Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 10:25, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастар,нарықтық экономика жағдайында қол жеткізілген ғылыми-техникалық прогресті,өндірістің шаруашылық етуі мен басқаруының тиімді нысандарын игеру негізінде кәсіпорыннан іс әрекетсіздікті жоюды, кәсіпкершілікті белсендіруді,өндіріс тиімділігін,өнім мен қызметтің бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылатуды талап етеді.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................4

I КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
1.1Негізгі өндірістік қордың экономикалық мәні мен құрамы...............................6
1.2Айналым қорларының негізгі қорлардан айырмашылығы..............................11
1.3Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері мен негізгі қорды қолданудың тиімділік көрсеткіштері...............................................15

II Кәсіпорындар Қорлары:оларды жоспарлау және бөлу
2.1 Негізгі қордың тозуы...........................................................................................22
2.2Негізгі қордың тиімділігі. Қор қайтарымы........................................................24

III ИНДУСТРИАЛДЫ - ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................................................33

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................................40

Работа состоит из  1 файл

Курс_Кәсіпорын қорлары оларды жоспарлау және бөлу)))))))))).docx

— 93.13 Кб (Скачать документ)

Негізгі қорды еептеу және бағалау оның кәсіпорын экономикасы элементтерінің жалпы құрамындағы сандық үлесі жөнінде сөз етуге мүмкіндік береді                                                                                                              Амортизация жоспарлы түрде негізгі қордың құнын толтыру болып табылады. Негізгі қорды бағалау үшін мынандай экономикалық көрсеткіштерді қолданылады:Қор қайтарымы,Қор сыйымдылығы,Қор жарақтылығы.             Қор қайтарымы ғылыми техникалық прогресс шартын өсіріп, жабдықтармен алмастырады, яғни кәсіпорынға жұмсалатын еңбек шартын жақсарту бағытын игеру, табиғатты қорғау және тағы басқа көптеген шарттарын көбейту.

  2) Қор сыйымдылығы белгілі бір өнім өндіруге жұмсалған қордың шығынын көрсетеді.Қор сыйымдылығы өнім мөлшері Қор қайтарымына қарама қарсы.Егер Қор қайтарымы тенденцияны өсіруге тиісті болса,ал Қор сыйымдылығы керісінше төмендетеді.

 

 

Болашақ кезеңінің шығындары заттық емес түрде кездесетін айналым қорының элементі бұл шығындарды берілген уаұытта өндіріп оларды болашақ кезеңнің, өндірілетін өнімнің өзіндік құнына қосатын шығын арқылы өтейді.

Негізгі өндірістік құралдар мен айналым құралдары тығыз байланысты. Бухгалтерлік есептеулерде жұмыс жасап тұрған негізгі қорлар баланстық құны бойынша есептеледі.                                                                                                                                                           

Қор қайтарымы – негізгі  қорларды пайдалану тиімділігінің  маңызды жалпылама көрсеткіші.

Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту өнім шығару көлемін көбейту,өзіндік  құнды  төмендету, өнім сапасын жоғарылату,мүлікке  деген салықты төмендету және жалпы пайданы жоғарылату есебінен кәсіпорын жұмысының қаржылық нәтижесінен  байқалады. 

Негізгі қорды тиімді пайдалануды  жоғарлатуға әсер ететін факторларды толық қарастырамыз,оларға:

  1. Негізгі қорды уақытылы,сапалы  жоспарлы – алдын ала және күрделі жөндеулерден  өткізу;
  2. Жоғары сапалы негізгі қорларды сатып алу;
  3. Қызмет атқаратын жұмыскерлердің  біліктілігін жоғарлату
  4. Негізгі қордың әсіресе қарқынды бөлігінің тым моральдік және физикалық тозуын өткізу алмау мақсатында уақытылы жаңартулар жүргізу;
  5. Жоғары технологиялы негізгі қорларды сатып алу;
  6. Кәсіпорынды артық жабдықтар,машина және  басқа да негізгі қорлардан немесе оларды жалға беруден  босату. 

Негізгі қорды тиімді пайдалануды жоғарлатуға әсер ететін,жобалық көрсеткіштерді факторлық талдау 8 - кестеде көрсетілген.

Негізгі қорды тиімді қолдануының  өзгеруіне әр бір фактордың әсері  қарастырылған:

1) Негізгі қорды уақытылы,сапалы  жоспарлы – алдын ала және күрделі жөндеулерден  өткізу:

Бұл шара негізгі қорларды  уақытылы жоспарлы-алдын ала және күрделі  жөндеулер жүргізбеуге байланысты туындайтын жоспарланбаған жеке тораптардың  және агрегаттардың жүйеден шығуынан сақ болуға әсерін тигізеді.

Әсіресе негізгі қорлардың жүйеден тыс болмау себебінен,олардың жылдық жалпы жұмыс көлемінің көрсеткіші 240 (1) сағатқа  артты, шараны жүзеге асырғаннан кейін  өндіріс көлемі 4 599,0 мың теңгеге (2) және таза кіріс 936,0 мың теңгеге (3) өсті. 

2) Жоғары сапалы негізгі қорларды сатып алу:

Қарастырып отырған шара  да,жоғары сапалы негізгі қорларды сатып алу себебімен  алдын ала қарастырылмаған  негізгі қорлардың  тоқтап тұруынан  сақтайды. Бұл шара да, жылдық жалпы  жұмыс көлемінің  көрсеткіші 240 (1) сағатқа  артуын, шараны жүзеге асырғаннан кейін  өндіріс көлемі 4 599,0 мың теңгеге (2) және таза кірістің 1 136,0 мың теңгеге өсуіне  әсерін тигізеді. 

3) Қызмет атқаратын жұмыскерлердің  біліктілігін жоғарлату:

ЖШС Қазақмыс Корпорациясының «Балқаштүстімет» ӨБ ҚБ практикасы көрсеткендей қызмет атқаратын қызметкерлердің төмен біліктілігі өндірістің жұмыс нормативін және технология процесін сақтамаған себептен,негізгі қорлардың  тоқтап қалуына  әкеліп соғады.

Осыған байланысты  келтірілген  шара  негізгі қорлардың  жұмыс  уақытының  саны көбеюіне әсер етеді.Әсіресе, келтірілген есептер бойынша  негізгі қорлардың жалпы жұмыс уақытының бір жылға көрсеткіші  240 сағатқа (1), өндіріс көлемі 4 599,0 мың теңгеге (2) және таза кірістің 986,0 мың теңгеге (3) өсуіне әсерін тигізеді. 

Шаралар

атауы

Негізгі қордың 1 жылғы жалпы уақыты, сағ.

Өндірілген өнім көлемі

1 машина-сағат, мың. теңге

Шараны қолд-нан кейінгі өнім көлемінің  өсуі мың тг

Өндірілген өнімніңөзіндік құнының  өсуі мың тг

Шараны қолд-нан ке-йін таза кірістің өсуі мың тг

дейін

кейін

дейін

кейін

  1. Негізгі қор-ды уақытылы, сапалы, күрделі жөндеуден өткізу

6600

7320

125,6

125,6

90 463,0

66 338,0

24125,0

2. Жоғары са-палы негізгі қорды  сатып алу;

6600

7 320

125,6

125,6

90 463,0

66 388,0

24 075,0

3. Қызмет ат-қаратын жұмыс-кердің  білікті-лігін жоғарлату

6 600

7 320

125,6

125,6

90 463,0

66 288,0

24 175,0

4. Негізгі қор-дың әсіресе қар-қынды  бөлігінің тым моральдік және  физикалық тозуын өткізіп алмау  мақса-тында уақыты-лы жаңарту  жүргізуі

6 600

7 320

125,6

125,6

90 463,0

66 388,0

24 075,0

5. Жоғары техно-логиялы негізгі  қорды сатып алу

6600

6600

125,6

150,8

165 850,0

121 070,

44779,0

6. Кәсіпорынды артық жабдық,, машина,    негізгі қордан немесе оларды  жалға беруден босату

х

х

х

х

х

х

1200,0


 

4) Негізгі қорлардың әсіресе қарқынды бөлігінің тым моральдік және физикалық тозуын өткізіп алмау мақсатында уақытылы жаңартулар жүргізу:

Кез келген кәсіпорын пайда табу мақсатымен,сонымен қатар кәсіпорын қызметін қарқынды өсіруді қамтамасыз етуге,өнімнің  негізгі түрлерін  тоқтаусыз өндіруге  қабілетті негізгі қорлармен  жабдықталуға ұмтылады.

Егер де,кәсіпорында моральдық және физикалық тозған негізгі қордың болуы, оның нарықта бәсекеге түсу және тұтынушылардың қажеттілігін өндіретін өніммен қамтамасыз ету жағдайы болмайды.Бұл жағдай кәсіпорынның  барлық қызметіне,шығынға ұшырауына және банкротқа түсуіне әсер етеді.

Сонымен,келтірілген есепке сәйкес,шараның мәліметтері негізгі құралдардың жалпы жұмыс уақытының көрсеткіші бір жылға 240 сағатқа (1), өндіріс көлемі 4599,0 мың теңгеге (2) және таза табыс 1136,0 мың  теңгеге (3) өседі.Қарастырылып отырған шара жоғарғы шаралармен айырмашылығы өндірілген дайын өнімнің көлемінің және өтілуінің өсуіне әсер тигізеді,осыған байланысты  өндіріс көрсеткіштерінің көлемі 18 394,0 (1) мың теңгеге және таза кірістің 4 946,0 мың теңгеге (2) өседі.

6) Кәсіпорынды артық жабдықтар,машина және  басқа да негізгі қорлардан немесе оларды жалға беруден  босату.

Қарастырылған  барлық  шаралар  жүзеге асырылғаннан кейін іс жүзіндегі  2010 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда,)қоррентабелі 0,7 мың теңгеге өседі және негізгі қорлардың орташа жылдық құны 1000,0 теңгеге 4,8 мың теңгені құрайды.

 

 

 

Ш ИНДУСТРИАЛДЫ - ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ  ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Қазақстан үшін ғылыми-техникалық саясатты дамыту – дағдарыстан шығудың тиімді жолдарының бірі.Ғылым мен өндірісті ұштастыру, озық технологияларды игеру жаңа жұмыс орындарын ашуға мол мүмкіндіктер туғызады.Мұның өзі саяси-әлеуметтік мәселелерді шешудің бір жолы. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өркендеуі тікелей ғылыми-техникалық саясаттың дамуымен байланысты.

Ғылыми-техникалық саясат көпқырлы кешенді процесс,ол қоғамдағы барлық саяси-әлеуметтік,экономикалық үрдістерімен тығыз байланыста дамиды.

1777 жылы жарық көрген И.Беккманның  «Технология бойынша жетекшілік  немесе қолөнерді фабрикалар  мен мануфактураларды тану»- деп  аталатын еңбегінде, қоғамның  экономикалық өркендеуі тікелей  ғылым мен техниканың өзара  бірлікте дамуымен байланысты  – деп тұжырымдаған.

Ғылымды – өндіргіш күш ретінде танып,зерттеудің негізгі ХVII-XVIII ғасырға тән деп айтуға болады.Ғылым мен техниканың қоғамдық қатынастар жүйесіндегі ықпалын зерттеуге ағылшын философы,әрі саяси қайраткері Ф.Бэкон зор үлес қосты.«Жаңа Атлантида» мемлекеті туралы әйгілі еңбегінде ол қоғамның өндіргіш күштері ғылым мен техниканың көмегімен дамыған мемлекеттерді атап көрсетті.Ф.Бэкон барлық қоғамдық проблемаларды ғылымның көмегімен шешуге болады – деп түсіндіреді.

Жалпы «ғылыми-техникалық саясат»  түсінігінің ғылыми айналымға енуі ХХ ғасырдың 50-жылдарына тән.Алғашқыда батыстың ғалым-экономистері ғылыми салаға жаңа термин ретінде енгізіп,кең қолданған.Бұл түсінік бірте-бірте қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың зерттеулерінде белсенді түрде қолға алынып,дербес зерттеу  саласы ретінде қалыптасқан.

Жаңа басым бағыттардың бірі нанотехнология саласына қысқаша тоқталатын болсақ, нанотехнология «си» өлшем  жүйесінде «нано» миллиардтың бір  бөлігі деген үлесті білдіреді .

Нанотехнологияның басты жетістіктерінің  бірі атомның ішіндегіні көруге болатын  микроскоптардың қолданысқа енуі.Нанотехнология арқылы иненің ұшына ағылшын сөздігінің 28 томын сыйдыруға болады.Нанотехнологияларды дамытудың арқасында медицинада мүлдем таңғажайып дүниелер орын алып отыр.Бұлар осыған дейін көзге көрінбеген тың білімдерді ашатын мүлде жаңа технологиялар нәтижесінде іс жүзінде жаңа әлем,жаңа өлшемдер ашылды.

Қазақстандағы перспективалы ғылыми-техникалық басым бағыттар



 


 

биотехнология

 

нанотехнология

 

ғарыштық қызмет


 

көмірсутекті және тау-кен металлургиялық өнеркәсіп үшін қажетті технологиялар

 

ақпарттық-коммуникациялық технологиялар


 

 Қазақстандағы  ғылыми-техникалық саясатты дамытудағы жаңа бағыттар шығарылады.Бүгінде  дүниежүзінің көптеген елдері нанотехнология мен биотехнологияны дамытуға кірісті.Ресей үкіметі нанотехнологияны дамытуға миллиард қаржы бөліп,жаңа лабораториялардың негізі қаланса,Қазақстанда нанотехнологияны игеруге кадрлар дайындау туралы жаңа бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.Демек, елімізде нанотехнологияны дамытудың іргетасы қаланды.Келесі ғылыми-техникалық дамудың жаңа бағыттарының бірі биотехнология болып табылады. Биотехнология әлемде ерекше саяси сипат алып отыр.Дүниежүзінің көптеген елдерінде биотехнология ғылым мен саясаттың басын қосатын жаңа салалардың бірі,ғылыми-техникалық саясаттың маңызды бөлігі ретінде қарастырылады.Автордың пайымдауынша Қазақстанда биотехнология бағытын дамыту перспективалы болып табылады, себебі біздің елімізде бидай және басқа да дақылдар көп өсіріледі.Біздің елімізде биотехнологиялық саланы әрі қарай дамыту үшін – қомақты қаржыландыру, осы заманғы құрал-жабдықтар ең бастысы сауатты ғылыми потенциал керек.

Ғылыми потенциалдың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың негізгі бағыттары



 

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Стратегиялық мақсаттарды дамыту


 

Ұзақ мерзімді экономикалық бағыттар

Ғылымның жетістігін өндірісте толықтай қолдау


 

Жоғарғы ғылымға қажеттілік пен әдістемелікті  қатар дамыту

Ғылым мен техниканы дамытудың  әлемдік талаптарға сай болуы


 

Қазақстанда ғылыми-техникалық дамудың  жаңа бағыттарының бірі ғарышты бейбіт мақсатқа игеру,ғарыш кеңістігін зерттеу болып отыр.Ғарышты игеру де – осы заманғы ғаламдық мәселелердің бірі.Қазақстан әлемдік косманавтикада сирек кездесетін ғарыш кешенінің иесі,оны жалға беруші ғана емес өзінің ғарышкері,ғылыми-ғарышты игеру бағдарламасы бар ел.Ғарыштық қызметті дамыту – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы.Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы,инновациялық дамудың басты міндеттері мен негізгі механизмдерін анықтайтын саяси стратегиялық құжат болып табылады. Бұл қабылданған стратегияның мәні зор,еліміздің экономикасын әртараптандыруда ғылымның дамуы арқылы өндірісті іске қосу инновациялық дамудың деңгейін көтеру Қазақстанның стратегиялық міндеттерінің бірі.Бұл стратегияда еліміздегі ғылым мен білімнің,технологиялық дамудың негізгі механизмдері анықталған.

Қазақстанның технологиялық дамуда артта қалуының басты себептері:

1.Экономиканың  шикізаттық  бағыттылығы.

2.Әлемдік   экономикаға  ықпалдасудың әлсіздігі.

3.Ғылыммен  өндірістің арасында ұтымды байланыстың  болмауы.

4.Өндірістік және әлеуметтік  инфроқұрылымның белсенділігінің төмен болуы.Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында Қазақстанда 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы қабылданды.Автордың пайымдауынша индустриалдық-инновациялық даму  демократиялық және экономикалық жағынан мықты дамыған білімді Қазақстан құрудың басты баспалдағы.Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасын дамыту, халықтың әл ауқатын көтеру,еліміздің технологиялық артта қалуын жою мақсатында қабылданған стратегия ғылыми-техникалық саясатты дамытудағы шешуші қадамдардың бірі.Стратегияның даму динамикасы 3 кезеңді қамтиды:

Информация о работе Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау