Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 19:12, курсовая работа
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде өңірлердің шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін оларды ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады.
Мазмұны
1. Кіріспе
2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
3. Бюджетаралық қатынастар және оларды реттеу
4. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиеттер
Реалистік қағидаты – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттік көрсеткіштердің орта мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген (түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкестігі. Бюджеттің реалистігіне Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес оларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан оның көрсеткіштері көпнұсқалық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс, бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен нәтижесі, болжамдық бағалау есепке алынуы қажет. Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын ағымдағы жылға, анағұлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай-ақ оларды нақтылы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді пайдаланады. Реалистік қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарларын және жалпы тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау үдерісінде қол жетеді.
Реалистік қағидаты
бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау
және бұзылуын жою үшін қажет. Ол бюджетте
мемлекеттің қаржы
Транспаренттілік қағидаты – бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа ақпаратты міндетті түрде жариялау: бюджет үдерісінің ашықтығы, мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу.
Тиімділік пен нәтижелік қағидаты – бұл бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттігін негізге алып, бюджет қаражаттарының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражаттарының бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені қамтамасыз ету.
Басымдық қағидаты – бюджеттік үдерісті республиканың немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру.
Жауапкершілік қағидаты- бюджеттік үдеріске қатысушыларды бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту.
Бюджеттердің жариялық қағидаты бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы есептердің жарияларуы арқылы қамтамасыз етіледі.
Бюджет кірістерінің қалыптасуы (ең алдымен салықтар, алымдар арқылы) бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық жүргізуші субъектілердің және қоғамның барлық мүщелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағыттары туралы хабардар болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасының бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндетті болады. Заң, өткен кезеңдегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі, оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі және оны жабудың әдістері (шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, қарыздар, ақша эмиссиясы) жария етіледі.
Төменгі – жергілікті бюджеттердің қалыпты және тиімді жұмыс істеуінің шарттары бербестік және теңгерімділік болып табылады.
Бюджеттерлің дербестігін меншікті және бюджет жүйесінің барлық буындары кірістерінің заңмен бекітілген көздері және бюджет қаражаттарын ел заңдарымен анықталған құзырлар шеңберінде биліктің тиісті органының қарап шешуі бойынша пайдалану құқығы қамтамасыз етеді.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және Бюджет кодексінде, «Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» арнайы заңдарында және басқа заңнамалық актілерінде бейнелеп көрсетілген.
Нақтылы жағдайларда
бұл қағидаттардан жиі
Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және өңірлік бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-қимылына негізделген.
Бюджет үрдісінде республикалық және жергілікті бюджет арасындағы және бюджет пен Ұлттық қор арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады. Рыноктық экономика жағдайындағы бюджет үдерісінде жоғарғы және төменгі бюджеттер арасындағы, сонымен біргереспубликалық бюджет пен Ұлттық қор арасындағы қатынастар және кірістер мен шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасында бөлу аса маңызды проблемалардың біріне айналып отыр. Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің ара жігін дәлме дәл ажыратуға, бюджеттер деңгейлерінің арасында түсімдер меншығыстарды бірыңғай бөлуге, сондай ақ бюджетаралық қатынастарды айқындау әдістерінің біртұтастығы мен ашықтығына негізделген.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджет үдерісінде республикалық бюджеттің аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерімен, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетініңбасқа осындай бюджеттермен, аудандар бюджеттерінің бір бірімен өзара қарым қатынастарына жол берілмейді.
Үкімет пен
орталық мемлекеттік органдарды
Шығыстарды немесе түсімдердің жекелеген түрлерін бюджетің бір деңгейінен екіншісіне беру Бюджет Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Бюджетаралық қатынастар мынадай қағидаттарға негізделеді:
төменгі бюджеттерге тұрақты сипаты бар, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер бекітіледі;
мемлекеттік мекемелеркөрсеткен
қызметтер үшін төлемақы болып табылатын
салықтық және салықтық емес түсімдер
аталған қызметтер көрсету
қайта бөліну сипаты бар, сондай ақсалық базасы әркелкі орналастырылатын салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғары деңгейлеріне бекітіледі;
салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді бекіткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне артықшылық беріледі;
нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергілікті бюджеттерге бекітеді.
Бюджетаралық қатынастар:
Трансферттер жалпы сипаттағы трансфертттер, ағымдағы нысаналы трансферттер, дамуға арналаған нысаналы трансферттер болып бөлінеді.
Нысаналы трансферттер мен кредиттерді жергілікті атқарушы органдар тек қана олардың нысаналы қызметіне сәйкес пайдаланады.
Нысаналы трансферттер мен кредиттердің нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары осы трансферттер мен кредиттерді бөлген жоғарғы бюджетке ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін міндетті түрде қайтарылуға жатады.
Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарын айқындаған кезде бюджеттер деңгейлерінің әрқайсысының салықтық әлуеті, өңірлердің объективтік бюджеттік қажеттіліктерін бақылау нәтижелері, бекітілген заттай нормалар ескіріледі. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары орта мерзімді фискалдық саясатқа сәйкес белгіленеді.
Бюджетаралық реттеу теңгерімділік
мақсатарында жоғарғы бюджет ресурстарының
бір бөлігін төменгі бюджетке
беруден тұратын және керісінше,
ақша қаражаттарын бөлудің жүйесі.
Реттеу механизміне бюджеттік
Бюджеттік субвенциялар жоғарғы бюджеттерден төменгі бюджеттерге республикалықнемесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде берілетін трансферттер. Бюджеттік алынымдар республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттерден жоғарғы бюджеттерге берілетін трансферттері болып табылады.
Егер биліктің әрбір деңгейінде
жиынтық бюджеттердегі
Жалпы сипаттағы трансферттердің
көлемдері тиісті жергілікті бюджеттің
кірістері мен шығындары
Жекелеген ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген бюджеттік алынымдарды есептеу кезінде ескерілмейтін сомалар шегінде жоғары бюджеттер төменгі бюджеттерге беретін трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады. Ағымдағы нысаналы трансферттер мемлекеттік, салалық немесе өңірлік бағдарламалардың іс шараларын орындауға ғана, сонымен бірге қаржы жылы ішінде әкімдердің өтініші бойынша Үкіметтің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының резервәнен қаржыландыратын іс шараларға ғана беріледі.
Жоғарға бюджеттер:
Мемлекеттік және салалық бағдарламалар немесе өңірлік бағдарламалар негізінде жергілікті атқарушы органдар ұсынатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру;
Рсепубликаның стратегиялық
орта мерзімді бағдарламалары мен даму
жоспарларының жоғарғы
Бюджетаралық қатынастарда түрлі деңгейлер бюджеттерінің қаржы өкілеттіктерінің келісілмегендік және олардың өкілеттіктері мен кірістерін қамтамасыз ету проблемалары бар: аумақтық бюджеттердің нашар салық базасы; қайта бөлу саясатындағы тұрлаусыздық. Бюджетаралық қатынастар жоғарғы бюджеттердің төменгі деігейдің бюджеттерін орталықтандырып нығайтту негізінде құрылады. Мұндай саясат аумақтарды шығыстардың неғұрлым жоғары нормативтерін қаққылауға бағдарлайды. Жоғарғы органдар «тағдырды шешушіге» айналады, бұл жемқорлыққа негіз қалайды. Бұл жағдайда биліктің жергілікті органдарының құқықтарын кеңейту қажет, ол үшін олардың үш топтағы өздерінің салықтары болу керек:
Информация о работе Бюджеттік жүйенің жекеленген звенолары арасында кіріс пен шығынды бөлу