Экономика ғылымдары кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 20:43, автореферат

Описание

Бүгінгі күннің ең негізгі талабы "Көлеңкелі экономика мен сыбайластық жемқорлықпен" күрес жүргізу барысындағы қоғамдық даму заңдылықтарын орындау. Ол үшін әрқашанда бақылау жүйесіндегі тексеру, талдау әдістерін кеңінен қолдана біліп оны тек құқықтық негізде жүргізе білу қажеттілігі туындап отыр.
Экономиканың дамуындағы жалпы ішкі өнім үлесіндегі қосымша құн өскен сайын бюджет көздері толықтанып, халықтық әлеуметтік және рухани шығындарын қанағаттандыра түсіру үшін нарықтық қатынастардың құқықтығы күшейе түсуіндегі барлық бағыттарды бақылау жүргізу әділеттіліктің негізгі даму бағыты. Сайып келгенде, зерттелінген мәселенің ғылыми және іс-тәжірибелік маңызы зор бастамалардың бірі екенін айта аламыз.

Работа состоит из  1 файл

shirinbekova_s.doc

— 226.00 Кб (Скачать документ)

 

Салықтық бақылаудың тиімділігін арттыруды жетілдіру жолдары.

              Қазіргі жағдайдағы салықтық бақылауға жетілдірудің қажеттігі тәжірибе көрсеткендегі төменгі шарттарда байқалады.

-         салықтық бақылау субъектісінің ұйымдастырушылық, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жеткілікті дәрежеде еместігінен;

-         салықтық бақылау субъектісі мен салық төлеуші арасындағы қарым-қатынастарда кездесетін қиындықтарды, салық төлеушілердің салық жүйесіне деген онша жақсы емес көзқарастарынан және де салық төлеуден жалтарушылардың негізінен;

-              салықтық бақылау органының қаржылай жеткіліксіз қамтылуынан, яғни салық жинауға байланысты мемлекет шығынын үнемдеу тек экономикалық емес, саяси фактор да болып отыр.

Салықты бақылаудың тиімділігі олардың заңды бұзушылықтарды болдырмауына және салық қарыздықтарын болдырмау мен салық салу объектілерін көбейту арқылы бюджет тапшылығын жою. Мысалыға келесі мәліметтерді ұсынуға болады:

 

2-кесте - Оңтүстік Қазақстан облысында салық комитеті мен облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша аудандардағы шаруа қожалықтары санының салыстырмалы кестесі (01.04.2004 жылға).

 

Аудандық, қалалық салық комитеттері

Салық комитетінің мәліметі бойынша шаруа қожалық саны

Облыстық статистика басқармасының мәліметі бойынша

Айырмасы

(-кем, +артық)

1

Бәйдібек

1287

1102

185

2

Ордабасы

3700

4094

-394

3

Отырар

1840

2400

-560

4

Қазығұрт

2068

2931

-863

5

Мақтаарал

15920

19105

-3185

6

Сайрам

5198

5235

-37

7

Сарыағаш

5832

7634

-1802

8

Созақ

443

610

-167

9

Толеби

2235

2545

-310

10

Түлкібас

3138

3394

-256

11

Шардара

4498

4374

124

12

Арыс қаласы

748

181

567

13

Кентау қаласы

183

7045

-6862

14

Түркістан

5033

1031

4002

15

Шымкент

28

43

-15

 

Барлығы

52151

61724

-9573

 

              Салықтық бақылаудың ақпараттық технологияларын жетілдіруде төмендегідей мәселелерді шешуді мақсат етіп қою керек:

-          әр маманды біліктілігінт арттыру үшін курс семинарлар міндетті түрде өткізіп отыру;

-          компьютерлік бағдарламамен қатар салық заңдарына өзгерістер енуден салық инспекторы мен оны төлеушілердің ара қатынастарын жетілдіру.

              Салықта бақылауды жетілдірудің ең негізгі міндеті оның базасы мен саласын кеңейту. Салық салу базасы – дегеніміз – Салық кодексі бойынша мемлекеттік орган оның дұрыс есептелінуімен қатар салық салынбай жүрген объектілерді есепке алу. Мысалыға бақылау жұмыстары нәтижесінде қосымша есептелген оның өсу қарқыны келесі мәліметті білдіреді (мың теңге);

                                                                      2002 ж                            2003 ж

Мақтарала ауданы                            27478,0                            65153,8                            237,2%

Сайрам ауданы                                          22183,5                            31422,6                            141,6%

Түркістан қаласы                                          19281,1                            29054,6                            150,6%

Шымкент қаласы                                          496964,1                            607407,0                            122,2%

Қазығұрт ауданы                                          4953,5                            16863,8                            340,4%

ОҚО бойынша                                          727150,4                            842259,2                            165,8%

 

              Біздің ұйғаруымыз бойынша салық органы жұмысының тиімділігінң кешендік бағалау мақсатында толық дәрежесін сипаттайтын жалпылама көрсеткіш қажет. Оны салық төлеушілердің өздері есептеген деклорациялардағы нақты салық сомасы мен аймақтағы салық салу базасына есептелуге тиіс сомалармен салыстыру арқылы алуға болады. Нақты есептелген және есептелуге тиіс салық сомасының қатынасы – салықтың есептелуінің толық коэффициенті болып табылады. Бұл көрсеткіш жалпылаушы болып табылады да салық комитетінің жұмыс кешенінің ұйымдастырылуын қамтиды, салық төлеушілермен өзара қарым-қатынастардың дәрежесін есепке алады. Коэффициенттің толықболуы салық комитеті жағдайын зерттеу үшін негіз болуы мүмкін. Бұл көрсеткіш кәсіпорындардың төлеу қабілетіне және қарыз деңгейіне, т.б. экономикалықкөрсеткіштерге байланысты емес. Бұл көрсеткіштің енгізілуі бағалаушы ретіндеөте маңызды мәселелерді: салық салу базасының нақты есебінің әдісін анықтап шешуді қажет етеді.

              Бағалық көрсеткіштерді екітүрге бөлуге болады:

-          салық органының жұмысын кешендік санаттаушы;

-          салық органы жұмысының әрбір жеке жақтарын  сандық және сапалық тұрғыдан жағдайын көрсетуші.

Корпоративтік  құрылымдар  қызметі  мен  салықты  төлеу  тәртібін  бұзуда салықтық  бақылауды  жетілдіру.  Есептелген  салықтар  мен  басқа  міндетті  төлемдер  жасалуының  толықтығы  және  уақтылылығы  бақылау  тікелей  кәсіпорындарда  тексерулер  барысында  да,  салық  органдарына  түскен  банктердің  құжаттары  (салықтардың  төленуін  дәлелдейтін  төлем  тапсырмаларының,  көшірмелері  регистрлерінің  және  т.б.) негізінде  де  жасалады. 

              Кәсіпорындардағы  тексерулер,  әдеттегінше,  өте  тиімді  болады,  салық  төлеушілердің  бухгалтерлік  есепті  ұйымдастырумен  төлем  тәртібі  деңгейінің  жоғарылауына  мүмкіндік  туғызады. Сонымен  бірге  салық  төлеушілер  сипатында  есепке  тіркелген  кәсіпорындардың  елеулі  санын  салық  органдары  қызметкерлерінің  біршама  азғандай  аппараты  бір  мезгілде  тексеруге  шамасы  келмейтіндіктен  мұндай  бақылау  тегіс  қамти  алатын  бола  алмайды.

              Мұндай  жағдайларда  кәсіпорындардың  үстінен  тегіс  қамти  алатын  бақылауға  салық  органдарында  әрбір  салық  төлеуші  бойынша  және  салықтар  мен  басқа  міндетті  төлемдерден  әрбір  түрі  бойынша  есептеулер  тағы  түсімдердің  шұғыл-бухгалтерлік  есебін  жүргізу  арқылы  жетеді.

              Салықтың  бақылау  кезіндегі  басқа  маңызды  мәселе  монополистік  бағыттағы  корпоративтік  құрылымдардың  қызметін  реттеу  болып  табылады.  Мысалы,  қазіргі  уақытта  жанар-жағар  материалдарды өндіру  бойынша  шет  елдік  капиталдың  қатысуымен  жұмыс  істейтін  Қазақстандық  кәсіпорындар  мен  компаниялар  реттелінбей  қалды  дерлік.  Атап  айтқанда,  егіс  және  астық  жинау  уақытында  Шымкент  қаласында  жайғасқан  «Қазақстан  Петролиум»  компаниясында  мұнай  өнімдеріне  бағалар  шұғыл  асып  кетеді.  Мысалы,  2005 жылдың  тамыз-қазан  айлары  ішінде  Ай-80  бензинінің  бағасы  екі  есеге,  Дизел  отынына  баға  1,8  есеге  асып  кетті.  Бұл  Қазақстанда  салықтың  заңдылықта  ішкі  нарықта  мұнай  өңдеуші  зауыттың  өнімін  жеткізіп  беру  бойынша  реттеуші  құралдардың  жоқ  екенін  және  бұл  өнімді  пайдаланушылардың  жыл  сайынғы  шығындары  орта  есеппен  алғанда  40-50%-ға  өседі,  нәтижеде  өнім  өндірушілер  залал  шегеді. Сонымен қатар, салық заңдылығына сәйкес жанар – жағармай сатушылар компанияның бас мекемесі орналасқан жеріне барлық басқа жерлерде орналасқан жанар – жағармай бекеттері бойынша акциздік декларациясын тапсыркға және төлеуге құқықтары бар. Ал салық органы тарапынан хронометраждық зерттеулер мен тағы да басқа қадағалау шараларын жанар – жағармай бекеті орналасқан жері бойынша жасау ыңғайлы. Декларация тапсырған салық комитетіне басқа аудандардағы бекеттерді бақылау уақыт жағынан тиімсіз, әрі қиын, соның салдарынан қадағалаусыз қалуы мүмкін. Сондықтан салық заңдылығына акциз бойынша декларацияны жанар – жағармай бекеттерінің орналасақан жеріндегі салық комитетіне тапсыруын міндетті етіп өзгеріс енгізу қажет.

              Салықтардың  бір  қатар  маңызды  қайта  өзгертулерді  талап  етеді.  Мұндай  салықтарға  жылжымайтын  мүлікке  салынатын  салық.  Жылжымайтын  мүлікке  салынатын  салық  әрекетінің  механизімін  өңдеу  жер  кадастірінің  жылжымайтын  мүліктің  кадастірінің ,  меншік  иелері  реестрінің ,  жылжымайтын  мүлікті  басқарудың  автоматтандырылған  жүйесінің,  жерді  бағалау  мәселелері  бойынша  заңгерлік  кеңес  беру  жүйесінің  міндетті  түрде  құруын  болжамайды.  Келешекте  үш  салықты  (жерге,  кәсіпорындардың  мүлкіне  және  жеке  тұлғалардың  мүлкіне)  төлеудің  орнына  заңды  тұлғалардың  да,  жеке  тұлғалардың  да  жылжымайтын  мүлкіне  бірыңғай  салық  енгізуді  қарастырған  жөн  болар  еді.  Жылжымайтын  мүлікке  салынатын  мұндай  салықты  енгізудің  мақсаты – мүлік  пен  жердің  құрастырушы  негізінің  тиімдірек  салық  салу  есебінен  жергілікті  бюджеттердің  салықтық  табыстарының  көбеюі.

              Салық  саясатының  негізгі  бағыттарын  анықтау  кезінде  өндіріс  пен  оның  сапалық  көрсеткіштерінің  өсуін  ынталандырудың  ерекше  маңыздылығына  сүйену  керек. Төлемдер проблемасы - бұл салықтарды есептеу мен оларды өз уақытында төлеу жөнінде бақылауды қиындататын, жетілген заңдылық негізінің жоқтығынан жеке тұлғалардың табыстарына және мүлікке салынатын салықтарды төлету кезінде де кездесіп отырады. Осындай қиындықтарды шешу мақсатындағы мемлекеттің оңтайлы қадамдарының бірі ретінде осы 2006 жылғы 5 шілдеде шыққан «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын айтуға болады.  Мүліктерді заңдастыру туралы Заң бір жағынан халыққа мүлігін заңдастыру барысында көптеген есіктерге жүгіріп, көптеген кезектерге тұру, құжаттарды жинақтау сияқты қиындықтарсыз мүліктерін заңдастыруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан мемлекет үшін салық салу базасын ашуға мүмкіндік береді. Яғни, өз мүлкін заңдастырған әрбір тұлға жергілікті салық комитетіне мүлігін тіркеуге қояды. Мүлікті заңдастыру үшін оның құнының 10 пайызы көлемінде алым төленетіндігімен қатар, заңдастырылған сәттен бастап салық бақылауына ілігетінін, келесі есептік кезеңнен бастап аталмыш мүлікке салық төленетінін ескерсек мемлекеттің ұтымды шешім қабылдағаны анық байқалады. Және бір айта кететін жай, егер заңдастырылатын мүлік – тұрғын үй болып, оған 2006 жылдың бірінші қаңтарына дейін мүлік салығы төленген болса, ол 10 пайыздық алымнан босатылады.  Салық бақылауын жетілдіру барысында базаны кеңейту мүмкіндігіне бұл жеңілдіктің оң әсер береді деп күтілуде.

              Салық органдарында атаулы Заңға сәйкес жылжымалы мүліктер және көліктерді жария ету жүзеге асырылады.

 

              3-кесте – Мүліктерді заңдастыру нәтижесінде келесі жылынан бастап түсуі мүмкін салық сомасы *

 

ОҚО Мақтаарал аудандық салық комитетінде

Алымнан босатылмайтын ауыл шаруашылық техникасы

Үкіметтің №1519 Қаулысына сәйкес алымнан босатылатын ауыл шаруашылық техникасы

Көліктер

Жалпы саны

10806

98

10245

463

Күтілетін салық сомасы

34490,3

 

321,0

33562,6

606,7

 

Ескерту күтілетін салық сомасы 2007 жылдың 1 науырызына алынған мәлімет бойынша ең төменгі салық сомасы мөлшерінде автор есептеген (мың теңгемен).

Информация о работе Экономика ғылымдары кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның