Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 08:13, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның өзін - өзі қаржыландыру барысын зерттеу, кәсіпорынның өндірістік дамуының өзін - өзі қаржыландыруын қарастыру.
Қандай кәсіпорын болмасын өзінен - өзі тіршілік ете алмайды. Сондықтан кәсіпорын экономикасы негізгі объектісіне:
- кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп өндірісінің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;
- кәсіпорынның қаражат көздерін бағалау;
- кәсіпорынның қаражат көздерінің ұтымды құрылымын қарастыру;
- шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;
- өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысын қаржыландыру;
- өндірістік техникалық жағдайы мен қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;
- өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі;
- кәсіпорынның өзін - өзі қаржыландыруы.
КІРІСПЕ
1. КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ
1.1 Кәсіпорынның қаржылық мазмұны және оны ұйымдастыру нысандары
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ұйымдастырудың мәні
1.3 Кәсіпорынның қаражат көздері және ішкі резервтер
2. КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 «Гормолзавод» ЖШС-ң қаржылық қызметтерін талдау
2.2 Кәсіпорындардың қызметін қаржыландырудың ерекшеліктері
2.3 Қазақстанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын дамыту жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
Өндірістік кооперативтің
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
жөніндегі сұрақтарды қарастырмас
бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз
немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз
не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары
шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым
әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д.
Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер)
жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және
оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік
капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер)
сипатталады" деп жазған.
Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. [3]
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.
Кәсіпорынның уақтылы төлеу
мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының
жақсылығын көрсетеді.
В.М. Радионова мен М.А. Федотова
кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы
ресурстарының калаптасуымен, таратылуы
және пайдалануымен көрсетіледі" деп
жазады.
М. Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П.
Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша
түсіндіреді: ''Қаржылық жағдай - бұл
қаржы ресурстарының қолда
Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық
субъектісінің қаржылық жағдайы, бұл
оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің
сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі,
несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары
мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында
және басқа да шаруашылық субъектілерінің
алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық
субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың
келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық
пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық;
несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану;
валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады.
[2]
С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын
келесі сөздермен баяндайды: "Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен
сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру
қабілеттілігін кешенді түрде бағалау".
Жоғарыда берілген анықтамалар
қарастырылып отырған ұғым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың
әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға
мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар
бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін
бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы,
еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы,
өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық
жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу
нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға
тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны
анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы
жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті
жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі
нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның
сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі
барлығын куәландыруы тиіс".
Сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін
және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, бұл ұғымды
былай анықтауды ұсынылады:
Кәсіпорынның қаржы
жағдайы осы кәсіпорынның белгілі
бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын
және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз
жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін
уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Қаржылық тұрақтылық
- меншікті және қарыз қаражаттарының
байланысы деп жазады. Енді біреулер "өз қаражаттары
есебінен активтерге (негізгі қорлар,
материалдық емес активтер, айналым қаражаттары)
жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ
өтелмеген дебиторлық және кредиторлық
қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін
уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері
қаржылық тұрақты болып табылады" деп
жазады.
Бұл ұғымды А.Д. Шеремет
пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың
ойынша "Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым
төлем қабілеттілігін кепілдендіретін
кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы".
В.М. Родионова мен
М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей
түсіндіреді: "Кәсіпорында тұрақты
қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән
айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады.
Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып,
оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен
өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін
қамтамасыз ететін, сондай-ақ қәсіпорынды
кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын
қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық
жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық
кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі
бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде
бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы
келтіреді.
Кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын
деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие
қабілеттілігін сақтай отырып, табысты
өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану
арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін
қаржы ресурсының жағдайы".
В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: "Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды.
Сондықтан да қаржылық тұрақтылық
барлық өндіріс-шаруашылық қызметі
процесінде қалыптасады және кәсіпорынның
жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі
болып табылады". Ал кәсіпорынның
жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен
әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз
ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді.
Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді
(жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың
тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері
мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие
берушілермен, жұмысшылармен және тағы
басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті
дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның
одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар
мен барлық міндеггемелерді орындағаннан
кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға,
оның материалдық-техникалық базасын
жаңартуға және де әлеуметтік климатты
жақсартуға және басқаларға мүмкіндік
беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
[9]
Айта біз олардын
кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз.
"Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы
ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және
пайдаланумен анықталады" - деп жазады
В.Т.Артеменко мен М.В.Беллендир.
Біздің ойымызша бұл
ұғымды А.Д.Шеремет мен В.С.Сайфуллин
дәлірек және анығырақ түсіндіреді.
Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні — бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу
көздерінен қамтамасыз етілуі - деп түсіндіреді.
Э.А.Маркарьян мен Г.П.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М. Радионова және М.А.Федотова келесідей түрлерге жіктейді:
1) пайда болу орнына
байланысты - ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты-негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша
- қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты
бойынша-тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның
өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады,
ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне
бағынышты емес.
Кәсіпорынның өндірілетін
өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан
қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының
бірі – активтердің тиімді құрамы мен
құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару
стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып
табылады. Ағымдағы активтерді басқару
өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы
жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының
ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Cонымен, қаржылық тұрақтылықтың ішкі,
маңызды факторларының бірі - бұл қаржы
ресурстарының құрамы (мен құрлымы, оларды
басқару стратегиясы мен тактикасының
дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз
қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы
қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін
жайлы сезіне алады. [10]
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ұйымдастырудың мәні
Кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыруы — нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқа мерзімді кредиттері мен коммерциялық несие есебінен (ағымдағы шығындарға пайдаланылады) және ұзақ мерзімді кредиттер есебінен (күрделі жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.
Нарықтық экономика
мен жекешелендіру
Бюджеттік және салалық қаржы көздері өзінің маңызын жоғалтты және олар негізінен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, конверсияға қолданылады.
Өзін - өзі қаржыландыру кәсіпорындардың толық қаржы дербестілігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудың, валюталық түсім-ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды өзіндік құнға жатқызудың және т.т. жүйесі мен тәртібін белгілеу ақылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорындардың қаржылық
жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы
міндетті орындамағаны үшін заңнамада
белгіленген қаржы
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру жүйесімен және кәсіпорындардың қаржы ресурстарында сақтық компаниялардан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейіп келеді.
Нарықтық экономика және меншіктің әр түрлі түрлеріне негізделген сан алуан ұйымдық - құқықтық нысандар кәсіпорындардың қалыптасуын және дамуын, жаңа меншік иесінің, жеке азаматтардың, сондай-ақ кәсіпорындар еңбек ұжымдарының пайда болуын қажет етеді. Бұл — маңызды алғышарт және қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижелеріне мүдделіктің себебі. Бұл қағидатты іс жүзінде жүзеге асыру кәсіпорындарға берілген және мемлекеттің қолдауынсыз өзінің шығындарын қаржыландыру қажеттігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорын, ұйым, фирма қарамағында қалатын пайданың (табыстың) үлесіне де байланысты.