Банк активтерінің жіктелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 19:59, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының коммерциялық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді.

Содержание

1.БАНК АКТИВТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ОЛАР БОЙЫНША ПРОВИЗИЯЛАР ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1.Банк активтерінің сипаты мен сапасы
1.2.Банк активтерінің жіктелуі
1.3.Активтер бойынша провизиялар қалыптастыру
2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ АКТИВТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
2.1. Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі
2.2. Коммерциялық банктердің активтік операцияларының құрылымын жақсарту жолдары
2.3. Банк активтерін сапасына байланысты жіктеу
3 – Бөлім. Валюталық бақылау туралы заңнамалар
3.1 Ұлттық Банк тарапынан валюталық бақылау
3.2 Коммерциялық банктегі валюталық бақылау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Банк активтерінің жіктелуі (құрамы).docx

— 69.46 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

 

1.БАНК АКТИВТЕРІНІҢ  ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ОЛАР БОЙЫНША  ПРОВИЗИЯЛАР ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

1.1.Банк активтерінің сипаты  мен сапасы

1.2.Банк активтерінің жіктелуі

1.3.Активтер бойынша провизиялар  қалыптастыру

2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ АКТИВТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ

2.1. Коммерциялық банктердің  активті операцияларының жіктелуі

2.2. Коммерциялық банктердің  активтік операцияларының құрылымын  жақсарту жолдары

2.3. Банк активтерін сапасына  байланысты жіктеу

3 – Бөлім. Валюталық  бақылау туралы заңнамалар

3.1 Ұлттық Банк тарапынан  валюталық бақылау

3.2  Коммерциялық банктегі  валюталық бақылау

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 Қазақстан Республикасының  коммерциялық банкі өзі жүргізетін  операциялар бойынша ресми қайта  қаржыландыру мөлшерлемесін, сол  сияқты басқа да мүдделендіру  мөлшерін белгілейді. Ресми қайта  қаржыландыру мөлшерлемесін ақша  нарығының жалпы жағдайына несие  бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты  белгілейді.

 Коммерциялық банктердің  ресурстарының құрылымы олардың  мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің  ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.

 Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:

1. Банктің меншікті капиталы.

2. Банктің заемдық және  тартылған қаражаттары. 

 Қазақстан Республикасының  коммерциялық банкі ресурстарының  басты мақсаты — Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары  негізінде қалыптасқан және барлық  актиатік операциялар бойынша  банк өтімділігін қамтамасыз  ету және пайда табу мақсатында  орналастылуға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

 Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, сондай-ақ қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

 Бірінші бөлімде – Банк ресурстары туралы ұғым және оның қызметі, мәні және мақсаты мен қажеттілігі қарастырылды, сонымен қатар оларды жоспарлау реттеу қарастырылған.

 Осы бөлімде жалпы  банк ресуртарына жалпы мағлұмат, Қазақстан Республикасындағы коммерцилық  банктердің сандық құрылымы және  қызметтерін реттеу жолдары келтірілген.

 Екінші бөлімде, банк ресурстарын жоспарлау және реттеу, Банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтеріжалпы сипаттама және банктің меншікті капиталының жіктелуі, банк депозиттерінің операциялары және депозиттік емес ресурстары қарастырылған.

 Осы бөлімде Банктің  меншікті капиталына сипаттама,  акционерлік капиталдардың құрылуы,  банктің меншікті капилатдарының  жеткіліктілігі және динасикасы, банк депозиттерінің операциялары мен нарықтық өзгерістері келтірілген.

 Курстық жұмыстың мақсаты  – Қазақстан Республикасының  банктеріндегі банк ресурстарының  саясатын, ұғымы мен құрылымын  талдау болып табылады.

 Курстық жұмыстың міндеті  – еліміздегі екінші деңгейлі  банктердің банк ресурстарының  жетілу жолдарын және реттелуін,  олардың даму мәселелерін анықтау  болып табылады.

 Курстық жұмыстың жазылуы  барысында және тақырыптың мазмұнын  ашуда мақалалар, маңызды деректер, статистикалық көрсеткіштер жан-жақты пайдаланылып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. БАНК АКТИВТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ОЛАР БОЙЫНША ПРОВИЗИЯЛАР ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Банк активтерінің сипаты мен сапасы

Банк активтері бұл пайда табу мақсатында банктік ресурстар- ды, әртүрлі активтер бойынша орналастырылған каражаттары.

Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында корсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың  баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердіңсапасы активтік операциялар дың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне  қарай анықталады.

Коммерциялық банктің активтерін томендегідей төрт топқа бәлуге болады:

  1. касса және оган теңесетін ақшалай қаражаттар;
  2. берілген несиелер;
  3. багалы қагаздарга жасалынган инвестициялар;
  4. банктің гимараты мен жабдықтары.

Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, тәуекел активтердің колеміне, толық бағалы емес активтердің ұлес салмағына, активтердің колеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады.

Банк озінің міндеттемелерін кұнделікті орындап отыруын қам- тамасыз етуі ұшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын та- лаптарына сәйкес келуге тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мерзімдеріне байланысты және отімділік дәрежесіне қарай жіктейді. Өтімділігіне қарай банк активтері төмендегідей топтарға бәлінеді:

  1. жогары өтімді активтер;
  2. өтімді активтер;
  3. узақ мерзімді өтімді активтер.

Қазақстан Республикасындағы  екінші деңгейдегі банктерге ар- налған пруденциалдық нормативтерге сәйкес жоғары өтімді актив- терге мыналар жатады:

 

  • қолма-қол ақшалар;
  • мемлекеттің бағалы қағаздары және Қазақстан ипотекалық компаниясының борыштық бағалы қағаздары,
  • сондай-ақ етімділігі жоғары басқа да бағалы қағаздар;
  • құйма қымбат бағалы металдар;
  • Ұлттық Банктегі Зіапсіагсі & Роогз және басқа рейтингтік агенттіктердің «А» томен емес ұзақ мерзімді
  • рейтингі бар бейрези- дент-банктердегі талап етуге дейінгі депозиттер;
  • stаndагd & Рооrs және басқа рейтингтік агенттіктердің «А» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар Қазақстан Республикасы- ның банктерге берген «овернайт» займдары.

Банктің бұл қаражаттары  банк айналымынан қажет уақытында  алуға мүмкіндік беретін активтерге жатады.

Банктің етімді қаражаттарының құрылымына жоғарыда атал- ғандарынан басқалары, яғни қайтару мерзімі 30 кұнді құрайтын, шетел валютасында берген барлық несиелер, алдағы 30 кұн ішінде аталған банкке келіп тұсуге тиісті басқа да толемдер жатады.

Ұзақ мерзімді өтімді активтерге бір жылдан жоғары уақытқа берілген несиелердің бәрі, сондай-ақ 50% кепіл хат және кепілдік- пен 1 жылдан жоғары уақытқа берілген несиелер, Ұкіметтің кепіл- хатымен, бағалы қағаздарды және бағалы металдарды қепілге алып берілген ссудаларды шегеріп тастағандағы мерзімі өткен несиелер.

Кейбір шетелдік әдебиеттерде банк активтерін, олардың өтімділігі мен пайдалылығына қарай 4 топқа бөледі:

1 топ. Алгашқ ырезервтер  — бұл алынатын салымдарды  төлеуге және несиеге деген  өтінішті қанағаттандыру үшін тез арада пайдаланылатын ең өтімді активтер. Мұндай активтерге мыналар жатады:

Касса;

Орталық банктегі коррьиоттагы және өзге де шоттардагы ақшалай қаражаттар;

Инкассациялау процесіндегі чектер және өзге де төлем құжаттары;

Басқа да коммерциялық банктердегі корршоттагы қаражаттар.

Мұндай активтер банкке табыс  әкелмейді, бірақ банктің өтімділігінің  негізгі көзі болып табылады.

2-топ. Екінші реттегі  резервтер — бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, оларды ең төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма-қол ақшаға айналдыруға болады. Оларға мыналар жатады: вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар; талап етілетін (онкольдық)несиелер; бірінші сыныпты қарыз алушыға берілетін несиелер.

Бұл топтың активтерінің тағайындалуының  басты мақсаты - алғашқы резервтерді  толықтыру көзі ретінде қызмет ету  болып та- былады.

3-топ. Банктік активтердің  маңызды болігі - банктік несиелік портфелі. Банктің несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып келеді. Бұл топ банктің пайдасының басты козін құрайды.

4-топқа инвестициялық портфель жатады. Инвестициялық портфелді қалыптастыру екі мақсатты көздейді: банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге қосымша ретінде болу.

 

    1. Банк активтерінің жіктелуі

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банктің Басқармасының 2002 жылы 16 қарашадағы № 465 қаулысымен бекітілген «Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру» туралы ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы қаржылық қадағалау агенттігіне банктер ай сайын айлық баланспен бірге активтер мен шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларға қарсы провизиялар құру туралы мәліметтер береді.

Мұндағы активтерге занды  және жеке тұлғаларға қатысты, сондай-ақ басқа банктерге байланысты банктің талаптары жатады.

Аталған ережеге сәйкес, активтер мен шартты міндеттемелер  стандартты және жіктелінген болып бөлінеді.

 

Жіктелінген активтер қатарына жатпайтын активтер стандартты болып табылады.

Жіктелінген активтер мен шартты міндеттемелер күмәнді (5 санатты күмәнді) және

үмітсіз болып бөлінеді.

Жіктелген активтер қатарына банк несиелері, депозиттері, бағалы қағаздары, дебиторлық қарыздары және шартты міндеттемелері жатады.

Несиелердің жіктелуі олардың  сапасына, қамтамасыз етілуіне, қарыз  алушының қаржылық жағдайына, оның несиелік тарихына, несиелердің жіктелу санаттарына  байланысты жүзеге асады.

Банкаралық несие басқа банктердегі депозит сияқты жіктеледі.

Занды және жеке тұлғаларға берілген несиелердің жіктелуі 5-қосымшада берілген.

Басқа банктерде орналастырылған банк депозиттерінің жіктелуі озінше ерекше. Егер А тобындағы рейтингінен төмен емес рейтингі бар шетел банкінде немесе Қазақстан Республикасының суверенді рейтингі бір деңгейге төмен емес жеке рейтингі бар кез келген резидент банкте депозит (соның ішінде корреспонденттік шот) орналастырылған болса, депозиттен, соның ішінде корроспонденттік шоттан қаражатты аудару уақтында жүзеге асып отырса, онда ондай депозит стандартты болып табылады.

Сонымен қатар, егер А тобындағы  рейтингінен төмен емес Ііейтингі  бар шетел банкінде немесе Қазақстан  Республикасының суверенді рейтингі бір деңгейге төмен жеке рейтингі бар кез келген резидент банкте депозит (соның ішінде корреспонденттік шот) орналастырылған болса, онда банк құжат негізінде оның қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді.

Қаржылық жағдайын анықтайтын мониторинг болмаған жағдайда, ондай  банкте орналасытырылған депозит не корреспондентті к шот бір категорияға төмендеп жіктеледі (6-қосымшаны қараңмыз).

Бағалы қағаздарды жіктеудің өзіндік ерекшелігі бар. Бағалы кағаздарды жіктеу банктің инвестициялық портфеліндегі баланста қайта бағалауға жатпайтын қарыздық бағалы қағаздар түрлері бойынша жүзеге асырылады.

Занды тұлғалардың акцияларын жұмсалынған инвестициялар жіктелуғе  жатпайды. А тобындағы рейтингінен  төмен емес рейтингі бар шетел  эмитентінің немесе Қазақстан Республикасының  суверенді рейтингі бір деңгейге төмен емес жеке рейтингі бар резидент-эмитенттің, сондай-ақ Қазақстан қор биржасының А категориясының ресми тізіміне енген бағалы қағаздар бойынша төлемдер кешіктірілмеген жағдайларда олар стандартты болып саналады.

А тобындағы рейтингінен  төмен рейтингі бар шетел эмитентінің  немесе Қазақстан Республикасының  суверенді рейтингі бір деңгейге төмен жеке рейтингі бар резидент-эмитенттің қаржылық жағдайына құжат негізінде банк мониторинг жұргізеді.

Бағалы қағаз эмитентінің  қаржылық жағдайын анықтайтын мониторинг болмаған жағдайда, ондай бағалы бағаздар бір категорияға төмендеп жіктеледі (7-қосымша),

Дебиторлық қарыздарды жіктеуге әкімшілік және шаруашылық қызметке байланысты өтеу мерзімі үш айдан  жоғары дебиторлық қарыздардан басқалары  жатады. Қайтару мерзімі алдын  ала белгіленбеген, бірақ банк балансында алты айдан жоғары мерзімде есепте тұрған дебиторлық қарыздар бойынша бір категорияға төмендейді.

Егер бір дебитордың дебиторлық қарызы банктің меншікті капиталының 5 пайызынан жоғары болса, онда дебиторлық қарыздың пайда болған күнінен бастап банк дебитордың қаржылық жағдайына тиісті құжаттар бойынша мониторинг жұргізеді. Дебитордың қаржылық жағдайына жұргізілетін мониторинг болмаған жағдайда ондай активті жіктеу бір категорияға төмендейді (8-қосымша).

 

    1. Активтер бойынша провизиялар қалыптастыру

Банктің шарты міндеттемелерінің жіктелуі клиенттің тапсырмасы бойынша қабылданған және келісімшартқа сәйкес клиент ұшін банкке төлем тәуекелін тудыратын міндеттемелер бойынша жұзеге асады.

Информация о работе Банк активтерінің жіктелуі