Бюджеттік жүйенің жекеленген звенолары арасында кіріс пен шығынды бөлу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 19:12, курсовая работа

Описание

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде өңірлердің шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін оларды ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады.

Содержание

Мазмұны
1. Кіріспе
2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
3. Бюджетаралық қатынастар және оларды реттеу
4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

курстық жұмыс Муханова (Дарина) 10-512-41.doc

— 163.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрлігі

 

А. Байтұрсынов  атындағы Қостанай мемлекеттік универсистеті

 

Қаржы кафедрасы

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

 

 

Тақырыбы: «Бюджеттік жүйенің жекеленген звенолары арасында кіріс пен шығынды бөлу»

 

 

 

 

Пәні    Қаржы

Мамандығы  5В050900-Қаржы

 

 

 

 

                            Орындаған:  Муханова(Дарина) Қарлығаш,

                                                                                     1 курс студенті

                                                                                      10-512-41 тобынан

 

Ғылыми жетекшісі:  Сартанова Н.Т., э.ғ.к., доцент

                                                                                     ________________________

 

                                                                        Курстық жұмыстың қорғалуы

                                                                                      ____   ________   2011ж.                                                                        

 

                                                                        Бағасы _________________

 

Қостанай 2011

 

Мазмұны

  1. Кіріспе
  2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
  3. Бюджетаралық қатынастар және оларды реттеу
  4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
  5. Қорытынды
  6. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

Мемлекеттік органдардың  өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен  әр елде өңірлердің шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін оларды ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңестіру үдересінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.

Дүниежүзінің  әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік  бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.

Бюджет құрылысында  басты орында бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджеттік үдеріс пен қатынастардың жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.

Бюджет жүйесінің  құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік  құрылымымен анықталады. Мемлекеттің  федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:

мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;

федерация мүшелерінің  бюджеттері (АҚШ-та – штаттардың, ГФР-да – жерлердің (ландтардың), Канадада – провинциялардың, Ресейде –  федерация субъектілерінің бюджеттері);

жергілікті  бюджеттер.

Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер.

Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулануы мен дербестігінің  түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасты жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.

Қазақстан Республикасында  жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын  және дербес болып табылатын мынадай  деңгейдегі бюджеттер жұмыс істейді:

республикалық бюджет;

облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

Қазақстанда төтенше  немесе соғыс жағдайында төтенше  мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.

Бюджет кодексіне  сәйкес, мемлекеттік бюджет – бұл араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет, ол тек талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылады.

Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер  кез келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің  орталық буыны болып табылады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған. Республикалық бюджет – бұл салықтық және басқа түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Жергілікті бюджет (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа  түсімдер есебінен қалыптастырылатын  және облыстық деңгей мен айданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың, ауданның оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.

Мемлекеттік бюджет пен республикалық бюджет ұғымдарымен  ұқсастық бойынша облыс бюджеті мен облыстық бюджетті де ажырата білген жөн: облыс бюджеті – бұл араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда облыстық бюджеті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

Тиісті қаржы  жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімімен бекітіледі.

Төтенше мемлекеттік  бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады және енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады.

Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

Қазақстан Республикасының  бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Президенттің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып табылады.

Төтенше мемлекеттік  бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан  Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.

Төтенше мемлекеттік  бюджеттің қолданылу уақытында  тиісті қаржы жалына арналған республикалық  бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттар  шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла  тұрады.

Төтенше мемлекеттік  бюджеттің қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы тиісті қаржы  жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Шоғырландырылған  бюджет республикалық бюджеттен, облыс бюджеттерінен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін және Үкіметтің Ұлттық банкіндегі шоттарына аударылатын, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады.

1991 жылдан бастап  Қазақстан Республикасының бюджет  жүйесі түбірлі өзгерістерге  ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның  мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетіледі. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. Мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.

Бюджет жүйесінің  жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі  деңгейлерінің өзара байланасына  негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау  тәртібімен, сондай-ақ республикалық  және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасының  бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі, дәйектілігі, жариялылығы, транспаренттілігі, жауапкершілігі және т.б. қағидаттарына негізделеді.

Бюджеттің бірлік қағидаты бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты бұрынғы КСРО-ның бюджет жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат біршама әлсіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-қимылына, төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген.

Бюджеттердің  бірлігі бірыңғай бюджет заңнамасын қолданумен, соның ішінде Үкімет бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптаманы, бюджет үдерісін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдаланумен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады.

Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың  маңызды қағидаты болып отырған  оның жеке буындарының дербестігін  жоққа шығармайды. Бюджеттердің дербестік қағидаты түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы түсімдерді тұрақты түрде бөлуді белгілейді және оларды жұмсаудың бағыттарын анықтайды.

Биліктің әрбір  органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды бөлуді шектейтін айқын құқықтар белгіленген. Мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджеттік үдерісті жүзеге асыруға құқы бар. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражаттарының бос қалдықтарын жоғарғы бюджетке алып қоюға, тиісті өтемсіз жергілікті бюджеттерге қосымша шығыстарды жүктеуге жол берілмейді. Сонымен бірге бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтық (өңірдің) әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты функцияларымен, құзырымен анықталады. Бюджет қаражаттарын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алу сияқты бюджет қаражаттары бойынша талаптардан да шегінуге жол берілмейді.

Бюджеттің толықтығы (толымдығы) бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының, оның жинайтын барлық түсімдерінің және жасайтын шығыстарының, Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажеттігін бейнелеп көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.

Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси ахуалды, өндірістің даму үрдісін, жалпымемлекеттік қажеттілікті есепке алу қажет. Жүниежүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде боліп көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың – зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру және т.б. қорлардың қаражаттары енгізілген.

Информация о работе Бюджеттік жүйенің жекеленген звенолары арасында кіріс пен шығынды бөлу