Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 23:19, лекция
Семинар № 2
Тақырып: Бухгалтерлік баланс.
1.Бухғалтерлік есептің шығу тарихы
2.Бухгалтерлік есеп қағидалары
3.Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі
4.Бухгалтерлік баланс түсінігі
5.Қаржы есебін ұйымдастыру
6.Үзіліссіздік не?
7.Бухгалтерлік есеп әдісі қанша элементтен тұрады?
8.Бухгалтерлік есепте қолданылатын өлшемдер?
9.Инвентарлық шоттың негізгі мәні?
10.Шоттардың жұмыс жоспарының бір інші бөлімі қалай аталады?
-
бос парақтар
– жекелеген парақтарда әзірленетін регистрлер және онда
есептік жазулар үшін арналған, оларды сызба жолдары
мен нысаны парақтардың арналымына байланысты
болып келеді;
-
машинограммалар (басылған қағаздар) бухгалтерлік есептің іс
жүзінде қолданатын
бағдарламасы
бойынша әзірленген
аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлері, оны толдыру
(рәсімдеу)
тапсырыс берушінің мүддесіне және берілген карточканың, журнал
ордердің
параметрлеріне тәуелді болып келеді.
Кітаптарда
аналитикалық есебінжүргізер кезде жазбалар
тұрып,
оның
барлық
беттерін беттеу керек, сосын оған мөр басып , бас бухгалтер қол қояды.
Регистрлерді
ашқан
кезде оларға регистрлерден өткен
айдыңбастапқы қалдықтары
, ал қажетті
жерлерде – аналитикалық есептің баптары бойынша жыл басынан
бергі кезеңдегі айналымдар көшіріледі.
Ай сайынғы
операцияны регистрге жазу кезінде оның мазмұны,
мерзімі және құжат
нөмірі
көрсетіледі.
Операцияның сомасы өзінің сәйкес келетін есептеулердің графасына
жазылады. Жалпылама сипаттағы операцияларды алдын ала
дайындалған
кестелерде (жинақтық ведомстілерінде)жинақтайды.
Айдың
соңында
кестедегі мәліметтердің жиынтығы аналитикалық және синтетикалық есептің регистрлеріне жазылады.
Ай
біткен соң
барлық
аналитикалық және синтетикалық шоттар бойынша дебеттік
және
кредитттік жиынтық есептелінеді.
Ай
соңындағы жиынтық айналымы
айналым ведамосын жасау үшін пайдаланылады.
Есеп
регистрларының мәліметтері салыстырылады.
Бұл үшін
шоттар корреспонденциясы бойынша
жазбалар жасалады, ал бұлбалансты жасағанға дейін қатені
табуды және
түзетуді
және
олардың
дұрыстығын қамтамасыз
етеді.
Бухгалтерлік есептің регистрлеріндегі мәліметтер топтастырылған түрінде қаржылық есеп беруге көшіріліп жазылады.
Бухгалтерлік
есеп нысандары (формалары)
Бухгалтерлік
есептің
нысандары (формалары) деп – белгілі бір
дәйектілікпен
және өзара
байланысты, екі жақты принципті пайдалана
отырып бухгалтерлік есеп жазуын жүргізуіге
арналған
есеп тіркелімін (регистрін) айтады.
Бухгалтерлік
есеп нысандарын және есептелетін ақпаратты өңдеу технологиясын әрбір
кәсіпорын өзі таңдайды
және
оны есеп саясатында көрсетеді.
Қазіргі
кезде кәсіпорындарда
бухгалтерлік есеп нысандарының келесідей
түрлері қолданылады:
мемориалдық – ордерлі, бас – журнал,
журнал – ордерлі, жай және ықшамдалған (мүлікті есептеу тіркелімдерін
бірге қолдану).
Бухгалтерлік
есептің
мемориалдық – ордерлі нысандары қазіргі
кезде қолданылатын
ескі нысандардың бірі болып табылады. Есептің бұл нысандарында
кітаптық
және
карточкалық тіркелімдер жүргізіледі. Синтетикалық )топтамалық) есеп үшін
кітаптарды қолдану ыңғайлы болса, ал аналитикалық (талдамалық) есеп үшін
көбінесе
карточкалар қолданылады. Мұның себебі әрбір шаруашылық операциясы бойынша толтырылатын
алғашқы құжат
немесе біріңғай алғашқы құжаттар есепте екі жақты жазу
жазылып және
ол мемориалдық – ордерлі нысан түрінде
ресімделеді.
Бас журналды жүргізгенде
бөлек
немесе біртектес алғашқы құжаттар негізінде мемориалдық – ордерлер
жасалады.
Журнал – ордерлі
нысанын пайдалану барысында бухгалтерлік
есеп ақпараттарын
тіркеудің
негізгі принципі – жинақталымдық тізімдемелерде (ведомотерге)
алғашқы құжаттардың мәліметтерін
жинақтау.
Бұл
нысанның
негізгі есеп тіркелімі Журнал –ордер
болып табылады. Журнал –ордерлерде алғашқы құжаттардан
немесе жинақталымдық тізімдемелерден алынатын
хронологиялық және жүйелік жазбалар біріктіріліп
көрсетіледі. Әрбір
синтетикалық шотқа арнайы журнал – ордер
ашылады, оның ішінде шоттың кредитінен сәйкес шоттардың дебитіне жазылатын шаруашылық операциялар
көрсетіледі.
Кітап ұйымның кез келген уақыттағы мүліктері мен қаржылық міндеттемелерінің барлығын анықтауға, бухгалтерлік
есеп құруға мүмкіндік
береді. Кәсіпорынның бухгалтерлік
есебінің
жай нысанындағы аталған есеп тіркелімінен басқа есеп
айырысу – төлем тізімдемесін ауыстыратын қызметкерлермен
есеп айырысу тізімдемесін жүргізіледі.
Есептің бұл нысаны өндірістік емес салалардағы
шағын
кәсіпорындар үшін қолайлы.
Кәсіпорындардағы есеп саясаты
және инвентаризация
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау. құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік
есепті жүргізу әдістеріне
шаруашылық қызмет
фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын
есептеу, құжат
айналымын қабылдауды ұйымдастыру, инвентаризациялау
(түгендеу),
бухгалтерлік есеп шоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім
жүйесі,
мәліметті өңдеу
мен басқа
да сәйкес әдістер
мен амалдар кіреді.