Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 19:59, курсовая работа
Қазақстан Республикасының коммерциялық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді.
1.БАНК АКТИВТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ОЛАР БОЙЫНША ПРОВИЗИЯЛАР ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1.Банк активтерінің сипаты мен сапасы
1.2.Банк активтерінің жіктелуі
1.3.Активтер бойынша провизиялар қалыптастыру
2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ АКТИВТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
2.1. Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі
2.2. Коммерциялық банктердің активтік операцияларының құрылымын жақсарту жолдары
2.3. Банк активтерін сапасына байланысты жіктеу
3 – Бөлім. Валюталық бақылау туралы заңнамалар
3.1 Ұлттық Банк тарапынан валюталық бақылау
3.2 Коммерциялық банктегі валюталық бақылау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Шартты міндеттемелерді есепке алу және жіктеу банкпен оның клиенті арасындағы келісімшарт жасалған кұннен басталады.
Шартты міндеттеме бойынша сыйақы төлеу мерзімі кешіктірілмеген және шартты міндеттеме ашылған клиенттің қаржылық жағдайы тұрақты болған жағдайда ондай шартты міндеттеме стандартты болып саналады.
Клиенттің қаржылық жағдайы тұрақты болмаған және сыйақы төлеу мерзімі кешіктірілген жағдайда ондай шартты міндеттемелер жіктеледі (9-қосымшага қараңыз).
Несиелердің, басқа банктердегі банктік депозитерінің (соның ішінде корреспонденттік шоттардың), бағалы қағаздардың, дебиторлық қарыздар және шартты міндеттемелердің жіктелуі 10-қосымшада берілген критерийлерге байланысты жүзеге асады.
Провизиялардың көлемі жіктелген активтердің сомасынан, олардың сапасына байланысты 5%-дан 100%-ға дейін құрылады
Провизиялар — активтердің қайтарылмауы немесе олардың құнының төмендеуінен келген шығындарды жабу үшін қажетті құралдардың сомасы.
Провизиялар жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы провизиялар — бұл банктің арнайы провизияларды құруды қажет ететін активтерден басқа да барлық жиынтық активтері бойынша мүмкін шығындарды жабу ұшін құрылған провизиялар,
Арнайы провизиялар - бұл құны өзінің сатып алу құнынан екі есе төмен немесе қайтарылмай қалуы мұмкін нақты жіктелінген активтер бойынша шығындарды жабуға арналған провизиялар.
Активтер мен шартты міндеттемелер айына екі рет жіктеледі. Алдын ала жіктелім, яғни айдың соңғы кұнінен 7 күн бұрын жасалатын жіктелім оның мақсаты:
айдың соңына таман Банк бойынша жалпы алғанда активтер мен шартгы міндеттемелердің сапасын тәуекелдің дәрежесіне қарай болжау; провизияның мөлшерін болжау; айдың соңына дейін қарыз алушыларды қарыздары бойынша ескерту және қайтармай қалу тәуекелінің алдын алу; қарыз алушыға қызмет көрсетумен байланысты болуы мүмкін мәселелерді несиелік бөлімшелерге хабарлау.
Ақырғы жіктелім. Айдың
соңғы күнінде банктің
Жіктелімді жасауға негізінен банктерде мысалға ТұранӘлем банкі АҚ-да мынадай бөлімшелер қатысады
2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ АКТИВТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
2.1. Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі
Активтік операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.
Қазақстан Респупликасының активтік банктік операциялары келесідей түрлерге бөлінеді:
Банктің активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің операцияларының жалпы басым бөлігін (80%) құрайды.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетiн ссудалық капитал қозғалысы. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылығы бар. Несие – банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бiр формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.
Қарыз берушi – қарызды беретiн несиелiк қатынастардың бiр жағы. Қарыз берушi – бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектiлерi және халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиенi алушы және оны қайтаруға мiндеттi, несиелiк қатынастардың екiншi жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлi.
Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының элементiне берiлетiн объектi де жатады. Беру объектiсi – бұл құнның ерекше бөлiгi, яғни қарызға берiлген құн.
Несие түрi – бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi қызметтерiнiң, яғни әр алуан сыртқы және iшкi өзгерiстер барысында толық сақталатын көрiнiсiн бiлдiредi. Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн нсеиенi – коммерциялық, ал ақша түрiндегi несиенi банктiк деп атйды.
Банктiк несие – бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берiлетiн несиенi бiлдiредi. Банктiк несие – бұл экономикадағы кеңiнен тараған несиелiк қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк несие бойынша несиелiк қатынастардың құралына несиелiк шарт немесе несиелiк келiсiм жатады. Банктiк несиеде несие берушi: банк және арнайы қаржы мекемелерi болса, ал қарыз алушылар ретiнде: кәсiпкерлiкпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушiнiң басты мақсаты – пайыз түрiнде табыс алу.
Несиелер берiлу шартына қарай келесi түрлерге бөлiнедi:
Жалпы қорытындылай келе, банктер несие беру барысында несиелiк саясатты iске асырады.Несиелiк саясат – банктiң несиелiк жұмысын ұйымдастыру негiзiн және несиелеу процесiне қажеттi құжаттар жұйесiн жасау шарттары.
Банктің инвестициялық операциялары – несиелік опеарциялардан кейінгі орында тұрады. Бұл операциялар негізінен бағалы қағаздар портфелі арқылы қалыптасады. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырдың мақсаттарына банкке табыс әкелу және өтімді активтер қатарын толықтыру.
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:
Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады.
Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруы дамы пкеле жатыр. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:
1) Акциялар;
2) Облигациялар;
3) Депозиттік және жинақ сертификаттары;
4) Ипотекалық куәліктер;
5) Депозитарлық қолхаттар.
Осылардың ішінде бүгінгі таңда инвестициялық операциялардың негізгі бөлігі акция мен облигация негізінде дамып отырғаны белгілі.
2.2. Коммерциялық
банктердің активтік
Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.
Лизинг – бұл лизинг берушiнiң өзiне тиесiлi құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларды, өндiрiске және сауда саттыққа арналған құрылғыларды, машина және ұшақтарды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтiк төлем төлеу шартымен, белгiленген мерзiмге пайдалануға беруiн қарастыратын жалға беру шарты.
Лизингтiң несиеден
айырмашылығы келiсiмшартта көрсетiлген
төлемдер төленiп, мерзiмi аяқталғаннан
кейiн де лизинг объектiсiнiң лизинг
берушiнiң банктiк меншiк
Лизингтiк мәмiлелердiң бiрнеше түрлерi бар. Барлық лизингтiк операциялар екi түрге бөлiнедi: шұғыл және қаржылық лизингтер.
Шұғыл лизинг – бұл мүлiктiң қызмет ету мерзiмiне қарағанда, оның пайдалану мерзiмiнiнiң қысқалығын және мүлiктiң құнын толық өтеуiн сипаттайды.
Қаржы лизинг – уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзiмi iшiнде өзiнiң толық амортизациялық құнын төлеп шығарумен немесеөзiн-өзi өтеуiмен байланысты сипатталады.
Лизингтiң артықшылықтары мен кемшiлiктерi келесiдей.
Лизингтiң қарапайым несиеден келесідей артықшылықтары бар:
Лизинг операцияларының кемшiлi
Ендi жалпы лизингтiк операциялардың типтiк сипатын анықтайтын келесi схеманы көру арқылы лизингтiк бизнестiң iске асуын анықтайық. Оны келесi суретен көре аламыз:
Мұндағы сандармен берiлген байланыстардың мәндерi келесiдей:
Коммерциялық банктердiң ең көп таралған делдалдық қызметiнiң бiр түрi – факторинг. Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшiн уақытын кешiктiрiп төлеуге беретiн тауар формасындағы және ашық шот түрiнде рәсiмделетiн коммерциялық несиенiң болын сипаттайды. Факторинг – клиенттiң айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бiр түрi. Бұл жерде факторингтiк компания клиенттердiң шотын 90%-ға дейiн төлеу шартымен сатып алады. Факторингтiң мақсаты кез-келген несиелiк операциялардың ажырамас бөлiгi болып табылатын тәуекелдi қалпына келтiруiн шешуге бағытталады.
“Фактор” сөзi ағылшын
тiлiнен “factor”, аударғанда “маклер, делдал”
деген мағынаны бiлдiредi. Экономикалық
жағынан алғанда бұл – делдалдық операция. Факторинг – жабдықта