Баланс активтері мен олардың құрылым көздерінің ара-қатынасын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 16:29, курсовая работа

Описание

Тәжірибе жүзінде дәстүрлі бухгалтерия қаржы ақпаратының тұтынушыларына толық мәлімет бере алмайды. Сондықтан бұл мәлімет қалыптастырылған немесе толысып-жетілдірілген болу керек, яғни осы мәліметтер арқылы белгілі бір шешім шешу үшін. Қазіргі заман экономикасында бухгалтер қаржы нәтижесінің құрылымдық әдістемесін білу керек, басқару органдарына есептік саясатты таңдап бере алу керек, яғни оның қызмет сферасы шоттаудан қаржы менеджментіне дейін өрлеу керек.
Экономикада қаржылық талдаудың мәні өте зор: кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың маңызды түсініктемелері мен көрсеткіштеріне, мүліктік жағдайын білмей, қанша табыс және шығын бар екенін білмей және өндірістің қаражаттық тұрақтылығын, төеу қабіліттілігін, іскерлік-белсенділігін және тиімділігін бағалауға арналған. Бұлардың бәрі керек жағдай. Әсіресе қазір біз жоспарлы жүйеден нарықтық қатынастарға көшкен кезде. Нарықтық экономикада қорлардың жатып, шіріп қалуын келтірмеу керек.

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................. 3- 4

1.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН
ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН МӘНІ
1.1.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ғылыми теориялық негізі....................................... 5-11
1.2.Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі әдістері
мен тәсілдері............................................................ 12-13
1.3.Қаржылық тұрақтылықты талдаудың
ақпарат көздері...................................................... 14-20

2.“РИЗА” ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕЛГЕН
СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫН ТЕРЕҢ
ТАЛДАУ
2.1.Баланс активтері мен олардың құрылым көздерінің
ара-қатынасын талдау....................................... 21-28
2.2.Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау.. 29-33
2.3.Іскерлік белсенділігін талдау ........................... 34-37

ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................. 38-39

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................... 40

Работа состоит из  1 файл

“РИЗА” ЖШС кәсіпорнының қаржылық тұрақтылығын талдау.КУРСОВАЯ СОҢҒЫ - копия.DOC

— 222.00 Кб (Скачать документ)

-сауда (сатылу) шығындары;

  1. Негізгі қызметтерден түскен табыс (зиян) (3-4);
  2. Негізгі емес қызметен түскен табыстар (зиян);
  3. Салық салуға дейінгі әдетті қызметтен түскен табыстар (зиян) (5-6);
  4. Табыс салығы;
  5. Салық салынғаннан кейінгі әдетті қызметен түскен табыс (зиян) (7-8);
  6. Төтенше жағдайлардан түскен табыс (зиян);
  7. Таза табыс (зиян) (9-10).

№ 4 бухгалтерлік есеп стандартында  ақша қаражатарының  қозғалымы туралы көрсетілген. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру қаржылық есеп-қисаптың міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Ақша қарааты дегеніміз - субъектінің кассада және банктегі шоттарында жатқан барлық ақшасы. Ақша қаражатының қозғаласы-олардың келіп түсуі және шығуы.

Ақшалай қаражаттың қозғалысы бойынша есеп беру: операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінде есеп беру мерзіміндегі ақшалай қаражаттардың кірісі мен шығысы туралы мәлеметтермен қамтамасыз ете отырып, пайдаланушыларға заңды ұйым (заңды құқығы бар адам) қаржылық жағдайының өзгеруін бағалауға мүмкіндік береді. Операциялық қызмет - заңды тұлғалардың негізгі қызметіне байланысты табыс түсіру жөніндегі операциялар және инвестициялық қаржылық қызметке қатысы жоқ басқа қызметке байланысты операциялар. Заңды тұлға операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысын тура және жанама әдісті пайдалана отырып ашуына болады. Тура әдіс БЕС №4 “ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепке” сәйкес, бұл ақшалай түсімдер мен төлемдердің негізгі түрлері ашылатын әдіс. Бұл әдіс әрбір ақшалай операцияны, оны зерттеуге және оның қай қызмет түріне жататынын анықтауға негізделген. Тура әдіс қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөнінде есеп берудің әрбір бабын түзетуді білдіреді. Бұл жағдайда өнім өткіуден түскен түсімдерден бастайды және олардан тауарларды алу бойынша, ағымдағы шығындар несие үшін % және бюджетке төлемдер бойынша барлық ақшалай төлемдер шегеріледі. Нәтижесінде операциялық қызметтен ақшаай қаражаттың сомасын шығарады.

Жанама әдіс-бұл  таза табысты (зиянды) ағымдағы активте  мен міндеттемелердің өзгеруіне, сондай-ақ өткен кезеңмен салыстырғанда, инвестициялық  және қаржылық қызметтің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығындарды түзететін әдіс. Бұл әдіс бухгалтерлік баланс пен қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп берудегі ақпараттарға негізделген.

Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзімді активтердің  құрамы мен мөлшерінде өзгеріс туғызған операциялар.

Қаржылық  қызмет - меншікті капитал мен сырттан  алынған қаражаттардың құрамы мен  мөлшеріне өзгеріс туғызған операциялар. Негізгі қызмет - өткізуден түсім  түсіру, аванстар, жабдықтаушылырдың  шоттары бойынша ақы төлеу, еңбекке ақы төлеу, бюджетпен есеп-айырысу.

Заңды ұйымның  қызметінің түрлері бойынша топтастыруы  пайдаланушыларды ақпаратпен (мәліметтермен) қамтамасыз етеді, ол субъектінің қызметінің түрлерінің, оның қаржылық жағдайының әсерін бағалауға мүмкіндік береді.

Ақша қаражаттарының қозғалымы туралы есеп бойынша мынадай негізгі мәселелерді ашып жазу керек:

  • Операциялық қызметтен түске ақша қаражаттарының қозғалымын анықтау үшін кәсіпорын қандай әдісті (тікелей немесе жанама) қолданды. Жанама әдісті қолданғанда таза кіріске (шығынға) түзету енгізген жөн болар еді;
  • Ақша қаражаттарының қозғалуы кәсіпорыннан гөрі көбінде клиенттердің қызметін көрсететін болғанда, клиенттің атынан түскен ақша түсімдері мен төлемдер нетто-негізінде анықталады;
  • Ақша қаражаттарының қозғалымдағы шектеулер және т.б.

Түсіндіру қағазында  келесі ақпаратты көрсету қажет:

1. Активтерді иелену  құқығының шектелуі;

2. Міндеттемелерге берілген  кепілдіктер;

3. Активтер мен міндеттемелер;

4. Зейнетақымен қамсыздандырудың  шартты бейнесі;

5. Алдағы кезеңнің  ұзақ мерзімді салымдарын қаржыландыруға  арналған қаржылар.

Түсіндіру қағазында  пайдаланушылардың сұранымына сәйкес қаржылық есеп беру баптары туралы қосымша ақпарат болуы керек. Ол субъектіге әсер ететін белгісіздіктер және қауіп туралы түсініктемелер енгізуіне болады. Сонымен қаржылық жағдайдың сыртқы талдауы үшін есеп берудің жоғарыда аталған түрлері пайдаланылады.

Ішкі пайдаланушылардың  қосымша ақпарат көздерін пайдалануға  мүмкіндіктері бар, олар: оперативтік  есептеудің деректері, статистикалық есеп беру, бухгалтерлік есептің бастапқы формалары мен регистрлері және кәсіпорындардың шарттары.

2  “РИЗА” ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕЛГЕН СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚАРЖЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТЕРЕҢ ТАЛДАУ

 

“РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігінің қаржы  жағдайын талдауға кірісеміз. Бұл кәсіпорынның негізгі қызметі- халық тұтынатын тауарларды өндіру болып табылады. Кәсіпорынның қаржы жағдайы туралы нақты мәлімет алу, өрлеу динамикасын көру үшін, 2010-2011 жылдардың ағымдағы және есеп беру жылының көрсеткіштерін қаржылық есеп беруде қолдананамыз. Кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер ететін        және де кәсіпорынның есептік саясатында қандай өндірістер бар екенін қарастырып, берілген мәліметтерді қарастырамыз.

“РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестің қаржы  жағдайын дәлірек бағалау үшін, қаржылық есеп беруді, талдауды келесі кезектен жүргіземіз:

  • кәсіпорынның мүлік жағдайын бағалау;
  • кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдау;
  • кәсіпорынның төлеу қабілеттілігін талдау;
  • іскерлік белсенділігін талдау;
  • несие төлеу қабілеті мен банкроттықты болжауды талдау.

            2.1 Баланс активтері мен олардың құрылым көздерінің ара қатынасын талдау

Баланс активтері  мен олардың құрылым көздерінің арасында тығыз байланыс бар мүлік  жағдайын талдау кәсіпорын активтері  мен пассивтерінің құрамымен сипаттамасын беруге арналған. Мүлік дегеніміз- меншіктік құқығы бар материалдық объект. Кәсіпорынның мүлігі- оның активтерінің жиынтығы. Мүлікті сатып алу көздері кәсіпорынның құрылым көздерінде (меншікті капитал міндеттемелер) орналасқан. Мүлікті жағдайды талдау мақсаты шаруашылық субъектінің эканомикалық потенциалының, яғни, кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің құрамы мен құрылымының сипаттамасын беру болып табылады.

Кәсіпорынның  активтерінің негізгі (критерий) сипаттамасы-олардың  құрылымының тиімділігі (кәсіпорынның қызметінің ерекшелігіне сәйкес) мен активтердің құрамының сапасы.

Мүлікті сатып  алу көздерін талдауда кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және өнімділігі жөнінде көзқарасына, меншікті және қарызға алынған қаржылардың  ара-қатынасына көңіл аударылады.

Мүлікті жағдайды талдау тәжірибесінде баланстік  тік және көлденең біріктіру арқылы жүргізіледі, сонда бастапқы және өзгертілген  есеп - айырысу үлкейтілген баптар номенклатурасымен бірге талдануы мүмкін.

Мүлікті жағдайды талдағанда аналитикалық кестелер қолданылады, олар кәсіпорынның қаражаттарын және оның пайла болу көздерінің құрылымын, оның жке көрсеткіштерінің динамикасын сипаттайды.

Талдаудың осы  кезеңінде кәсіпорынның қызметі  туралы түсінік қалыптасады, оның мүлкінің және көздерінің құрамындағы өзгерістер, әртүрлі көрсеткіштерінің өзара байланыстары айқындалады. Осы мақсатта баланстың активі мен пассивінің жеке баптарының ара-қатынастары, олардың баланстың жалпы қорытындысындағы үлесі анықталады, өткен кезеңмен салыстырғандағы баланстың негізгі баптарының құрылымындағы ауытқу сомаларын есептейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Кесте 2.1

“РИЗА”  жауапкершілігі шектелген серістестік  мүлкінің

құрамы  мен құрылымын талдау

 

 

Көрсеткіштер

2010 ж. бастапқысы

Ағымдағы  жылы

2011 ж. соңғысы

мың.тг.

% үлесі

мың.тг.

% үлесі

мың.тг.

% үлесі

Мүлік барлығы

10980,70

100

14245

100

13181

100

Ұзақ мерзімді активтер

373,74

3,4

1293

9,08

2501

18,98

Ағымдағы  активтер;

оның ішінде:

10606,96

96,6

12952

90,92

10680

81,02

ТМҚ

5957,39

54,25

4226

30,22

5563

50,0

Дебиторлық  қарыз

3844,37

35,01

8653

60,14

3004

21,0

Ақшалай қаражат

805,2

7,33

73

0,56

2113

10,02


            Кәсіпорынның актив құрамындағы әртүрлі өзгерістерді қалай талдау керектігін көрсетейік. Егер де мүліктің өсу қарқыны инфляцияны өсу қарқынынан жоғары болса, кәсіпорынның өтімділігінің артуы туралы айтуға болады.

Ұзақ мерзімді активтердің абсолюттік мөлшері  мен үлесінің бір мезгілде жоғарылауы, кәсіпорынның қаражытының айналымынан босатылуын көрсетіледі.

Егер де ол кәсіпорынның қайта ұйымдастырылуына және жетілдіруіне байланысты болса, ол оң мағынада бағаланады.

Барлық басқа  жағдайларда ұзақ мерзімді активтердің  үлесінің жоғарлауы (мүліктің өнеркәсіптік құрылымының тиімсізілігі жөнінде), ағымдағы қаржылық жағдайы (төлеу қабілеттілігі  мен өтімділігінің көрсеткіштерінің төмендеуі) нашарланады деп бағалауға болады.

Ағымдағы  активтердің абсолюттык және салыстырмалы мөлшерлері көбіне оң деп бағаланады (өтімділік көрсеткіштерінің жақсаруы).

Активтердің сапасының төмендеуі кезінде, олар теріс деп бағаланады. Активтердің  сапасын тексеру тек қана қаржы жағдайының тұрақтылығы барысында жүргізіледі. Сапаның төмендеуі-мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыздың өсуі және жатып қалған, керексіз тауарлы - материалдық қорлардың бар болуымен байланысты.

Талдаудың келесі кезеңі - мүліктің әртүріл құрамаларының өсу қарқындарын салыстыру. Қозғалмайтын мүліктің өсу қарқынының төмендеуі ағымдағы активтердің өсу қарқындарымен салыстырғанғанда, егер кәсіпорынның өндірістік қуаттарын қысқартумен байланысты болмаса оң деп бағаланады.

Егер ақшалай қаражаттың өсу қарқыны тауарлы-материалдық қордың өсу қарқыны өсіп кетсе, бұл кәсіпорынның мүлкінің құрамын жақсартуға әкеледі.

Ұзақ мерзімді активтерге ұқсас, тауарлы-материалдық  қорлардың өсу қарқынының төмендеуі  мүліктік жағайдың жақсаруына әкеледі (егер де ол өндіріс көлімінің төмендеуіне байланысты болмаса).

Қай жағдайда ақшалай қаражаттың (абсолютті өтімділігі бар активтер) үлесінің жоғарлауы  активтердің құрылымының жақсаруына әкеліп соғады?

Содан кейін, керек мерзімінде, қозғалмайтын мүіктің  терең талдауы жүргізіледі, тозу коэффициенті және жарамдылық коэффициент: (қозғалмайтын мүліктің жағдайын сипаттайтын), жаңарту және шығу коэффициенттері  (негізгі қаржының қозғалысының көрсеткіштері), өндірісің мүліктің үлесі сияқты көрсеткіштері есептеледі.

Кәсіпорынның мүлігін бағалаумен бірге мүліктің пайда болу көздерін бағалауды қарастыру керек.

Әзірше, кәсіпорынның өндірістік потенциялының жағдайын қарастырамыз және оның негізгі  қаражатарын, мүліктің мобилділігі қандай екендігін  талдаймыз.

Кәсіпорынның  өндірісік потенциялын сипаттайтын көрсеткіштерінің бірі өндірістік тағайындалу мүлкінің коэффициенті. Ол үшін мына формуланы қарастырамыз:

К=(негізгі  құралдар+өндірістік қорлар+аяқталмаған  өндіріс)/

/ (баланс валютасы);

“РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігінде берілген немесе көрсетілген көрсеткіштер:

2010 жылғы есеп беру кезеңінің басы: 280,6+5937,39/10980,70=0,57

Ағымдағы  есеп беру кезеңі: 1212+4226/14245=0,39

2011 жылғы есеп беру кезеңінің соңы: 2441+5563/13181=0,61.

        Берілген коэффициент үшін оң жағымды шектеу - ³ 0,5 -ке тең. Осы мағыналарды салыстыра отырып, коэффициенттіңн ағымдағы есеп беру жылында азаюын көреміз, бірақ “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестіктің 2000 жылдың соңында өзінің жағдайын қалпына келтіргенін байқаймыз.

Жалпы бағалағанда негізгі қаражаттарының актив бөлігінің анықталуының үлкен тәжірибелік мағынасы бар. Енді біз кәсіпорынның мүлкінің мобилділігінің жағдайын қарастырамыз. Ол үшін мына формуланы қолданамыз:

Км = (ағымдағы активтер) / (валюта);

2010 жылғы есеп беу кезеңінің басы: 10606,96/10980,70=0,97.

Ағымдағы  есеп беру кезеңі: 12952/14245=0,91.

2011 ж. есеп беру кезеңінің соңы: 10680/13181=0,82.

Біз есептеген  көрсеткіштерімізге қарап мобилдік коффициентінің жылдан жылға азаюын көреміз, әрине бұл кәсіпорынның қызметінде кері жағдай деп қарастырылу керек. Осы коэффициентке қоса иммобилділік коэффициентін анықтаймыз.

Кимм= (ағымдағы активтер) / (ұзақ мерзімді активтерге);

“РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігінде бұл  коэффициент:

2010 ж. есеп беру кезеңінің басы: 10606,96/373,74=28,4

Ағымдағы  есеп беру кезеңі: 12952/1293=10,1

2011 ж. есеп беру кезеңінің соңы: 10680/2501=4,28

Бұл коэффициенттің үлес салмағының жылдан жылға азаюы, кәсіпорынның қаржылық жағдайының жақсаруын  көрсетеді.

Негізгі тармақтау  құрылымды нығайтуға (оптималдауға) негізделген оларды тиімді пайдалану ұлғайту резервтерін белгілеу үшін қажет.

Негізгі қорлардың  техникалық жағдайын көрсететін, тозу коэффиценті ол қажетті көрсеткіш  болып табылады, яғни бұның формуласы  былай:  Тозу коэффиценті (Кт)=(негізгі қорлардың тозу сомасын)/(негізгі қорлардың бастапқы құнына); “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігінде бұл көрсеткіш:

2010 жылы есеп беру кезеңінің басы: 14,5/295,1=0,05.

Ағымдағы  есеп беру кезеңі: 102/1314=0,08.

2011 жылғы есеп беру кезеңінің соңы: 405/2846=0,15.

Мына есептеу  бойынша негізгі қорлардың өсуі көрсетіледі, яғни “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестіктің негізгі  қорлардың жағдайы нашар. Осыдан кейбір экономистердің бағалауы бойынша  тозу коэффициенті 50 пайыздан жоғары болуы, кәсіпорын үшін нашар көрсеткіш.

Енді, “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестіктің ағымдағы активтердің құрамы мен  құрылымын анықтаймыз. Бұл үшін, кәсіпорынның қаржы есебі бойынша  келсі аналитикалық кестесін құрамыз.

Информация о работе Баланс активтері мен олардың құрылым көздерінің ара-қатынасын талдау