Бухгалтерлік баланас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 23:19, лекция

Описание

Семинар № 2
Тақырып: Бухгалтерлік баланс.
1.Бухғалтерлік есептің шығу тарихы
2.Бухгалтерлік есеп қағидалары
3.Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі
4.Бухгалтерлік баланс түсінігі
5.Қаржы есебін ұйымдастыру
6.Үзіліссіздік не?
7.Бухгалтерлік есеп әдісі қанша элементтен тұрады?
8.Бухгалтерлік есепте қолданылатын өлшемдер?
9.Инвентарлық шоттың негізгі мәні?
10.Шоттардың жұмыс жоспарының бір інші бөлімі қалай аталады?

Работа состоит из  1 файл

бухгалтерлік баланс курстық жұмыс.docx

— 59.38 Кб (Скачать документ)

    3. Синтетикалық  шоттардың дебеті барлық аналитикалық шоттардың  дебетіне, синтетикалық шоттардың кредиті барлық аналитикалық шоттардың кредитіне тең болуы керек. 

    Тәжрибеде кейбір есеп объектілері бойынша аналитикалық шоттардың сандары өте көп болуы мүмкін. Соған байланысты алдын- ала топтастыру қажет болады. 

    Сол үшін бухгалтерлік есепте субшоттар  қолданылады (аралық шоттар). 

    Синтетикалық  шоттардың аттары мен тізімін жоғарғы орган, яғни қаржы министрлігі  тағайындайды. 

    Субшоттар  мен аналитикалық шоттардың аттары мен тізімін кәсіпорын өзі  тағайындайды, қажеттілігіне сәйкес.    

    5.  Бухгалтерлік  шоттарда әрбір есептелетін объекті бойынша ағымдағы өзгерістер жөнінде ақпарат жинақталады. Әрбір шотта көрсетілген ақпараттар бір жерде  жинақталып көрсетілу есеп кезең ішінде  ішкі есеп беруді қамтамасыз етеді, яғни ай санын есеп ақпаратының бір жерге жинақталып көрсетілуі,  біріншіден, шоттардағы екі жақты жазудың дұрыс жүргізілуін бақылауға, екінші жағынан кәсіпорын мүліктері мен олардың құралу көздері жөнінде  жинақталған ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Сол үшін айналым ведомостісі жасалады. 

    Айналым  ведомостісі дегеніміз – бухгалтерлік  шоттарда көрсетілген ақпаратты  бір жерде жинақтап көрсететін әдіс. Яғни шоттардың қалдықтарын және айналымдарын айналым ведомостісі қорытынды баланс жасау үшін өте қажет. 

    Айналым  ведомостісін толтыру арқылы бухгалтерлік шоттардағы есептің дұрыстығы бақыланып, кеткен қаталер түзетіліп, балансқа  толтыруға дайын мәліметтер жинақталады. Сондықтан да айналым ведомостісін Батыс елдерінде дайындық балансы деп атайды. 

    Айналым  ведомостісі синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша жасалады. 

    Синтетикалық  айналым ведомостісінде үш пар теңдік болады. 

    1 пар теңдік – ай басындағы  қалдық дебеті мен кредиті тең болуы қажет 

    2 пар теңдік – ай ішіндегі  айналымның дебеті мен кредиті тең болуы қажет 

    3 пар –  ай аяғындағы айналымның  дебеті мен кредиті тең болуы қажет. 

    Бұл теңдіктің жазуды бақылауда маңызы зор.Бұл теңдік  орындалмаса қате болады. 

    Тәжрибеде синтетикалық шоттардың шахматтық  айналым ведомостісі кең қолданылады. Оған қазіргі қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп формасы әсер етеді. 

    Аналитикалық шоттардың айналым ведомостісі материалдық бұйымдарға, есеп айырысу шотына жасалады (кредиторлық және дебиторлық бережақ бойынша). 

   Есеп  айырысу  шоттары бойынша ашылған  аналитикалық шоттардың айналым ведомостісінің үлгісі синтетикалық шоттарға жасалған айналым ведомостісінің үлгісімен бірдей. Тек синтетикалық шоттардағы айналым ведомостісінің синтетикалық шоттарының атының орнына аналитикалық шоттардың аттары жазылады. Екінші жағынан мұнда үш пар теңдік болмайды. 

   6.  Бухгалтерлік  есепте қолданылатын синтетикалық шоттардың сандары көп және олар әртүрлі есеп объектілерін есептеуге арналған. Міне сол  шоттарды дұрыс пайдалану үшін, олардың қасиетін білу үшін шоттарды жіктеу қажет болады. Барлық бухгалтерлік шоттар төмендегідей  екі белгісімен жіктеледі: 

1. Олардың экономикалық мазмұны бойынша 

2. Олардың міндеттері  мен құрылымы бойынша 

   Шоттарды  экономикалық мазмұны бойынша жіктеу  шоттарда не есептелетіні көрсетіледі, ал міндеті мен құрылымы бойынша жіктеу шоттардың не есептелуге арналғанын және сол шоттардың дебиті және кредиті және қалдығының сипатын көрсетеді. 

   Шоттарды  жіктеу шоттар жоспарын жасағанда кең  қолданылады. 

   Шоттарды  экономикалық жағынан  жіктеу  кәсіпорын мүліктерін жіктеумен бірдей. Шоттарды экономикалық жағынан жіктегенде  тек қана қандай шоттар қолданылатыны айтылады. 

   Бухгалтерлік  шоттар міндеттері мен құрылымы бойынша  төмендегідей бөлінеді. 

1.     Негізгі  шоттар 

2.     Реттейтін  шоттар 

3.     Бөлетін шоттар 

4.     Калькуляциялық шоттар 

5.     Салыстырмалы  шоттар  

   3,4,5 шоттар  – операциялық шоттар деп аталады. 

    1. Негізгі  шоттарда кәсіпорынның  мүлігінің түрлері мен олардың құралу көздері есептелінеді. Сондықтан оларды негізгі шоттар деп атайды. 

    Негізгі  шоттар инвентарлық қорларды есептейтін және есеп айырысуды есептейтін шоттар. 

    Балансқа  байланысты шоттар активтік  және пассивтік болып екіге бөлінеді. Инвентарлық шоттар барлығы активтік шоттар болады. Қорларды есептейтін шоттар пассивтік шоттар болады, ал есеп айырысудағы дебиторлық бережақтар активтік  шоттар болады, кредиторлық бережақтар пассивтік шоттар болады. 

    2.Реттейтін   шоттар есептелетін объектінің  құнын реттеуге арналған. Осыған  орай реттейтін шоттар контрарлық  және  толықтырушы  болып екіге бөлінеді. Контрарлық шоттар контрактивтік және контрпассивтік болып екіге бөлінеді. Контрактивтік  шоттарға негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің  тозуы жатады. Контрпассивтік шотқа  пайдаланудың бөлінуі жатады. 

Информация о работе Бухгалтерлік баланас