Экономика ғылымдары кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 20:43, автореферат

Описание

Бүгінгі күннің ең негізгі талабы "Көлеңкелі экономика мен сыбайластық жемқорлықпен" күрес жүргізу барысындағы қоғамдық даму заңдылықтарын орындау. Ол үшін әрқашанда бақылау жүйесіндегі тексеру, талдау әдістерін кеңінен қолдана біліп оны тек құқықтық негізде жүргізе білу қажеттілігі туындап отыр.
Экономиканың дамуындағы жалпы ішкі өнім үлесіндегі қосымша құн өскен сайын бюджет көздері толықтанып, халықтық әлеуметтік және рухани шығындарын қанағаттандыра түсіру үшін нарықтық қатынастардың құқықтығы күшейе түсуіндегі барлық бағыттарды бақылау жүргізу әділеттіліктің негізгі даму бағыты. Сайып келгенде, зерттелінген мәселенің ғылыми және іс-тәжірибелік маңызы зор бастамалардың бірі екенін айта аламыз.

Работа состоит из  1 файл

shirinbekova_s.doc

— 226.00 Кб (Скачать документ)

             

Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай  мемлекет бюджетіне келесі жылдан бастап тек көлік және тағы басқа жылжымалы мүліктерден кем дегенде 34490,3 мың теңге түсуі мүмкін. Бұл бір ғана ауданның 1 науырызға дейінгі мәліметі, ал жария ету мерзімі аяқталуына дейін Республикамыздағы барлық салық комитеттерінде қаншама жылжымалы мүліктер тіркеліп, салық салу базасы ұлғайатындығы сөзсіз.

Әлеуметтік  салықтың  маңызын   аша  отырып,  оның  есептелу  және  төленумен  айналысатын  қызметкерлерге  салық  салу  мен  төлемдердің    уақтылылығы  объектілеріне   ерекше  назар  аударулары  керектігін  ажыратуға  болады.  Дәл  осы  жағдайлар  тексеруші  органдар  жағынан  сол  немесе  басқа  санкциялардан  құтылуға  мүмкіндік  береді.

              Әлеуметтік  салық  туралы  сөз  айта  отырып,  оны  есептеу  мен  бюджетке  аудару  кезіндегі  ең  типтік  бұзулар  туралы  таңдағымыз  келеді  және  салықтың  осы  түрін  төлеумен  байланысты  бұзулар  бойынша   салықтық  бақылау  объектілер  түрінде  оларды  ұсынамыз.  (№3  сурет).

             

 

 

Бұзулар түрлері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Заңның бұзылуымен декларацияны тапсыру бойынша

 

 

Жәрдемақылар және басқа жарналар бойынша

 

 

Орнын толтырулар, материалдық жәрдемдер мен кәсіпорынның шығындары бойынша

 

 

Қызметкерлердің жанама табыстары бойынша

 

 

Жеке кәсіпкерлер бойынша

 

 

Шетелдік қызметкерлер бойынша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыстан босар кезде алатын жәрдемақыны дұрыс есептеу

 

Екі қабаттық пен босану бойынша жәрдем ақыларды дұрыс есептемеу

 

Шығу байланысты жәрдемақыларды төлеу кезінде

 

Жинақтаушы зейнетақы қорына жарналар есептеу кезінде

 

Пайдаланылмаған еңбек демалыс және т.б. үшін орнын толтыруды есептеу

 

Қызметкерлерге көрсетілетін материалдық жәрдем

 

Кадрларды оқыту бойынша кәсіпорынның шығындары

 

Қызметкерлердің балаларын оқытудың ақысын төлеу

 

Жеке мақсаттармен шетелдерге сапарлар және т.б.

 

Есептеудің негізсіз тәртібі

 

Салық салынатын мөлшерді дұрыс анықтамау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақылы медициналық жәрдем көрсету үшін

 

 

Бала туылған кезде

 

 

жерлеуге

 

 

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты

 

 

Жолдамалардың ақысын төлеу

 

 

Қызметкерлерді тамақтандыру

 

1-сурет -  Әлеуметтік  салықтың  төлеуімен  байланысты  бойынша  салықтың  бақылаудың  ұсынылатын  объектілері

 

1 суреттегі көрсетілген талдау. Тек қана әлеуметтік салықтың төленуімен байланысты салықтың бұл түрін есептеу кезінде бұзулар бойынша салықтық бақылаудың ең кемі 6 ірі және 17 кішірек обьектілері бар тәртіп бұзуларды айқындау салық инспекторының біліктілік деңгейіне байланысты  және сонымен қатар ол әрбір тәртіп бұзуға заңдылықпен сәйкес құжат дайындауы тиіс.

Шығыстарға салық енгізудің барлық әрекеттері техникалық себептермен (шығыстарды салық салынатын жеке баспен үйлестірудің мүмкін еместігі) табыспен аяқталмады. Сондықтан келесі бапта сатып алу процессі немесе кәсіпкерлік айналымы көрсетіледі. Сонымен тағыда тұтынудың салық салынуын кең мағынада (қосымша құнға салынатын салық, мүлікке салынатын салық үлгіде – кәсіпкерлік қызметтің материалдық негізін кәсіпкердің меншігінде болатын мүлік құрайды) және біржақты мағынада -  арнаулы тұтынушылық салықтар  (акциздер үлгісінде).

Біздің ойымызша, Қазақстанның жағдайында біздің салықтық заңдылығымызда кәсіпкерлік салық салудың дербес элементі ретінде қаралмағандықтан екінші көзқарас әбден қолайлы болады. Бұл туралы келесі фактілер дәлелдейді. Біріншіден, кәсіпкерлік қызметке салық салу салықтардың алуан түрлерін межелеу үшін қызмет ететін элементтердің көбісін өзіне енгізетін бірыңғай салықтық жүйенің шегінде жасалады. Салық салудың кәсіпкерлік қызметпен байланысты да, байланысты емес те элементтерін межелеу үшін анық көрсеткіш болмайды. Екіншіден, кәсіпкерлік қызметке салық салу үлгісі біздің елімізде азаматтық және салықтық құқықтаңы құқықтық тәртіпке сүйенетіндіктен кәсіпкерлердің азаматтық құқық қабілеттілігіне байланысты.

              Бұл мәселеде олардың қозғалысының айқындығы мен салықтың , түсімдердің тиісті бюджеттерге келуін қамтамасыз ете отырып,салықтың бақылау үшін және салық төлеушілер үшін де жанама салықтардың алуан түрлілігінің  толықтай түсіндіре келіп дайындалған нұсқауларға саралық  енгізу қажет. Жанама салықтарды жетілдіру негізінде басты көрсеткіш олардың есептері, бухгалтерлік есебі мен бюджетке төлеуі бойынша барлық ережелерді анық түсіндіру есебімен оларды төлету үшін обьективті негіздің бар болуы тиіс.

              Салықтын бақылауда ұйымдастыру кезінде ҚР-ң нормативті құжаттары мен заңдарыиен мөлшерленген акциздердің есебін реттеудің тәртібі дұрыс ақпарат алуға мақсатталған. Сонымен, акциздер сомаларының есебін ұйымдастыру салық декларациасын жазу үшін де қажет. Тиісті түрде дайындалған құжаттар негізінде (шоттар, шот-факторлар, жүк құжаттар, кіріс кассалық ордерлер, аяқталған жұмыстарды қабылдау актілер және т.б.) акциздердің сомасы жеке жолға бөлінуі, ал сонан соң бухгалтерлік есептің регистрлерінде бейнеленуі тиіс. Журнал-ордерлер, ведомостар, машинограмалар және  т.б. негіз акциздерге қатысы бар материялдық құндылықтарды дайындау, өнім (жұмыстар, қызметтер) мен басқа активтерді өткізу бойынша мәліметтер болуы тиіс. Есепті осы тұрғыдан жүргізу қажет: а) сатып алынған акцизді тауарлар бойынша; б) өткізілген акцизді тауарлар бойынша.

              Қазақстан Республикасының салықтық заңдылығына негізделіп тиісті міндеттемелерді орындау кезінде салықтың бақылауды жетілдіру мақсатында жеке салықтар бойынша бірнеше мысалдар келтірдік. Алайда, жалпы айтқанда, салықтың жүйесі және оның ішінде салықтың бақылау тек қана реттеуші міндетті істі атқару емес, салық салудың басты тағайындалуының –еліміздегі кәсіпкерліктің дамуын ынтыландырушы міндетті істі де атқаруы тиіс.

              Салықтар үшін кәсіпкерлікті ынталандыратын сипатының күшейтілуі, тауар өндірішілерді мадақтау, аймақтың экономикалық саясатты жүргізу мен салық  заңдылығындағы қарама - қайшылықтарды жою негізгі мақсаты болып қала береді. Салықтық саясаттағы аса маңызды бағыт салық заңдылығын тұрақтандыру болып табылады.  Оған әрбір екі-үш айда өзгерістер енгізуге болмайды.  Жағдайды талдау, өзгерістер мен қосымшаларды жинақтау, оларды бюджетпен қоса қарауға қою қажет. Бірақ ешбір жағдайда өзгерістер мен қосымшаларды, бұрын бірталай рет  орын алғандай, өткен күнмен енгізу керек емес. Мұндай үрдіс өз кезегінде салықтық механизмнің үнемі жұмыс істеуінің басты талабы - заңды және  жеке тұлғаларға салық салуға байланысты, салық заңдылығының тұрақсыздығы, отандық және шетелдік инвесторлардың ынтасын  төмендетеді.

              Қазіргі жағдайларда республикамыздағы салық төлеушілер үшін салықтық ауырпалық әлі де жоғары, олардың ішінде көбісінің тиімділігі  де төмен.  Экономиканың кез-келген тұрғысынан  дамыған елдерде салық салудың  ауыртпалығы, салық салу деңгейін  көрсетуші  сипаты болып табылатындығы баршаға мәлім. Алайда,  салықтық ауыртпалық пен салықтар  деңгейінің ауырсалмағын анықтайтын, жалпы қабылданған, бекітілген  әдістемесі жоқ. Салықтық ауырпалықтың  ауырлығы туралы жанама түрде  түсінік бере алатын  жекелеген  көрсеткіштер бар.

              Сонымен, жоғарыда айтылғандарға негізделіп салықтық бақылау Қазақстанда салықтық заңдылықтың тұрақтылығын төмендегі қағидаларға алып келгенде тиімді болатындығын белгілеген болады:

      Еңбек пен кәсіпкерлік қызметті ынталандыру;

      Өнім шығарудың көлемін көбейтуге, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік туғызу;

      Салық салынатын табысты көбейту нәтижесінде тұтынуды көбейтуге мүмкіндік туғызу;

      Мемлекеттік бюджетті тиімдірек пайдалануға, экономиканың жағымды секторларға мемлекеттік кірістің шектеуге мүмкіндік туғызу;

      Бағалар мен инфляцияның деңгейін тұрақтандыру;

      Ресми және көлеңкелі экономиканың ара қатынасын тиімді ету

Салықтық бақлаудың жұмысының тиімділігі экономиканың нақты жағдайын таллдау жолымен анықталады, сондықтан оның негізіне елдің территориясында әрекетте болған салық салу жүйесінің ғылыми негізделген бағалау салынуы тиіс. Жалпы салықтық саясаттың келісу процессі жасалатын салықтың бақылауға сәйкес таңдалған бағыт нарықтық экономиканың Қазақстандық моделі ерекшеліктерінің есебімен құрылады.

 

Қорытынды.

              Мемлекет салық органдары алдына жұмыстың тиімді әдістерін қолдану арқылы мемлекеттік қазынаның толтырылуын қаматамасыз етуді мақсат етіп қойды. Бұл мақсаттың маңызы мен мәні бюджетке қаржы-қаражаттарының үнемі қажеттілігінде және де ол мәселе қаншалықты дұрыс шешілсе, соншалықты бюджет жағдайы жақсы болады.

              Диссертацияда ғылыми жолмен қазіргі салықтық бақылауды ұйымдастырудың тәжірибесін кешендік зерттеу жүргізіліп, оның ерекшеліктері көрсетілді. Салықтық бақылауға - қаржылық бақылаудың құрамдас бөлігі ретінде түсінік берілді, оның айрықша ерекшеліктері мен ұйымдастырылу қағидасы, әрекет ету сферасы және бақылау объектісі анықталды.

              Салықтық бақылау салықтық қатынастарды басқару жүйесіндегі  салықтық механизмнің функционалды элементі ретінде қарастырылды. Салықтық бақылаудың қазіргі тәжірибесіне талдау жасай отырып, оның әр түрлі: мәндік, ұйымдастырушылық, әдістемелік және техникалық аспектілеріне мінездеме берілген.

              Салықтық бақылаудың құқықтық базасы талданған, оның қарсылықтарға әлсіздігі, жетілмегендігі, салықтар мен салықтық әкімшілік бойынша заңдық және нормативтік актілердің тұрақсыздығы, сонымен бірге салықтық құқықтардың азаматтық және басқа саладағы құқықтармен сәйкессіздігі көрсетілген.  Салықтық бақылау субъектісінің ұйымдастырылу құрылымының жетілмегендігі, әдістемелік қамтамасыз етудегі кемшіліктері, ақпараттануының даму деңгейінің нашарлығы көрсетілген.

              Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізілген салықтық бақылау тәжірибесі зерттеліп, салық комитеттерінің жұмыстарын ұйымдастырудың кемшіліктері көрсетілген және бюджетке түсетін салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсуін бақылаудың әдістері мен нысандарын жетілдірудің жолдары ұсынылды. Салықтық бақылаудың нақты бір түрлерінің салық жүйесінің дамуы мен салықтық бақылаудың ұйымдастырылу деңгейінен, сонымен бірге салықтық бақылау әдістерінің сол аймақтағы салықтық жұмыстардың ұйымдастырылыуының және салықтық құқық бұзушылықтың деңгейіне тәуелді екендігі негізделген.

              Салық комитеттерінің жұмысын бағалаудың қазіргі әдісін оқып, оның қолданылатын көрсеткіштерінің көп көлемдігінің және сапалық сипаттағы есебінің жеткіліксіздігінің себептерінен жетілмегендігі нақты көрсетілген.

              Зерттеу материалдарын негізге ала отырып, автор төмендегідей қорытындыға келді:

              - қазіргі кездегі Қазақстандағы салықтық бақылау экономикалық процестердің тұрақсыздығы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, әр түрлі іс-әрекет сферасындағы төлемеушілік дағдарыс жағдайларында жүзеге асырылуда;

              - салықтық бақылаудың жұмыс жасауының негіздері: 1) құқықтық база (салықтық қатынастарды реттеуге қатысы бар заңдар мен басқа нормативтік актілер); 2) салық төлеушілермен, құқық қорғау т.б. органдарымен өзара қарым-қатынастары мен бақылау субъектісі аппаратының құрылымын оңтайландыруға мүмкіндік  беруде материалдық - техникалық қамтамасыз етілуі, салық төлеушілердің және салық салу базасының есебі үшін мемлекеттік басқару, құқық қорғау органдарымен, банктік жүйелермен өзара қарым-қатынастың ақпараттық бұқарасының жасалуы;

              - салықтарды бекітуші және олардың төленуін реттеуші заңдық және нормативтік актілер жеткілікті дамымаған. Бұл: а)заңдар мен олардың жеке бір нормаларының жетілмегендігімен; б)құқықтық нормаларды дұрыс түсінуге апаратын анықтамалардың анық еместігімен; в)заңдар мен заңдық актілердің келістірілмегендігімен; г)салықтық бақылау тәжірибесінің негізінде қабылданған заңдық және нормативтік актілердің жоқтығымен байланысты;

              - көрсетілген сәйкес келмеушіліктер салық төлеушілердің құрылып жатқан салық жүйесіне деген жақсы емес көзқарасын тудыруы мүмкін. Осы сияқты жағдайлар салықтық бақылау кезінде анықталатын көптеген салықтық құқық бұзушылыққа және де ірі көлемдегі айыппұл санкцияларға әкеп соғады;

              - қалыптасып жатқан салық жүйесіне деген салық төлеушілердің жағымсыз қатынасы салықтық бақылау субъектілері мен салық төлеушілердің арасында айтарлықтай қарама-қайшылықтарды  және жаппай салық төлеуден жалтаруды туындатады. Сонымен бірге, салықтық бақылау субъектісі ұйымдастырылуы мен әдістемелік қамтамасыз етілуі, салықтық құқық бұзушылықтарды анықтаудың және алдын алудың жаңа жолдары мен әдістерін жасау және енгізу салық органдарына салық заңдарын бақылауда талап етіп отырған деңгейден елеулі қалып отыр;

              - салық органдарының вертикалдық қатаң бағынушылығы мен аймақтық және жергілікті салық комитеттерінің құрылымдық аппаратының таңдау еркіндіктері арасында қарама-қайшылықтар бар. Бұл жоғары тұрған салық органдары мен төменгі тұрған салық органдарының әдістемелік басқару, кадрларды дайындау және қайта даярлау, бақылау жұмысын ұйымдастырудың болашағы бар бағыттарын таңдау, жақсы жұмыс тәжірибесін енгізу жағынан өзара қарым-қатынасына кері әсерін береді;

              - салық қызметінің ұйымдастыру жұмысын мақсаттық бағытталған даму мен материалды-техникалық базасын күшейтусіз әрі қарай дамыту мүмкін емес;

              - бүгінгі таңда ақпараттық жүйелердің қолдану облысында жасалуының бірыңғай тұжырымдамасы жоқ. Ақпараттанудың бүкіл ақпараттық жүйесінің өзара байланысы сияқты оның әр түрлі деңгейдегі байланыстарының жұмыстары, өңдеу, жеткізу мәселелері теориялық жеткілікті қамтылмаған. Ақпараттық жүйе салық қызметінде бүгінгі таңда “төменнен жоғары”, “жоғарыдан төмен” жұмыс жасап жатқанымен атаулы талаптарға сай емес;

Информация о работе Экономика ғылымдары кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның