Бухгалтерлік баланас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 23:19, лекция

Описание

Семинар № 2
Тақырып: Бухгалтерлік баланс.
1.Бухғалтерлік есептің шығу тарихы
2.Бухгалтерлік есеп қағидалары
3.Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі
4.Бухгалтерлік баланс түсінігі
5.Қаржы есебін ұйымдастыру
6.Үзіліссіздік не?
7.Бухгалтерлік есеп әдісі қанша элементтен тұрады?
8.Бухгалтерлік есепте қолданылатын өлшемдер?
9.Инвентарлық шоттың негізгі мәні?
10.Шоттардың жұмыс жоспарының бір інші бөлімі қалай аталады?

Работа состоит из  1 файл

бухгалтерлік баланс курстық жұмыс.docx

— 59.38 Кб (Скачать документ)

    Бухгалтерлік  шоттар схема түрінде  екі жақты кесте ретінде көрсетіледі. Оның сол жағын  Дебет (бережақ) деп атайды, ал оң жағын Кредит (сену) деп атайды. 

    Бухгалтерлік  шоттардағы есептелетін объектілердің белгілі мерзімдегі жағдайын сальдо (қалдық)  деп атайды. 

    Ағымдағы  мерзім ішінде болатын өзгерістерді (мүлік түрлерінде немесе көздерінде) айналым деп атайды. 

   2.                      Бухгалтерлік шоттардың баланста қатнасына байланысты немесе  оларда не есептелетініне байланысты шоттар екіге бөлінеді: активтік шоттар жәнепассивтік шоттар. 

    Активтік  шоттарда  мүліктің түрлері есептеледі. Пассивтік шоттарда мүліктің құралу көздері есептеледі. Активтік және пассивтік шоттарда жазу, олардағы  соңғы қалдықты  анықтау төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:   

    Активтік  шоттарды жазу тәртібі: 

    Активтік  шоттарда бастапқы қалдық шоттың дебет жағында жазылады және ол С1 деп белгіленеді. Ай ішіндегі өзгеріс, яғни мүліктің көбейгендігі дебет жағында жазылады, ал оның азайғандығы кредит жағында жазылады. 

    Айдың аяғындағы қалдықты табу үшін ай басындағы  қалдыққа  дебеттік айналымды қосып, кредиттік айналымды алып тастайды. Шыққан қорытынды айдың аяғындағы қалдықты көрсетеді, ол дебет жағында жазылады. Сонымен  активтік шоттарда  қалдық тек қана дебет жағында болады немесе қалдық қалмайды.   

    Пассивтік  шоттардың жазылу тәртібі: 

    Пассивтік  шоттарда бастапқы қалдық шоттардың  кредит жағында жазылады. Ай ішіндегі мүліктің құралу көздеріндегі болған өзгерістердің көбейгені шоттың кредит жағында, ал азайғаны дебет жағында жазылады. 

    Соңғы қалдықты табу үшін бастапқы  қалдыққа кредиттік айналымды қосып, дебеттік айналымды  алып тастайды. Шыққан қорытынды айдың аяғындағы қалдықты  көрсетеді және ол кредит жағында  жазылады. Пассивтік шоттарда қалдық тек қана кредит жағында болады немесе қалдық қалмайды.   

    3. Шаруашылық операциялары салдарынан болатын өзгерістер  әр уақытта да бухгалтерлік есептің  екі объектісін қамтиды. Ол объектілер біреуі көбейіп, біреуі азаюы немесе екеуі де көбейіп, екеуі де азаюы  мүмкін. Бірақ олар  бірдей соммада немесе құнда  көрсетіледі, яғни бір объектіні бір құнмен , екінші объектіні екінші құнмен көрсетуге болмайды. Осыған байланысты бухгалтерлік есепте  әдейі  екі жақты жазу әдісі қолданылады. 

    Екі жақты жазудың мазмұны -  ол болған  шаруашылық операцияларын,  онда көрсетілген объектілерді бірдей соммада шоттарда жазу 

    Мысалы: Кәсіпорын жұмысшыларға 50000 теңге  еңбекақы есептеді. Бұл операцияны  екі жақты жазғанда 50000 теңгеге жұмысшыларға  еңбек ақы  бойынша бережағымызды көрсетсек, екінші жағынан 50000 теңгеге өндірісте шығын болғанын жазамыз. 

    4. Кәсіпорынды басқаруда  кәсіпорын жетекшісіне әр деңгейдегі  бухгалтерлік есептің  мәліметтері қажет болады. Осыған орай  бухгалтерлік есепте  есептелетін объекті бойынша  жинақталған ақшалай  өлшеммен,  көрсетілген мәліметтермен қатар есептелетін  объектінің  түрлері бойынша  да жекеленген мәліметтер керек. Міне осы  талапты қамтамасыз ету  үшін бухгалтерлік шоттар  екіге бөлінеді: 

    1.Синтетикалық (жинақтайтын) шоттар 

    2.Аналитикалық (талдайтын) шоттар 

    Синтетитакалық  шоттар дегеніміз – есептелетін объект бойынша жинақтап ақшалай өлшеммен  ақпарат беретін әдіс. 

    Баланстың барлық статьялары синтетикалық шоттар болып саналады. Атап айтқанда  шикізаттар мен материалдар, кассадағы ақша, есеп айырысу шотындағы ақша, жарғылық капитал, банк несиесі, т.б. 

    Аналитикалық  шот дегеніміз – синтетикалық шоттарда көрсетілген ақпаратты әрі қарай талдап, дамытып көрсететін шоттар. 

    Аналитикалық  шоттар белгілі бір синтетикалық шоттарға ашылады. Осыған байланысты олар дербес болмайды. 

    Аналитикалық  шоттарда  есептелетін объекті натуралдық (саны, салмағы, көлемі) өлшеммен және ақшалай  өлшеммен көрсетіледі. 

    Синтетикалық  шоттарда  жүргізілетін есепті синтетикалық  есеп деп атайды, ал аналитикалық шоттарда жүргізілетін  есепті  аналитикалық есеп деп атайды. 

    Синтетикалық және аналитикалық шоттар  өзара  байланыс. Оның өзара байланыстылығы төмендегідей: 

    1.Синтетикалық  шотта қолданылатын жазу тәртібі  аналитикалық шоттарда қолданылады. 

    2.Синтетикалық  шоттардың бастапқы және соңғы  қалдығы  барлық аналитикалық шоттарды  қосқандағы бастапқы және соңғы қалдықтармен тең болуы тиіс. 

Информация о работе Бухгалтерлік баланас