Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 10:25, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастар,нарықтық экономика жағдайында қол жеткізілген ғылыми-техникалық прогресті,өндірістің шаруашылық етуі мен басқаруының тиімді нысандарын игеру негізінде кәсіпорыннан іс әрекетсіздікті жоюды, кәсіпкершілікті белсендіруді,өндіріс тиімділігін,өнім мен қызметтің бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылатуды талап етеді.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................4

I КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
1.1Негізгі өндірістік қордың экономикалық мәні мен құрамы...............................6
1.2Айналым қорларының негізгі қорлардан айырмашылығы..............................11
1.3Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері мен негізгі қорды қолданудың тиімділік көрсеткіштері...............................................15

II Кәсіпорындар Қорлары:оларды жоспарлау және бөлу
2.1 Негізгі қордың тозуы...........................................................................................22
2.2Негізгі қордың тиімділігі. Қор қайтарымы........................................................24

III ИНДУСТРИАЛДЫ - ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................................................33

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................................40

Работа состоит из  1 файл

Курс_Кәсіпорын қорлары оларды жоспарлау және бөлу)))))))))).docx

— 93.13 Кб (Скачать документ)

Инновация жаңа ғылыми идеялар мен  озық технологиялардың қоғамға енуі. Инновациялық процесс - ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын негізгі  фактор болып табылады.Жоғары технологиялы өндірісті дамытуға,ғылыми тұрғыдан ауқымды өнімдер көлемін өсіру арқылы бюджетке түсімдерді арттыруға, жаңа технологияларды пайдалану негізінде экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.Инновациялық саясатты ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеу,оның нақты жетілдіру механизмдерін көрсету ғылыми-техникалық өркендеудің тиімділігін арттырады.Демек еліміздегі инновациялық дамудың әр саладағы нақты мақсаты мен міндеттерін айқындау оған теориялық терең талдау жасау,инновациялық саясатты әрі қарай жетілдіруге жол ашады.XXI ғасырда басым бағытқа ие болып отырған озық технологияларды игеру мен қоғамды дамытуға инновациялық саясаттың қосатын үлесі қомақты.

Осы мақсатта Қазақстан үшін ғылыми потенциалдың бәсекеге қабілеттілігін көтеру басты міндет болып табылады.Еліміздің ғылыми-интеллектуалдық потенциалы елдің экономикалық потенциалының құрамдас бір бөлігі. Қазақстанда ғылыми потенциалдың қаржылық,материалдық қамтамасыз етілуін бір жүйеге келтіру керек.Ғылымның саяси-әлеуметтік мәртебесін көтерумен ғылыми саланы қаржыландыру мәселесі мемлекеттік деңгейде заңдық негізде бекітілуі тиіс және қаржыландыруға шетел инвестициясын ұлттық холдингтерді жеке секторды тарту керек.Сондай-ақ ғылыми салаға салықтық жеңілдіктер енгізіліп жеке фирмалармен венчурлық қорлардың құрылуы тиіс.

Қазақстанда ғылыми-технологиялық  парктердің көп болуы мемлекет үшін тиімді.Болашақта технологиялық парктердің Алматы, Қарағанды,Астана,Орал қалаларында құрылғаны дұрыс деп санайды.Себебі бұл қалаларда ғылым мен өндірісті ұштастыруға барлық мүмкіндіктер бар.Бұл қалаларда мықты ғылыми потенциалы бар жоғарғы оқу орындары көп шоғырланған.Қазақстанда технологиялық кеңістікті қалыптастыруда мына мәселелер міндетті түрде ескерілуі тиіс:

1. Отандық технологиялық кеңістікті қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы қабылдануы керек.

2. Жоғары  басшылық тарапынан ғылыми-өндірістік  технологиялық парктердің құрылуын  қадағалайтын жетекші орган болуы  тиіс.

3. Ғалымдарымыз  технологиялық парктерді құрудың  тұжырым- дамасын жасап үкіметке  ұсынулары керек.

4. Қазақстанда ғылыми өнеркәсіпті басқаратын және реттеп отыратын технологиялық қор құрылуы тиіс.

Технопарктерді  құру мен қалыптастыру ғылыми техникалық саясатты дамыту арқылы жүзеге асырылады.Демек,жергілікті билік органдары технопарктерді құруда белсенділік танытуы тиіс.Еліміздегі іске қосылған технологиялық парктердің әрі қарай дамуына жан-жақты қолдау қажет.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Негізгі өндірістік қордың өндірістік құрылымының маңызды көрсеткіші олардың жалпы құнындағы актив бөлігінің үлесі болып табылады.Бұл өнім шығару,кәсіпорынның өндірістік қуаты, кәсіпорын жұмысының өзге экономикалық көрсеткіштері негізгі қорлардың жалпы құнындағы актив бөлігінің үлесіне айтарлықтай тәуелді болуына байланысты.Сондықтан оның үлесін оптималды деңгейге дейін жоғарылату кәсіпорындағы НӨҚ өндірістік құрылымын жетілдірудің бірден бір бағыты болып табылады.

Негізгі қорларды  тиімді қолдануының  өзгеруіне әр бір фактордың әсері  қарастырылған:   

1) Негізгі қорларды уақытылы,сапалы  жоспарлы – алдын ала және күрделі жөндеулерден  өткізу:

Бұл шара негізгі  қорларды  уақытылы жоспарлы-алдын  ала  және күрделі  жөндеулер жүргізбеуге  байланысты туындайтын жоспарланбаған   жеке тораптардың және агрегаттардың  жүйеден шығуынан   сақ болуға әсерін тигізеді.

Әсіресе негізгі  қорлардың жүйеден тыс болмау себебінен,олардың   жылдық жалпы  жұмыс көлемінің  көрсеткіші 240 (1) сағатқа  артты,шараны жүзеге асырғаннан кейін  өндіріс көлемі 4 599,0 мың теңгеге (2) және таза кіріс 936,0 мың теңгеге (3) өсті. 

2) Жоғары сапалы негізгі қорларды сатып алу:

Қарастырып отырған шара  да,жоғары сапалы негізгі қорларды сатып алу себебімен  алдын ала қарастырылмаған  негізгі қорлардың  тоқтап тұруынан  сақтайды. Бұл шара да,жылдық жалпы жұмыс көлемінің көрсеткіші 240 (1) сағатқа  артуын,шараны жүзеге асырғаннан кейін өндіріс көлемі 4 599,0 мың теңгеге (2) және таза кірістің 1 136,0 мың теңгеге өсуіне  әсерін тигізеді. 

3) Негізгі қордың әсіресе қарқынды бөлігінің тым моральдік және физикалық тозуын өткізіп алмау мақсатында уақытылы жаңартулар жүргізу:

Кез келген кәсіпорын пайда табу мақсатымен,сонымен қатар кәсіпорынның қызметін қарқынды өсіруді қамтамасыз етуге,өнімнің  негізгі түрлерін  тоқтаусыз өндіруге  қабілетті негізгі қорлармен  жабдықталуға ұмтылады.

Егер де,кәсіпорында  моральдық және физикалық  тозған негізгі қорлардың болуы,оның нарықта бәсекеге түсу  және тұтынушылардың  қажеттілігін өндіретін өніммен  қамтамасыз ету жағдайы болмайды.Бұл жағдай кәсіпорынның  барлық қызметіне,шығынға ұшырауына және банкротқа түсуіне әсер етеді.

Сонымен,келтірілген есепке сәйкес,шараның мәліметтері негізгі құралдардың  жалпы жұмыс уақытының көрсеткіші  бір жылға  240 сағатқа (1), өндіріс көлемі 4599,0 мың теңгеге (2) және таза табыс 1136,0 мың  теңгеге (3) өседі.

Сонымен қатар,қарастырылған шара осындай мақсатқа байланысты негізгі қорлардың  жұмыс істеу сағатының санының өсуіне  әсерін тигізе алады.

4) Кәсіпорынды артық жабдықтар,машина және  басқа да негізгі қордан немесе оларды жалға беруден  босату.

Қарастырылған  барлық шаралар  жүзеге асырылғаннан кейін іс жүзіндегі 20086 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда,қоррентабелділігі 0,7 мың теңгеге өседі және негізгі қордың орташа жылдық құны 1000,0 теңгеге 4,8  мың теңгені құрайды.

Өркениетті елдерде бұл процесс  ондаған жылдар аралығында эволюциялық  даму негізінде қалыптасқан.Біздің елімізде ең алдымен,жоғарғы оқу  орындарының материалдық-техникалық,қаржылық базасын нығайтып, ұйымдастыру шаралары жан-жақты қарастырылып,одан кейін  ғана ғылым жоғарғы оқу орындарының  жанына топтасуы тиіс.

Ғылыми-техникалық саланы басқару  мен ұйымдастыруда демократиялық  принциптерге негізделген реформалар – ғылыми-техникалық саясаттың тиімді жүзеге асырылуының басты кепілі болып табылады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 2010, бет 1-3
  2. Волков О.И. Экономика предприятия. Учебник. – М.: ИНФРА-М, 1998. – 578б.
  3. Волков О.И., Поздняков В.Я. Экономика предприятия: Практикум. – М.: ИНФРА-М, 2004. – 331б.
  4. Ворст И., Ревентлоу П. Экономика фирмы: Учебник. – М.: Высшая школа, 1994. – 312б.
  5. Горфинкель В.Я., Швандар В.А. Экономика предприятия: Учебник для ВУЗов. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001. – 718б.
  6. Грузинов В.П. Экономика предприятия: Учебник для ВУЗов. – М.: банки и биржи, ЭНИТИ, 1999. – 535б.
  7. Жұрынов М. Болашағымыз болжаулы \ Егемен Қазақстан 25 сәуір 2008ж.
  8. Иманбекова Б.И. Қоғамдағы инновациялық саясат. \ Саясат  2005, №3 34-39б.
  9. Кажмуратов К., Кошанов К. Научно-техническая политика суверенного Казахстана.Свободная мысль 1992г.№8.23-30 с.
  10. Кульевская Ю.Г. Состояние исследований в Казахстане по приоритетам научно-технологического развития. Нанотехнологии: Аналитический обзор.-Алматы, 2008.2-6с.
  11. Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңы. 2004.08.01
  12. Мұхамбетова З.С. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы. – Қарағанды: Қазақтұтынуодағы Қарағанды экономикалық универ, 2008.- 165
  13. Сулейменов Е.З. О состоянии развития науки в Республике Казахстан. \ Наука и Вызовы времени. Материалы Международной научно-практической конференции 1 том.-Алматы, 2008.105-110с.
  14. Сулейменов Е.З., Васильева Н.В. Динамика научно-технического потенциала Республики Казахстан за 2000-2007гг. \ Алматы 2008.-6-9с.
  15. Таубаев А.А. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы. – Қарағанды: Қазақтұтынуодағы Қарағанды экономикалық универ, 2008.- 175
  16. Түймебаев Ж.Қ. Ғылым мен білімдегі біліктілік – ел болашағы. \ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірі Ж.Қ.Түймебаевтың «Дала мен Қала» газетіне берген сұхбаты.
  17. Укрепление научно-технической инфраструктуры Республики Казахстан. \ Отчет о мировых трендах в научно-техническом развитии и потенциальных возможностях Республики Казахстан на проведение передовых научных исследований по конкретным направлениям. 2006г.4-8с.

 

  1. Гохберг Л, Кузнецова И . Инновационные процессы: тенденции, проблемы // Экономист. – 2003, №6. – 59б.
  2. Инвестициялық саясат / Ізденіс. Поиск.- 2005. - №5. 72-77бб.
  3. Инновационно-технологическое развитие Казахстана. \ Наука и власть: проблема коммуникаций: Материалы Всероссийской научной конференции (Москва, 26 сентября 2008г.).-Москва.: Научный эксперт, 2009.754-772 бб.
  4. Инновационно-технологическое развитие Казахстана. \ Наука и власть: проблема коммуникаций: Материалы Всероссийской научной конференции (Москва, 26 сентября 2008г.).-Москва.: Научный эксперт, 2009.754-772 бб.
  5. Инновациялық үрдіс ғылыми - технологиялық дамудың негізі. \ Гуманитарные науки: межвузовский сборник научных статей. Часть I. – Караганда, 2009.-322с. 78-83бб.
  6. Қазақстанда ғылымды дамыту – стратегиялық басымдықтардың бірі. -/Ақиқат.-2009. - №1. 40-44 бб.
  7. Қазақстандағы ғылыми-техникалық саясат//Саясат.-2005.№9.-53-57бб.
  8. Қоғамдағы инновациялық саясат /Саясат. – 2005. - №3. - 34-40 бб.
  9. Қоғамның саяси жүйесіндегі ғылыми-техникалық саясаттың рөлі / Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Вестник. – 2003. - №3(5) Халықаралық өмір және саясат сериясы. 82-87 бб.
  10. Научно-техническая деятельность в Республике Казахстан за 2007г. \ Стат.бюл. – Алматы: Агенство Республики Казахстан по статистике, 2008.
  11. Орысша-қазақша қазіргі экономикалық терминдердің түсіндірме сөздігі/ Н.Қ. Мамыров, А.О. Мұса, Е.Қ. Құдайбергенов и др; Ред. Қ.О. Оқаев; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы. -Алматы: Экономика, 1999. -401 б.
  12. Сулейменов Е.З., Кульевская Ю.Г. Состояние и тенденции развития научно-технического потенциала в Республике Казахстан. \ Алматы 2008.-58-61с.
  13. Суша Г.З. Экономика предприятия: Учебное пособие. – Мн.: Новое знание, 2003. – 384б.
  14. Технологиялық парктер – ғылым мен өндірісті ұштастырудың басты кепілі \ Пути реализации основных приоритетов продвижения Казахстана число наиболее конкуретноспособных и динамично развивающихся государств мира в контексте задач, поставленных Президентом Республики Казахстан Н.А.Назарбаевым в послании народу Казахстана: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.-Алматы-2006.- 21 сәуір 2006ж. 293-300 бб.

Қосымша

Кәсіпорынның  айналым капиталының өндіріс  процесінде функционалдық роліне байланысты жіктелуі

Айналым капиталы

Айналым капиталына кіретін құралдар

1. Өндірістік айналым капиталы (өндіріс  сферасындағы және өндіріс процесіндегі  айналым капиталдары).

1.1. Өндірістік қорлар:

-  шикізат

-  негізгі материалдар

- сатып алынатын жартылай фабрикаттар

-  қосымша материалдар

-  аз құнды және тез тозатын  заттар (қалдық құны бойынша)

1.2. Өндіріс процесіндегі құралдар:

-  аяқталмаған өндіріс

-  өзіндік жартылай фабрикаттар

-  болашақ кезең шығындары

2. Айналыс қорлары (айналыстағы  айналым қорлары)

2.1. Өткізілген өнім

- кәсіпорынның қоймасындағы дайын  өнім

-  тиелген, бірақ әлі төленбеген  өнім

-  қайта сатуға арналған тауарлар

 

2.2. Ақша қаражаттары

-  касса

-  есеп айырысу шоты

-  басқа да ақша қаражаты

- басқа да кәсіпорындармен және  ұйымдармен есеп айырысу

3. Айналым капиталының жалпы сомасы

Өндірістік айналым капиталы+ Айналыс  қорлары

Е с к е р т у - [5, 98б.] әдебиеті негізінде автормен құрастырылған




Информация о работе Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау