Қазақстандағы инвестициялық климаттың даму ерекшеліктері және мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:38, курсовая работа

Описание

Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде “жалпы капиталдық салымдар” деген түсінік қолданылатын,осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына(өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық – мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалған барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................

1. Қазақстан Республикасындағы инвестицияның экономикалық ролі..............................................................................4
1.1 Инвестицияларды орналастыру процессі мен оның мәні………4
1.2 Қазақстан Республикасының инвестициялық климатының жалпы жағдайы………………………………………………………...9

2. Қазақстан Республикасындағы тікелей инвестициялар ағымы....................................................................................................13
2.1 Шетелдік тікелей инвестицияларының Қазақстанда әрекет етуі..........................................................................................................13
2.2 Нақты мысал ретінде Батыс Қазақстан облысының инвестициялық потенциалы…………………………………………23

3. Қазақстандағы инвестициялық климаттың даму ерекшеліктері және мәселелері........................................................27

Қорытынды.........................................................................................31

Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............

Работа состоит из  1 файл

Инвестициялық климаты.doc

— 276.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстанда мықты бір фактор бар, ол дәстүр, оны жалғастыру үшін қолдау көрсету қажет. Жаһандану, жаңару, сондай-ақ пайда болып жатқан байлық пен капитализм дәстүрлі қағидаттарды оңай кеміте немесе тежей алса да, дәстүрлі тамырлары бар қоғам күн көре алады. Осы себептен халыққа жасалған сынақтарды тең етіп шешу үшін мемлекет өзінің күш-жігерлерін осы мәселелерге бағыттауы тиіс.

Осы мақаланың көлемі мазмұнның негізділігі мен тереңдігін ашуға мүмкіндік бермейді. Жоғарыда айтылғанның бәрін ескергенде, мынадай сұрақ туындайды, Қазақстан мен Голландияның (көбіне Нидерланды деп атайды) қалай жақындасуына болады және уақыт өте олар сындарлы ынтымақтастыққа қалай жетуі мүмкін.

Технологияларды, ноу-хауды пайдалану, сондай-ақ оларды беру мен көптеген салалардағы біліктілік Қазақстанның ілгері жылжуына көмектесуі мүмкін, бірақ тұрлаулы даму көптеген басқа аспектерді де ескереді, мәселен, ойлау және діл ұстану, және революциялардан гөрі эволюцияның (дамудың) артықшылығы сияқты мәселелер.

Өзара тиімді ынтымақтастық стратегиялық мақсаттармен осы аталған экономикалық салаларға жұмылдырылуы мүмкін, сонымен қатар, әлеуметтік құрылымдау ерекше назар аударуды қажет ететін мәселе болуы ықтимал. Бұл заңнаманың, азаматтық қоғамның және демократиялық құрылымдардың жоғарыда аталған себептер бойынша дамудың белгілі бір деңгейге жетуін білдіреді. Нидерланды тәуелсіз және осы заманғы сот құқығын орнатудағы сияқты, әлгіндей күрделі салаларда көмек көрсете алады, ол қоғамның маңызды базасы болып табылады.

Ұзақ мерзімді негіздегі шағын және орта бизнесті дамыту мүмкіндіктерін жасау үшін, Президент Назарбаевтың ықыласы солай, қаржылай қаражаттар қажет. Несиелер, заемдар, ипотекалар мен мүмкіндікті пайыздық ставка экономиканы оңайырақ ілгері бастырады. Дамушы әлемде кең ауқымдағы тәжірибесі бар голландтық қаржы институттары өз көмегін ұсына алады.

Қазақстандық тараптың шетелдерден инвестициялары капитал және тәжірибе алмасуға жәрдемдеседі, ол Қазақстаннан болатын капитал үшін кең ойын алаңын жасайды, бұл қазақстандық және шетелдік компаниялар арасындағы шетелдегі ынтымақтастықтың Қазақстандағы экономика үшін қажет капитал базасын ұлғайтатынын білдіреді. Қазақстандағы инвестицияларға да дәл осы тәсіл қолдануға жарамды. Заңдық және басқарушылық негіз шетелдік компаниялардың қазақстандық компаниялармен бірге жұмыс істей алуы үшін кепілденуі тиіс. Шетелдік инвестицияларды қорғау халықаралық келісімдерге жазылумен шектелместен, сонымен бірге іс-шаралар мен заңнаманы реттейтін жергілікті ережелерді қолдану арқылы да жүзеге асырылуы тиіс. Қазақстаннан шетелдерге жасалатын инвестициялардың және Қазақстанға жасалатын шетелдік инвестициялардың көлемін құрылымдау үшін мамандандырылған (арнаулы) институт немесе ұйым құру мүмкін. Осындай ұйым құру үшін жеке капитал мен қоғамдық институттардың ынтымақтастығы қажет болады.

Голландия экономикасының жетпіс пайызы қызмет көрсету индустриясына негізделеді. Қажетті қызметтер Қазақстанға көрсетілуі мүмкін, өйткені көрсетілетін қызметтерді, үлкен есеп бойынша, экономикалық дамуды ілгерілетудің біркелкі үдерісі деп белгілейді. Түрлі әлеуметтік салалар мен бизнес секторына өзгерістер жасау қажет болған кезде, көрсетілетін қызметтер көмектің негізін құрайды.

Және ең соңғысы, бірақ мұның да маңызы кем емес: энергетикалық фактор аталған жоқ. Кез келген коммерциялық өнімдермен болатын жағдайдағы сияқты ұсыныс пен сұраныс сондай-ақ энергетика саласында да бір-біріне сәйкес болуы тиіс. Егер осы шарттар сақталмаса, онда экономикалық тұрақсыздық ахуалы туындайды. Баланс дегеніміз – нағыз қол жеткізетін нәрсе. Және тараптар қай-қайсысын болса да қанағаттандыратын шешім табу мүмкіндігіне ие болуға тиіс. Энергетика, қауіпсіздік пен өндіріс барған сайын саяси мәселелерге айналу үрдісіне қарай ойысып келеді, өйткені, бәлкім, біз, - немесе бізге осылай айтады, ресурстар жетіспеушілігінің шегінде тұрсақ керек. Энергетикалық мәселені саяси тұрғыда түсіндіруден туындауы мүмкін проблемаларға болжам жасау мен талқылау осы мақаланың ауқымына сыймайды. Дегенмен, мына жәйт айқын болуға тиіс, сол нұсқадан басқасында, жаһандық шешімдер табу мақсаты сындарлы болып табылмайды, сарқылып келе жатқан ресурстарды пайдаланудан туындайтын мәселелерді біздер бірге шешуге тиістіміз. Мүмкіндіктермен алмасу, сұраныс пен ұсыныстың сәйкес болуы, жаһандық сауда қағидаттары (БСҰ) тұрақтылыққа жетелеуге тиіс. Голландияның мұнайдағы, сондай-ақ өнеркәсіптің газ және көмір салаларындағы сияқты, энергетика саласында да ежелгі дәстүрі, тәжірибесі мен тарихы бар. Голландияның 1960 жылдан бері еуропалық табиғи газ өндірушілердің ең ірілерінің бірі екенін есте тұту қажет. Осы уақытқа дейін ел шетелге газ сатады. Осы саладағы ынтымақтастықтың артықшылықтары мен жақсы перспективалары бар екені сөзсіз. Мұнай өңдеу мен барлауды голландиялық компаниялар бүкіл әлем бойынша жүргізеді. Каспий теңізін дайындау жай мұнай мен газды өңдеу мен барлауды айтпағанның өзінде, құрылыстағы, бұрғылаудағы, кеме қатынасы мен қоршаған ортаны қорғаудағы біліктілікті талап етеді. Осы салалардың барлығында Голландия қазірдің өзінде аса жоғары сападағы сараптама мен ноу-хауды, сондай-ақ болашақта қызметшілерді оқытуды ұсына алады.

Үйлесімді және тұрлаулы болашақтың игілігі жолында Қазақстанмен бірлескен жұмыс голландиялықтар үшін жауапты міндет болар еді. Бұл – бір жақты жол емес, ал оқу-білім үдерісінің ішіндегі алмасу. Жоғарыдан төмен қарай тәсілі ынтымақтастық үшін қажет жағдай жасай алмайды, бірақ, мәселен, Нидерланды Корольдігінің экономика Министрі мен Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар Министрі 2005 жылы 29 тамызда қол қойған хаттаманы жалғастыру бойынша бірлескен бизнес-топтар/даму топтарын құру мүмкін болған жағдайда, ол жаңа мыңжылдықтағы өзара перспективаның нақты бастамасына айналуы ықтимал.

Қазақстанда есірткімен күресу және қылмыстылықтың алдын алу жөніндегі ЮНОДК-тің жәрдемі

Кең байтақ аумақ, апиынның әлемдік өндірісінің шығу көзіне және Ресейде, Еуропада, т.б. жерлерде есірткі тұтынудың негізгі орталықтарына жақындық ауғандық есірткілер контрабандасы негізгі каналдарының тоғысу жолдарында орналасуына себеп болды. Соның нәтижесінде Қазақстан, бүкіл Орталық Азия өңірі сияқты, есірткі контрабандасы және лаңкестіктен бастап, өтпелі экономикалы мемлекеттерге тән жалпы тұрақсыздыққа, өңірдің күрделі географиялық орналасуына дейінгі бірқатар проблемаларға кездесті. Орталық Азияның ауған апиын өнімдері контрабандасының маршруттарында орналасуы есірткілер пайдаланудың күрт өсуінен және героинды инъекциялық тәсілінің таралуынан АИВ/ЖИТС эпидемиясының өсуіне түрткі болды. БҰҰ есірткілер және қылмыстылық жөніндегі Басқармасының (ЮНОДК) сараптық бағасы бойынша Ауғанстанда өндірілген апиын өнімдерінің 19 % (105 тонна героин және 34 тонна апиын) 2005 жылы Орталық Азия арқылы Ресей Федерациясына және Еуропаға тасымалданған, солардың бір бөлігі сөзсіз өңір елдерінде қалады да, ішкі тұтыну үшін пайдаланылады.

Бұл өңірде есірткі пайдаланудың кеңінен таралуына ұйытқы болды. Мәселен, 2008 жылы тіркелген есірткі тұтынушылардың жалпы саны 89 мың адамнан асты. 90-шы жылдардың орта шенінде-ақ Орталық Азиядағы ЮНОДК Аймақтық өкілдігі есірткі контрабандасымен, нашақорлықтың және АИВ/ЖИТС-тің таралуымен күресуге, сондай-ақ тиісті заңнамалық базаны жетілдіруге көмектесе бастады. Қазіргі кезде Қазақстанның белсенді қатысуы арқылы Орталық Азияда ЮНОДК-тің жаңа бағдарламалары іске асырылып жатыр, соның қатарында бірыңғай үйлестіру бастамасы – Орталық Азиялық аймақтық ақпараттық және үйлестіру орталығының (ОАААҮО) басшылығымен есірткі контрабандасына қарсы күресудегі аймақтық ынтымақтастықты жұмылдыруға қатысты іс-әрекеттер де бар. Қазақстан Үкіметінің ОАААҮО ұйымын өз елінде орналастыру туралы бастама көтергенін атап өту керек, осы ұсынысты өзара түсіністік туралы Меморандумның (ӨТМ) барлық қатысушы мемлекеттері 2006 жылы 7-8 ақпанда Ташкентте өткен сыртқы істер министрлерінің кездесуінде бірауыздан қолдады. Жуырда Қазақстанның Үкіметі ОАААҮО үшін Алматыда ғимарат беру туралы шешім қабылдады. Өңірдегі барлық мемлекеттердің құқық қорғау органдарының офицерлері іссапарға жіберілетін Орталықтың негізгі міндеті, - есірткілердің заңсыз айналымы жөнінде жедел ақпарат жинау және оны талдау, сондай-ақ бақыланатын жеткізулерді қоса есептегенде осы саладағы аймақтық құқық қорғау іс-шараларын үйлестіру. ЮНОДК есірткілер жеткізудің шығу көздері мен апарылатын жерлерін анықтау тәсілдерін жетілдіруде ӨТМ қатысушы мемлекеттеріне жәрдемдесетін бақылау жүргізілетін жеткізулер жөніндегі жобаны іске асыра бастады. Бұл есірткілердің заңсыз айналымымен шұғылданатын қылмысты құрылымдарды жоюға қатысты құқық қорғау органдарының мүмкіндігін арттыруға жағдай жасайды. Сондықтан осы жоба ОАААҮО тиімді қызметінің маңызды құраушыларының бірі болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан ӨТМ басқа да қатысушы мемлекеттері сияқты компьютерге оқытып-үйрету жөніндегі жоба аясындағы құқық қорғау органдарының мамандарын даярлау деңгейін жақсартуға мүмкіндік алады, оның мақсаты тұрғылықты жерлерде интерактивті мультимедиалық оқытудың арнайы бағдарламаларын жасау болып табылады. Сондай-ақ жедел ақпарат жинау, оны талдау мен алмасу әрекетінің тиімділігін арттыру мақсатымен ЮНОДК Қазақстанның құқық қорғау органдарына ұлттық ақпараттық-талдау жүйесін құру жөніндегі тағы бір аймақтық жобаның шеңберінде көмек көрсете бастады. ЮНОДК жаңа компьютерлік жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатып та қойды, бұлар Қазақстанның барлық құқық қорғау органдарына 2006 жылы маусым айының соңына қарай орнатылатын болады да, кейіннен олар Орталық Азияда есірткілерді жою жөніндегі Бағдарламамен (CADAP) бірге жүзеге асырылатын жедел ақпарат талдауға арнайы оқытылады, мұны Еуропалық Одақ қаржыландырады. Бұрын осындай ақпараттық-талдамалық жүйелер (жедел ақпарат талдауының жабдығы мен бағдарламалық қамтамасыз етілуі) Тәжікстанның, Өзбекстанның, Қырғызстан мен Түркменстанның құқық қорғау органдарында орнатылған болатын.

Сонымен, ЮНОДК жедел ақпарат жинауды, өңдеуді, сақтауды, алмасу мен талдауды біріздендіру мен үйлестірудің өңірде Орталық Азия мемлекеттерінің құқық қорғау органдарының жедел өзара ықпалдастығын ойдағыдай жасауға, ОАААҮО аясындағы тиімді ынтымақтастыққа және бақыланатын жеткізулер бойынша бірлескен операциялар жүргізуге жағдайлар жасайды.

Орталық Азия арқылы героин контрабандасын іске асыру шикі апиынды өңдеуде пайдаланылатын химиялық прекурсорлар көп болған жағдайда ғана мүмкін болады. Ауғанстанға жасалатын прекурсорлар контрабандасын анықтау мен жою өңірдегі есірткі саудасына үлкен қарсы әрекет жасауға мұрындық болады және сондықтан да ЮНОДК Орталық Азияда прекурсорлар контрабандасын жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысты күш-жігерлерді жұмылдыруын одан әрі жалғастыруда. Осыған байланысты есірткілер таратуға бақылау жасау жөніндегі Халықаралық комитет (INCB) және Орталық Азиядағы ЮНОДК-тің Аймақтық өкілдігі тиісті құқық қорғау органдарымен бірге контрабанда жолымен Орталық Азия мемлекеттері арқылы Ауғанстанға тасымалданатын сірке қышқылы ангидридін қолға түсіруге қатысты іс-шаралар жүргізуді жоспарлап отыр. Осы іс-шараларды ойдағыдай жүргізу үшін дайындық шараларын ұйымдастыру шеңберінде, Қазақстандағы бес құқық қорғау органдарының 13 офицері жуырда Түркия халықаралық академиясындағы есірткі контрабандасы мен ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы жүргізілетін бағдарламасына қатысады.

Есірткілердің заңсыз айналымына және мұнымен байланысты қылмыстылық әрекетке қарсы қимыл жасау тиімді құқықтық базаның болуын талап етеді. Осы себептен, ЮНОДК құқықтық көмек жөніндегі жаһандық жобасының аясында сараптық қолдау көрсетудің нәтижесінде Қазақстанның есірткілерге бақылау жасау жөніндегі ұлттық заңнамасы БҰҰ Конвенцияларына сәйкес жетілдірілді. Ал құқық қорғау және сот органдарының, сондай-ақ есірткілердің заңды айналымын бақылау органдарының мамандары халықаралық құқықтық ынтымақтастық (өзара заңдық көмек, эксдәстүр, тәркілеу) және есірткілердің заңды айналымын бақылау мәселелері бойынша оқытылды. Сонымен қатар, ЮНОДК Дүниежүзілік Банкпен бірге ақшаның жылыстауына жол бермеу және онымен күресуге қатысты халықаралық озық тәжірибені қолдануда Орталық Азия мемлекеттеріне жәрдемдесу үшін ақшаның жылыстауына қарсы әрекет жасау мәселелері бойынша Алматы қаласына арнайы сарапшыны іссапарға жіберді.

Тәуелсіздік алғаннан кейін, Орталық Азия мемлекеттерінің үкіметтері мен жұртшылығы есірткілерді таратудың және Орталық Азия өңірінде есірткілер пайдаланудың теріс салдарларының өсе түскен қаупімен күресуге лайықты деңгейде дайын емес болды. Есірткілерді теріс пайдалану мен АИВ/ЖИТС кеселінің өсу проблемасын мойындай отырып, Орталық Азиядағы мемлекеттердің көпшілігі есірткілерді бақылауға қатысты ұлттық бағдарламалар қабылдады, олар нашақорлықпен ауыратындарды емдеу және оларды қарау үшін ресурстарды жұмылдыруға жәрдемдеседі.

Сыртқы техникалық жәрдем мен көмек көрсетудің қажеттілігін ескере отырып, Орталық Азиядағы мемлекеттердің үкіметтері есірткілерді теріс пайдалану, АИВ/ЖИТС, адамдарды саудалау және қылмыстылықтың алдын алу сияқты проблемаларға қарсы тұру үшін халықаралық көмекті белсенді түрде пайдалануда. Сондықтан ЮНОДК АИВ/ЖИТС-тің профилактикасы мен есірткіге тәуелділерді емдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді дамыту жөнінде өңірдегі елдерге көмек беруін одан әрі жалғастыруда. АИВ/ЖИТС-ке бақылау жасаудың жалпы бағдарламасының контексінде басқа агенттіктермен қатар, БҰҰ инъекциялық есірткіні пайдаланушылар арасында АИВ/ЖИТС жұқтыру оқиғаларын азайту жөніндегі шараларды қоса есептегенде Орталық Азиядағы бірқатар бастамаларды қаржыландырады. Сонымен қатар ЮНОДК нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары жөніндегі Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен (Павлодардағы Орталық) қоян-қолтық жұмыс істейді, Орталықтың тәжірибесі ЮНОДК-тің аймақтық бағдарламаларын іске асыру үшін пайдаланылады. Осы орталық ЮНОДК жаһандық жобасының шеңберінде есірткіге тәуелділерді емдеу мен сауықтырудың аймақтық ресурстық орталықтарының халықаралық желісін ұйымдастыру үшін әлемдегі 20 аймақтық ресурстық орталықтың бірі ретінде іріктелді. ЮНОДК жуырдағы аймақтық бастамаларының бірі ОПЕК (Мұнайды экспорттаушы елдердің ұйымы) Қорымен бірлескен «АИВ/ЖИТС таралуының тиімді практикасы және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан мен Әзірбайжан халықтарының ең осал жіктеріне қамқорлық көрсету» жобасы болып табылады. Жобаның жалпы сомасы 4 млн. АҚШ долларын құрайды. Осы бастаманың шеңберінде Павлодардағы Орталық жаңартылады және Аймақтық ресурстық және оқыту орталығына өзгертіледі.

Есірткілердің заңсыз айналымы мен қылмыстылыққа қарсы әрекет жасау үшін бірлескен әрекеттердің маңыздылығын атап көрсете отырып, ЮНОДК осы жаһандық қауіпке қарсы әрекет жасаудағы және ЮНОДК-тің елдегі де, сондай-ақ жалпы өңірдегі де бастамаларына жасаған Қазақстан Үкіметінің бейілділігін жоғары бағалайды. Қазақстан Республикасының Президенті 2005 жылы қараша айында бекіткен «Қазақстан Республикасында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресудің 2006-2014 жылдарға арналған жаңа стратегиясы» осы бейілділікті көрсетеді және есірткілерге қарсы күресуде Қазақстанға одан әрі белсенді жәрдемдесу үшін ЮНОДК-тің мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Есірткілерді бақылау жөніндегі субаймақтық ынтымақтастық бойынша Өзара түсіністік туралы Меморандумға Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Аға Хан қоры кіреді.

Фактілердің, жалқы атаулардың және басқа да мәліметтердің дұрыстығы үшін жарияланымдардың авторлары жауапты.

Информация о работе Қазақстандағы инвестициялық климаттың даму ерекшеліктері және мәселелері