Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 19:45, курсовая работа
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардьщ айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің жалпы мемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бүл буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.
Мазмұны....................................................................................................
Кіріспе
1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны .
1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың жэне мекемелердің сыныптамасы.,....
1.3. Негізгі үйымдық-құқықық нысандардың шаруашылық жүргізуші
субъектілері қаржысының ерекшеліктері .
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ¥ЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ
ҚАРЖЫСЫ .
Коммерциялық емес сфера ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны
және оны үйымдастыру ...
Коммерциялық емес қызметгің ұйымдары мен мекемелерін
қаржьшандырудың көздері ...................................
2.3. Коммерциялық емес сфера ұйымдар мен мекемелердің шығыстары .
Қорытынды.....................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер .
Коммерциялық емес сфера мекемелеріндегі қызметтер көрсету (жасау) ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен, өзгеше қаржы қатынастарымен қосарланып отырады.
Бұл қатынастардың бастапқы табыстар мен қорларды алғашқы бөлу мен құру процесінде болмауы оларға ортақ сипат. Сонымен бірге олардың негізінде өндірістік (коммерциялық) емес сала мекемелері мен ұйымдарының қаржы көздері қалыптасады.
Коммерциялық емес қызмет түрлері мен салаларында мынадай қаржы қатынастары қалыптасады:
сала мен бюджет арасындағы қаржыландыру ретінде қаражаттарды алумен жэне кейбір жағдайларда бюджет алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындаумен байланысты қатынастар;
қаржы ресурстарын болумен және орталықтандырумен байланысты жоғарғы және төменгі органдар арасындағы ішкі салалық қатынастар;
шаруашылық жүргізуші субъекгілердің, яғни олардың бөлімшелері арасындағы қаржы қатынастары;
салааралық – түрлі салалардың ұйымдары арасындағы ақша қатынастары;
еңбекке ақы төлеу жөніндегі ұйымдар мен олардың қызметкерлері арасындағы қатынастар;
ұйымдар, мекемелер және олардың тұтынушылары арасындағы (көрсетілген қызметтерге ақы төлеу жөніндегі) қатынастар жэне т.т.
Қызметтің айрықшалықты түрлеріндегі өзара байланыстардың тым қысаң анықтықты сипаттайтын қатынастардың қалыптасуы мүмкін, мысалы:
қоғамдық ұйымдар мен олардьщ мүшелері арасында жарналарды — кіру және мүшелік жарналарды төлеу, сондай-ақ осы ұйымдардың мүшелеріне белгілі бір жетістіктер мен қызмет нәтижелері үшін көтермелеулік сипаттағы төлемдер бойынша;
коммерциялык ұйымдар мен олардың демеушілері арасында ұйымның, қызметін қолдап отыру үшін материалдық және ақшалай нысандарда қаражаттар беру жөнінде;
сақтық компанияларында ұйымдардың белгілі бір контингентінің (әскери қызметшілердің, күш ведомстволары мен салық службалары қызметкерлерінін және т.т.) қарым-қатынастары;
сондай-ақ белгілі бір шарттардағы кредит қатынастарының болуы мүмкін.
Аталынған қаржы катынастары ақша қорларын қалынтастыру, болуды және пайдалануды білдіреді, оларды мынадай негізгі топтарға біріктіруге болады:
ұйымдар мен мекемелердің пайдалану қызметін камтамасыз ететін қорлар;
күрделі жұмсалымдар қорлары;
көтермелеу және ынталандыру сипатындағы қорлар;
қызметкерлер мен контингенттерге (мысалы, оқу орындарындағы оқушыларға, емдеу мекемелеріндегі ауруларға) қызмет көрсетушілердің материалдық, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық мұқтаждарын канағаттандырумен байланысты қорлар;
негізгі қызметі дамыту қорлары.
2000-2004 жылдардағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің құрылымы
қорытындыға %-бен
2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | ||
Түсімдер | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | |
Табыстар | 98,0 | 98,3 | 98,4 | 98,3 | 98,6 | |
Салық түсімдері | 89,3 | 86,7 | 93,2 | 94,3 | 92,2 | |
корпорациялық табыс салығы | 31,2 | 26,6 | 27,8 | 28,8 | 32,3 | |
қосылған құн салығы | 22,0 | 25,2 | 23,4 | 24,4 | 20,5 | |
акциздер | 3,7 | 3,4 | 3,4 | 2,8 | 2,5 | |
жеке табыс салығы | 9,7 | 10,8 | 10,3 | 9,8 | 8,3 | |
әлеуметтік салық | 18,9 | 19,5 | 17,8 | 16,6 | 14,2 | |
мүлік салығы | 2,8 | 3,3 | 3,2 | 2,9 | 2,7 | |
жер салығы | 1,1 | 0,9 | 0,7 | 0,6 | 0,5 | |
сыртқы экономикалық қызметтен
түскен табыстар |
3,5 | 4,1 | 5,1 | 4,5 | 4,2 | |
өзгеде табыстар | 7,1 | 6,3 | 8,3 | 9,5 | 14,8 | |
Салықтан тыс түсімдер | 6,6 | 9,9 | 5,6 | 4,5 | 6,3 | |
Капиталмен жасалған операция-лардан түскен табыстар | 4,2 | 3,5 | 1,2 | 1,2 | 1,5 | |
Алынған ресми трансферттер | 0,5 | 0,0 | 0,0 | 0,0 | 0,0 | |
Кредиттерді қайтару | 1,4 | 1,7 | 1,6 | 1,7 | 1,4 | |
Шығыстар | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | |
олардан: | ||||||
жалпы сипаттағы мемлекеттік
қызметтер |
5,8 | 6,7 | 5,5 | 6,1 | 6,5 | |
қорғаныс | 3,4 | 4,3 | 4,5 | 4,4 | 4,5 | |
қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік | 7,9 | 8,5 | 9,3 | 8,6 | 9,2 | |
білім беру | 14,1 | 14,0 | 14,5 | 13,9 | 14,8 | |
денсаулық сақтау | 9,0 | 8,2 | 8,5 | 8,4 | 10,2 | |
әлеуметтік қамсыздандыру
және әлеуметтік көмек |
28,4 | 24,6 | 24,1 | 22,4 | 21,1 | |
мәдениет,спорт,туризм және
ақпараттық кеңістік |
2,9 | 2,4 | 2,7 | 3,2 | 5,4 | |
тұрғын үй–коммуналдық шаруа-
шылық |
3,7 | 4,0 | 3,0 | 3,2 | 3,4 | |
отын -энергетикалық кешен | … | 0,7 | 0,9 | 0,8 | 2,0 | |
ауыл, су, орман, балық шаруашы-
лығы және қоршаған ортаны қорғау |
1,9 | 3,0 | 3,4 | 4,4 | 5,6 | |
өнеркәсіп және құрылыс | 1,2 | 0,6 | 0,7 | 0,4 | 0,2 | |
көлік және байланыс | 6,3 | 5,8 | 6,9 | 7,7 | 8,1 | |
өзгелер | 5,2 | 7,8 | 5,8 | 8,1 | 5,6 | |
ресми трансферттер | 1,5 | 1,2 | 2,7 | |||
борышты өтеуге қызмет көрсету | 5,9 | 5,0 | 4,7 | 3,3 | 0,7 | |
кредиттеу | 4,3 | 4,4 | 4,0 | 3,9 | 2,7 |
2.2.
Коммерциялық емес қызметтің
ұйымдары мен мекемелерін
қаржыландырудың көздері
Коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландыру көздері әр түрлі болып келеді. Оларды бұл құрылымдардың іс-әрекет етуіне мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады. Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттіц қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бүған мемлекеттік басқару, құкықтық тәртіпті қорғау, қорғаныс, ішінара білім беру және денсаулық сақтау жатады. Іргелі ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың басым бөліғі осы қаражаттар есебінен қаржыландырылады. Бюджет ресурстары сондай-ак мәдениет пен шығармашылық мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарайларды, театрларды, филармонияларды, музыкалық ұжымдарды, ансамблдерді, мемлекеттік теле және радиостудияларды, киностудияларды және т.т. қолдап отыруға пайдаланылады.
Коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырудың маңызы жағынан екінші көзі көрсетілетін қызметерден, орындалатын жұмыстардан алатын табыстары (түсім-ацша) түріндегі меншікті қаражаттары, сондай-ақ ведомствоға қарасты кәсіпорындарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс (пайда) ұйымның меншігіндегі басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады.
Қызымет көрсетуден алынған түсім-ақша ұйымньщ оларды орындауға жұмсаған шығындарын жабады және ұйымның одан әрі өздігінше дамуына жеткілікті таза табысты (пайданы) қамтиды. Мүндай эдістермен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен шығармашылық мекемелерінің қызметтеріне деген халықтын қосымша қажеттіліктері қаржыландырылады.
Меншікті көздердің қатарына сонымен бірге ғимараттарды, кұрал-жабдықты және ұйымның басқа мүлкін жалға беруден алынатын қаражаттар , мүлік пен ғимараттарды кепілдікке беруден алынатын қаражаттар жатады.
Қаржыландырудың үшінші көзі — банктердің кредиттері. Бүл көзді ақылы қызмет көрсететін ұйымдардың пайдалануы мүмкін, өйткені қарыз қаражаттарын қайтарудың қажеттігі ұйымның кредитті пайдалану уақытынан асып түсетін мерзімі бойынша жақсы жолға қойылған, бірқалыпты жұмыс істеуін керек етеді. Қаржыландырудың бұл әдісі, кредит қаражаттарының қамтамасыз етілуі мен өтімділігін кепілдендіретін әдіс ретінде, қарамағында ведомствоға қарасты кәсіпорындары бар ұйымдар үшін аса қолайлы болып келеді.
Қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарды (саяси партиялар, кәсіптік, шығармашылық одақтар, азаматтардың діни бірлестіктері, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар және басқаларын) қаржыландырудың айрықшалықты әдісі олардың қатысушыларының мүшелік жарналары болып табылады. Олардың қаржылық өзара байланыстары қоғамдық бірлестіктердің өздерінің қызметін ұйымдастыруға байланысты өзгешелігімен және сипатымен бөлектенеді, Қоғамдык бірлестіктерді ұйымдастырудың серіктілігі олардың қаржы ресурстарының негізгі көзі кіру және мүшелік жарналары болып келетіндігіне соқтырады: оларға бюджет қаржысын (салық төлеушілердің табысынан қалыптасатын) пайдалануға рұқсат етілмейді. Қызметтің қоғамдық сипаты бірлестіктер меншігін олардың мүшелерінің жеке-дара табыстар табуға пайдалану мүмкіндігінен айырады. Қалыптасатын қаржы ресурстары бірлестіктердің жарғысына байланысты шығындарды жабуға жүмсалады.
Материалдық өндіріс сферасының кэсіпорындары мен үйымдары тарапынан болатын қайырымдылық мақсаттарына аударылатыи аударымдар, шетелдік мемлекеттердің, үйымдардың, компаниялардың, халықаралық ұйымдардың ізгілікті көмегі әлеуметтік бағыттылық, мэдени жэне шығармашылық үйымдары мен мекемелерін, қоғамдық ұйымдарды, қорларды қаржылаңдырудың көзі ретінде қызмет атқарады. Осындай каржыландырудың алуан түрлілігі ретіндс белгілі бір үйымның немесе қызмет түрінің тұрақтылық белгісімен ерекшеліктенетін демеушілік каржъиіандыруы бола алады.
Ғылыми зерттеулерді қаржыландырған кезде гранттар — жеке адам, компания, фирма, халықаралық ұйым, мемлекет тарапынан белгілі бір бағыттағы ғылыми талдамаларды (зерттемелерді), жобаны, ғалымдардың бір тобын немесе жеке ғалымды зерттеуді аяқтап, оның нәтижелерін ендіруге немесе басқаша колдануға дейін жеткізу мақсатымен өтеусіз қолдау эдісі қолдалынады.
Коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерін ұстау және дамытуға арналған қаражаттарды толықтырудың белгілі бір көзі олардың қарамағьшдағы ресурстардың бір бөлігін коммерциялық және жинақ банктерінің депозиттеріне, сондай-ақ қаржы рыногінде бағалы қағаздарға орналастырудан алынатын табыстар болып табылады.
Қаржыландырудың
аталған көздері коммерциялық емес қызмет
үйымдары мен мекемелерінің ақша қаражаттарын
әр түрлі үйлесімдерде және аталған көздердің
толық жинақталымында калыптастыруы мүмкін.
Мысалы, білім беру жүйесінде аталған
көздердің жинақталымы толығырақ, мемлекеттік
басқаруда — екі-үш көздермен шектеледі.
Бірақ кез келген нұсқада — қаржыландырудың
қосымша көздерінің көп немесе аз болуы
—-мемлекеттік бюджеттен оның кірістсрі
мен шығыстарыньщ тізімдемесінде қарастырылған
қаржыландырудың көлемдері азайтылмайды.
Ықпал жасаудың мүндай тұтқасы ұйымдар
мен мекемелердің қоғамдық-пайдалы қызметін
дамытудағы, олардың жүмысының тиімділігін
арттырудағы ұжымның, бастамасы мен шығармашылық
ізденісін ынталандыруға шақырады.
2.3.
Коммерциялық емес
ұйымдар мен мекемелердің
шығыстары
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары қағидада, жарғыға немесе өзге бекітілген құжатта қарастырылған олардың функционалдық қызметін камтамасыз етуге бағытталған. Шығыстардың құрамы мен құрылымы ұйымның немесе мекеме қатысушыларының қызмет бағыттарының біріне тиістілігіне (катыстылығына), сондай-ақ бұл қызметті жүргізуде пайдаланылатын эдіске қарай анықталады.
Шаруашылъщ есеп пен өзін-өзі өтеу негіздерінде іс-зрекет ететін ұйымдар мен мекемелер жұмыстың қаржылық нәтижелерін есептеп, жоспарлайды және оларды кәдуілгі қаржы жоспарының немесе бизнес-жоспардың көрсеткіштерінде рәсімдейді . Бұл жағдайда өндіріс пен қызмет көрсетуге жұмсалатьш шығындардың тізбесі материалдық өндіріс сферасында жинақталатьшға ұқсас болып келеді, бірақ қүрылымында материалдык шығындардың үлес салмағы едәуір аз болып, еңбек ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдарға (әлеумепік салықты қоса) жұмса-латын шығындар басымырақ болады. Басқа құрылымдық ауытқулар болуы мүмкін, мысалы қымбат тұратын жабдық пен приборларды пайдаланатын ғылыми мекемелерде амортизациялық аударымдардың үлесі үлкен болады. Бюджеттен ішінара каржыландырылған жағдайда оның көлмі қаржы жоспарының үшінші бөлігінде — "Бюджеттен қаржы бөлу" бөлігінде қаражаттарды баптар бойынша бөле отырып, белгіленеді.
Коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдар мен мекемелер өздерінің қаржы жоспарларын өздері жасайды. Мұның үстіне тек бюджет қаражаттары есебінен қаржыланатын мекемелер шығындардың сметаларын жасайды, онда мекеме қызметінің сипатты керсекіштері және қаражаттарды баптар бойынша бөлу қамтып көрсетіледі, ал өздерінің қажеттіктерін бюджет қаражаттарымен ғана емес, қаржы ресурстарының басқа да түрлерімен қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер шығындар мен табыстардыц сметаларын жасайды.
Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржы жоспарларынан сметаның басты айырмашылығы сол, сметада шығындар анағұрлым егжей-тегжейлі негізделсе, кірістер тек әртүрлі көздер тұрғысынан бейнеленеді.
Жеке мекемелер мен ұйымдар бойынша өтпелі кезеңнің жоспарлы қаржы құжаты ретінде олардың бюджеттік емес көздері бола тұрса да шығындардың сметасы пайдаланыла беруі мүмкін: бұл жағдайда көрсетілген ақылы қызметтер шығындардың сметасында бюджеттен тыс қаражаттар ретінде бейнеленуі, не арнайы қаражаттардың ерекше сметасы бойынша жоспарлануы мүмкін.