Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 19:45, курсовая работа
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардьщ айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің жалпы мемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бүл буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.
Мазмұны....................................................................................................
Кіріспе
1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны .
1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың жэне мекемелердің сыныптамасы.,....
1.3. Негізгі үйымдық-құқықық нысандардың шаруашылық жүргізуші
субъектілері қаржысының ерекшеліктері .
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ¥ЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ
ҚАРЖЫСЫ .
Коммерциялық емес сфера ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны
және оны үйымдастыру ...
Коммерциялық емес қызметгің ұйымдары мен мекемелерін
қаржьшандырудың көздері ...................................
2.3. Коммерциялық емес сфера ұйымдар мен мекемелердің шығыстары .
Қорытынды.....................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер .
1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің
сыныптамасы
Шаруашылық жүргізуші субъектілер – кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоцияциялар, ұлттық компаниялар және басқалары), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастьрудың сипатына елеулі әсер етуі мүмкін.
Айырудың ең жалпы белгісі кәсіпорындар мен ұйымдарды қызмет сфераларының біріне - материалдық немесе материалдық емес сфераға жатқызу болып табылады. Қызметтің материалдық сферасыныц кәсіпорындары бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатьш материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды.
Бүл сферада жасалған өнімнің бір бөлігі оның салалары ішінде (өндірістік тұтынудың енімдері) тұтынылады, басқа бөлігі түпкілікті тұтынуға, соның ішінде өндірістік емес сферада бағытталады. Өндірістік емес сфера қызметінің нәтижелері қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді жасаудың процесі, әдеттегідей, оларды тұтыну процесімен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтауға жатпайды.
Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары бұл сфералардың қаржысын ұйымдастыруға — қаржыландыру, өнімдер мен қызметтер құнының жасалу процестеріндегі қаржы қорларының қозғалысы ксзінде де, сондай-ақ қызметтің қаржы нәтижелерін қальштастыру — қорланымдарды, табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді. Мысалы, материалдық сфера қорларынын қозғалысында өндірістік босалқы қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес сфераға сипатты емес бірқатар басқа процестердің козғалысымен байланыстылары елеулі орын алады.
Қаржы қатынастарының мазмұны мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жұмысын ұйымдастыруға олардың салалық тиістігі, ұлттық шаруашылықтың текникалық - экономикалық ерекшеліктері айтарлықтай ықпал жасайды.
Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындардың қаржысының өзгешелігі едәуір дәрежеде кәсіпорынның іс-әрскет ететін саласына да байланысты болып келеді.
Қаржының
салалық ерекшеліктері
Сыныптаманың келесі ірі белгісі кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қаржылық қызметінің сипаты — коммерциялык және коммерциялық емес қызметі болып табылады.
Коммерциялық қызметтіц мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жүмыс істейді.
Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жэнс қамсыздандыру, құқық тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым коммерциялық емес секторда қалып отыр. Коммерциялық емес қызмет табыс (пайда) алуға емес, бүкіл қоғам үшін, соның ішінде халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге қажет функциялар мен іс-кимылдарды орындауға бағытталған.
Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет болып межелену Қазақстан Республикасының Азаматгық Кодексінде бекітіліп берілген, онда заңды түлға үғымы анықталады. Заңды тұлга деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құкығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін ұйымды айтады. Өз атынан мүліктік жэне мүліктік емес жеке қүқықтық міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады.
Өз
қызметінің негізгі мақсаты ретінде
пайда келтіруді көздейтін (
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес үйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылык мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады.
Сыныптаудың бұл белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру қызметті қамтамасыз етудің түрлі қағидаттарына: коммерциялық есепке немесе белгілі бір деңгейде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажетгіліктерін жабатын бюджеттік царжыландыру есептелген. Егер мекеме коммерциялық және коммерциялық емес кызметті ұштастыратын (үйлестіретін) болса, онда бұл кызмет тиісті қаржылық зардаптарға ұшыратады: мүндай қызметтің өзін-өзі қаржыландырылуың ұйымдастыру, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу, алынған табыстарды немесе пайданы бөлу.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудьщ маңызды белгісі меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі (қатыстылығы) болып табылады. Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жеке меншік азаматтардыц және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері ретінде болады, жеке меншіктің айырықша түрі ретінде қоғамдық ұйымдардыц менгшігі болады.
Мемлекеттік меншік республикалық жэне коммуналдықменшік болып ажыратылады.
Меншікгің аталған нысандарының ішінде шаруашылык жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының көптеген түрлерін (санын) туғызатын әр түрлі шаруашылық қүрылымдары қалыптасуы мүмкін:
ІМемлекеттік меншікке негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, соның ішінде:
республикалық — Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуының жалпымемлекеттік міндеттерін шешу үшін;
коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар — тиісті аумақтың халқының әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін, жергілікті бағанышта болады.
1.Заңды тұлғалардың жеке менгиігіне негізделген кәсіпорындар: әр түрлі түрпаттағы шаруашылық серіктестіктері, соның ішінде акционерлік қоғамдар, кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдар.
2.Қоғамдық бірлестіктердіц меншігіне негізделген кәсіпорындар.
4.Құрылтайшылардың, соның ішінде шетелдік заңды тұлғалар мен азаматгардың мүлкін біріктіру негізіндегі бірлескен кәсіпорындар.
5. Азаматтардың меншігіне негізделген жеке меншікті кәсіпорындар.
б.Меншіктің жоғарыда келтірілген әр түрлі нысандарының қатысуындағы аралас кәсіпорындар.
Меншіктің барлық нысандарының теңдігі мен меншік субъектілерінің құқығын теңдей қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілденілген.
Шаруашшық
жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексімен
анықталған, ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің
құқықтық тәртібіне айтарлықтай өзгерістер
енгізді.
Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен олардьщ мөлшерін ажырата білген жөн. Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары меншік нысанымен — мемлекеттік, жеке (әр түрлілігімен) меншікпен анықталады. Мөлшері бойынша кәсіпорындар шағын, орта және үлкен болуы мүмкін. Кез келген нысан шағын, орта және үлкен болуы мүмкін. Заңнамалық тәртіппен қызметтің әр түрлі сфералары шағын кәсіпорындарының өндірістік және ұйымдық міндеттерді жедел шешуге мүмкіндік беретін тиімді құрылымдар ретінде олардың дамуын ынталандыру мақсатында параметрлері анықталуы мүкін.
Жалпы меншіктін әр түрлі нысандары кәсіпорындарының қаржысы ортақ қағидаттарға негізделген. Алайда бұл кәсіпорындардың ұйымдық құқықтық мәртебесіндегі айырмашылықтар кәсіпорындарды басқару механизмінің кейбір ерекшеліктерін, мүліктік жауапкершілік сипатын және осымен байланысты болатын қаржы ресурстарын қалыптастырып, бөлудің нысандарын анықтайды.
Бұл ең алдымен жарғылық капиталды қалыптастыру көздеріне, табысты бөлуге және бюджетпен өзара қатынастарды ұйымдастыруға қатысты болып отыр.
Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-қүқықтық нысаны жарғылық капиталды жасаудың процесіндегі қаржы қатынастарының мазмұнын анықтайды.
Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарын жіктеудің критерийлері мыналар болып табылады: меншіктің түрі, меншіктің субъектісі, мүлік иесінің мүліктік жауапкершілігінің сипаты (толық, шектелген, қосымша) және кәсіпорынды басқарудың механизмі. Осы критерийлерді ескере отырып, кәсіпорындар жеке, жекеше, серіктестіктер (толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғамдар), кооперативтік, жалгерлік, мемлекеттік, шетелдік және бірлескен кэсіпорындар ретінде күрыла алады. Олардың барлығы бірыңғай заңдылық негізде ісәрекет етеді және кэсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың ортақ қағидаларына бағынады.
Экономиканы реформалау, нарықтық қатынастардың дамуы мемлекеттік, жекеше немесе ұжымдық меншікке негізделген түрлі ұйымдық-құкықтық нысандардың кәсіпорындары мен ұйымдарының қалыптасуын қажет етеді. Соңғы екеуі меншіктің мемлекеттік емес нысанын құрайды.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің әр түрлі сыныптамалық сипаттамаларының сан алуандығы, олардың шаруашылық органдар бөлігіңдегі мүмкін болатын ұштасуы қаржы жүйесінің бүл буынының қаржы механизмін күрделілендіреді, оны үнемі жетілдіруді, қызметі айқын заңнамалық реттемелеуді, жақсы жолға қойылған басқаруды және қаржылык процестерді бақылауды қажет етеді.
1.3.
Негізгі ұйымдық-қүқыктык
нысандардын шаруашылық
жүргізуші субъектілері
қаржысыныц ерекшеліктері
Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен шаруашылық жургізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктің дамуы кезінде жұмыс істейді.
Кәсіпорындарды ұйымдық-құқыктық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндірістік-шаруашылык қызметін қаржыландыруға, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне әкеп соғады.
Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы, өндірістік кәсіпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, таза табыс); банк кредиттері; бағалы кағаздар шығарудан түсетін қаражаттар; мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтрде — кооператив мүшелерінің үлестік жарналарыньщ қаражаттары. Практикада көбінесе меншіктің аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздері бойынша оларды қүрудың аралас нысандары кездеседі. Мысалы, негізгі құралдар мен айналымдағы активтердің үлкен бөлігі мемлекетке жататын мемлекеттік кооператвтерде қызметкерлердің үлестік жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлік коғамдарда да осылай.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін жалға бергенде айрықшалықты төлем жалға берілген мүлік құньшың амортизациялык аударымдарын, жалға беру мерзімінің өтуіне қарай объектілерді жөндеу үшін жалдаушының жалға берушіге беретін каражаттарын, жалға алынған мүлікті қоғамдык қажетті пайдаланудан түсетін пайданың (табыстың) бір бөлігін (жалгерлік пайызды) кіріктіретін жалгерлік ақы қолданылады.
Өндірістің бастапқы қорларының қалыптасуына сәйкес шаруашылык қызметінің мынадай каржылық нәтижелері бөлінеді және пайдаланылады: таза табыс, пайыздық табыс, дивидендтер, үлестік табыстар, бюджеттің (бюджеттік кредиттердің) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.
Үлестік
жарна негізінде жүмыс істейтін
кәсіпорындардың —
шаруашылық серіктестіктерінің,
кәсіпорындардың
қаржысын ұйымдастыру мұндай кәсіпорындар
қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды
әрбір қатысушының мүліктегі үлесіне
сәйкес кейінгі бөлудің ерекшеліктерімен
анықталады. Мұндай кәсіпорындардың құрылтайшылары
мен қатысушылары өздерінің жарналарын
ақша қаражаттары, мүліктің әр түрлі түрлері
(үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және
басқаларының), мүлікті қүқықтар (жерді,
табиғи ресурстарды, мүлікті, зияткерлік
(интеллектуалдық) меншікті пайдалану
құқықтары) түрінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің; "Шаруашылық серіктестіктері туралы" заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылык, серіктестігі — жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз кызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестігінің мынандай нысандары белгіленген: