыруда.

Канада сауда көрмелеріне Канаданың да, сондай-ақ Қазақстанның да компанияларының қатысуын ұлғайтуға жәрдемдесті. 2005 жылы Канаданың бірнеше делегацияларының Қазақстанға сапарлары ұйымдастырылды (делегациялар құрамына Саскатчеван, Манитоба, Онтарио, Альберта және Ньюфаундленд провинцияларынан сауда дамуы жөніндегі Агенттіктің өкілдері де кірді), олар KIOGE-2005 және АгроПродЭкспо-2005 көрмелеріне қатысты.

Бүгінде канадалық кен өндіру және ауылшаруашылық жабдығына үлкен сұраныс жасалады. Саскатчеван, Манитоба, Альберта провинциялары мен Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы секторында технологиялармен және тәжірибе алмасу үшін тамаша серіктестер болып табылады, оған Қазақстанның ауылшаруашылық Министрі А.Есімовтың осы жылдың маусым айының соңында Канадаға жасаған сапары мысал болады, сапар барысында Канаданың ауылшаруашылық Министрі Строл мырзамен және Саскатчеван провинциясының Премьер-Министрі Калверт мырзамен кездесулер өтті. Канада мен Қазақстанның экономикалық қатынастары тұрақты консультациялар және экономикалық қылмыстылықпен күресуде арта түскен мүмкіндіктер кезінде айтарлықтай дамыды.

Қазақстанның канадалық экспортшылар мен импортшылар үшін, атап айтқанда, мұнай-газ саласын дамыту, өнеркәсіп ғимараттарының құрылысы, тұрба құбырларын салу, офшорлық жабдық пен тренингтер сияқты бағыттарда үлкен әлеуеті бар екенін атап өту керек. Каспийдің офшорлық кеніштерін өңдеуді және жаңа мұнай құбырларын салуды жалғастыру ұйғарылып отыр, ол елдің экономикалық өсуіне келесі 15 жыл бойы жәрдемдеседі. Экология және биотехнология салалары сияқты құрылыс және кен өндіру салаларының да канадалық бизнес үшін мүмкіндігі үлкен.

Қысқасы, Канада мен Қазақстан экономикалық серіктестігінің бұдан былай да шарықтап дами беретініне мен күмән келтірмеймін.

Нидерланды мен Қазақстан:жаңа мыңжылдықтағы ынтымақтастық стратегиясы

Мыңжылдық жылдан, онжылдықтан, ғасырдан басталады. Стратегияны дамыту үшін тым ұзақ алдағы уақытқа жоспарлау орынды емес, өйткені даму кезең бойынша жүреді, ал әлемдегі ахуал да өзгереді және кейде өте жылдам ауысады. Қазақстанның экономикалық дамуы шын мәнінде таяуда басталды. Өсу қарқыны жылдам сияқты болып көрінеді, бірақ ілгерілеуге мағына мен ұзақтылық беру үшін көп нәрсе қажет. Халық пен келесі ұрпақтар үшін прогрестің тұрлаулы болғаны лазым.

Қазақстан кең ауқымды ресурстар сияқты қолайлы факторға ие. Ресурстар мен табыстар ел үшін ырыс болып табылады, егер оларды дұрыс мағынада және ашкөздіксіз пайдаланатын болса. Тек сонда ғана елдің прогресіне жетуге және бейнелеп айтқанда мұнайдың дағы сияқты кең етек жаюға мүмкін болады.

Қазақстанның тарихына көңіл бөлгенде, қоғамның көптеген салалары дамуда нақты артта қалуды көрсетіп отыр. Осы секторларды дамыту үшін елдің мүмкіндіктері бар. Алайда бұл белгілі бір үйлесімге және тұрақты болашаққа жету үшін алдын ала шарттарды жүзеге асыруды талап етеді.

Нидерландының бұрын өткен үлкен жағдайлары бар, онда басқа ұғымдармен қатар, халықаралық сауда, теңізде жүзу, отарлау, дін, революция мен демократия “қалыптасқан” мемлекет деңгейіне жетуде маңызды роль атқарды. Менің бірақ мынаны атап көрсеткім келеді, қалыптастыру аталатын ұғым біршама салыстырмалы болып табылады. Нағыз жаһандану, мәселен, мынадай ықпалын тигізеді, ол қоғамды өзгертеді және күтпеген және бұдан бұрын болмаған жағдайлар мен проблемаларға үн қатуды талап етеді.

Қазақстан мен Нидерланды, географиялық алыс қашықтыққа қарамастан, бір мезгілде жоғарыда айтылғанды ұмытпау арқылы бір-біріне жақындай алады.

Экономикалық өркендеу адамдардың дамуы үшін алғышарт болып табылады, бірақ жоғарыда айтылғандай, таңдаудың өзі және ілгері апаратын жолдарды таңдауды өте абайлап, әрі ел игілігі үшін жасау керек. Бұл, түрлі салаларды қозғаған кезде, топтасқан тәсілдің қажет екенін білдіреді.

Бір жағынан, оқу-білім, қоршаған орта, денсаулық сақтау, инфрақұрылым, ауылшаруашылығы саласындағы сектораралық дамуда шоғырлану қажет, бірақ сонымен қатар, еңбек заңнамасы, әлеуметтік қорғау мен зейнетақы заңнамасы сияқты әлеуметтік құрылымдар да сондай-ақ осыған барабар ықыласты талап етеді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Нидерланды әлеуметтік және экономикалық бостандық, капитализм стратегиясын жасауды жүзеге асыруға жүйелі әрекет жасап көрді. Осы шаралар халықтың табыстары мен пайдаларында тым үлкен материалдық айырмашылыққа жол бермеу үшін мемлекеттің ұдайы араласуымен жүргізілді. Тең құқықтыққа қол жетті, ол бойынша коммуналды ыңғайлылықтар, сондай-ақ экономикалық таңдау еркіндігі мен мүмкіндіктері ешқандай кемсітушіліксіз баршаға бірдей ашық және әрқашан кез келген мәселе бойынша жүгінуге мүмкіндік берілген.

Әдетте денсаулығы бойынша адамның сақтандыруы жоқ болғандықтан ешкім де көшеде өлмейді. Медициналық көмекке мұқтаж науқасқа әрбір аурухана әрқашан қызмет көрсетеді. Қаржылық салдарлар кейінірек шешіледі. Әлеуметтік әділдік Нидерландыда тым тереңге кетеді, әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін міндетті жарналар мен зейнетақы қорына жасалатын төлемдерді айтпағанның өзінде жүйені әрбір салық төлеуші қолдайды – табыстарға салынатын салықтар 52 %-ға жетеді.

Экономикалық өсудің, капитализмнің жалпыға бірдей еркіндік пен әлеуметтік әділдіктің ұштасуы тіпті берік тамырлары бар демократиялық жүйе үшін де тұрақты түрдегі күрделі міндет болып табылады, ол күштер мен билікті айқын бөліп таратуды талап етеді. Мұндай модель (үлгі) үшін ынтымақтастық, сондай-ақ құрметтеу мен төзімділік қажет. Осындай міндеттерді шешу кезінде қоғамда орын алатын материалдық, саяси және мәдени айырмашылықтардың себебінен қиындықтар сөзсіз болады.

Информация о работе Қазақстандағы инвестициялық климаттың даму ерекшеліктері және мәселелері