Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 20:43, автореферат
Бүгінгі күннің ең негізгі талабы "Көлеңкелі экономика мен сыбайластық жемқорлықпен" күрес жүргізу барысындағы қоғамдық даму заңдылықтарын орындау. Ол үшін әрқашанда бақылау жүйесіндегі тексеру, талдау әдістерін кеңінен қолдана біліп оны тек құқықтық негізде жүргізе білу қажеттілігі туындап отыр.
Экономиканың дамуындағы жалпы ішкі өнім үлесіндегі қосымша құн өскен сайын бюджет көздері толықтанып, халықтық әлеуметтік және рухани шығындарын қанағаттандыра түсіру үшін нарықтық қатынастардың құқықтығы күшейе түсуіндегі барлық бағыттарды бақылау жүргізу әділеттіліктің негізгі даму бағыты. Сайып келгенде, зерттелінген мәселенің ғылыми және іс-тәжірибелік маңызы зор бастамалардың бірі екенін айта аламыз.
- қазіргі кездегі ҚР салық қызметінің жұмысын бағалаудың жетілдірілген нысаны жоқ, қолданылып жатқан жүйе негізінен көлемдік (сандық) көрсеткіштермен базаланған.
Зерттеу нәтижелерін негізге ала отырып, автор салықтық бақылаудың тиімділігін арттырудың негізгі мүмкін болған бірнеше бағыттарын бөліп көрсетті: біріншіден, салық жүйесінің құқықтық негіздерін және салық әкімшілігін жетілдіру; екіншіден, салықтық бақылау субъектісінің ұйымдастырушылық құрылымын оңтайландыру, ақпараттандыруды, салық органдарының басқа сыртқы ұйымдар мен мекемелермен өзара қарым-қатынасы бойынша жұмыстардың нысандары мен әдістерін жетілдіру; үшіншіден, салық органдарының материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етілуі; салық төлеушілермен жұмыс істеуді дамыту.
Салықтық бақылаудың тиімділігін арттыру, автордың көзқарасы бойынша, келесі мәселерді шешуге мүмкіндік береді:
1) Салықтық бақылаудың құқықтық негіздерін дамытудағы жаңа заңнамалар мен нормативтік актілердің жобасын салық төлеушілермен тікелей жұмыс істейтін төменгі сатыдағы салық комитеттері тәжірибеде кездесетін проблемеларды ескере отырып ұсынуы керек, көптеген жобаларды қатар ала отырып, тәуелсіз комиссия құрылып керек жобаны таңдаулары қажет. Заңның немесе нормативтік актінің шығуынан кейін барынша тез арада салықтық бақылауды жүзеге асыру бойынша әдістемелік материалдарды жасап шығару қажет.
ҚР мемлекеттік салық қызметі жобалардың сынағы өткізілетін базалық салық комитетін сәйкес комитеттермен және ҚР Үкіметі комиссиясымен т.б. жалпы жиналыста келісілуі керек.
2) Мемлекеттік салық қызметінің тәуелсіздік, бірлік және орталықтандыру қағидаларының жүзеге асырылуы, салықтық бақылау процесінің нормалық инфрақұрылымының жасалуы жағдайында ғана мүмкін: салық комитеттерін орналастыру, материалдық-техникалық қатамасыз ету, қаржыландыру, т.б. Ақпараттық, техникалық және материалдық қамтамасыз етілуі сияқты мәселелері жұмыс тиімділігін арттыруға әсер етуші факторлардың бірі.
1) Қазіргі уақытта ҚР салық қызметі жүйесінде салық органының жұмысын перспективалық және ортамерзімдік жоспарлау бойынша шектеу жоқ. Мемлекеттік салық қызметіне әр жыл сайын елімізде жүріп жатқан процестерге, салықтан жалтару сипаттамаларына, олардың орнына, сонымен бірге салық төлеушілердің жүріс бағыттарының үрдісіне терең талдау жасау негізінде салықтық бақылауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар мен бағыт-бағдарлар жасау керек.
2) Салықтан жаппай жалтару салық органы жұмысының объективті және субъективті себептерден жетілмеуін, ел көлемі мен басқа да жағдайлар салық органдарымен, басқа да көптеген сыртқы органдармен, бірінші кезекте, ақпарат алмасу мәселесі бойынша өзара қарым-қатынастың қажеттілігін көрсетті. Сондықтан да, салық органының басқа үкімет органдарымен, құқық қорғау органдарымен, басқару және банктік органдармен жүйелер аралық ақпарат алмасуының тәртібі мен нысанын заңның арнайы баптарымен бекіту керек.
3) Салық қызметін бағалаудың критериларын сапалық сипатта негіз беріп қайта бағалау керек. Салық органы жұмысының тиімділігін кешендік бағалау үшін салықтардың есептелуінің толықтық дәрежесін көрсететін жалпылама көрсеткіш қолданылуы керек. Ол салық төлеуші өзі есептеген есептеулер мен декларациялардағы салық сомалары салық салу базасының негізінде есептелуі керек сомаларды салыстыру жолымен анықталады. Нақты есептелген және есептелуге тиіс салық сомаларының қатынасы – аймақтағы салықтың есептелу коэффициентін береді.
Қорыта келгенде, Республикамыздағы салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіріп дамыту арқылы, бүгінде ең өзекті мәселе, жалпы салық жүйесінің жақсаруына, сол арқылы еліміздің экономикасына, әлеуметтік жағдайына оң әсерін тигізетін шараларды кеңінен қарастыру керек. Атап айтқанда:
1. Салықтық бақылаудың қатаң әділ болуын, оның тұрақтылығын, тек фискалдық сипатта емес, тартымдылық сипаты басым болуын ойластыру;
2. Салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындау барысындағы қателіктерінің себебін ашып, салық органдарының қызметіне қиындық туғызатын мәселелерді шешу;
3. Алдын-ала бақылау түрін дамытып, салықтық құқық бұзушылықтардың болуына жол бермеу немесе алдын алуға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру;
4. Бір мекеменің қайта-қайта тексеріліп, екіншісін елеусіз қалдыруды болдырмау;
5. Салықтық бақылауды реттеуші заңдылықтарға енгізілетін өзгерістер жобасын ең төменгі сатыдағы салық органы қызметкерлерінің жоғарыға берген ұсыныстары негізінде жасау;
6. Салықтық бақылауды жүргізуші мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөлу, атап айтар болсақ, жоғарғы оқу орнын бітірген жас мамандарға міндетті түрде кем дегенде 2 жыл стажировкадан (өтілдеме) өткеннен соң ғана жұмысқа алынуы;
7. Қаржы Министірлігі жанынан оқу орындарының оқытушы-ғылыми қызметкерлері мен салық инспекторларынан біріккен ғылыми-тәжірибелік кеңес құру, сол арқылы арнайы орта және жоғарғы оқу орындарындағы болашақ мамандарға тікелей осы заманғы салық маманы болып шығатындай етіп жағдай жасау;
8. Тексеру кезеңдерін қайта қарап, салық бақылауының заңнамасына өзгеріс енгізу керек.
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТІЗІМІ
1 Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша телекоммуникация сферасындағы салық саясатының негізгі алғышарттары мен бағыттары.// “Аймақтық экономиканы басқару және мамандарды дайындау: ХХІ ғасырға көзқарас” Халықаралық ғылыми – практикалық конференция материалдары. Шымкент, 2003 ж., Б. 210-215.
2 Оңтүстік Қазақстан облысының телебайланыс саласындағы кәсіпорындарға салық салуды одан әрі меңгеру мәселелерінің жағдайы.// “Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы аймақтық экономиканың өзекті мәселелері” Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШФ “ Эконмика және құқық” факультеті профессор-оқытушылар құрамының Ғылыми еңбектері. Шымкент, 2003 ж., Б.287-291.
3 Салықтық бақылаудың заңдық және нормативтік негіздері.// Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті Ізденістер, нәтижелер, Алматы қ-сы, “Агроуниверситет”баспасы, 2004 ж.-№3, Б.161-165.
4 Салықтық бақылауды ұйымдастырудың экономикалық маңызы, объективтік қажеттілігі.// ҚазҰУ Хабаршысы, Экономика сериясы, Алматы қ-сы, “Қазақ университеті” баспасы, 2004 ж.-№5(45), Б.66-68.
5 Салық бақылауын ұйымдастырудың қажеттілігі мен негізгі принциптері.// ҚазЭУ Хабаршысы, Алматы қ-сы, “Экономика” баспасы, 2004 ж.-№4(39), Б.144-147.
6 Салық комитетінің жұмысының ұйымдастырылуын және салықтық бақылауды жетілдіру.// “Қазақстанның БСҰ-ға кіруі: жүйелік жағдайларын талдау, оң бағыты, теріс салдары” Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Алматы, 2004 ж., Б.290-296.
7 Мемлекеттік салық қызметінің ақпараттануы және олардың іс-әрекетінің бағалық көрсеткіші, оларды дамытудың қажеттілігі.// ҚазГЗУ-дың 10 жылдығына арналған “Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқықтық мәселелері” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары. Шымкент, 2004 ж., Б.160-162.
8 Салықтар теориясындағы салық ауыртпалығы туралы мәселенің зерттелу тарихы,// “Парасатты кеден саясаты – мемлекеттің экономикалық дамуының қуаты” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция еңбектері. Шымкент, 2005 ж., Б.352-353.
9 Заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін төлемдерін салық органының бақылауы.// “Қазақстан Республикасындағы білім концепциясын жүзеге асырудың қазіргі кезеңдегі жағдайы” атты халықаралық конференцияның еңбектері. Шымкент, 2005 ж., Б.11-13.
10 Заңды тұлғаларды салықтық бақылауда ұйымдастыруды жетілдіру тәсілдері.// “Аймақтық экономиканы басқару: поблемалары мен шешімдері” ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Тараз, 2005 ж., Б.155-157.
11 Салық бақылауының қажеттілігі мен салық инспекторының ролі. .// ҚазЭУ Хабаршысы, Алматы қ-сы, “Экономика” баспасы, 2005 ж.-№2(44), Б.96-98.
РЕЗЮМЕ
Сауле Абдашимовна Ширинбекова
Пути повышения эффективности организации налогового контроля
08.00.10 - Финансы, денежный оборот и кредит
Актуальность диссертационного исследования. Одним из направлений осуществления требований развития общества на сегодняшний день выступает борьба с “Теневой экономикой и коррупцией”. Для этого в системе контроля всегда нужно широко использовать методы проверки и анализа, разумеется, нужно их вести только на законных основаниях. Только в этом случае мы можем стать Конституционным государством с правовым, демократическим обществом.
В развитии экономики при увеличении прибавочной стоимости внутренного роста продукции ресурсы бюджета растут, в этом случае для удовлетворения социальных и духовных затрат населения, нужно усилить контроль за закономерным развитием всех направлений рыночной экономики. Таким образом, можно сказать, что исследование данной проблемы является важным научно обоснованным и практически значимым начинанием.
Объект исследования. Показать пути повышения эффективности организации правовой деятельности контроля, опираясь на правовые основы о налоговых отношениях и налоговом контроле в Республике Казахстан.
В связи с этим, объектом исследования становится правовая база организации налогового контроля и его осуществления по области Южного Казахстана и Республики Казахстан.
Цель и задачи исследователькой работы. Целью диссертационной работы является определение теоретических и методических положений организации налогового контроля и исследование литературных источников для раскрытия содержания, цели и принципов налогового контроля как экономической категории и, учитывая сведения и факты, законодательства, дать теоретическую классификацию его деятельности, дать методические и практические рекомендации по повышению путей эффективности организации налогового контроля.
Научная новизна. Опираясь на некоторые теоретические точки зрения и практические анализы, впервые предлагаем рекомендации по повышению эффективности деятельности, правовых основ, полномочий налогового контроля как экономической категории.
Анализируя проведенные исследования, нами получены следующие результаты:
- в целях повышения в организациях налогового комитета эффективности налогового контроля по соблюдению налоговых законов, указать возможности и направления использования новых технологий и методов, в том числе внедрение коэффициента показателя на основе планирования и выполнения налогового контроля;
- в направлении организации работы в виде “ в тесном контакте” между сотрудниками налогового комитета и налогоплательщиками: научно обосновано широкое распространение информаций, обучение, консультирование;
- в налоговых органах, других учреждениях для обмена информациями внутрисистемы в рамках единого информационного пространства с другими налоговыми комитетами, усилить полномочия налоговых органов в правовых отношениях в управлении информационной системой налогооблажения;
- для комплексной оценки эффективности работы налогового органа налогоплательщиками при условии “самостоятельной и иных систем расчетов” создать его базу, классифицируя возможности использования ценных показателей работы налоговых комитетов;
- рассматривать налогово- контрольные отношения в системе управления как функциональный элемент налогового механизма.
Основные положения, выносимые на защиту:
- создать теоретическую базу исследуемой проблемы «Теория налогового контроля»;
- при ведении налогового контроля, используя методологию анализа его состояния, усилить дифференцированный отбор;
- внедрение показателей налогового контроля: промежуточный коэффициент контроля, управление задолженностями и долгами;
- усиление правовых полномочий налоговых комитетов при ведении деятельности контроля;
- внести отчетность развития и повышения эффективности налоговых отношений и внести стандарт отчетности.
Апробация работы и публикации. Результаты диссертационного исследования внедряются в налоговом комитете Южно-Казахстанской области и в АО «Ак алтын».
Основные положения и рекомендации диссертационной работы были апробированы на Международных и Республиканских научно-практических и теоретических конференциях. Основные положения диссертационной работы апробированы в виде опубликованных 11-ти научных статей, которые составляют 3,2 п.л.
SUMMARY
Shyrynbekova Saule Abdiashimovna
The ways of increasing the efficiency of tax control activity
specialization 08.00.10 – Finances, money turnover and credit
The importance of the topic of the research
One of the demand line of the society is fight against shadow economy and corruption. For that some lawful control and review methods should be used in the control system. Only this reason helps us to become a constitutional state with juridical and democratic society.