Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 19:45, курсовая работа
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардьщ айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің жалпы мемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бүл буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.
Мазмұны....................................................................................................
Кіріспе
1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны .
1.2 Кәсіпорындардың, ұйымдардың жэне мекемелердің сыныптамасы.,....
1.3. Негізгі үйымдық-құқықық нысандардың шаруашылық жүргізуші
субъектілері қаржысының ерекшеліктері .
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ¥ЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ
ҚАРЖЫСЫ .
Коммерциялық емес сфера ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны
және оны үйымдастыру ...
Коммерциялық емес қызметгің ұйымдары мен мекемелерін
қаржьшандырудың көздері ...................................
2.3. Коммерциялық емес сфера ұйымдар мен мекемелердің шығыстары .
Қорытынды.....................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер .
1)толық серіктестік;
2)сенім серіктестігі;
3)жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
4)қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
5)акционерлік қоғам.
Толық серіктестіктің пайдасы мен залалдары қатысушылар арасында, егер құрылтайшылардың шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің мөлшеріне бара-бар бөлінеді; сенім серіктестігі мсн жауапкершілігі шектеулі серіктестікте де осылай бөлінеді.
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды Сенім серіктестігі өзінің бүкіл мүлкімен серіктестіктің міндеттемелері бойынша қосымша жауапкершілікті ниеттестікпен алып жүретін катысушыларды жэне серіктестіктің кәсіпкерлік қызметіне қатыспайтын жауапкершілігі шектелінген қатысушыларды кіріктіреді.
Қаржы катынастарының акционерлік қоғамға сәйкес белгілі бір ерекшеліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді қаржыландыру ретінде қолданғанда көрінеді. Бұған акционерлік қоғамдар қызметінің ұйымдық нысандарының әр алуандығы мүмкіндік туғызады: олар ашық немесе жабық үлгіде (яғни иелердің шектеулі тобының ішінде акцияларды таратумен), толық немесе жауапкершілігі шектеулі қоғам болуы мүмкін. Қаржыны ұйымдастыруға акциялар категорияларыныд (кәсіпорынның акциялары, еңбек ұжымының акциялары, акционерлік қоғамдардың акциялары), олардың түрлерінің (артықшылықты, атаулы, ұсьшушыға арналған акциялар) әр алуандығы әсер етеді.
Акционерлік қоғамның баланстық таза табысы заңнамамен қарастырылған тәртіппен анықталады. Таза табыс (салықтарды төлегеннен кейін) қоғамның қарамағында қалады жэне акционерлердің арасында дивидендтер түрінде бөлінеді, резервтерге, өндірісті дамытуға немесе қоғам жиналысының шешімімен қарастырылған өзге мақсаттарға аударылады. Ашық акционерлік коғам жарғылық капиталдың 15 пайызынан кем емес мөлшерде резервтік капитал құруға міндетті.
Акционерлік қоғамның мынадай жағдайда жай акциялар бойыыша дивидендтер төлеуге қүқығы жоқ:
1 )қоғамның жағымсыз меншікті капиталы кезінде;
2)егер
қоғам төлеу қабілетсіздігі
Қоғам жарғыға сәйкес салықтарды төлегеннен кейін қызметтілер ішінде бөлу үшін табыстың белгілі бір пайызын, соның ішінде ақшалай сыйақы немесе акциялар түрінде бөле алады. Дивидендтер акциялар түрінде (табыстың капиталға айналуы), облигациялармен, тауарлармен, егер бұл жарғыда қаралса, төлене береді.
Меншіктің акционерлік нысаны экономикалық жағынан дамыған елдерде тиімді жұмыс істеуде және дүниежүзілік практикада кепшілікке танылған нысан болыи табылады. Ол ұсақ меншік иелерінің көпшілігін — акция ұстаушыларды қазіргі кезеңде неғұрлын тиімді кәсіпорындарды немесе салалардың қаражаттарын калыптастыруға қатысуға араластырады (тартады), қаржы ресурстарының қызметтің аса басымырақ сфераларына қайта кұйылымына мүмкіндік жасайды. Акциоиерлік нысанның қүндылығына қаражаттардың жеке иелері үшін, тіпті жеке қаржы институттары үшін қиын болатын жеткілікті ірі кәсіпорьшдарды құру мүмкіндігі жатады. Акционерлік кәсіпорынның көлемі тек оның нарықтык сұранымның ауқымымен, басқарушылықпен, рыноктің даму перспективаларымен ғана сәйкестенеді. Акционерлік нысанның аса маңызды артықшьшығы — шидай-ақ бір кәсіпорынның басқа кәсіпорының қызметіне оның акцияларын сатып алу аркылы қатысу мүмкіндігі. Нарық жағдайында акционерлік қоғамдардардың басқа ұйымдық-құқықтық нысаңдарға қарағанда айтарлықтай тұрақтылығы болады. Бұған табысты (пайданы) қоғамныц қалыптасу мүшесіне бөлуден уақытша бас тарту, рынокті жеңіп алу, неғұрлым тұрақты табыстылықты қамтамасыз етуге және келешекте табыстың айтарлықтай өсуіне жетуге бағытталған қосымша күрделі жұмсалымды жүзеғе асыру есебінен қол жетеді. "Шектеулі жауапкершілік" қағидатының, яғни тек акцияларға салынған қаражаттар бойынша материалдық жауапкершіліктің іс-әрекеті жеке қаражаттардың негізінде пайда бола алмайтын жеткілікті тәуекелдік кәсіпорындарды (тез қайтарым мен жоғары табыстылық алу тұргысынан) құрудың алғы шарты болып табылады.
Экономикада едәуір орынды мемлтекеттік сектор алады. Бүл секторда кәсіпорындардың мынадай түрлері жұмыс істсйді:
1)шаруашылық, жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар; бұл құқық мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және осы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету қүқықтарын заңнамада белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады;
2)жедел
басқару құқығына негізделген (қазыналык
кәсіпорын) кәсіпорындар. Бүл құқық қазыналық
кәсіпорынның меншік иесінен алған және
өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің
тапсырмалары мен мүліктің мақсатына
сәйкес заңнамалық актілерде белгіленген
шекте сол мүлікті иелену, пайдалану жэне
оған билік ету қүқығын жүзеге асыратын
заттық қүқық болып табылады.
Мемлекеттік меншіктің түріне қарай кәсіпорындар:
Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған мемлекеттік кәсінорынмен еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорын үшін мемлекеттің тапсырмасын орындау міндеті болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің неғізгі міндет-мақсаты (арналымы) қоғам мен мемлекеттің қажетіне қарай айқындалатын мынадай әлуеметтік-экономикалық міндеттерді шешу болып табылады, олар:
1) мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесін корғау;
экономиканың жеке меншік секторы қамтыған немесе жеткіліксіз қамтылған коғамдық өндірістің сфералары мен салаларында бірінші қажеттіктегі тауарларды өндіру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);
мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекеттің функциясы болып табылатын сфералардағы қызметті жүзеге асыру.
Кәсіпорынға қатысты уәкілді орган меншік иесінің және мемлекеттік басқару органдарының басқару функцяларын орындайды.
Меншік иесі кәсіпорыңды құру, оның қызметінің предметі мен мақсаттары, қайта ұйымдастыру және тарату, мүліктің сақталуын бақылау мәселелерін шешеді. Меншік иесінің кәсіпорын мүлкін пайдаланудан түскен пайданың бір бөлігін алуға құқығы бар.
Меншік иесіне аударуға жататын пайданың үлесі уәкілді органның Қаржы министрлігімен келісілгсн пайданы бөлудің жыл сайын анықталатын пайданы бөлу нормативіндс белгіленеді.
Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін негізгі құрал-жабдықтар мен айналым қаражаттары, сондай-ақ кәсіпорынның дербес балансында көрсетілген кұндылықтар құрайды. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлікті (ақшалай табыстарды қоса), заңдармен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
Шаруашшық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметтің сан алуан сферасында құрылып, іс-әрекет етуі мүмкін.
Кәсіпорынның
жарғылық капиталының мөлшері
Кәсіпорын оның жарғысында көрсетілген мөлшерде резервтік капиталды қалыптастыруға міндетті және ол жарғылық капиталдың 10 пайызынан кем болмауы керек, оның қарамағында қалған пайданың кем дегенде 5 найызы осы мақсатқа жұмсалуы тиіс. Резервтік капиталдың қаражаты тек қана залалдарды жабуға, бюджет алдындағы міндеттемелерді орындауға, мемлекеттік кредиттерді өтеуге және басқадай қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда пайыздық өтем төлеуге жұмсалады.
Кәсіпорын өңдіретін тауарлардың (атқарылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары кәсіпорынның оларды өндіруге кеткен шығындарды толық өтеуге, оның қызметін шығынсыз етуге және өз кіріс есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиіс.
Мемлекеттік тапсырысты орындау есебіне кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын уәкілді органның келісуі бойынша жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып белгілейді.
Кәсіпорын мемлекеттік тапсырыстан тыс өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметгердің) бағасын өзі дербес белгілейді.
Кәсіпорын өз қызметінен алған мсншікті табыстар есебінен ұсталады. Мемлекеттік кәсіпорынға қаражат заңнамада көзделген тәртіппен беріледі.
Кәсіпорын иесіне аударылуға тиіс пайданың үлесі жыл сайын уәкілді орган Қаржы министрлігінің (тиісінше — оның жергілікті органдарымен) келісімі бойынша белгіленетін пайданы бөлудің нормативінде көрсетіледі және тиісті бюджетгердің кірісіне аударылады.
Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие кәсіпорын қазыналық болып табылады.
Қазыналық кәсіпорындар заңнамада белгіленген тәртіппен:
1)төтенше және авариялық жағдайларда кен-құтқару жэне
2)өзге де арнаулы жұмыстарды орындау, еріген, су тасқынынан және басқа сұрапыл апаттардан қорғау;
3)заңнамада
қаржыландырудың арнаулы
4)пошта байланысы мен телекоммуникация, жалпыреспубликалық және халықаралык байланыс желісін пайдалану саласындағы қызмет;
5)топографиялық-геодезиялық және картографиялык жүмыстар жүргізу;
6)денсаулық сактау, табиғатты қорғау, білім беру, элеуметтік қорғау, ғылым және мәдениет сферасынша өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қүрыла алады.
Қазыналық кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (атқаратын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің) бағаларын уәкілді орган белгілейді. Қазыналық кәсіпорьндардың қызметі уәкідді орган бекітетін смета бойынша өз табысының есебінен қаржыландырылады. Кәсіпорынның меншікті табыстары оның шығындарын жабуға жеткіліксіз болған жағдайда кажетті жетпеген қаражатгар тиісті бюджеттен бөлінеді.
Қазыналық кәсіпорынның сметадан тыс алған табыстары тиісті бюджетке аударылуға жатады.
Еншілес кәсіпорын — өз мүлкінің есебінен баска мсмлекеттік кәсіпорын құрған заңды тұлға. Еншілес кәсіпорындар құру құқығын шаруашылық жүргізу кұқығындағы кәсіпорындар ғана пайдалана алады.
Еншілес кәсіпорындар негізгі кәсіпорынды, соның ішінде монополияға қарсы заң талабы күшіндегі кәсіпорынды ықшамдау, негізгі кәсіпорынның филиалдарын дербес занды тұлға етіп қайта қүру, негізгі өндірістің тиімділігін арттыру үшін қосымша және мамандандырылған өндіріс құру, негізгі өндірісті оған тән емес қызмет пен функция түрлерінен босату мақсатында құрылады.
Кәсіпкерлік қызметті жүргізудің тиімді ұйымдық-құқықтық нысандарының бірі шетелдік фирмалар қатысқан бірлескен кәсіпорындар болып табылады.
Қызметтің
түрлі сипатындағы — өндірістік