Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 23:19, лекция
Семинар № 2
Тақырып: Бухгалтерлік баланс.
1.Бухғалтерлік есептің шығу тарихы
2.Бухгалтерлік есеп қағидалары
3.Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі
4.Бухгалтерлік баланс түсінігі
5.Қаржы есебін ұйымдастыру
6.Үзіліссіздік не?
7.Бухгалтерлік есеп әдісі қанша элементтен тұрады?
8.Бухгалтерлік есепте қолданылатын өлшемдер?
9.Инвентарлық шоттың негізгі мәні?
10.Шоттардың жұмыс жоспарының бір інші бөлімі қалай аталады?
Бірінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары
бухгалтерлік баланстың тек қана актив бөліміне әсер етеді. Бүл жағдайда актив бөліміндегі бір бап қандай
да бір сомаға азайса, екінші бір бап
тура сол сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы
сомасы мен баланстың жиынтық сомасы ешқандай өзгермейді.
Мысалы, кәсіпорьшның банктегі есеп айырысу шотынан
жүмысшы-қызметкерлерге
еңбекақы төлеу
ушін кассаға 500 (бес жүз) мың теңге алынды.
Бұл жағдайда есеп айырысу шоты
бабындағы
сома 500 (бес жүз) мың теңгеге азайса, касса деп аталатын
баптың
сомасы 500 (бес жуз) мың теңгеге артады. Баланстың активі
мен пассиві арасындағы тендік өзгермейді.
Екінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары
бухгалтерлік баланстың тек қана пассив бөліміне әсер етеді. Актив бөлімінде өзгеріс
болмайды. Бұл жағдайда пассив бөліміндегі бір бап қандай
да бір сомаға азайып, екінші бал тура
сондай сомаға артады. Ал пассивтің жалпы
сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгеріске ұшырамайды.
Мысалы, ұйым өзінің жабдықтаушы-мердігерлердің алдындағы 700
(жеті жүз)
мың
теңге қарызын
банк мекемесінен алынған несие арқылы қайтарды делік.
Бұл уақытта кәсіпорынның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы-мердігерлермен
есеп айырысу деп аталатын бабындағы
сома 700 (жеті жүз) мың теңгеге азайып, ал банк несиесі
бабындағы
сома 700 (жеті жүз) мың теңгеге артады. Ал баланстың активі
мен пассиві арасындағы теңдік өзгермейді.
Үшінші
түріне
жатқызылатын
операциялардың жоғарыда аталған екі түрден айырмашылығы, бұл операциялар барысында
баланстың
активі мен пассиві бірдей сомаға артады.
Яғни
бұл
жағдайда
операция әсерінен
баланстың
актив бөліміндегі
бір баптың
сомасы қандай
да сомаға
көбейсе,
пассив бөліміндегі
баптың
да сомасы осындай сомаға артады.
Мысалы, жабдықтаушы-мердігерлерден
кәсіпорынға 200
(екі жүз)
мың
теңгенің материалдары
келіп түсті.
Бұл уақытта ұйымның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы-мердігерлермен
есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома
және
материалдар деп аталатын бабындағы сома
бір уақытта
200 (екі жүз)
мың
теңгеге
көбейеді.
Яғни
кәсіпорынның материалдарының артуына
сәйкес
жабдықтаушыларға қарызы
да көбейеді.
Сонымен қатар
200 (екі жүз)
мың
теңгеге
баланстың
сомасы да өсті.
Баланс баптарының сомасына әсер
ететін шаруашьшық операцияларының төртінші түрі үшінші түріне жатқызылатын операцияларға ұксас
болып келеді. Бұл уақытта да баланстың актив және пассив жағындағы баптары бір уақытта бірдей сомаға өзгереді. Айырмашылығы - үшінші
түрге
жататын операциялар барысында баланстың жиынтық сомасы
(актив және
пассив бөлімдері)
белгілі бір сомаға кебейсе (артса), төртінші
түрге
жататын операциялар әсерінен актив пен пассив
бөлімдері,
сондай-ақ
баланстың
жиынтық
сомасы қандай
да бір сомаға кемиді.
Мысалы, кәсіпорынның есеп айырысу шотынан бюджетке қосылған құнға салынатын
салық үшін
250 (екі жүз
елу) мың
теңге
аударылды.
Осыған байланысты есеп айырысу
шотындағы
ақшалар
және
бюджетпен есеп айырысу (қосылған қүнға салынатын салық үшін қарыз) деп аталатын баптардың сомалары
бір уақытта
250 (екі жүз
елу) мың
теңгеге
азаяды. Сонымен қатар баланстың сомасы да 250 (екі жүз елу)
мың
теңгеге
кемиді.
Міне осы жоғарыда қарастырылған мысалдардан көріп отырғанымыздай кәсіпорындағы орындалған кез келген операцияларды осы төрт түрдің біріне жатқыза аламыз.
Дәріс № 4
Тақырып: Бухгалтерлік есептер
және
шаруашылық
операциялар көріністері
1. Бухгалтерлік шот
түсінігі.
Бухгалтерлі к шоттың мазмұны және құрылымы және оның түрлері.
2. 2 жақты жазу жүйесі. Шоттар корреспонденциясы.
3. Аналитикалық және синтетикалық
шоттар және
олардың
байланысы.
4. Айналым ведомоствасы.
5. Бухгалтерлік есеп
шоттарының
классификациясы.
6. Типтік шоттар
жоспары.
1.
Шаруашылық
процесіндегі күнделікті болып отырған өзгерістерді
дер кезінде тіркеп, бағалап, топтастырып отыру қажет
болады. Осыған орай бухгалтерлік есепте
шоттар жүйесі қолданылады.
Шоттардың
баланстан айырмашылығы оларда жазу алғашқы құжат негізінде күнбе
– күн үздіксіз
жүріп
отырады. Сол арқылы шаруашылық операцияларының салдарынан болған өзгерістерді бақылап отыруға мүмкіндік туады.
Кәсіпорынның м мүлігінің түрлері мен олардың құралу көздерінің шаруашылық процестер мен шаруашылық
нәтижесін
ағымдағы мерзім
ішінен есепке алып отыратын әдіс.