Банк активтерінің жіктелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 19:59, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының коммерциялық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді.

Содержание

1.БАНК АКТИВТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ОЛАР БОЙЫНША ПРОВИЗИЯЛАР ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1.Банк активтерінің сипаты мен сапасы
1.2.Банк активтерінің жіктелуі
1.3.Активтер бойынша провизиялар қалыптастыру
2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ АКТИВТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
2.1. Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі
2.2. Коммерциялық банктердің активтік операцияларының құрылымын жақсарту жолдары
2.3. Банк активтерін сапасына байланысты жіктеу
3 – Бөлім. Валюталық бақылау туралы заңнамалар
3.1 Ұлттық Банк тарапынан валюталық бақылау
3.2 Коммерциялық банктегі валюталық бақылау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Банк активтерінің жіктелуі (құрамы).docx

— 69.46 Кб (Скачать документ)

Мұндағы, валюталық  құндылықтарға мыналар жатады:

  1. шетел валютасы;
  2. номиналы шетел валютасында көрсетiлген бағалы қағаздар және төлем құралдары;
  3. тазартылған құйма алтын;
  4. ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттыө валютамен көрсетiлген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.

Валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операциялар бөлiнедi.

  1. Ағымдық операцияларға жататындар:
  • Тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемнiң не аванс төлемiнiң мерзiмiн 180 күннен аспайтын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
  • 180 күннен аспайтын мерзiмге несиелер беру және алу;
  • салымдар, инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивиденттердi, сыйақыларды жәнеөзге де табыстарды алу және аудару;
  • гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлiк соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттердi және басқа сомаларды аудару;
  • осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.

 

 

 

 

 

 

 

3 – Бөлім. Валюталық бақылау туралы заңнамалар

3.1 Ұлттық Банк тарапынан  валюталық бақылау

 

2009 жылғы 11 тамызда «Қазақстан  Республикасының кейбір заңнамалық  актілеріне валюталық реттеу  және валюталық бақылау мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы» Қазақстан Республикасының  2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-IV Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа  енгізілді.

Валюталық реттеу және бақылау  саласындағы нормативтік құқықтық актілерді Заңның нормаларына сәйкес келтіру, сондай-ақ валюталық режимді  ырықтандыру жөніндегі шараларды  одан әрі іске асыру мақсатында мыналар  қабылданды:

1. Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан  Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 16 қазанда № 5823 тіркелген  «Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкі Басқармасының «Қазақстан  Республикасында валюталық операцияларды  жүзеге асыру ережесін бекіту  туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы  № 129 қаулысына өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы»  2009 жылғы 24 тамыздағы № 76 қаулысы  (бұдан әрі – № 76 қаулы).

2. Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан  Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 16 қазанда № 5824 тіркелген  «Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкі Басқармасының «Қазақстан  Республикасында экспорт-импорт  валюта бақылауын жүзеге асыру  ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы  17 тамыздағы № 86 қаулысына өзгерістер  мен толықтырулар енгізу туралы»  2009 жылғы 24 тамыздағы № 77 қаулысы  (бұдан әрі – № 77 қаулы).

Көрсетілген қаулылар 2009 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді.

Заңның нормаларын іске асыру  мақсатында № 76 қаулымен Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы  № 129 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында  валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесіне (бұдан әрі - № 129 Ереже) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

1) жеке тұлғалардың шетелдік  банктерде шоттар ашу туралы  хабарлау талаптарының жойылуына  байланысты жеке тұлға шетелдік  банктегі шоттан/шотқа қаражат аударатын банк үшін осындай шоттар туралы хабарлау нысаны белгіленді;

3) қызмет көрсету, жұмыс  экспортына (импортына) байланысты  коммерциялық кредиттер бойынша  тіркеу режимінің талабын алып  тастауға байланысты осындай  төлемдерге қызмет көрсететін  банктер үшін қызмет көрсету,  жұмыс экспорты (импорты) бойынша  есеп айырысуды жүзеге асырған  кезде резиденттер мен резидент  еместер арасында төлемдер туралы  хабарламаның нысаны белгіленді;

4) капитал қозғалысы операцияларының  тізбесі нақтыланды:

- тізбеден зияткерлік  меншік объектілеріне айрықша  құқықты ішінара сатып алу  алып тасталды;

- тізбе ақшаны және  өзге мүлікті сенімгерлік басқаруға  беру бойынша операциялармен  толықтырылды.

Валюталық режимді ырықтандыру  жөніндегі шараларды одан әрі  іске асыру мақсатында № 76 қаулымен төмендегілер көзделді:

1) капитал қозғалысының  валюталық операциялары үшін  шекті мәнді ұлғайту, одан асқан  кезде операциялар тіркелуі не  хабарлануы тиіс. Капиталдың әкетілуі  бойынша операциялар үшін шекті  мән 50 мың АҚШ доллары баламасынан  100 мың АҚШ доллары баламасына, капиталдың әкелінуі бойынша  операциялар үшін 300 мың АҚШ доллары  баламасынан 500 мың АҚШ доллары  баламасына ұлғайтылды;

2) тіркеу, хабарлау және  мәміле паспортын ресімдеу талаптары   қолданылмайтын валюталық операциялар  бойынша төлемдер жүргізуді бақылаудың  жеңілдетілген нысандарын енгізу. Сомасы 10 мың АҚШ доллары баламасынан  аспайтын төлемдерді уәкілетті  банктер клиент валюта шартын  ұсынбай-ақ жүргізеді. Осы жағдайларда  бақылау төлем құжатында клиент  көрсеткен ақпарат негізінде  жүзеге асырылады;

3) жеке тұлғалар үшін  туыстық дәрежесін растайтын  құжаттар ұсынған кезде (бұрын  ақша жіберуші және төлемді  жүзеге асыратын тұлға арасындағы  өзара міндеттемелердің сипаттарын  айқындайтын шарт ұсыну талап  етілетін) жұбайы және жақын туыстары  үшін валюта шарттары (шетелде  оқуға арналған, жылжымайтын мүлікті  жалдау және т.б. шарттар) бойынша  төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігін  белгілеу.   

«Карт-шот» ұғымының алып тасталуына байланысты («Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының  бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының  № 185-IV Заңы) төлем карточкасын пайдаланумен және интернет-банкингті пайдаланумен және сол сияқты қолдай әкеп төлеу тәртібімен банк шоттарынан валюталық операциялар бойынша аударымдарды бірыңғай реттеуді қамтамасыз ететін өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар, редакциялық  сипаттағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

№ 76 қаулының және № 129 ереженің мәтіндері (2009 жылғы 16 қазандағы редакциядағы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсындағы  «Нормативтік құқықтық база» айдарында орналастырылды.

Заңның нормаларын іске асыру  мақсатында № 77 қаулымен Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында  экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесіне (бұдан әрі - № 86 Ереже) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

№ 77 қаулы экспорт-импорт валюталық бақылау рәсімдерін одан әрі ынталандыруды көздейді, атап айтқанда:

1) арттырылған кезде мәміле  паспортын ресімдеу қажет болатын  шекті мәнді 10 мың АҚШ доллары  баламасынан 50 мың АҚШ доллары  баламасына дейін ұлғайту. Нәтижесінде  «паспортизациялауға» жататын экспорттық  және импорттық келісімшарттар  санының үштен бірінің қысқаратыны  күтіліп отыр (негізінен шағын  және орта кәсіпкерлік субъектілерінің  операцияларын алып тастау есебінен);

2) экспортердің немесе  импортердің репатриациялау мерзімін  дербес, келісімшарт бойынша міндеттемелерді  орындаудың ең ұзақ мерзімдері  негізінде айқындау;

3) экспортердің немесе  импортердің мәлімдеуінсіз, «автоматты  түрде» мәміле паспортын жабуға  арналған негіздерді кеңейту;

4) шетелдік сатып алушының  немесе жеткізушінің «Қызмет  көрсетуші банктің деректемелері», «Лицензия», «Тіркеу куәлігі» және  «Хабарлама туралы куәлік» сияқты бағандарды алып тастау арқылы мәміле паспортының нысандарын одан әрі жеңілдету. 

«Паспортизациялаудың» шекті  мәнін арттыруға сыртқы сауда  операциялары көлемінің  ұлғаюы және тиісінше орташа келісімшарт сомаларының  ұлғаюы себепші болды және валюталық  бақылау мақсаты үшін нақты маңызды  болып табылатын  мәмілелерді  қамтуды қамтамасыз етеді. Бұл ретте  «паспортизациялауға» жататын экспорттық және импорттық келісімшарттардың  саны қысқарады және жеке кәсіпкерлік  субъектілеріне – екінші деңгейдегі банктерге және олардың клиенттеріне жүктеме төмендейді. 

Мәміле паспортының нысанындағы  артық бағандарды алып тастау сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың мәміле паспортын толтыру тәртібін жеңілдетуге мүмкіндік жасайды.

№ 77 қаулының және № 86 ереженің мәтіндері (2009 жылғы 16 қазандағы редакциядағы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсындағы  «Нормативтік құқықтық база» айдарында орналастырылды.

Осылайша, қолданылып жүрген валюталық бақылау схемасындағыөзгерістер валюталық режимдердің талаптарын жұмсартуға және әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған және бизнесті жүргізуге арналған талаптарды қатаңдатуды  болжамайды.

 

 

3.2  Коммерциялық банктегі  валюталық бақылау

 

“Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан  Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес жеке тұлға Қазақстан  Республикасының уәкілетті банктері арқылы кіріс-шығыс төлемдерін (ақша аударымдарын) жүзеге асыру үшін жеке тұлғаға –ақша жіберушіге немесе алушыға және төлем мақсатын идентификациалауды мүмкіндік жасайтын құжаттар ұсынады:

Қазақстан Республикасында  валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес құжаттар мыналар болып табылады: 

    • жеке басын куәландыратын құжат;
    • салық төлеушіге тіркеу нөмірінің берілгендігі туралы куәлік, не осы тұлғаның   Қазақстан Республикасының салық органында тіркеу есебінде тұрмағаны туралы құжаты. Осы құжат егер бұрын уәкілетті банкке ұсынылмаған жағдайда;
    • жүзеге асырылған ақша төлемдерін/аударымдарын (валюта шартын)  растайтын құжат;
    • резидент жеке тұлғалар үшін – жеке тұлғаның операцияларына  Заңға сәйкес валюталық реттеу режимі жағдайда хабарлама туралы куәлік, тіркеу куәлігі;
    • резидент жеке тұлғалар үшін – мәміле паспортын ресімдеуді Заңға сәйкес талап ететін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тіркелген жеке кәсіпкердің экспорт (импорт) операциялары бойынша төлемдер үшін мәміле паспорты.

Сондай-ақ шетелдік азаматтар  және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан  Республикасында тұрақты тұру құқығын  растайтын құжаттар ұсынуы мүмкін. Мұндай құжатты осындай жеке тұлғалар олардың мәртебесін Қазақстан Республикасының  резиденті ретінде айқындау үшін ұсынады. 

Жүзеге асырылған төлемдердің (ақша аударымдарының) мақсатын растайтын  құжат ретінде жеке тұлға заңды  және жеке тұлғалармен жасасқан шарттарды, есеп фактураларын, инвойстарды, салық, лицензиялық төлемдерді, айыппұлдардың, алименттердің төленген квитанцияларын ұсынуы мүмкін. Жария-шарт үшін валюта шарты ретінде белгісіз тұлғаға  оферттер ұсынуға жол беріледі (баспа  және электронды басылымдарына жазылу, ақпараттық жүйелерге рұқсат алу  және басқа тауарлар мен қызметтердің жария оферттері).   Валюта шарты  ретінде құжат қабылдау үшін міндетті талап онда бенефициардың жүзеге асырған төлемінің мақсаты және сомасы идентификациаландырылған деректемелердің бар болуы.  

Уәкілетті банктерде жеке тұлғалардың карт-шоттардан жүзеге асырылатын ақша төлемдері (аударымдары)

Уәкілетті банктерде жеке тұлғалардың карт-шоттардан валюталық  операциялар бойынша кіріс/шығыс  төлемдерін (аударымдарын) жүргізу  үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Егер күнтізбелік ай ішінде осы төлемдердің (аударымдардың) жалпы  сомасы, валюталық операциялар жүргізу  үшін қолма-қол ақша алуды қосқанда, елу мың АҚШ доллары баламасынан  асқан жағдайда, уәкілетті банк Ұлттық  Банкке жеке тұлғаның деректемелерін көрсете отырып ақша төлемдері (аударымдары) туралы ақпарат бар есеп ұсынады.

Ұлттық  Банкке ұсынылған  есепке жеке тұлғаның қолма-қол жарна  немесе жеке тұлғаның уәкілетті банктегі жеке шотынан аудару арқылы карт-шотты  толықтыру бойынша операциялары қосылмайды. Тиісінше мұндай аударымдардың  сомасы Ұлттық Банкке жеке тұлғалар жөнінде  мәлімет беру қажеттігін анықтау  үшін АҚШ доллары баламасының  есебіне қосылмайды.

Уәкілетті банк валюталық  бақылау агенті ретінде жеке тұлғадан валюталық операциялар бойынша  төлем мақсатын нақтылауға мүмкіндік  беретін құжаттар талап етуге  құқылы.

Уәкілетті банктерде жеке тұлғалардың ағымдағы шотты пайдалана  отырып жүзеге асыратын ақша төлемдері (аударымдары)

Заңға сәйкес валюталық реттеу режимі (тіркеу және хабарлама) қолданылатын не ол бойынша мәміле паспортын ресімдеу талап етілетін валюталық операциялар  бойынша ақша төлемдерін (аударымдарын) жүргізу үшін валюта шартын ұсыну  міндетті. 

Информация о работе Банк активтерінің жіктелуі