Экономика ғылымдары кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 20:43, автореферат

Описание

Бүгінгі күннің ең негізгі талабы "Көлеңкелі экономика мен сыбайластық жемқорлықпен" күрес жүргізу барысындағы қоғамдық даму заңдылықтарын орындау. Ол үшін әрқашанда бақылау жүйесіндегі тексеру, талдау әдістерін кеңінен қолдана біліп оны тек құқықтық негізде жүргізе білу қажеттілігі туындап отыр.
Экономиканың дамуындағы жалпы ішкі өнім үлесіндегі қосымша құн өскен сайын бюджет көздері толықтанып, халықтық әлеуметтік және рухани шығындарын қанағаттандыра түсіру үшін нарықтық қатынастардың құқықтығы күшейе түсуіндегі барлық бағыттарды бақылау жүргізу әділеттіліктің негізгі даму бағыты. Сайып келгенде, зерттелінген мәселенің ғылыми және іс-тәжірибелік маңызы зор бастамалардың бірі екенін айта аламыз.

Работа состоит из  1 файл

shirinbekova_s.doc

— 226.00 Кб (Скачать документ)

Зерттеу нәтижелерінің жариялымдығы. Диссертация жұмысының негізгі нәтижелері 3,2 баспа табақ болатын 11 ғылыми мақалада көрініс тапты.

Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс компьютерде терілген 134 бетте (оның ішінде 21 кесте, 9 сурет, 2 қосымшада баяндалған, ол кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сандық материалдар кестелерде, суреттерде және қосымшаларда келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

Салық салу және салықтық бақылаудың теориялық және әдістемелік негіздері. Нарықтық қатынастары дамыған елдерде салықтар экономика мен әлеуметтік хал-аһуалын тұрақты дамытудағы реттеушілік қасиеттері бюджеттік қатынастар мүмкіншілігіне тікелей басқару әдістері ретінде қолданады. Салықтардың жәрдемімен мемлекет қоғамдық қасиеттілік пен ресурстар арасындағы, оларды қанағаттандырудағы салыстырмалы тепе-теңдікке қол жеткізіледі. Салықтардың арқасында экология жағынан зиянды өндірістердің кеңейуіне айыппұлдар мен шектеулер енгізе отырып, табиғи байлықты тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді. Салықтар мемлекеттің әртүрлі даму бағдарламасының даму мүмкіншілігіндегі қаржылық қамтамасыз ету және азаматтардың табыстарының деңгейін теңестіру мүмкіншілігіне ие болады.

              Салық ауыртпалығын жеңілдетуді жүргізу әртүрлі меншіктегі экономиканың өсу мүмкіндігін туғызу болса, көлеңкелі экономиканың қысқарып, болашақтағы экономиканың өсімі негізде бюджеттік кірістердегі салық түсімдерін молайту.

Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі болып қоғамда өркениетті салықтық қатынастар мен халықтың барлық топтарының  салықтың мәдениетінің бар болып саналатындығы баршаға мәлім. Сол себептен, өкілетті және атқарушы органдар салықтық саясатты жүргізуші және кепілі мен бас идеологы ретінде қатысушылардың барлық топтардың мүдделерін үнемі есеп аалып отыруы керек. Қабылданған салықтық құқықтық заңдардың іске асыру бойынша кәсіби білім мен салық мәдениет белгісінің төмен болуынан деп айтуға болады. Нәтижеде біз заңдар толық іске асырылмайтын, ал экономика көлеңкелі бизнеске ұшырап отырмыз. Көлеңкелі экономиканың көлемі ұлғайған сайын салық есебінің кемуінде бюджет көздері қысқарылуда. Әсіресе жергілікті бюджет жетістіксіздігіне трансферттік жабу бюджет көздерін молайту емес керісінше тұтынушы психологиясын туғызуда.

              Келесі мәселе жалпы ішкі өнімді өлшеуіндегі жаңа пайда болған субъектілік негізгі қорлардың (жеке меншіктегі құрылыс үй шарушылығы, шаруашылық басқа да субъектілер) салық салымы мен алымында жете бағаланды.

              Қорыта келгенде, мемлекеттің де, салық төлеушілердің де мүдделеріне сәйкес үкімет және тиісті атқарушы органдар салықтарды төлеудің дұрыстығы мен уақтылығын үнемі бақылап отыруы қажет. Салықтық бақылау жүргізудің түрлерімен үлгілеріне мыналар жатады:

-          салық төлеушілерді тіркеу есебі мен жеке объектілердің есебі;

-          жүйеге келтірілген бақылау (салықтық есеп беру бойынша салық заңдарын бұзуды шұғыл анықтау);

-          салық төлеушілердің моноторингі (нақты салық салынатын мөлшерді анықтау үшін салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметтерін зерттеп отыру (бақылау) жүргізу);

-          салық төлеушілер тарапынан ережелердің сақталынуын бақылап бақылау жасау (фискалдық жадысы бар бақылау; акциздік тауарлардың жеке түрлерін акциздер жинау шараларымен таңбалау; құжаттық салықтарды тексеру; кешенді, тақырыптық, қарама-қарсы, рейдтік; салық кодексінің 17 бөліміне сәйкес бақылаудың басқа түрлері).

              Мемлекеттік бақылау түрлері, оның ішінде мемлекеттік қаржы бақылауды терең зерттелініп, содан кейін ғана мемлекеттік салық экономиканың және әлеуметтік қайта құруға сәйкес шешімдер мен ережелер бекітіледі. Олардың орындалуынсыз қоғам алға қойған мақсаттарына: экономикалық өсуге, қаржы-қаражат тұрақтылығына азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге және қауіпсіздігіне қол жеткізуге болмайды.

Салықтық бақылау деп – салық заңдарын яғни Салық кодексі, заңдылық нормативтік актілерді т.б. орындалуын қадағалау.

Салық бақылауын жүзеге асыру – іс жүзінде мемлекеттің қаржылық іс әрекетіне бағытталып, ақша қорларын құюға кететін және осы мемлекеттік қаржы жүйесінің құрамына кіретін табыстарды жинау болып табылады.

Салық бақылаудың субъектісі – мемлекеттік салық қызметі, яғни тек салықтық тексеру жүргізуге құқығы бар орган – салық комитеті.

Салықтық бақылау объектісі – салық заңдылықтары бойынша заңды міндеттемелер жүктелген тұлғалар. Олар салық төлеушілер, салық агенттері, банктер, салық төлеуші туралы ақпараттары бар тұлғалар.

Салық төлеу пәні – тексерушілердің салық заңдары, Салық Кодексі, заңдылық нормативтік актілер және де ресми құжаттар бойынша атқаруға, орындауға тиіс міндеттері.

Салық бақылаушының мақсаты – салық заңдарын бұзушылық фактілерді немесе салық құқықтық қатынастарды қатысушының өз міндетін санасыз орындалғанын анықтау; айыптарды анықтау және оларды заңда бекітілген жауапкершілікке тарту; салық заңын бұзушылықты жою; қарыздарды өтеу бойынша шаралар қолдану түріндегі мемлекеттік материалдық қорғау; салық заңын бұзушылықтың алдын алу.

Салық бақылауды жүзеге асыру нысаны тікелей бақылау, сырттай бақылау болып бөлінеді. Тікелей салық бақылауына тексеру – тексеруші тұлға алғашқы құжаттарымен, салықтық есепке қатысты құжаттарды тексеруін талдау жасайтындығымен сипаттауға болады. Оның құжаттық, рейдтік, хронометражды түрлері бар. Сырттай салық бақылау – бақылау субъектісі мен объектісі тексеру жүргізу кезінде байланысқа түспей сырттай жүргізіле беретіндігімен сипатталып (камералдық) түрі.

Салықтық бақылау өткізу уақыты – алдын-ала, қазіргі және ағымдағы немесе кейінгі түрлері болады.

Салықты бақылаудың ішкі және сыртқы болып бөлінді, бақылау объектісі бір ұжымдық жүйенің бөлімдерінде немесе ведомства аралық бағытттарға байланысты.

Салықтық бақылау – салықтық тексеру немесе тапсыру мақсатындағы бақылау болады. Салықтық бақылау тексерілетін салық төлеуші туралы ақпараттарды жинау, жинаған ақпараттарды бағалау. Жинаған ақпараттар бойынша шамалау немесе мөлшерлеу кезеңдерінен тұрады. Құжаттар көздеріне қарай салықтық тексеру құжаттық жәнеіс жүзінде деп бөлінеді. Іс-жүзіндегі тексеру – объектілердің сандық және сапалық жағдайларын зерттеу лабораториялық сараптама мен әртүрлі әдістер нәтижелерін шығару.

              Салық әкімшілік теңдікті жетілдіруде «Салық аудитінің электрондық бақылауы (САЭБ)» ақпараттық жүйесін енгізу үлкен жетістік болып отыр. Бұл ақпараттық жүйе салықтық тексерулерді жүргізуді және жоспарлауды автоматтандыруға мүмкіндік береді.

              Салықтық тексеру тексеруге дайындау тексеруді жүргізу, тексеру нәтижелерін рәсімдеу, анықталынған салық заңын бұзушылықты жою үшін нұсқаманың қаулының орындалуын бақылау мерзімдерінен тұрады.

Салық кодескі бойынша салықтық тексерулер:

-          құжаттық тексеру (кешенді тексеру, тақырыптық тексеру, қарама-қарсы тексеру);

-          рейдтік тексеру (салық органының тіркеу есебіне тұруы, бақылау-кассалық аппараттарын дұрыс қолдану, лицензия және бір жолғы талон құжаттарын тексеру, акциздік тауарларды тексеру);

-          хронометражды зерттеу (салық төлеушінің нақты табысы мен оны алуға кеткен нақты шығынын білу мақсатында салық органы жүргізеді).

Салық менеджменті – салықты салуда және салықты өндіруді ұйымдастыру. Салық салуды ұйымдастыру – салық төлеушінің салық міндеттерін салық органы тарапынан заң аясында дер кезінде толық орындалуы. Салық міндеттемелері – салық төлеуші тіркеуге тұрған сәттен бастап салық кодексіндегі баптарға сәйкес салық түрлеріне қарай төлеуші болуына байланысты сол салық түрінің міндеттемелері Салықтық бақылау салық сомасын есептелінуін бақылау, есептелген салық сомасынан бюджетке өз уақытында және толық түсуін бақылауды жүргізілу шеңбері бар. Бақылау объектісіне қарай салық төлеушілер жеке тұлға мен заңды тұлға деп бөлінеді. Сонымен, салық менеджментінің құрамдас бөлігі оны өндіру мен салу кезіндегі салықтық бақылау объектісі болып табылады. Салықтық бақылаулдың ұйымдастыру барысы ғылыми негізделеді. Мысалы, салықты салуды ұйымдастыруда: есептелінетін салықты болжау мен жоспарлау, қабылдаған есептіліктегі салық сомасы және оны талдау, салық сомасының есептелінуін бақылау; салықты өндіруді ұйымдастыру: бюджетке түсетін салықтарды болжау мен жоспарлау, төленуге тиіс сомма мен оны талдау, салық соммасының бюджетке түсуін бақылау.

Салықтық бақылауды ұйымдастырудың қазіргі кезеңдегі жағдайына талдау жасау. Экономикалық және құқықтық әдебиеттерде салықтық бақылаудың мәні тек салық заңдылықтарын сақаталуындағы дұрыс есептелінуі мен төленуін бақылау деген тұжырнама кеңінен таралған. Бұл көзқарастар салық органдарының өздігінен шынайы өркениет жасамауына негізделінеді. Бақылауды ұйымдастырудың дамуы соңғы жылдары салық заңдарынан тұрақсыздығы салдарынан, салық комитеті жұмысын ұйымдастырудағы мәселелердің туындауынан,салық төлеушілердің салық жүйесіне деген теріс пиғыл әсерінен көп қиындықтарға тап болуда. Бұл салықтық бақылауды ұйымдастыру және әрекет ету барысында көрініс беруде. Бірақ соған қарамастан бүгінгі қоғамда салық түсімдерін бақылаудың мағынасы, оның экономикалық және қоғамның әлеуметтік салаларына әсері туралы салыстырмалы түрде бірқатар ойларды түйіндеп, оны әрі қарай дамыту қажет екенін көруге болады. Салықтық бақылаудың негізгі міндеті – заңды бұзған тұлғалардың жауапкершілікке тартылудан құтылып кету мүмкін еместігін түсіну. Әрине, ол үшін салықта бақылауды оны төлеушілерді түгелімен тексерілуі қамтылуы керек. Салықтық бақылаудың құқықтық қамтылу мәселелерін біздің ойымызша келесі тұрғылардан зерттеу қажет.

              Салық жүйесінің функциялануының құқықтық базасының бақылауды жүзеге асыруға және оның тиімділігіне әсер етеді.

              Салықты бақылаудың нәтижесі тек салықты төлеушілердің заңсыздығы мен қатар, салық органы қызметкерлері тарапынан жіберілетін ескерту керек. Салықтық құқық бұзушылықты талдау негізінен төменгі жағдайларда заң бұзушылықтар жиі кездеседі:

-          қосылған құн салығы салым айналуын анықтауды;

-          салық органдарына есеп бермейтін тіркеуде жоқ, шот-фактуралары мен реквизиті жоқ жеткізушілердің қосылған құн салығын есепке жатқызуда;

-          қосымша құн салығы бойынша жеңілдіктерді дұрыс қолданбау;

-          айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуде.

              Салық төлеушілердіңелеулі бөлігі өздерінің салық міндеттемелерін есептеуі және де салық органдарына шағымданудағы өтініштер жасауы қисынсыз. Себебі салық төлеушілер салықтың төлемдік мөлшерін барынша төмендетуге тырысады. Сондықтан салық алынатын объекті алдымен әрқашанда тексерілуі тиіс. Салық төлеушілер өз мүддесінің пайдасына жасау үшін әрқашанда даулы мәселелерді туғызады, немесе салық мөлшеріндегі сыбағалы сыбайластықтарға да жол берілуі мүмкін. Осыған орай салық органдарының алдында тұрған мақсаттаға қол жеткізуі қажеттілігін бағалау құқықтық құзыретін күшейтудегі әртүрлі экономикалық талдау әдістерін бақылау процестерін күшейтуге қолдана білу мен құқықтық шараларды салық мәдениетін арттырып жетілуіне талап етеді.

              Салықтық бақылаудың қамту интервалы – тексерумен қамтылған объектілер санының жалпы объектілер санына қатынасы. Сонда интервал 0,01-ден 1,0-ге дейінгі аралықты қамтиды. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті мәліметтері бойынша салық төлеушілердің тексерумен қамтылғандарының санының жалпы салық төлеушілер санына қатынасына тоқталатын болсақ тексерумен қамту санының коэффициенті:

-          2000 жылы 0,083;

-          2001 жылы 0,142;

-          2002 жылы 0,088;

-          2003 жылы 0,095;

-          2004 жылы 0,099;

-          2005 жылы0,087 болатындығын көреміз.

Салықтық бақылау интервалы 1,0-ге жеткенде, бақылаумен барлық салық төлеушілер қамтылды деген сөз, бірақ ондай көрсеткішке қол жеткізу мүмкін болмай отыр.

              Автордың ұсынысы бойынша салықтарды өндіруді бақылау коэффициентін (К) есептеуге келесі формуланы ұсынады;

                            K=Z/V

Мұндағы:

                            Z – қосымша есептелген салық сомасы

                            V – жалпы салық түсімдері.

Мысалыға келесі кесте мәліметтерін қараңыз:

1 кесте - ҚР ҚМ Салық комитетінің 2000-2004 жылдардағы бақылау коэффициенті*

 

Рет саны

Кезеңдер

Қосымша есептелген салық сомасы - Z

Жалпы салық түсімдері - V

Бақылау коэффициенті - K

1

2

3

4

5

1

2000 жыл

22,3

587,0

0,038

2

2001 жыл

29,4

733,9

0,040

3

2002 жыл

40,0

808,0

0,050

4

2003 жыл

59,4

1004,6

0,059

5

2004 жыл

68,3

1103,5

0,062

Ескерту - кестедегі 5-бағанды ҚР СК мәліметтерін пайдалана отырып автор               есептеген.

Информация о работе Экономика ғылымдары кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның