Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 10:25, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастар,нарықтық экономика жағдайында қол жеткізілген ғылыми-техникалық прогресті,өндірістің шаруашылық етуі мен басқаруының тиімді нысандарын игеру негізінде кәсіпорыннан іс әрекетсіздікті жоюды, кәсіпкершілікті белсендіруді,өндіріс тиімділігін,өнім мен қызметтің бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылатуды талап етеді.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................4

I КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
1.1Негізгі өндірістік қордың экономикалық мәні мен құрамы...............................6
1.2Айналым қорларының негізгі қорлардан айырмашылығы..............................11
1.3Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері мен негізгі қорды қолданудың тиімділік көрсеткіштері...............................................15

II Кәсіпорындар Қорлары:оларды жоспарлау және бөлу
2.1 Негізгі қордың тозуы...........................................................................................22
2.2Негізгі қордың тиімділігі. Қор қайтарымы........................................................24

III ИНДУСТРИАЛДЫ - ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................................................33

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................................40

Работа состоит из  1 файл

Курс_Кәсіпорын қорлары оларды жоспарлау және бөлу)))))))))).docx

— 93.13 Кб (Скачать документ)

Негізгі қордың ақшалай немесе құндық бағасы негізгі қордың кеңейтілген  ұдайы өндірісін жоспарлау мен  амортизациялық аударымдардың өлшемін  және тозу дәрежесін анықтау үшін қажетті.

Негізгі қордың өндірістік процесте ұзақ қатысуы мен тозуы және осы  кезең ішінде ұдайы өндіріс шарттарының  өзгеруіне байланысты негізгі қорды бағалаудың бірнеше түрі бар,олар:

    1. Негізгі өндірістік қордың бастапқы құны,
    2. Негізгі өндірістік қордың қалпына келтіру құны
    3. Негізгі өндірістік қордың қалдық құны.

Негізгі өндірістік қордың бастапқы құны – қорды дайындауға немесе сатып алуға және оларды жеткізу  мен монтаждауға кеткен шығын  сомасынан тұрады. Ол амортизация  нормасы мен амортизациялық аударымдардың өлшемін, кәсіпорын пайдасын,рентабелділігін және олардың көрсеткіштерінің қолданылуын анықтау үшін қолданылады.

Негізгі қордың ликвидтік құны –  бұл негізгі қордың өндірістен алынып тасталған және тозған құнын шегеруі (көп жағдайда бұл сыну құны).

Экономикалық көрсеткіштерді есептеуде  негізгі қордың орташа жылдық құны анықталады.Бұл есептеу бастапқы құн негізінде оларды енгізу және шығару арқылы есептеледі және мына формуламен анықталады:

НҚор.жыл. = НҚб.қ. + (НҚен. * n1 ) / 12 – (НҚшек. * n2 ) / 12                 (1)

мұндағы,  НҚор.жыл. – негізгі қордың орташа жылдық құны;

НҚб.қ. -  негізгі қордың жыл басындағы (баланстық) құны;

НҚен. – негізгі қордың енгізілген құны;

НҚшек. – қордың ликвидтік құны;

n1 – негізгі қорды енгізген бастап ай саны;

n2 – негізгі қордың шығуынан бастап ай саны.

Негізгі қорды тиімді пайдаланудың ұлттық экономика үшін маңызы зор. Осы  мәселені шешу қоғамға керекті өндірістің артуына,мемлекеттің жабдықтық балансының өсуіне,өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне,өндіріс рентабельділігінің өсуіне алып келеді.

 

  

1.2 Айналым қорларының негізгі  қорлардан айырмашылығы

 

Кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін негізгі құралдармен бірге еңбек заты,материалдык ресурстар,яғни айналым,қорлары қажет. Айналым қорлары - өндіріс үдерісінің басты элементі және өзіндік құнның негізгі бөлігі болып табылады.Шикізатқа, материалдарға,отынға және энергияға кеткен шығындар аз болса,ол сондықтан арзан болады.

Кәсіпорынның айналым қоры бұл өндірістік негізгі қордың бір бөлімі.Онда әрбір өндірістік циклдар толығымен тұтынылады немесе қолданылады.Өндіріс процесінде өзінің натуралдық түрін өзгертіп толық бағасын өндіретін өнімге аударады.

Айналым өндірістік қорлары дегеніміз - еңбек үдерісінде негізгі өндірістік қорларына қарағанда әр өндірістің циклінде жұмсалатын және олардың құны еңбек өніміне бірден және тұтас көшетін өндіріс қаражаттарының бөлігі заттық элементтер.Айналым қорларының заттық элементтері еңбек үдерісінде өзінің натуралды формасы мен физикалық -химиялық қасиеттерін өзгертеді.Олар өндірістің тұтынылу шамасы бойынша өз тұтыну құнын жоғалтады.

Айналым қорларының жеке элементтерінің проценттер немесе олардың құрамдас бөлшектері арасындағы өзара қатынасты айналым қорларының құрамы деп атайды.Осыған байланысты айналымдылық белгісіне ие 2 ұғым бар:

1. Айналым қаражаттары

2. Айналым қорлары

Айналым қорлары дегеніміз - өндірісте  бірақ рет қатысып өздерінің  құндарын өндіретін өнімге лезде және толығымен аударатын ресурстарды айтамыз.Айналым қорларына шикізат негізгі және қосалқы материалдар, қосалқы бұйымдар, аяқталмаған өндіріс,отын,тара және басқа да еңбек заттары жатады.Категория ретінде айналым қаражаты айналым қорларынан басымрақ (ірілеу) айналым қаражаты айналым қорларынан және айналымға арналған қорлар (фонды обращения).Осыған орай айналым қаражаты дегеніміз - өндіріс қорлары мен айналымға арналған қорларды жасау мақсатында авансталған және ақша қаражатының үздіксіз қайта айналымын қамтамасыз ететін ақша қаражаттарының жиынтығы.

Айналымға арналған қорлар - ол кәсіпорынның дайын өнім қорларына жөнелтілген бірақ ақшасы төленбеген тауарларға кассадағы және есеп шоттағы ақшалай қаражаттардан тұрады. Бұл қорлардың мақсаты өндірістік процестің үздіксіздігін және өнімді өткізуді қамтамасыз ету.Бұл қорлар құнның пайда болуына қатыспайды бірақ онын тасымалдаушысы болып табылады.Өндірістік цикл аяқталғаннан кейін тұтынылған айналым қаражаттары өнімді өткізуден түскен табыспен қайтарылады.Бұл өндіріс процесін қайтадан жалғастырып кәсіпорынның қаражатының қайталама айналымын қамтамасыз етеді.

Жоспарлау,есеп және талдау тәжірибесінде айналым қаражаты келесі белгілер бойынша жіктеледі:

  • өндіріс процесінде функционалдық роліне байланысты:өндірістік айналым қорлары және айналыс қорлары;
  • бақылау,жоспарлау және басқару тәжірибесіне байланысты:нормаланатын айналым қорлары және нормаланбайтын айналым қорлары;
  • айналым қаражаттарының қалыптасу көздеріне байланысты:жеке меншік айналым капиталы және қарыздық айналым капиталы;
  • өтімділікке байланысты:абсолютті өтімді айналым капиталы:тез өтімді айналым капиталы,баяу өтімді айналым капиталы;
  • капитал салымының тәуекел деңгейіне байланысты:салымның минималды деңгейімен айналым капиталы,салымның аз тәуекелімен айналым капиталы, салымның орташа тәуекелімен айналым капиталы,салымның жоғары тәуекелімен айналым капиталы;
  • кәсіпорынның балансындағы көрінісі мен есеп стандарттарына байланысты: қорлардағы айналым қорлары,есеп айырысулар және басқа да активтер;
  • материалды-заттық мазмұнына байланысты:еңбек заттары (шикізат, материалдар,аяқталмаған өндіріс және т.б.),дайын өнім мен тауарлар,ақша қаражаттары және есеп айырысу қорлары.

Функционалдық белгісі бойынша  айналым капиталдарын айналым қорлары  мен айналыс қорларына бөлу айналым  каипталының өндіріс және айналыс  процесінде келу уақытын бөлек есептеу  мен талдау үшін қажет (Қосымша).

Басқару деңгейіне қарай айналым  капиталдары нормаланатын және нормаланбайтын болып бөлінеді.Нормаланатын айналым капиталдарына барлық өндірістік айналым қорлары жатады.Сонымен қатар кәсіпорын қоймасында өткізілмеген дайын өнім қалдықтары түріндегі айналым қорларының бөлігі жатады.

Нормаланбайтын айналым қорларында айналыс қорының қалған элементтері жатады,яғни тұтынушыларға жіберілген,бірақ әлі де төленбеген өнімдер және де ақша қаражаттары мен есеп айырысудың барлық түрлері.

Айналым капиталының жеке меншік қарыздық болып бөлінуі олардың қалыптасу  көзі мен кәсіпорындарға айналым  капиталдарын тұрақты және уақытша  қолданысқа беру түрлерінен көрінеді.

Кәсіпорынның меншік айналым капиталына қажеттілігі жоспарлау объектісі  болып табылады және оның қаржылық жоспарында көрініс табады.Бұл қаражаттар қорларды,яғни нормаланатын айналым қаражаттарын жабудың көзі ретінде қызмет етеді.Олардың алғашқы қалыптасуы компанияның құрылуы кезінде және оның жарғы капиталының жасалуы кезінде болады.

Қарыздық айналым капиталдарының қалыптасу көздеріндегі маңызды және негізгі мән-мағынаға ие.Қарыз қаражаттары кәсіпорынның ақша қаражаттарына уақытша қосымша қажеттілігін жабады.Қарыз қаражаттарын тарту өндіріс сипатымен,нарықтық экономикаға өту кезінде пайда болған қиын есеп айырысу қатынастарымен,меншікті айналым қаражаттарының жеткіліксіз мөлшерін толтыру қажеттілігімен және басқа да объективті және субъективті себептермен шарттасқан.Қарыздық айналым капиталдары банктік несие түрінде,сонымен қатар кредиторлық қарыз ретінде қалыптасады.Олар кәсіпорынға уақытша пайдалануға беріледі.Олардың бір бөлігі ақылы (несиелер мен қарыздар), екінші бөлігі – ақысыз (кредиторлық қарыз).Кәсіпорынның қарыздық айналым капиталдарына қажеттілігі де жоспарлау объектісі болып,бизнес – жоспарда көрініс табады

Негізгі өндірістік құралдар мен айналым құралдары тығыз байланысты. Бухгалтерлік есептеулерде жұмыс жасап тұрған негізгі қорлар баланстық құны бойынша есептеледі.

Кәсіпорынның іс- әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт - қолда бар айналым қаражаттарының болуы.Айналым қаражаты - бұл өндірістік айналым қорларын құру,пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы.Айналым капиталының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады.Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы,ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.

Сонымен,айналым қорының заттық мазмұны - еңбек заттары.Негізгі қордан айырмашылығы сол - айналым қор өндіріс процесінде бір рет қана қатысады да, сол жолы түгелдей пайдаланылып кетеді және өзінің бүкіл құнын пайда болған жаңа өнімге қосады.

1.3 Кәсіпорынның негізгі қорының  қозғалысын бағалау көрсеткіштері  мен негізгі қорды қолданудың  тиімділік көрсеткіштері

 

Негізгі қордың ерекшелігі - өндірістік процесте көпреттік қолданылуы болып табылады.Бірақ олардың қызмет ету уақытының шегі болады,яғни олардың тозуымен қалыптасады.

Негізгі өндірістік қордың қазіргі  техникалық деңгейі мен құрылымында  өнім өндірудің артуы мен өзіндік құнының төмендеуі,кәсіпорын жинағының өсуі, оны пайдалану дәрежесіне байланысты.

Негізгі қорды пайдалану көрсеткіштері  үш топқа біріктіріледі:

  • негізгі қорды пайдалану уақытының деңгейін көрсететін экстенсивті көрсеткіш;
  • негізгі қорды қуаттылығы бойынша пайдалану деңгейін көрсететін интенсивті (өнімділік) көрсеткіш;
  • негізгі қорға әсер ететін барлық факторлардың (экстенсивті және интенсивті) жиынтығын ескеретін интегралды көрсеткіш.

Экстенсивті пайдалану көрсеткіші.Оған жататындар:құрал-жабдықты экстенсивті пайдалану коэффициенті,жабдықтың қызмет етуінің ауысымдық коэффициенті.

Жабдықты экстенсивті пайдалану  коэффициенті Кэкст. жабдықтың жоспар бойынша жұмыс сағатының санының, оның нақты пайдалану уақытына бөлу арқылы анықталады.

Кэкст. =   tжаб.н. / tжаб.жос.                                                                                                      (2)

мұндағы, tжаб.н. -  жабдық жұмысының нақты уақыты, сағ; tжаб.жос. - жабдық жұмысының жоспарланған уақыты, сағ.  Жабдықты экстенсивті пайдалану оның қызмет етуінің ауысымдық коэффициентімен де сипатталады,яғни үлкен ауысымда жұмыс жасаған станоктар санының,бір күндік станктық ауысымда жұмыс жасағандар санына қатынасымен анықталады.Демек ауысым коэффициенті,жабдықтың бір данасы орташа есеппен бір жыл ішінде неше ауысымда жұмыс жасағанын көрсетеді.Сондықтан да кәсіпорындар ауысымдық коэффициентін арттыруға ұмтылуы қажет,ол қолдағы бар қор есебінен өнім өндірісін арттырады.

Интенсивті пайдалану көрсеткіші.Негізгі қорды интенсивті пайдалану оларды қуаты бойынша (өнімділік) пайдалану деңгейін көрсетеді.Оның ең негізгі көрсеткіші болып жабдықты интенсивті пайдалану коэффициенті саналады.

Жабдықты интенсивті пайдалану  коэффициенті негізгі технологиялық  жабдықтың нормативті өнімділігінің оның нақты өнімділігіне,яғни өнімділігі негізделген үдемелі техникаға қатынасымен анықталады.Бұл көрсеткішті есептеу үшін мына формула қолданылады:

Кинт. =   Ө нақты / Өнорм.                                                                                                         (3)

мұндағы  Ө нақты - уақыттың бір өлшемінде жабдықтың нақты өнім өндіруі;

Өнорм  - уақыттың бір өлшемінде жабдықтың техникалық негізделген өнім өндіруі (жабдықтың паспорттық мәліміттері негізінде анықталады).

Интегральды пайдалану көрсеткіштері.Оған жабдықты интегральды пайдалану коэффициенті,қор қайтарымы,қор сыйымдылығы және қор қарулануы жатады.

Жабдықты интегральды пайдалану  коэффициенті жабдықты пайдаланудың экстенсивті  және интенсивті коэффициенттерінің көбейтіндісі ретінде анықталады және ол оның уақыт  пен өнімділік (қуаттылық) бойынша  пайдалануын кешенді түрде сипаттайды.

Кинтегр  = Кэкст.  * Кинт.                                                                                                            (4)

Бұл көрсеткіштің нәтижесі алдыңғы  көрсеткіштерге қарағанда салыстырмалы төмен болады,өйткені бұл жабдықты пайдаланудың әрі экстенсивті,әрі интенсивті кемшіліктерін бір мезгілде көрсетеді.

Негізгі өндірістік қорды қолдану  тиімділігі жалпы және жеке көрсеткіштердің көмегімен бағаланады.Жалпы көрсеткіштер негізгі қор жиынтығының қолдануының соңғы нәтижесін көрсетеді.Оларға келесі көрсеткіштер жатады:

1) Қор қайтарымы - бұл жыл ішіндегі  негізгі өндірістік қордың орташа  жылдық құнының осы қорды қолданумен  шығарылған өнім құнына қатынасы. Қор қайтарымы негізгі құралдардың  бір теңгесіне немесе бір данасына  келтірілген өнімнің көлемін  көрсетеді.

Ққ = V / Қорт                                                                                (5)

Мұндағы V – жыл ішінде өндірілген өнімнің құны,заттай немесе құн есебімен;

Қорт – негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.

Қор қайтарымы – қорды пайдаланудың негізгі жалпылама көрсеткіші.Бұл көрсеткіштің мәні өндірістік ғимараттар,құрылғылар,жұмысшы және күш машиналары мен жабдықтардың,яғни негізі қордың барлық топтарының қаншалықты тиімді пайдаланып жатқанын көрсетеді.Қор қайтарымын арттыру – кәсіпорынның негізгі міндеті.Сондықтан қор қайтарымын арттыру факторларын қарастырайық.

 

 



 


 

 






 


 



              

 2) Қор сыйымдылығы – бұл қор қайтарымының кері көрсеткіші,яғни бұл өнімнің бір теңгесін өндіруге қанша негізгі құрал қолданылғанын білдіреді.

Информация о работе Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау